400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шығарма "Менің Президентіме менің тілектерім"

Материал туралы қысқаша түсінік
1-желтоқсан Тұңғыш Президент күнін дәріптеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің Президентіме менің тілектерім

Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы.Мен осы елде тұрып жатқаным үшін бақыттымын.Туған елім кең байтақ дархан далам-менің мақтанышым.Өйткені, мен осы дархан далада дүние есігін аштым.Осы жерде алғаш қадам бастым, мектепке бардым.Елімізде мен сияқты көптеген балалар білім алуда.

Мен екінші сыныпта оқимын.Өзге балалар сияқты мен де өте жақсы оқуға тырысудамын.Біздің осылай білім алып жүргеніміз еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыздың арқасы деп білемін.Себебі:біздің терең білім алуымыз үшін барлық жағдай жасалған.Бұл адамды балабақшадағы сәбиден бастап, еңкейген кәріге дейін біледі.Мемлекетіміздің әрі қарай дамуына өз күш-жігерін аямай, ерінбей, жалықпай тер төгіп жүргенін мен сеземін.Нұрсұлтан атамыз балаларды өте жақсы көреді, әрі үлкен досы.Әркез балаларға үлкен қамқорлық көрсетіп отырады.Еліміздегі барлық балалар білімді болып шығуы үшін Назарбаев зияткерлік мектептерінің ашылуы да біздер үшін үлкен қуаныш.Менің арманым-осы аталған мектепте білім алып, елімнің өркендеуіне үлесімді қосу.Қай оқушы осы мектепте оқуды армандамайды десеңші!Тұңғыш Президентіміз атындағы мектептің оқушысы атану-менің де жүрек түпкірімдегі арманым екенін жасырмаймын.

Көптеген елдерді Президенттер басқаратындықтарын естіп, біліп жүрміз.Теледидардан көріп, газет-журналдардан оқимыз.Сол ел басқарушы ағаларымыздың арасында Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан атамыздың бейнесі басқалармен салыстырғанда ерекшеленіп, дараланып тұрады.Ширек ғасырға жуық ел басқарған, Тәуелсіздік туын көтеріп, оны баянды етуде Қазақ халқының атын әлемге танытушы тұлға деп есептеймін.Біздің Президентіміз-білімді, талапты, елін, жерін құрметтейтін ұлтжанды тұлға екені даусыз.Еліміздің баянды өмір сүруі үшін өзге мемлекеттермен түрлі кездесулер өткізуі де Елбасымыздың шеберлігі мен шешендігі деп түсінемін.Біз бақытты халықпыз.Президентіміздің тұрақты, еліміз көркейіп, даму үстіндеміз.Елімізді қоныстанушы түрлі ұлт өкілдерінің бір-бірімен ауызбірлікте өмір сүруде Елбасымыздың жемісті еңбегі деп ұғамын.Біздің данышпан Президентіміздің атқарған еңбектерін дүние жүзі жарыса жазуы да біз үшін үлкен мәртебе.Нұрсұлтан Әбішұлы бүкіл өмірін еліміздің дамуына арнап келеді.Бұл адамның арқасында еш қиындық көрмей өмір сүрудеміз.Ата-анамыз жұмыс жасайды, сондықтан үйімізде барлық жағдай жасалған.Үйіміз газбен жылытылған, таза сумен қамтамасыз етілген.

Есіл бойындағы Астана қаласының бой көтеруі де, Елбасымыздың ерен еңбегі деп білуіміз керек.Астананың өмірге келуі-тұңғыш Президентіміздің өлшеусіз маңдай тері және ерлігі екенін ұғыну-біздің міндетіміз.Астанадағы әсем ғимараттардың бой көтеруіне өз үлесін қосып, әрі сәулетін жасаған да Елбасымыз екендігін білу-бізге үлкен қуаныш.Мен үшін Астана мен Президент есімі егіз.Болашақта Елбасымыздың еңбегімен салынған Астана қаласын көру-менің үлкен арманым.Асқақ арманымның орындалуын күні-түні тілеп жүретінімді жасырмаймын.

Желтоқсанның бірі Тұңғыш Президент күнін атап өтпекшіміз.Осындай атаулы күнде үздік бағаларымның санын арттырып, атамның қуанышына арнаймын.Президентіміздің ғұмырының ұзақ болуын, еліміздің болашағы үшін атқарып жатырған еңбегіне толағай табыстар тілеймін.Президентіміз бізге "Еліңнің патриоты бол!"деген сөзін санамызға тоқып, Нұрсұлтан атамыздай өз елімізді, жерімізді сүйеміз, егеменді еліміздің еңсесінің еселенуіне өз үлесімізді қосамыз.

Президентімізді төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.Біз өзіңіз салып берген сара жолмен жүреміз деп сізді сендіремін.Өзіңіз сенім артқан ұрпақтарыңыздың алар асуын көруіңізді тілеймін.Біздің елімізді Нұрсұлтан атамыз басқарғанына қуанамын, мақтан етемін.

Президентімізбен бірге бақыттың шыңына шығарымыз сөзсіз.

Біз-Қазақстанда тұратын балалар президентімізге ұқсауға тырысудамыз.












Арнурқызы Гульнара

8жаста (19.11.2007жыл)

Атырау облысы, Индер ауданы, Көктоғай ауылы

Б.Нысанбаев орта мектебі



Жетекшісі:Нугманова Карылгаш Галымжановна

Атырау облысы, Индер ауданы, Көктоғай ауылы

Б.Нысанбаев орта мектебі

бастауыш сынып мұғалімі

Karlgash_1973@mail.ru

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 маусым
717
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі