400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 21 материал табылды

"Шығарма жазуға үйрету"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда оқытылатын пәндер балалардың болашағы, таңдайтын мамандығына қарай бағытталуда, яғни мақсаты білім беру ісіне ерекше назар аударылуда. Жеке тұлға, дарынды шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы болып отыр. Кәсіпке дайындау, мақсатты білім беру – жеке тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселелер. «Осы шығарма жазу неге керек?» , «Қалайда жаздыру керек пе?» деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Баяндама

Тақырыбы: Шығарма жазуға үйрету жолдары
Жоспары:
Кіріспе. Шығарма деген не?
Негізгі бөлім: а) Шығармаға жоспар құру;
ә) Көркем шығармамен жұмыста оқушы шеберлігін шыңдау;
б) Шығарма жазуға дайындау жолдары мен әдістері
Қорытынды.
Қазіргі таңда оқытылатын пәндер балалардың болашағы, таңдайтын мамандығына қарай бағытталуда, яғни мақсаты білім беру ісіне ерекше назар аударылуда. Жеке тұлға, дарынды шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы болып отыр. Кәсіпке дайындау, мақсатты білім беру – жеке тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселелер. «Осы шығарма жазу неге керек?» , «Қалайда жаздыру керек пе?» деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

Шығарма дегеніміз – оқушылардың тілдік және әдебиеттік білімдері мен өзінің таным, түйсік, көзқарасының тәжірибелеріне сүйене отырып өз ойын жүйелі, әдеби тіл қалыбында бере білуге машықтандыратын жазбаша тәжірибелік жұмыстың бірі. Қазақ әдебиеті пәндерінен шығарма жаздырудың мақсаты мен міндеті осы мазмұннан туындамақ.

1. Шығармадан баланың тілдік мәдениеті, сөздік қоры, теориялық білімі, әдеби ұғым - түсінігі, жазуға икемі мен ойлау деңгейі байқалады.

2. Шығарма – оқушының жеке тұлға ретінде өзін көрсете алуының белгісі, дағдылы жұмыстың көрінісі. Оқушының ауызша сөз саптауын қалыптастыруды біз қиын дейміз, ал ойын жазбаша түсіруге қалыптастыру одан да қиын. Олай болса, бұл – жүйелі түрде жүріп отыратын ұзақ үдерістің түпкі нәтижесі.

Нәтиже қай жұмыста да нәтижелілігімен бағалы. Алдындағы оқушысы ақ қағазға өз ойын, көзқарасын, пікірталасында туған шешімін түсіріп, тіпті өзіндік стиль айшығын танытып жатса, мұғалім жұмысының шынымен нәтижесі болғаны ғой.

Жас ұрпаққа білім беруде олардың пәнге деген көзқарасын қалыптастыру үлкен рөл атқарады. Шығарма жазу үшін және оған жоспар құру әдістері оқушылардың ой - қабілеттерін арттыра түсетіні белгілі. Әдебиет сабағынан шығарма жазу - әдебиетті оқыту процесінің сапаға айналған нәтижесі болып табылады.


Мұғалімнің педагогтік шеберлігі еңбегін айқындайтын, оқушының әдебиеттік ұғымын, білімін байқайтын, сынайтын көрсеткіш.

Мектепте шығарма жазуды 7 - 8 - сыныптарда бастаған жөн деп ойлаймын. Біз көбінесе 10 - 11 - сыныптарда шығарма жазуға үйрете бастаймыз.

Сондықтан оқушылар шығарма жазуда көптеген қиындықтарға кездеседі. Оқушылар арасында әлі де шығарма жазып, жоспар құра алмайтын, өз ойын жеткізе білмейтін, ора шолақтары жиі кездесіп отырады. Осындай кемшіліктерді мектеп бітіруші оқушылардың жазған шығармаларынан жиі байқаймыз. Қазіргі уақытта жазу жұмысына қойылатын талаптар күшейді. Мектеп бітіретін оқушылар кәмелеттік аттестат алу үшін жазатын шығарма жұмысына берілген нұсқауда былай делінген:

«Емтихандық жазба жұмыс – мектеп оқулығын немесе белгілі бір библиографиялық - сын мақаланы қайталап, болмаса мұғалімнің ой пікірін өңін айналдырып жазып беру емес. Оқушының көркем әдебиетті оқығанда алған әсерін, жазушының өмірімен, шығармашылық жолымен танысқанда білген, жалпы әдебиет пәнін оқуда көңіліне түйген, таныған, өзіндік ойлары мен сезімін дұрыс жазып беруін талап ететін уақыт жетті. Емтихандық шығарма сапалы болумен қатар, онда әңгіме етіліп отырған мәселені терең түсіндіру арқылы эмоционалдық жақтан айқын да анық баяндалуы және нақты пікірі әдеби көркем тілмен берілуі қажет» делінген.

Әрине, мұндай талапты орындап шығу – бір күннің немесе бір айдың, бір жылдың ісі емес, бүкіл орта мектеп көлемінде алған білімнің ұзақ мерзімде қол жеткен нәтижесі болу керек. Емтихан уақытында оқушылардың шығарма жазуда жіберетін, жиі кездесетін шығарманы қалай бастау керек екенін білмеу, бірінші бетті бастағанда алдымен жоспар, одан кейін тақырыпты жазу сияқты кемшіліктерді болдырмас үшін шығарманы қалай жазу туралы арнайы нұсқауды негізге алу жөн. 
Онда былай делінген:
1) Бірінші беттің ортасына жұмыс иесінің аты - жөні жазылады.
2) Екінші бетке екі жол төменірек ашық және айқын етіп тақырып жазылады. Егер тақырып үзінді болып келсе, онда оның астына автордың аты жазылады.
3) Тақырыптан екі жол төменірек шығарманың жоспары жазылады.

Мектептегі шығарма жұмысы оқушының дүниеге көзқарасын қалыптастыруда игі ықпал ететіні сөзсіз. Олай болса шығарманың негізгі мақсаты – осы. Мектепте шығарма жазу жұмысының қай түрі болса да өте күрделі ой еңбегі, шығармашылық іс. Оқушының ақыл - ой қабілетін дамытып, белсенділігін арттыруда шығарма жұмысы орасан зор міндет атқарады. Сондықтан мұндай күрделі ақыл - ой еңбегін «шығармашылық» немесе «шығармашылық емес» деп атау ыңғайсыз.
Шығарманың өзін бірнеше топқа бөлуге болады:
1. Оқушының өз тәжірибесіне, алған әсеріне байланысты.
2. Еркін тақырыпқа жазылған шығарма.
3. Әдеби тақырыпқа жазылған шығарма.
Сонда оқушының өмірден көрген, бақылаған өз тәжірибесі, өз өміріне байланысты, осы негізде жазған шығармалары бірыңғай жүйеленеді.

Шығармашылық талапты орындау, оқушының алған тақырыпты толық меңгеріп, оған қажетті материалдарды саралап, тақырыпқа тікелей байланысы жоқ жанама мәселелерден аулақ болу жазу жұмысының тиімділігін арттырудың айғағы екенін мектеп тәжірибелерінен көруге болады. Жоғары сыныптағы шығарма жұмыстарының шығармашылық толғаныспен жазылуы үшін ең алдымен жазу жұмысының теориялық негіздерін білу шарт. Сондықтан шығарманың құрылысына назар аударғаны мына сызба жүйені есте сақтау керек:
1. Әңгіме түріндегі шығармалардың сызбасы
I. Кіріспе (экспозиция)
II.Негізгі бөлім:а) оқиғаның байланысы
ә) оқиға шиеленісінің жеткен жері
б) шешілуі
III. Қорытынды (эпилог)
2. Талдау түріндегі шығармалардың сызбасы
I. Кіріспе (тақырыпқа жүктелетін міндет)
II. Негізгі бөлім:а) Тақырып көтерген мәселе
в) Ұсынылған дәлелдер
с) Дәйексөз түріндегі мысалдар
д) Өзіндік ойлар
III. Қорытынды (эпилог)

Әрине, оқушы шығармасында осы схеманы орындау мүмкін емес. Бірақ шығарманы талдай білу үшін осы жолдарды білу қажет деп ойлаймын.


Шығарма жазу үшін оқушы мынаны білген жөн:
1.
Шығарманың тақырыбын әбден ойлап алып жазу керек.
2. Жоспар тақырыпқа сай, нақты жасалынуы тиіс.
3. Эпиграф тақырып пен негізгі идеяны ашуға сәйкес алынуы керек.
4. Тақырыпқа байланысты материалды іріктеген кезде ең негізгісін алу қажет.
5. Шығарманың реті мен жүйесін сақтау және тақырыптан ауытқымау керек.
6. Айтатын негізгі пікірлері шығарманың негізгі бөлімінде болатынын есте сақтау керек.
7. Келтірілетін мысалдар, салыстырулар негізгі пікірге байланысты болу керек.
8. Қорытынды ой негізгі пікірлердің төңірегінде жазылуы және айтылатын ой айқын, сөйлем орамды, түсінікті болуы қажет.
9. Әр сөйлемді дәптерге жазар алдында стильдік қате жібермеуді ойлау керек.
10. Ұмытып кетпес үшін байқаған емлелік қателер мен тыныс белгілерін бірден қойып, сауатты жазуға, дәптердің сыртқы көрінісіне мән беру керек.

Міне, осы талаптарды мұғалім оқушы шығарма жазар алдында үнемі ескеруі керек. Қазіргі кезде мектептегі тәжірибеге қарасақ, оқушылардың шығарма жұмысын тексерудің екі түрі бар.
1. Оқушы шығармасындағы кемшіліктерді мұғалім өзі түзетеді.
2. Мұғалімнің басшылығымен оқушының өзіне тексерту.
Күнделікті тәжірибеден қарап отырсақ мұғалімдер қазір осы екі жолды қатар пайдаланады. Шығарма жұмысын тексеру кезіндегі олқылықтар емтихан кезінде өте жиі кездеседі. Шығарма жұмысын тексергенде қателердің түрі шартты белгілер арқылы көрсету дұрыс деп ойлаймын.

Мұның өзіндік жүйесі бар.
/ - Емле қатесі белгіленеді.
V – Тыныс белгісінен кеткен қате.
Z – Абзац керек деген белгі.
Z – Артық қойылған абзац.
? – күмәнді, екі ұшты, осы сөйлемді ойлан деген белгі.
?! – Пікірді немесе фактіні бұрмалаудан кеткен кемшілік.
! – Осы жерге ерекше көңіл аудар.
- Сөз қалдырып кетсе, түсініксіз сөйлемдерді белгілейді.
- Стильдік жағынан дұрыс құрылмаған, жөндеп жаз деген белгі.
- Ауыстыруды керек ететін, бірнеше қайталанған сөздер мен сөйлемдер.
Әрине, осы белгілерді қойып, оқушының дәптерін қайтаруға болмайды, мұғалім осы шығарма жөнінде рецензия жазып қайтарса, бұл белгілердің оқушыға беретін әсері өте мол. Сондықтан шығармадағы кемшіліктерді жою үшін, оқушылардың осы шартты белгілерді білгені дұрыс болар еді. Сонда ол оқушының ойында мәңгі қалады деп ойлаймын. Бұл шартты белгілер де мұғалімге өте қолайлы. Себебі ол мұғалімнің уақытын үнемдейді.

Шығармадағы кемшіліктерді жазып көрсеткеннен шартты белгіні қоя салу мұғалім үшін де жеңіл. Енді осы шығарманы мұғалім тексергенде нені еске алу керектігіне назар аударайықшы.
1. Дәптердің сыртқы көрінісіне назар аудару керек.
а) тазалығы
ә) әріптердің дұрыстығы
2. Логикалық жағынан
а) тақырып пен идеяның ашылуын;
ә) пікірдің молдығын;
б) дәлелдің дұрыстығы;
3. Пікірдің жүйелігі
а) жоспардың жүзеге асуы;
ә) әрбір бөлімнің мөлшері
4. Грамматикалық сауаттылығы
а) емлелік жағынан
ә) синтаксистік жағынан
5. стилі
а) сөйлемдердің дұрыстығы
ә) көркемдігі
Міне, осы қатемен жұмысты да үнемі оқушыларға ескертіп отырған жөн. Осы айтылғандарды басшылыққа алғанда шығарма жұмысы ойдағыдай болады. Жүйелі алынған білім оқушының да, мұғалімнің де үздіксіз еңбегін көрсетеді.
Енді осы жұмысқа баланы қалай дайындап әкелу керек?
Алдымен оқушы сабаққа қызығу керек. Әсіресе әдебиет сабағының кіріспе және қорытынды кезінде оқушы белсенділігі басымырақ болатын жұмыстар ұйымдастырған жөн.
1. Баланы жұмбақ, ребус шешуге үйрету керек, оның да өзіндік құпия кілті бар жұмыс.
2. Бір дыбыстан басталатын сөздерден тұратын сөйлемдер жасырын беруге болады.
3. Шағын әңгімеден мазмұнды, идеяны, тақырыпты таптыру, ойланту.
4. Кейіпкер туралы ой қозғау, өзіндік пікірін қалыптастыру, өз көзқарасын айқындауға, қорғай білуге үйрету арқылы жазу жұмысына төселдіруге болады.

Дегенмен мынаны да ескерген жөн. Әуелі баланы мазмұндама жазуға үйрету керек.
- Кей бала тыңдаған мазмұныны сол күйінде қағазға түсіре алады.
- Кей бала мазмұнды тұтас бере алмайды, жекелеген бөлімдерін нақты, әдемі береді, ал кейбір жерлерін аттата, шалағайлау жазуы мүмкін.
- Кей бала тіпті мазмұнды есіне сақтай алмайды, не жүйелі жеткізе алмайды, не сөйлем құрай алмайды.
- Кейбір бала мазмұндаманың өзін түрлендіре, әсерлендіре, тіпті кейде өз ойын, пікірін қосып та жазуы мүмкін. Міне, бұл – шығарма жаза аларлық қабілетін танытқан бала. Енді сіздің жұмысыңыз екі түрлі бағыт алады.
1) жаза алмайтын баланы жаза білуге жеткізу;
2) жақсы жазатын баланы әңгімелеуге, шағын мәтін құрастыруға, шығармаға пікір жазуға баулу;
Мазмұнын білген бала өз бетінше әңгіме құрай алады. Әңгіме жазған бала шығарма жаза алады деген сөз. Енді баланы шығармаға қалай дайындау керекпіз?

Шығармаға дайындау:
1. Сөз үйрету
*Сөздің мағынасын білдіру
*Сөздерді таңдай білу
*Әр шығарманың әр бөліміне лайықты сөздер қолданысын меңгеру
2. Ой тастау
*Сөзден идея тудыру
*Идеяны түсіндіру
*Идея мен тақырып байланысын білу
Шығармаға қойылар талап әр түрлі, тіпті көп болуы мүмкін, бірақ мақсат – біреу: негізгі тақырып не, соны басты тақырып ету керек. Жоспарлау соның айналасында ғана болу керек.

Жоспар – шығарма айнасы. Тақырыпқа сай жоспар құру, жоспарға сәйкес шығарма жаза білу, жоспарда көрсетілген тақырыпшаларды аша білу – оқушыларға үлкен сын. Кейде оқушылардың жоспары тақырыпты мүлде ашпайды, оған еш қатысы жоқ болып шығады. Кей жағдайда шығармаларының мазмұны жоспарға мүлде қатысы жоқ болып шығады.

Тақырып, жоспар, шығарма – бұл үшеуі бірімен - бірге біріктіріліп тұратын өзектес мәселелер. Оқушыларға мазмұндамадан гөрі шығарма жазып үйрету шәкірттеріміздің өзінше еңбек етіп, еркінше талаптануына, өз пікірін, ойын сарапқа салуына әсерін тигізері сөзсіз.


«Талаптыға нұр жауар» деген халқымыз, өзінше талаптанғысы келген әрбір шәкірттерімізге жол - жоба, бағыт беру, ұшқыр қиялдарымен биікке самғай беруіне тілектес болып қалу әрбір ұстаздың борышы болғандықтан жұмысымызды осы абыройлы міндет тұрғысынан көрсетуді мақсат тұтып келеміз. Ұстаз бен оқушы арасындағы осындай шығармашылық байланыстың тұрақтылығы ғана табысты жетістікке жол салады.

Шығарма жазуға дайындау жолдары мен әдістері:

Ең алдымен «Осы шығарма жазу неге керек?» «Қалайда жаздыру керек пе?» деген сұрауларға жауап іздейік.

1.   Шығармадан баланың тілдік мәдениеті, сөздік қоры, теориялық білімі, әдеби ұғым-түсінігі, жазуға икемі мен ойлау деңгейі байқалады.

2.   Шығарма - оқушының жеке тұлға ретінде өзін көрсете
алуының белгісі, дағдылы жұмыстың көрінісі. Оқушының
ауызша сөз саптауын қалыптастыруды біз қиын дейміз, ал ойын жазбаша түсіруге қалыптастыру одан да қиын. Олай болса, бұл
- жүйелі түрде жүріп отыратын ұзақ үдерістің түпкі нәтижесі.

Нәтиже қай жұмыста да нәтижелілігімен бағалы. Алдындағы оқушысы ақ қағазға өз ойын, көзқарасын, пікірталасында туған шешімін түсіріп, тіпті өзіндік стиль айшығын танытып жатса, мұғалім жұмысының шынымен нәтижесі болғаны ғой.

Енді осы жұмысқа баланы қалай дайындап әкелу керек?  Алдымен, оқушы

сабаққа қызығу керек. Әсіресе, қазақ тілі мен әдебиет сабағының кіріспе және қорытынды кезінде оқушы белсенділігі басымырақ болатын жұмыстар ұйымдастырған жөн. Жұмбақ шешуге үйрету керек, оның да өзіндік құпия кілті бар жұмыс. Бір дыбыстан басталатын сөздерден тұратын
сөйлемдер жарысын беруге болады. Шағын әңгімеден мазмұнды, идеяны, тақырыпты таптыру, ойланту. Кейіпкер туралы ой қозғату
, өзіндік пікірін қалыптастыру, өз көзқарасын айқындауға, қорғай білуге үйрету арқылы жазу жұмысына төселдіруге болады.

Шығармашылық жазба жұмыстардың мақсаты — логикалық ойлауды дамыту, шығармашылык, қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беруге ұластыру, әдебиетті іштей түсіне отырып, оның мәні мен құдіретті орнын өз дүниесінде көркемдеп бере алу.

Шығарманы жаздырудың бірінші міндеті — тақырыпты түсіну. Бұл үшін әуелі жоспар құрып, шығарманың негізгі ойын ұғыну керек. Оқушымен жұмыс белгілі тақырыптың негізгі ойын анықтаудан басталуы керек. Тақырып сұрақ бойынша шығарма идеясын қалыптастыруды үйрете отырып меңгертіледі.

Шығарма жазудың өзіндік біліктері: шығарманың негізгі ойын тану мен тақырыбын түсіну; шығарма жазу үшін материал жинау; жиналған материалды жүйелеу; әр жанрда шығарма жазу, шығарманың жоспарын құру, әдеби-сыни материалмен жұмыс; тілдік категориялар ережесін білу (сауаттылық); шығармада өзіндік көзқарас, ұстаным көрінуі.

Егер ұстаздар осы біліктерді оқушыларға меңгерте алса, шығармашылық жазба жұмыстардың сапасы жоғары деңгейге көтерілер еді.

Шығармашылық жұмыс табиғаттың төл перзенті адамның көңіл-күй, ой-толғам, болмысына, сыртқы дүниені танып білу, ұмтылу мүмкіндігіне де байланысты.


Осыған орай кейде ойтолғау түрінде оқушыларға «Мен кіммін?», «Робот пен нағыз адамның айырмашылығы» деген тақырыптарды жазуға тапсырма беру қажет. Бұл арадағы ұстаздық міндет — жұмбақ дүние сырын меңгеру барысында әрдайым дамып-жетіле беретін жекелік қасиеттерді шәкірт бойына дарыту, дара тұлғаның пікірі арқылы адам психологиясы мен қоғам өмірін жақындастыру, баланың өз шығармасы арқылы өмірмен байланыстыру.

Жоғарыдағы тақырыпқа жазылған жазба жұмыстары бір-біріне ұқсамайтын ерекшелігімен, шындығымен, өзіндік пікірімен көңілге қонып еді.


Кейде еркін тақырыпта жазылған шығарма, ойтолғауларда демократияның лебі әбден сезіліп тұрады, сондықтан бала шығармашылығын дамытқысы келген ұстаз әуелі шәкірттерді еркін тақырыпта шығарма жазуға бейімдеп алып, бірте-бірте көркем туындыға шығаруы керек деп ойлаймыз.

Дегенмен мынаны да ескерген дұрыс. Әуелі баланы мазмұндама жазуға үйрету керек.

Кей бала тыңдаған мазмұнын сол күйінде қағазға түсіре алады.

Кей бала мазмұнды тұтас бере алмайды, жекелеген бөлімдерін нақты, әдемі береді, ал кейбір жерлерін аттата, шалағайлау жазуы мүмкін.

Кей бала тілі мазмұнды есіне сақтай алмайды, не жүйелі жеткізе алмайды, не сөйлем құрай алмайды.

Кейбір бала мазмұндаманың өзін түрлендіре, әсерлендіре, тіпті кейде өз ойын, пікірін қосып та жазуы мүмкін. Міне, бұл – шығарма жаза аларлық қабілетін танытқан бала.

Енді сіздің жұмысыңыз екі түрлі бағыт алады:

1) жаза алмайтын баланы жаза білуге жеткізу;

2) жақсы жазатын баланы әңгімелеуге, шағын мәтін құрастыруға, шығармаға пікір жазуға баулу.

Сол сияқты жоспар құрғызу барысында да 2 түрлі нұсқа жасап, күрделі жоспарды кімге беру керектігін шешіңіз.

Мысалы, «Түлкінің айласы» деген мәтінді мазмұндамаға беріңіз.




Жай жоспар                      Күрделі жоспар

1) Күннің райы                 1) Аңшылық

2) Аңшының көңіл күйі    2) Орман ішінде

3) Орман іші                     3) Түлкінің қулығы.

4) Байқалған құлақ

5) Атып алынған түлкі

6) Аулауға әкелінген түлкі

7) Зейнұрдың әрекеті

8) Түлкінің әрекеті.

 

Нені байқау керек?

1)  Алдымен күрделі жоспарды ғана ұсынып көріңіз. Айтуға
қол көтерген бала саны аз болады. Дегенмен айтылады.

2) Содан соң жай жоспарды көрсетіңіз.

3) Әдейі бір қатардың бір жағында отырғандар жақсы
оқитындар болғандықтан, оларға осы күрделі нұсқаны
ұсыныңыз. Қалғаны жай жоспарды алсын. Тақтаны сүртіп
тастаңыз.

4) Егер жай жоспарды ғана ұсынсаңыз, сынып түгел жақсы
жазып шыға алады екен. Ауызша айтқанда аттап кеткен
тұстарын толықтырып жазып шығады. Мынадай сөйлемдермен
қорытындыланған жұмыстар болады: «Түлкі деген сондай қу
аң ғой. Соны аңшы неғып ескермеді екен?» «Әй, Зейнұр-ай,
түлкінің үстіне әуелі қап не киім жауып қалмадың ба?»
«Түлкінің айласы көп қой, соның біреуін ол, міне, осылай
көрсетті». «Түлкінің аяғынан тағы ату керек еді». Ал осы
аталған жұмыстар әлгі күрделі жоспар алған топтан шықты.
Сонда мынадай ой туады: «Мазмұндаманың аясын
кеңейте берсе шағын шығармаға ұласады екен».

Ал енді әңгімені талдау барысында өзіміз практикалық жұмыс жасап көрейік. Мен сіздерге «Пістенің кесірі» деген қысқа әңгімені оқиын (өзімнің туындым).

1)  Мазмұнын: біліп алдыңыз.

2)  Енді осыдан қаңнай ой түйіндеуге болады, еркін жазып
шығыңыз. 2-3 сөйлем жазыңыз.

3)  Дәл осы сәтте баланың бойындағы қай қасиетті сіз
анық байқадыңыз?

4)  Шынында кінәлі кім? Тек кінәлі бейнені ғана іздесітріп
көріңіз.

5) Енді осыдан қандай шағын шығармалардың
тақырыптарын тудыруға болады? Сізше ше? Әуелі жобаңызды
айтыңыз.

6) Ал енді мен ұсынатын тақырыптарға назар аударыңыз. Ішінен қалағаныңызды жазып алыңыз. Міне, бұл — үйге тапсырма болады.

А) Көше тазалығы — сауаттылық кепілі.

Ә) Оқушы тәртібі — өзекеті мәселе.

Б) Жәндіктерге де қамқорлық керек.

В) Егер торғайларға жем табылмаса….

Г) Аяушылықтың негізі адамшылықта.

Байқайсыз ба, айтылған тақырыптар — мәтіннен шыққан қорытындылар. Сонымен жоғарыда айтылған ойларымызды қорытындыласақ, біз мынадай тұжырымға келеміз.

Мазмұннан идея туды, идеядан тақырып туды.

Ойға алған жұмысты атқару үшін мүғалімнен демеушілік, кеңес беру және ойтүрткі жасау ғана байқалды. Ал негізгі жұмысты оқушы атқарды.

Егер де сіздің алдыңызда күрделі тақырыптың соңын
қорытындылау тұрды делік. Көркем шығарманың не
кейіпкеріне, не тіліне, не автордың шығармашылығына талдау
жасалу керек. Одан соңғы сабақ — екі сағаттық шығарма.
Осының алдында қандай дайындық жүру керек?!

1) Мазмұн түгел түсінікті болуы керек.

2) Сол көркем шығарманың идеясы мен тақырыбын бала
біле алуы керек.

3) Талдау барысында қорытыңды түйін жасалынуы керек.

4) Сондағы басты бейне — қаһарман тұлғасы ашылуы керек
несімен қызықтырды; өнегелі қандай қасиеттерімен ерекше.

5) Осы шығармадағы өздеріне ұнаған сөздер мен
сөйлемдерді тырнақшаға алып, жазып алу керек.

6) Жоспар құруға лайықты тірек сөздер табуы керек, болса
сол кітаптың өз сөздерінен алуы керек.

7) Ең бастысы оқушы ойын қозғайтындай нақты тақырып
беру керек, бір сөзбен жауап беретін сұраулы сөйлемнің қажеті
жоқ.

8) Бір шығармадан (романнан, поэмадан) бірнеше тақырып таңдатып үйрету керек.


Шығармаға дайындау   

1) Сөз үйрету

Сөздің мағынасын білдіру

Сөздерді таңдай білу

2)Ой тастау

Сөзден идея тудыру

Әр шығарманың әр бөліміне лайықты сөз(дер) қолданысын  меңгеру.

Шығармаға қойылар талап әр түрлі, тіпті көп болуы мүмкін, бірақ мақсат — біреу: негізгі тақырып не, соны басты бағдар ету керек. Жоспарлау соның айналасында ғана болуы керек. Мысалы, «Даланың дана ұстазы» (Ыбырай Алтынсаринның ағартушылығы туралы). Кіріспе ұстаздық, даналық, Ыбырай туралы жазу керек.

Негізгі бөлімде Ыбырайдың ағартушылығы туралы мақсатын, соған ұмтылысы мен табысын, кедергілер мен әр түрлі көзқарастарды жеңе білгенін, еңбегі мен жемісін, сол кезде алған бағасын, ізі мен өнегесін жазу керек.

Қорытындыда Ыбырай ағартушылығы туралы бүгінгі, сол кездегі кереғар пікірлерді қорытып, өз ойын жазу керек.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
3632
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі