400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Шығарма "Ғарышта".4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығарма 4-сынып.Қазақ тілі
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ғарышта

Ғалам біз білмейтін дүниелерге толы. Ғарышты адамзат әлі толығымен зерттеп болған жоқ. Ғарыштың әлі де ашылмаған  сырлары көп. Ғарыштық дәуір 1957 жылдың 4-қазанында, бұрынғы  КСРО –да дүние жүзінде алғаш рет Жердің жасанды серігінің ұшырылуымен байланысты басталды.Екінші маңызды ғарыш дәуірі – 1961 ж. 12-сәуірде адам баласының (Юрий Гагарин) тұңғыш рет ғарышқа ұшуы,ал космонавтиканың үшінші тарихи оқиғасы — 1969 ж. шілде айының 16 – 24-і күндері аралығында адамның Айға сапары болды. Міне, содан бері ғарыш кеңістігі ғалымдармен игеріліп келеді. Біздің елімізде «Байқоңыр» ғарыш  айлағы бар. Мен оны Қазақстанды ғарыш әлемімен байланыстыратын көпір деп санаймын. Өйткені, барлық зымыран ұшақтар осы жерде саяхатының бастауын алады. Еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап ғарыш айлағында   біздің ғарышкер аға-аталарымыз дайындық жұмыстарын жүргізіп, ғарыш әлеміне саяхаттарын бастады. Осы ғарышкерлердің еңбектері, ғарыш әлемінен алып келген мәліметтері біздің еліміздің өсіп-өркендеуінде орасан зор ықпал етеді.

Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев – осы адамдар Қазақстанда ең алғаш ғарыш есігін ашқан ұшқыштар.Ал 2015 жылғы 2-ші қыркүйекте Айдын Айымбетов ғарышқа ұшып, үшінші қазақ ғарышкері атанды. 10 күнге созылған сапарда Айдын Айымбетов ғарыштағы 5-ші ұлттық ғылыми зерттеу бағдарламасын орындады. Алғашқы 4 бағдарлама 1991 жылы Тоқтар Әубәкіровтың және 1994, 1998, 2001 жылдары Талғат Мұсабаевтың ғарыштық сапарларында атқарылған еді.

Мен де кішкентай күнімнен аспанға қарап,күндіз күн мен бұлттарды, түнде жұлдыздар мен аппақ айды тамашалап, ұзағынан қарағанды ұнатамын. Біздің ғаламшарымыз ғарыштан қандай болып көрінер екен? Ғарышқа, аспанға ерекше құмармын,ғарышқа ұшқым келеді,зерттегім келеді.Ғарышқа ұшуың үшін жақсы оқып,білімді болу керек және салауатты өмір салтын ұстап,денсаулығың мықты болуы қажет деп ойлаймын.

Жақыпбек Іңкәр Әділжанқызы

70 C.Бекбосынов атындағы жалпы орта

мектебінің 4 ”Б” сынып оқушысы

Жетекшісі:Туктибаева Жаннат Маделханқызы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
25.04.2021
7903
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі