400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шығарма "Туған жер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас маманға көмек бере алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «7-мамыр Отан қорғаушылар күні!»



Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын , елін қорғай білуге тәрбиелеу.



Көрнекіліктер: суреттер, нақыл сөздер, слайд, видеоролик т.б.



hello_html_195dfa63.jpg



Мұғалім:Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз. Алда келе жатқан 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мерекелеріңіз құтты болсын!



hello_html_413a10dd.jpg



Дулат:Ағалар біздің кең арқау асқарымыз,



Жолын қуар солардың жастарымыз.



Абзал жанды ақылгөй ағаларға



Ілтипатпен иілген бастарымыз.









Таңжарық:Еңбектерің жемісті қиыр шың боп,



Шапағатты шуақ - нұр құйылсын көп.



Шын жүректен құттықтап біз тілейміз:



Бар жақсылық, бар бақыт бұйырсын деп.



Ән. Гүлдерайым.



Сөз кезегі сыныбымыздың старостасы Дүйсен Динаға беріледі! (ұлдарды құттықтау!)



Мұғалім: Ал енді балалар ойын ойнайық!



1. Ерекше тілек.



2. Өз өнерін көрсету.



3. Ойын ұйымдастыру.



Ақбота:Бүгінгі мерекеде жар салады,



Құрметтеп замандасын қарсы алады.



Қуаныш жырға бөлеп жүректерін,



Билейді, ойнап күліп, ән салады.



hello_html_m62c4db09.jpg



Назерке:Ер-азаматтардың орны қашанда бөлек. Олардың күш-жігеріне, ақыл-парасатына бүкіл әлем бағынған, бағынады да! Сондықтан халқымыз «Жердің қорғаны, елдің тұтқасы» деп ерекше ардақтаған. Ал ақын Мұхтар Шаханов:



...Жердің аман тұрғандығы,



Сол намысқой еркектердің арқасы...



Немесе



...Қайғы келсе жеңілмейтін,



Бақыт келсе, семірмейтін,



Ер мінезін қадірлейтін,



Еркектердің даңқы артсын!- деп жырға қосқан.



Айқұлан:Арыстан келбетті, жолбарыс жүректі, қырандай қырағы, намысқой, ер мінезді азаматтарымызға жігерлеріңіз мұқалмасын, асқақ шыңдарды бағындырып, қонар тұғырларыңыз биіктей берсін!



Келесі кезекті қыздарымыздың игі тілектеріне берелік.



Ақерке:Жігіттерді мақтаймыз да, даттаймыз,



Жүректегі жалын отын сақтаймыз.



Олар қате істер істеп жатса да,



Бетке шауып онысын да айтпаймыз.



Айнара:Сүйіп қалсақ, солар жайлы ойлаймыз,



Қасты түзеп, көзді, шашты бояймыз.



Кешке таман кеш келіп жатса дағы,



Тамақ жасап, кірін жуып баптаймыз.



Осы қыздар неге солай жасаймыз?



Көбін олар, азын біздер асаймыз.



Ұл туылса той жасаймыз дүркіреп,



Ал қыз болса шағымдана бастаймыз.









Ертеде жаугершілік жиі болатын кезде , қазақтың екі жауынгері төс қағыстырып дос болыпты. Екі достың біреуі тұтқиылдан тиген жаудың қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді.



- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа бере малым да, мүлкім де жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол – өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар,- дейді.



Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады.



- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін берсең болады. Ол – сенің көзің, мен сенің екі көзіңді ойып аламын!- дейді.



- Ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды тезірек босат,- дейді жігіт.



Сөйтіп әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы:



- Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп бас салмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады екен, - деп түйіпті.



Біз сіздерге осы достардың достығындай достық пен ауызбіршілік, адалдық тілейміз.



Қыздарды қадірлеп, түсіне білетін, сүйе білетін, кішкене кемшілігін кешіре білетін, жүрегі кең, жаны жомарт азаматтарымыз аман болсын!



Бата беру.



Қорытынды сөз: Құрметті оқушылар осымен сынып сағатымызды аяқтаймыз!





































































































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 мамыр
601
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі