Креативті ұстаз – заман талабы
Эссе
Қазіргі уақытта ғылым мен техниканың жедел дамыған заманында ақыл – ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту – заманның басты талабы болып отыр. Осы жайттардың барлығын жүзеге асыратын адам , әрине ол – ұстаз. Ұстаздың алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Нағыз ұстаз болу – үлкен абырой, зор еңбек, ішкі қажеттілік пен балаларға деген жалындаған махаббат. Ұстаз деген атқа ие болудың өзі бір бақыт. Қай заманда болмасын, ұстаз үздіксіз ізденуші, ұшқыр ойы болуы тиіс деп ойлаймын. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаған бүлдіршіндер білім тұңғиығына еркін сүңгісе, шәкірттерім білім додасында қатарласынан оза шауып, оң нәтижеге қол жеткізіп жатса, ұстазға бұдан артық қуаныш бар ма?
Қазіргі ақпараттық технологияның қарыштай дамыған шағында мектеп қабырғасындағы маңызды терминдердің бірі – «креативті ұстаз», «креативті ұстаздың құзыреттілігі».
Креативті педагог құзыреттілігі ұғымының мазмұны төмендегі белгілерден тұрады:
- білімнің жұмылдырылуы, білімді пайдалана білуі;
- әдістердің икемділігі;
- сыни ойлауы;
- шешімді қабылдау іскерлігі, біліктілігі.
"Креативтік" ұғымы шығармашылық, дарындылық, шығармашылыққа икемділік деңгейін білдіреді. Тұлғаның шығармашалық құзыреттілігінің құрылымына мынадай қасиеттер жатады: шығармашылыққа икемділік,мәселелерді шешу, өзіне деген сенімділігі, талдауға деген икемділік және тағы да басқалары. Президентіміздің Жолдаудағы мақсат, міндеттерін іске асыру - әр педагог парызы. Жауапкершілігі шексіз, қадірі мол мамандық иесінің ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі алар орнын әр мұғалім бар болмысымен сезінгені абзал. Өйткені, бәсекеге қабілетті тұлға даярлауда білім сапасын көтерудің негізгі тетігі- білімді әрі креативті ұстаз.
Креативті ұстаз шәкіртіне тек сапалы білім беріп қана қоймай оны қазіргі заманға сай цифрлық сауаттылығы дамыған, жан – жақсы интербелсенді болуына талпынуы қажет. Сабақтарында әртүрлі жаңашыл әдіс – тәсілдерді қолдануымен қатар, оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдап, әрқайссының өз сара жолын қалыптастыруы тиіс. Сонымен қатар, креативті ұстаз ұжым ішіндеде белсенді болады. Әріптестерімен тіл табысуы, ұжыммен жұмыс жасауы, өзі жұмыс атқарып отырған мекеменің заманауи болып алға қарай, ілгері дамуына бірден – бір септігін тигізуі керек.
Және де білім жүйесіндегі кез – келген өзгеріске дайын болуы қажет. Мен бастауыш мұғалімі ретінде биылғы білім жүйесіндегі үлкен өзгерістің бірі, оң өзгерістің бірі Әліппеннің «қайта оралуы» деймін. Бұл жаңалық ұстаз үшін де, оқушы үшін де, тіпті ата – ана үшінде өте жағымды, қуанарлық жайт болды. Себебі: «Білім кілті - бастауышта». Ал бастауыш сынып мұғалімдері әрине берілген бағдарламамен жұмыс жасайды. Әліппе оқулығының қайта оралуы білімде жүйелілік пен тәртіп орнатқандай десем артық емес. Мектеп табалдырығын аттаған жас бүлдіршін ең алдымен қолына Әліппені алып, әріппен танысса, әрі қарай алар білімін жеңіл түсінеді деп ойлаймын. Себебі, қазіргі заманғы «спиральды оқыту» жүйесі бойынша алғашқы сыныптағы білімді меңгермейінше, келесі сыныптағы білімді игеру мүмкін емес. Осы орайда, Әліппе оқулығы бастауыш сынып оқушысына белгілі бір жүйені қалыптастыруы бастауыш сынып мұғалімі үшін көз қуанарлық жайт.
Қорыта айтқанда, креативті ұстаз – заман талабы. Ол үшін әр педагог өзін үнемі жан – жақты жетілдіріп, соңғы шығып жатқан технологиялардың барлығын толықтай игеріп, оны игеріп қана қоймай білім алушыларға сол арқылы жұмыс жасауды үйретіп отырса, әр ұстаз алдынан бәсекеге қабілетті, дамыған, қоғамның жандануына өз үлесін қоса алатындай мықты оқушылар тәрбиеленіп шығатынына кәміл сенемін.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Шығарма «Креативті ұстаз»

шағым қалдыра аласыз