Материалдар / Шығарма "Елімнің ертеңімін"

Шығарма "Елімнің ертеңімін"

Материал туралы қысқаша түсінік
ММММММММММММ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Сәуір 2018
916
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тілім – менің тірегім» Менің ана тілім- қазақ тілі. Ана тілім - анамның сүтімен бойыма дарыған ғажап тіл. Мен өз ана тілімді өте жақсы көремін. Ана тілім болмаса, мен анамның әлдиін, әкемнің ақылын, әжемнің ертегісін тыңдай алмаста едім. Қазақ тілі- ұлтымыздың мақтанышы. Ата-бабаларымыздан мұра болып қалған тілімізді ұмытпауымыз керек. Ана тілімізді тілімізден, жүрегімізден өшіріп алмай, тіліміздің құндылығын сақтау біздің еншімізде. Қ.Мырқағалиев ағамыз айтпақшы «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»- деп, баршамызды өзіміздің ана тілімізді құрметтеуге, қастерлеуге шақырамын. «Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ой өсіреді» деп қазақ атамыз бекер айтпаған. Мен ана тілімде сөйлеймін, ән айтамын, кітап оқимын. Мен үшін тілім - менің тірегім, алтын діңгегім. Ана тіліммен сусындап өсіп келемін. Болашақта тілімді тірек ете отырып, қазақ журналисті болуды армандаймын. Қазақтың маңдайына біткен тіл десе, аянбай жанын беретін тіл жанашыры болсам деймін. Шығармамды Елбасымыздың мына сөзімен аяқтағым келеді: «Мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» «Каспий» зияткерлік мектеп-бақша 2 сынып оқушысы: Жолдас Аружан«Менің алғашқы ұстазым»Ғалым да, шахтер де бас иетін,Ұстазым, бар сенің қасиетің.Білім берген, ой берген, ақыл берген,Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең … Шындығында, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық. Көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де, ғылым иесі ғалым да, тегеурінді темір балқытқан ұста да, егін салған диқан да бәрі- бәрі ұстаздардан білім, тәлім-тәрбие алған. Ұлағатты ұстазға бүкіл адам баласы бас иеді. Ұстаз мен білетін мамандықтардың анасы деп білемін. Менің алғашқы ұстазым – Жолдасова Феруза Асанқызы. Ол бізге мектеп табалдырығын аттағаннан - ақ, екінші анамыз болып кеткен. Оның бізге мейірлене қарағаны, сөйлеген сөзі, үйреткен ілімі, берген тәрбиесі мол. Ұстазымның қатал болғанын көрмеппін, әрқашан жылы шырайымен бізді баурап алатын. Бізге ол үнемі «жаманнан жирен, жақсыдан үйрен»- деп, дұрыстығымызды көрсе, қуанып, бізді мақтан тұтатын, ал бұрыстығымызды көрсе, түзетіп, оңын айтып отыратын. Осылай бізге ізгілікпен тәлім-тәрбие бере отырып, ілім үйреткен алғашқы ұстазыма шексіз алғысымды білдіремін. Алғашқы ұстазым менің жүрегімнің төрінен орын алатын ерекше адам.



«Каспий» зияткерлік мектеп-бақша 2 сынып оқушысы: Сабыр Айгерім





«Мектептегі бір күнім» «Каспий» зияткерлік мектебі- Жаңаөзен қаласындағы ең беделі білім ордаларының бірі. Мен осы оқу орында білім аламын. Маған мектебім өте қатты ұнайды. Онда қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілдерін тереңдетіп оқытады. Мектепте өткен әр күнім мен үшін ерекше. Мені таңертең мектепке әкем әкеледі. Таңертең сыныптастарыммен жиналып таңғы жаттығуларымызды жасаймыз, таңғы ас ішеміз. Сосын сабақ басталады. Бізде әр сабақ ерекше өтеді. Маған менталды арифметика, жаратылыстану, ағылшын тілі пәндері өте қатты ұнайды. Мектепте көптеген үйірмелер бар, мен домбыра үйірмесіне барамын. Мен қазақтың «Еркем-ай» әнін домбырамен шертіп үйрендім. Ал менің досым Амина би үйірмесіне барады. Өйткені ол бала күнінен биші болуды армандаған. Мектепте бос уақытты өте қызықты етіп өткіземіз. Үй жұмысын орындаймыз, бізге тәрбиешілеріміз көмектеседі. Тоғызқұмалақ, шахмат, доппен әр түрлі ойындар ойнаймыз. Маған «Көркемсөз оқу шеберлігі» атты үйірме қатты ұнайды. Бос уақытымда үйірмегі қатысып, өлеңді мәнерлеп оқуды үйреніп жүрмін. Жақында өткен Мұқағали жырларында мен көрермен көз айымына ие болдым. Болашақтада талай сайыста өз бағымды сынап көремін деген үміттемін. Мектепте сабақта оқимыз, үйрмелерге де қатысамыз. Сабақ аяқталғанда мектепті, сыныптастарымды қимай үйге келемін. Үйге келгенде ата-анама мектептегі қызық сәттерімді айтып тауыса алмаймын. Менің мектептегі бір күнім- балалық шағымның айнымас бір бөлшегі. Мектеп –мені жан-жанқы дамытып, үлкен азамат етіп шығарарына сенімін.

«Каспий» зияткерлік мектеп-бақша 2 сынып оқушысы:Ерғали Бақдәулет







«Бірлігі күшті ел озады» «Бірлігі күшті ел озады, Бірлігі жоқ ел тозады»- деген мақалды ұстазым сабақ үстінде мәнін-мағынасын ашып беруді сұрады. Сыныпта сәл үнсіздіктен кейін толаусызсыз жауаптар кетіп жатты. Менің әріден ойлайтын қасиетім әкемнен тараған болуы керек. Маған «бірлік деген не?», «біз күшті елміз бе?»- деген сұрақтар санамнан шақпай қойды. Иә, біздің қазақ халқы ешкімнен жасымаған өр рухты, қайсар мінезді, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білген, ауызбіршілігі мықты ел. Әкем тарихшы. Ол кісі үнемі «қазақтың қазақ болуы оның ақ ниетінде, ауызбіршілігінде, талай елдер бытырап, жер жүзінде жоқ болып кетті. Қазақ елі жерін, елін, тілін, дәстүрін сақтап, атадан балаға мирас етіп, қазақ деген елді бүкіл әлем халықтарына мойындата білген халық. Бұндай дәрежеге бірліктің арқасында жеттік»-дейтін. Бүкіл халықтың бір бүтіндігін сақтайтын құралы ол – бірлігі екенін ұқтым. Шынындада бірлік болмаған жерде берекеде болмайды. Береке болмаса, ол елдің мәні де , сәні де құриды. Бір кезде, ұстазым:- Еңлік сен қалай ойлайсың? Өз ойыңды айтшы?- дегенде, мен ойланбастан, «Біз бірлігіміз мықты, бақытты, озық елміз. Бірлігіміздің арқасында 50 озық елдің қатарына ендік. Жақында ЭКСПО әлемдік көрмесін өткіздік. Қазақстан бірінші болып цифрландыру жүйесін енгізуде. Біздің нық қадам басып, ілгері жүруіміз, үздіксіз дамуымыз біздің бірлігіміздің, татулығымыздың арқасы деп білемін.»- деп жауап бердім.

Каспий зияткерлік мектеп-бақша2сынып оқушысы Жаңғаберген Еңлік



«Әжем айтқан ертегі» Әжем – менің өмірімдегі ерекше жан. Оның ертегісін тыңдамай ешқашан ұйқыға кетпеуші едім. Әжем ертегі айтқанда, көз алдыма айтқан әңгімесі бір жүріп шығатын. Әжемнің сөздерінің жаны бар секілді оның айтқан әрбір ертегісі сөйлейтін. Жан-жануарлары да, нәрселеріде сөйлейтін. Кішкентай кезімде құс көрпесіне отырғызып алып, маған көп ертегілер айтып беретін. Әжем айтқан ертегі бірде мені күлдіртіп, шаттыққа бөлесе, бірде мұңға батырып, терең ойға батыратын. Мен үшін көк жәшіктен қараған түрлі мултьфильмдерден әжемнің айтқан бір ертегі мың есе артық. Әжемнің талай ертегілерін достарыма айтып беретінмін. Олар мені мүлтіксіз тыңдап отыратын. Әжем маған: «Тазша баланың ақылы», «Қарлығаш пен дәуіт», «Шынашақ», «Бауырсақ», «Шалқан», «Қожанасырдың әңгімесі», «Алтын айдарлы әтеш пен диірмен», «Үш аю», «Қотыр торғай», «Бес ешкі», «Аңқау мен ұры» және көптеген ертегілер айтып беретін. Кейде әжеме қатты таң қаламын, мұншама көп ертегіні қайдан біледі деп. Бірде әжем Ыбырай Алтынсарин атамыздың «Әке мен бала» әңгімесін баяндап берді. Әкесінің айтқанын тыңдамаған бала, көп жұмысқа тап болады... Бір жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боласың - дейді әжем. Әжемнің осы бір сөзі жадымнан кетпейді. Әлбетте, әрбір ертегінің соңы маған ақыл айтумен аяқталатын.











Каспий зияткерлік мектеп-бақша1 «А» сынып оқушысы: Өтеген Қуаныш

«Тілім менің тірегім»Туған тілім – тірлігімнің айғағы,Тілім барда айтылар сыр ойдағы.Өссе тілім, мен де бірге өсемін,Өшсе тілім, мен де бірге өшемін,-деп Әбділда Тәжібаев атамыз жырлағандай тілімнің құдіреттілігіне сөз жетпейді. Мен анамның әрбір сөзін ұғынып, оған жауап та айта аламын осының өзі керемет емес пе? Яғни, туған тілім арқылы іштегі сырымды, ақиқат шынымды айта аламын, ойымды анық жеткіземін, туған тілім өссе де, өшсе де халқымен бірге болады. Бірақ, менің тілім өшпейді, себебі қазақ елі егемендік алды, қайта жанды, жаңғырды. Еліміздің бірлігінің, тірлігінің, бостандығының дәлелі, айғағы – туған тілім! Елбасымыз «қазақтың болашағы оның ана тілінде»- деп бекер айтпаған. Қазақтың қазақ болып қалыптасып, дамуы оның- тілінің байлығы. Абай әрлеген қазақ әдебиеті барша әлемді мойындатып, өзге елдің қызығушылығын оятып отыр. Тілім тірек болмағанда, Димаш милиондаған қытайды қазақтың әнімен, қазақтың үнімен баурап алмас па еді... Қазақтың әуезімен құйылған күйлерін сонау Америкада Ұлытаудың күйлетпес пе еді... Осының бәрі туған тілдің тірек болуы. Біз туған тіліміздің қаймағын бұзбай, әсем әуезде, мәнді мағынада сөйлеп, қастерлесек талай асуды бағындырарымыз сөзсіз. Барлық өнер, барлық ілім ана тілімізде сайраса, қазақтан талай Абайлар шығатыны даусыз.



Каспий зияткерлік мектеп-бақша 2 сынып оқушысы Берикова Айяна«Тілім менің тірегім» Ана тілім – қазақ тіл! Анамның әлдиімен жүрекке орнаған ана тілімді жан-тәніммен сүйемін. Анама деген махаббатым қандай болса, менің тіліме деген махаббатым да сондай! Тілімді сүйемін, себебі анашымның әлдиін сол тілде естідім, әкемнің ақылын сол тілде естідім, ұстазымның ілімін сол тілде естідім, тіпті жүрегімнің үнін де сол тілде естимін. Қазақ тілі - барша Қазақстан халқының мақтанышы, тірегі болуы керек. Сондықтан да ана тілімде әнұраным айтылып ғана қоймай, қазақ пен қазақ өз ана тілінде сөйлесе екен деймін. Ана тіліміз қазағымыздың жаны, ары мен бары. Қазақ тілі- арман мен мұңның, іңкәрлік пен махаббаттың бар қуатын өзіне дарытқан нұрлы тіл. Әр адам өз анасын қастерлегендей құрметтеп, сыйлап, сүюі керек деп ойлаймын. Қазір елімізде үш тілді үйрену міндетті саналып жатыр. Менің ойымша, егер адам өзге тілді білетін болса, ол рухани бай адам деп ойлаймын. Өйткені сол тіл арқылы басқа халықтың мәдениетін, дәстүрін үйренеді, басқа тілді үйрену арқылы танымы  кеңейеді. Дегенмен өз тіліңді білмей тұрып, ешқашанда өзге тілді меңгеріп кетуің екіталай. Ана тілің - арың бұл,Ұятың боп тұр бетте.Өзге тілдің бәрін біл,Өз тіліңді құрметте,- Қадыр Мырза Әли атамыздың осы бір өлең жолдарынан көп нәрсені байқауға болады. «Өзге тілді білу - мақсатың, ал өз ана тіліңді құрметтеу - міндетің», – дейді . Баршамызды туған тілді қастерлеуге шақырамын. Туған тілімізді дүниеге шыр етіп келгеніңнен- ақ ата-анамыздың махаббатын сол тілде естиміз. Мейлі, біз көп білсекте, өз ана тіліміздің қадір-қасиетін жоғалтпауымыз қажет. Каспий зияткерлік мектеп-бақша2сынып оқушысы Сатыбалды Саясат



«Менің алғашқы ұстазым»

Ұстаз - ең алғаш мектеп табалдырығын аттаған сәттен- ақ ең алғашқы естіген сөзіміз. Бұл жай ғана сөз емес екенін мектеп табалдырығын аттағаннан кейін ұқтым. Ұстаз - білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген. Алғаш әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған менің алғашқы ұстазым Жолдасова Феруза Асанқызы. Мен ұстазымнан көп нәрсе үйреніп келемін. Оның аппақ ниеті, кішіге ізгілік көрсетуі, үлкеннің алдын кесіп өтпейтін қасиеттері тура менің анама ұқсайды. Мен болашақта басшы болайын, кенші болайын ұстаздарымды ешқашан ұмытпаймын. Ұстазыма алғысым шексіз.



Каспий зияткерлік мектеп-бақша 2сынып оқушысы Қожамұрат Гауhартас



«Бірлігі күшті ел озады»

«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалы. Біздің елімізде көптеген ұлт өкілі бар: орыс, ұйғыр, кәріс, өзбек, қырғыз, түркмен, тәжік, армиян, азербайжан, беларус, түрік. Барлығы бір ананың баласындай бір шаңырақ астында еңбек етіп, тату тәтті өмір сүріп жатыр. Иә, Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстар еліміздің ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт өмір кешуде. Бұл қазақ халқымыздың кеңдігін, бірлігін, ұйымшылдығын, ынтымақтығын білдіреді. Бәрімізге белгілі кең байтақ еліміз Қазақстан алуан ұлтты бауырына басқан, бейбітшілік пен татулықты әлемге үлгі еткен, достық пен ынтымақ елі. Сол үшінде біз шаттанамыз, туған отанымызды мақтан етеміз.Қазақтың қазақ болуы , оның қара шаңырақты нық ұстап, өзге ұлттарды өгейсімей бауырына басуы.Қазақ осы — айтатұғын желге сыр,О, ағайын, халық емес ол кесір.Қазақ осы — аңғал-саңғал жабусыз,Қазақ осы — ағыл-тегіл, көл-көсір.Қазақ осы — дала дейтін, күн дейтін,Қазақ осы — «Өнер алды — тіл» дейтін.Қазақ осы — қарасың ба, ақсың ба,Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін... – деп жырлаған Қадір Мырза Әли ағамыз қазақтың кеңдігін, татулығын осылайша суреттеген. Қазақтың бірлігі, татулығы ешқашанда өшпей, мәңгілік ел болып, әлем елдерінің қатарынан көрінейік. Мен болашақтың бір бөлшегі ретінде ата-анам дарытқан татулықты сақтап, әр ұлтқа деген өзімнің сыйымды жоғалтпай, қазақ атамыздың бірлігін ту етіп ұстаймын деген ойдамын .



Каспий зияткерлік мектеп-бақша 1 «Ә»сынып оқушысы Мұңайтпас Ұлболсын «Көңілді қыс мезгілі» Қыс жыл мезгілінің ішіндегі ең суық, аяз, боранды, қарлы мезгіз. Қыс аппақ қарымен ерекшеленеді. Аппақ ақ ұлпа қарға оранған далада, достарыммен аққала жасап әуре сарсаңға түсудеміз. Арлы-берлі жүргенде сықырлаған қардың дауысы ерекше ертегі әлемінде жүргендей күйге ендіреді. Қыс өзгелер үшін ызғарлы, қабағы қатулы, аязды, суық түсті болса, мен үшін аппақ қар кіршіксіз табиғаттың сыйы. Қыс – менің ең сүйікті жыл мезгілім. Қыста шанамен төмпешіктен төмен қарай сырғанағанға не жетсін. Қыстың ерекше мерекесі- жаңа жыл. Жаңа жылда шыршаны безендіріп, түрлі- түсті ойыншықтармен көмкерілген сыйлықтар бізді қуантып, әр жылы осы мерекені күтуге асығамыз. Қыстың аппақ көрінісі мені ерекше сезімге бөлейді. Қыстың желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес. Соған қарамастан қыс- менің сүйікті жыл мезгілім.









Каспий зияткерлік мектеп-бақша1 «А» сынып оқушысы Байбөлекова Жансая



















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ