400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Шығарма эссе "Туған жер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға керек деп ойлайым және ар бір адамның өз жері-өз Отаны болат сол бір сағынышты еліне деген қүрметті осылай шағын шығармамен жеткізе алса дейім
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абылайхан.Ж

Краснокиевка орта мектебі


Отан десем оралады ойыма
Ақсақалды, ақшапандықария,
Туған жерім - құтмекенім, дариям,
Егемендіелім, туым, әнұран,
Қанатымдықағыпұшқанжанұям.


«
Отаным» деген жас жүрегімненшыққанасылсөздімақтанышпен, асқақтықпенайтааламын. Ата-бабамыздыңазаттықжолындағыеренерлігініңарқасындаосынауарманеткензаманғатертөге, көпкүшжұмсайжеткенелімдімақтанышетемін. Талайжылғыұлыдүбір, дүрбелеңненкейінжарқынболашақтыңтаңыатып, еркіндікпентеңдікесігінайқараашты. Еліміздіңкүніоңынантуып, жарықжұлдыздаршоғырыұлттықнамыспенарымыздытудайжелбіретті. Әрине, бұлкүноңайлықпенкелмегенібелгілі. Еліміздіңарыстарыталайжылдарбасынтаументасқаұрып, таржолтайғақкешежүріп, еліміздіңболашағы, келерұрпақтыңбақыттығұмырыүшінаянбайкүресіптабандылықпенасқанқайсарлық, шыдамдылықпенберіктік танытты. Барлықсаналығұмырынұлтмүддесінеарнағанбесарыс, ұлы Отан соғысындаелімдепжанынпидаеткенқайтпасқыраналашазаматтары, жүректеріоттайжалындағанжелтоқсанқаһармандары... Айтаберсежалғасаберерелініңасылұландары, асқақрухты азаматтарыныңеренерлігініңарқасыдепбілемін.
Еліміздіңкөгіндетәуелсіздіктуыжелбірегенненберіөшкенімізжанды, өлгенімізқайтатірілді, ата-бабадәстүрікөштүзеді, халқымызеңсесінтіктепжарқынболашаққақолсозды. Соданберіатқаноқтайзулап, табандатқан 25жылөтті. Қазақстанныңжиырма бесжылдықғұмырынакөзсалсақ, ауызтолтыраайтарлықтай, көкірегіңдімақтанышсезімікернепескеаларлықтайжеткенжетістіктері, асқанасуларыменбағындырғанжаңабелестерібар.
БүгінгіҚазақстанАстанасынбасқала етіп, дамығанмәдениетпенэкономиканың, білімменғылымныңорталығынаайналдыра, елініңтұрақтылығыменбірлігінсақтап, дүниежүзінетанытуғакүшсалуда. БұғанмемлекетіміздіңБіріккенұлттарұйымына, Еуропадағықауіпсіздікпенынтымақтастықұйымысияқтыхалықаралыққауымдастықтарғамүшеболыпдүниежүзіелдеріментығызбайланысорнатуыжәнеосыжолдаатқарыпжатқанқыруарістерідәлелболаалады. КемеңгерЕлбасымыздың«Қазақстан– 2030»бағдарламасыөзбағытыменжүзегеасса, келешектеҚазақстанмемлекеті дүниежүзіндегіірімемлекеттерқатарынақосыладыдегенсенімдемін.
«
Отан - оттан да ыстық»дегенданахалқымыз, адамбаласыныңжүрегіндееңбірінші, ақсүтберген туған анасына деген сезім орын алса, екінші, Отанғадегенжалынды, ыстықсезіморыналады екен. Мен өз Отанымды, туған жерімді, құдіреттіелімдісүйемінжәнемақтанетемін. Өзелімніңдамуынатеңізгетамғантамшыдайболсадаүлесімдіқосамындепойлаймын.
БаршаҚазақстандықтардыелімніңмерейлімерейтойыменқұттықтайотырып, ашықаспанкөгінде қалықтағанқырандайеркіндікпендаму, асқанбақытжәнешексізқуаныш, биікбелеспеншығаршыңтілеймін.


Петропавл, Қызылжар - қала /1825 жылдан/, облыс орталығы /1936 жылдан/. Іргесі 1752 жылы қазақтыңҚызылжар атты ежелгі қонысы орнында Әулие Петр бекінісі болып қаланды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан. Халқы 195 мың адам. Қазір ол Қазақстанның ең солтүстігіндегі қаласы саналады.

  • Петропавл қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстанның ірі әкімшілік-мәдени орталығы. Өнеркәсіпте 174 кәсіпорын, соның ішінде “Евразия”, “Вита”, “Молочный союз”, нан комбинаты, ликер-арақ зауыты, “Сұлтан”, “Тонус”, т.б. жұмыс істеуде. Шағын кәсіпкерлік дамыды. Оның негізгі субъектісі - сауда. Сонымен қатар, Петропавлда 110 шағын құрылыс ұйымдары және 49 көлік пен байланыс кәсіпорны бар. Көлік саласында екі автопарк жұмыс істеуде. Байланыс саласында 58,8 мың телефон және 122 мың радионүкте жұмыс істейді.

  • Қалада екі мемлекеттік жоғары оқу орны: М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен ҚР IIМ Ішкі әскерлерінің Әскери институты және бірнеше жеке жоғары оқу орындары жұмыс істеуде. Жалпы білім беретін 49 мектеп, 2 музыкалық, 5 спорт мектебі, 3 кәсіптік-техникалық мектеп, 5 арнаулы орта оқу орны - колледжі білім береді. Денсаулық сақтау саласында 12 аурухана мекемесі және 10 емхана, 199 дәріхана қызмет атқарады, филармония, 3 мұражай, кинотеатр, 4 кітапхана, 5 мәдениет үйлері мен сарайлары, 3 кітап дүкені қанат жайған. Спорт объектілері қатарында 4 стадион, 304 спорт ғимараттары мен алаңдары, негізгі спорт түрлері бойынша 17 федерация жұмыс істейді. Қалада үш облыстық және қалалық газет, екі тілде 14 жарнамалық басылым шығады. Үш телерадиокомпания жұмыс істейді.

  • Менің өлкем. Солтүстік Қазақстан облысы

  • ... Сіздердің облыстарыңыз аграрлы. Еліміздің астық себетін ірі облыстарының бірі, экспортқа астық өндіруші. Бұл бір жағынан. Екінші жағынан - жоғары технологиялы ірі өнеркәсіптік аймақ. Мыңдаған адамдар жұмыс істеген қорғаныс кәсіпорындары қазір жаңа бағыт, жаңа тыныс алуда, мүлдем жаңа өнімдерді игеру үстінде. Н.Ә. Назарбаев.

  • Солтүстік Қазақстан облысы /СҚО/1999 жылдың 8 сәуірінен бастап қазіргі шегінде. Облыс аумағы 97,99 мың шаршы шақырым және республика аумағының 3,6%-ын құрайды. СҚО - республиканың «солтүстік қақпасы» іспетті.

  • Басты су көзі, күре тамыры - облыс аумағының бойымен 720 шақырымды алып, ағып жатқан Есіл өзені. Көлдердің жалпы саны 3000-ға жетеді. /Үлкен Тораңғыл, Шағалалытеңіз, Кіші Қараой, Үлкен Қараой, Теке, Сілетітеңіз, Имантау, Шалқар, Становое т.б./. Облыс аумағының 60%-ы ауыл шаруашылығы жерлері болып табылады.

  • Облыс аумағы Қазақстанның Қостанай және Ақмола облыстарымен, Ресей Федерациясының Қорған, Түмен, Омбы облыстарымен шектеседі.

  • Облыста 13 әкімшілік аудан бар: Айыртау, Ақжар, Аққайың, Ғ.Мүсірепов атындағы, Есіл, Жамбыл, Қызылжар, М.Жұмабаев атындағы, Мамлют, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов, Шал ақын атындағы, 5 қала - Петропавл, Булаев, Мамлют, Тайынша, Сергеев, қала үлгісіндегі 4 кент - Смирнов, Талшық, Еңбек, Кішкенекөл.

  • Облыстың әкімшілік орталығы - Петропавл қаласы. 2003 жылдың басында облыста 203 ауылдық округ, 759 ауылдық елді мекен болды.

  • СҚО-дан шыққан атақты адамдар: М.Жұмабаев, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, И.Шухов, Е.Бөкетов, В.Шаталов, А.Викторенко, Ғ.Малдыбаев, Ы.Ыбыраев, Ж.Қизатов.

  • Облыс халқының саны 641 мың адам /2010 ж. бойынша/. Облыс аумағында 2004 ж. 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 96 ұлт өкілі тұрды. Тұрғын қазақ саны 201,8 мың құрады. Орыстардың саны 339,6 мың адам. Сонымен қатар украиндар /43,0 мың/, немістер /34,2 мың/, татарлар /14,1 мың/ саны көп ұлттар қатарында. Басқа ұлт өкілдері /89 мың/ 2% құрайды. Ең көп жеті ұлттың өкілдері - қазақтар, орыстар, украиндар, немістер, поляктар, татарлар, белорустар - облыс аумағының барлық жерінде тұрып жатыр.

  • Облыс - орманды-далалық табиғи аймақта және далалық табиғи аймақта орналасқан. Облыс аумағын географиялық та, тарихи да аймақ ретінде көбіне Петропавлдық Есіл бойы деп атайды.

  • Облыс климаты тым континентті. СҚО жер беті суларына Есіл, Сілеті, Шағалалы, Қамысақты, Ащысу, Қарасу өзендері мен өзен тармақтары жатады.

  • Облыстың өте маңызды экологиялық проблемаларына атмосфералық ауаның ластануы жатады. Ауадағы лас адам денсаулығына, өсімдік, жануарларға да зиянын тигизді. Облыста атмосфераны ластайтын 500-ден астам кәсіпорын мен ұйым орналасқан. Ауаны ластайтын 3000-нан астам стационарлық орын тіркелген.

Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі Қармақшы жері. Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтті. Қызыққа толы балалық шағым өткен туған ауылдың ауласын еш уақытта ұмытпақ емеспін. Балабақшадағы күндерім... Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн... Сыныптас достарыммен алғашқы таныстық... Бәрі-бәрі қазіргідей көз алдымда. Осылайша мектеп табалдырығын аттаған күнімді көз алдыма әкелсем, бүгінгі білім ордасымен, санаптас достарыммен қоштасар сәттің жақындағанына да сене алмай қаламын. Әредік орта мектепті бітіруге санаулы ғана күн қалғанын, сыныптас достарымызбен жан-жаққа, Қазақстанның түкпір-түкпіріне білім іздеп кете баратынымызды, балалықпен қоштасуым тиіс екенін ойласам бітті – жүрегім атша тулап, қобалжып қоя береді. Енді әне-міне дегенше сүрлеу-соқпағы көп өмірдің үлкен белесіне аттанбақпын. Мен – жас түлекпін алға ұмтылған. Жас түлек – болашақ үлкен мамандық иесі, өмір атты керуеннің бір жолаушысы. Қалаған мамандығымның соңына түсіп, өмір-керуен қайда жетелесе – сонда жол тартпақпын. «Сен де бір кірпіш, дүниеге кетігін тап та бар қалан» деп қазақтың дара тұлғалы ақыны Абай атам айтпақшы, өмірден өз орнын тапқан дұрыс қой. Дегенмен «туған ауылымды тастап кете барамын» деген ойдың өзі менің киелі, құт мекеніме деген сағынышымды қазірден арттыра түседі. Туып-өскен жерім туралы толғанып, ой жетегіне берілген шағымда үнемі Авар елінің нағыз патриот ақыны Расул Ғамзатовтың мына бір шумақтары ойыма оралады да тұрады: Қымбат маған елімнің бар даласы, Балтық пенен Сахалиннің арасы. Қайда болсам қиям оған жанымды, Туған жерден қазсын бірақ қабірді. Туған елге, Туған жерге, Туған тілге деген ыстық сезімнің үздік үлгісі мен үшін осындай болмақ. Отан туралы ой толғасаң, жан толғанысын айтып тауыса алмассың, сірә. Туған жеріне деген шексіз махаббатқа ие жүрегіммен өзімнің сыныптас достарыма алда тұрған үлкен сын – ҰБТ-дан сүрінбей өтіп, өзі сүйген мамандықтың иесі болуын тілей отырып, Туған жердің – қазақ

Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да, туып өскен ел қымбат.

                                                                  Халық мақалы

    Туған жер, Отан – кімнің де болса жүрегін шымырлататын тәтті сөз. Жер- дүниені сан айналсаңда туған жерінен артық жайлы қоныс таба алмайсың. «Ат айналып қазығын табар» — дегендей, қанша ғажайып мекен көрсең де, түбінде Жерұйықтың өз туған жерін екенін түсінесің.

  • Мен туып — өскен  Қызыл Жарөлкесі тамаша табиғаты мен аңыз —  әңгімелерімен, өзінің өнерлі перзенттерімен әйгілі. Сан —  мыңдаған тіршілік иесіне пана болған Қарағайлы орманның әр тасына шежіре — жыр тыңғандай, ауасы шипа, бұлағы бал. Бұл топырақтан көптеген ұлы тұлға шыққан.СҚО-даншыққанатақтыадамдар: М.Жұмабаев, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, И.Шухов, Е.Бөкетов, В.Шаталов, А.Викторенко, Ғ.Малдыбаев, Ы.Ыбыраев, Ж.Қизатов.

Мен өзімнің туған жерімді мақтан етемін және оның алдындағы перзенттік борышымды өтеуге әзірмін. Туған жерім менің тұлға болып қалыптасуына өз әсерін тигізді. Әркімнің туған жері — Мысыр шаһары демекші өз туған жерім өзіме ыстық. Дүниенің қай бұрышында жүрсеңде туған аймағында өткен күндер есіңнен кетпейді. Онда өткізген балалық шақ, аяулы мектебім, ұлағатты ұстаздарым, оның тұрғындарының жайдарлы жүздері, менің жан достарым, асыр салып ойнаған көк орай шалғын, анамның қара қазанда пісірген бауырсағы, мереке сайын жайылатын  дастархан осының бәрі күні кешегідей көз алдымда. Қанша биік белес бағындырсақта, торқалы туған жердің құдіретінен аса алмаймыз.Туған өлкем әр ісіме шабыт береді, мұнайған кезде көңіліме жұбаныш болады, өмірдің қатал сыңына ұшырағанда да осы жерден пана табамын. Мыңдаған тағдырларға куә болып, қойнауы сырға толы бұл мекен менің арманыма қанат бітіреді. Дүниеге шыр етіп келгеннен анамның ыстық махаббатымен сезінген туған жерге деген махаббатым ешқашан жүрегімнен сөнбес.

 

Балалықтың куәсі балауса бел,

Қырға қонған жайдары жайсан ел.

Бар әлемді алдыма әкелсе де,

Осы жұмақ мекенді аңсар ем.

Қайынды орман, аршасы, қарағайы,

Мөлдір бұлақ ашады жан сарайын.

Қасиетті топырағынан нәр аламын,

Бой түзеген өзімде шыршадайын.

Туған жерім – тұғырым,шаңырағым,

Ыстық маған кең байтақ атырабым.

Перзентіңде ендігі арман жоқ-ау,

Қойнауынан бұйырса топырағың.

 

Деген өлең шумақтарымен өз туған жеріме арнаған шығармамды аяқтағым келеді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні , шынымен де, туған жерімде туып, туған жерімде өсіп-өніп, туған жерімде өлсем арманым жоқ дер едім.

                                                                                                                                              

  1. Туған жер - адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ а адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің туған жерім Алматы қаласы бірақ балалық шағымнің өткен жері ол осы Кереку өңірі болып табылады. Әр адамға өз туған жері ыстық. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде.

  2. Туған жерім – Қазақстан,
                                                   Тәуелсіздігі жарасқан,
                                                    Көк байрағы желбіреп,
                                                    Көк аспанға ұқсасқан.

                                                    Түрлі елдер достасқан,
                                                    Еңсесі биік Қазақстан!
                                                    Құтты болсын елдігің,
                                                    Тәуелсіз біздің Қазақстан

  3. Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер...еңбектенуде.

  4. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен біздің елде  татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар.олардын тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл Қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын Қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы Қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғыкөркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.

  5. «Отансыз адам, ормансыз бұлбұл», -деп дана халқымыз бекер айтпаған. Себебі, адам баласы туған жерсіз, Отансыз ғұмыр кешпейді.Әр адамның тұрақты үйі, мекені болу қажет.Сонда ғана адам бақытты  өмір сүреді. Кіп-кішкентай бұлбұлдың өзі туған жерін іздейді, қайғырады. «Әркімнің өз жері - жұмақ», - дегені рас. Осы жөнінде  «Шетте сұлтан болғанша, елде ұлтан бол» - деген мақалды  дана  халқымыз жайдан жай айтпаған болар. Сондықтан да өз туған жерімізді, Отанымыз қастерлеп және бағалауымыз керек!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1704
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі