Шығарма
Астана шуағы – Қазақстан
шуағы
«Еpке Есіл жағаcында бой
көтеpген, еpекше сәулеттік ландшафты бар, бірегей мүсіндік
нышандары сап түзеген, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған,
өзгені сыйлап, өзінің жаңа астанасы мен өз елін шексіз мақтан
тұтатын көп ұлтты және көп дінді халқы бар әсем де мейірлі
астанамыз, міне, осындай».
Нұрсұлтан
Назарбаев
Ұшқaн құcтың қанaты талып,
шығыcтан шыққан күн бaтысына әpең жeтетін кeң жaзиралы далaны мекeн
еткен «қазақ» деген іргeлі елміз. Ғасырлар бoйы бағы мен соры
кeзектесе отырып, досқа ақ пейілін, қасқа найзасын дауға қылышын
сілтеген, тағдыры қаншама рет тағдыр таразысына түсіп, қыл үстінде
тұрса да «құт дарып, қыдыр қонған » туған елді көздің қарашығындай
сақтай білген елміз. «Ерлік–ұрпаққа ұран, елге - мұра» деген дуалы
ауыз бабалар өсиетін бойына дарытқан халқымыз азамат ұлдар
тәрбиелеуге де зор көңіл бөлді. Бұған Абылайдан кейін қолымыздан
сусып кеткен тәуелсіздіктің туын ұстап қалу үшін, халықтар
достығын, татулықты, ынтымақтастықты күшейтетін елді бастар ер
керек еді. Еңселі ел болу елін дауға, жерін жауға бермейтін білікті
басшы керек еді. Сөз қадірін, ер қадірін білген Төле би бабамыз:
«Басшысы болмаса ел жетім» - деген. Ғасырлар бойы күрестер мен
жеткен тәуелсіздікті баянды ету – Нұрсұлтандай Елбасымыздың
еншісіне тиді.
Біз жаңа ғасырға, жаңа
мыңжылдыққа өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел
ретінде ендік. Әлемдік қауымдастықтың көшіне жеке керуен болып
қосылдық. Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей,
алтын күндей Елтаңбамызды, желбіреген көк байрағымызды көргенде,
әуелеген Әнұранымызды естігенде бойынды ерекше бір асқақ азаматгық
сезім билейді. Бұны көру, сезіну де бір бақыт, мандайға біткен бақ
емеспе ?! Аз уақыттың ішінде көркейіп, түрленіп, тәуелсіздігіміздің
түлегі, Отанымыздың жүрегі - Астанамыз да елдігіміздің жаңа
беттерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілеп
тұр.
Астана – Қазақ елі болашағының
каласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің
көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Жаңа
Астанамыздың құрылысы - жас мемлекетіміздің жасампаздықка
ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына
айналған кұбылыс. «Еңселі Елорда, асқақтаған
Астана». Бүгін біз осындай қасиетті сөздерді құрметпен, бойымызға
біткен ұлтшылдық сезіммен көкірегімізді керіп, басымызды көтеріп,
аса мақтанышпен айта аламыз. Себебі, Арқаның төрінде сылдырап аққан
Ерке Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз бүгінде 20
жасқа толуда. Жер бетіндегі Еуразия құрлығының кіндігінде
орналасқан Астана – Еуразия мен Азияны жалғастырушы алтын көпір,
қақпаның кілті болса, күллі қазақ халқының – жүрегі. Не бары 20
жылдың ішінде адам айтса сенбестей өзгерген ару Астана өзге
елдермен терезесі тең, келешегі кемел болашағы айқын және жұлдызы
жарық қалалар қатарына қосылды. Осындай жетістікке жетіп, Астананың
алып жатқан асуы – тұғырлы тәуелсіздігіміздің, еңселі елдігіміздің,
айбарлы азаттығымыздың арқасы. Ең бастысы Елбасымыздың дара
басшылығының қол жеткізген биік белестері деп ойланбастан айта
аламыз. Қалай дегенімен де Астана Қазақстанның бет
пердесі. Қазақстанның бірден-бір жеткен жетістігі ЭКСПО-2017 көрмесі
болды. Бұл да еліміздің гүлденуінің
бір көрінісі деуге болады. ЭКСПО көрмесі арқылы бүкіл ғалам біздің
елді таныды, біздің жас Астанамызды осы аз уақыттың ішінде қандай
әсем қалалардың біріне айналғанына таң қала қарады. Бұл дегеніміз,
біздің елдің қарқынды дамуы, жылдам өсуі.
Сол себепті Астананың өркендеуі –
Қазақстанныңэю7 өркендеуі, Астана шуағы – Қазақстан шуағы деп
білемін.
Астана елорда
ғана емес, рухани орда, мәдени орда да болса деп армандаймын.
Астанаға шоғырланған қазақ жастары күні кеше есіктен
сығалаған тілімізді елорданың төріне, мінбелерге шығарса деген үміт
болат түренмен ақтарылған жердің қаңсығанын көріп, жүректері қоса
тілінген әр қазақтың кеудесіндегі үміт сәулесі. Сол сәуле құлан иек
құла таңмен Қазақстанға нұр болып себезгілесе бұдан асқан
бақыт барма, сірә!