Шығарма Табиғат

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шығарма Табиғат

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға қоршаған ортаға бейімделуі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығарма

Табиғат

Жоспар:

1.Табиғат дегеніміз не?

2. Табиғат ғажайыптары

3. Біз табиғатты қаншалықты қорғап жүрміз!?

Табиғат - бізді қоршаған жанды және жансыз заттардың жиынтығы. Табиғат - дүниежүзіндегі ең әдемі, барша сұлулықтың көрінісі. Табиғат-қыс пен көктемнің, жаз бен күздің үйлесімділік табуы. Табиғат - адам көңілін көтеретін не түсіретін құбылыс іспеттес. Ал осы табиғаттың керемет көріністерінің, әр мезгілдің орны ұшан теңіз. Табиғаттың көріністеріне қарап көз тоймайды. Қыста даланың аппақ қарға орануы, шатырдан мұз сүңгілерінің күн сәулесімен жалт-жұлт етіп шағылысуы, көктемде ағаштардың бүршік жарып, гүлдердің жұпар иісі, жазда күн астында су жағалауында демалып, ағаш көлеңкесінде тәтті жеміс - жидектер жеп, күзде қызған жұмыс уақытында жан-жануар, тіпті, қыбырлаған жәндіктерге дейін олардың еңбектенуі бәрі –бәрі - табиғат ғажайыптары. Қалай қарасақта бәрібір табиғаттың сұлулығына ешқандай Жеті керемет теңесе алмайды.

Төбесі аспанмен теңескен биік - биік таулар, көз жетпейтін таңғажайып ағаштар, жылғалардан сылдырлап аққан, ішсең шөліңді басатын, мөп-мөлдір суы, биікпен төмен қарай төгілген, дауыстары арқырап, адамды кереметтілігімен баурайтын сарқырамалар, биік тау басында мекендейтін жануарлар, сүйкімді әрі ерекше нәзік жануарлар бәрі табиғаттың қайталанбас туындысы.

Біз осындай әдемі табиғатымыздың сұлулығын, көркемдігін, табиғатта болатын түрлі өзгерістер мен құбылыстар адамды еріксіз баурайды. Өте ақылды су жануарларының өзі ақылдылығы жағынан адамнан кем түспейді. Бұл дегеніміз табиғат та адамдар сияқты бәрін түсіне алатын сияқты.

Осындай тамаша табиғатты біз қаншалықты қорғап жүрміз?! Көп жағдайда адамдардың салғырттығының әсерінен табиғатта бұрын соңды болмаған құбылыстар орын алуда. Оған дәлел қазіргі кезде қазба байлықтарды ашық және жабық әдіс - тәсілдер арқылы алу арқылы, жер бетінде көптеген орны қалатын шұңқырлар, тіпті, жер астында қалған шұңқырларға жер бетіндегі үйлер құлауда. Бұндай жағдайда дүниежүзінде бұрын көрмеген табиғи апаттар болуда.

Біз бәріміз бірігіп табиғатты қорғауымыз қажет. Әрқайсысымыз бір тал ексек те, ол – табиғатқа қосқан бір үлесіміз. Табиғат жойылса, адамзатта мәңгі жоғалмақ. Көп жағдайда адамзат өзіміз бәріне жауаптымыз. Барша ел болып табиғатты қорғасақ, еліміз гүлденіп, саяхаттаушылар да елімізге ағылатын болады. Бәрі тамсанарлық ел болу үшін әр адам өзімізден бастауымыз қажет. Яғни, әрқайсысымыз өз үлесімізді қосқанымыз абзал.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.03.2020
1699
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі