400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шығарма "Туған жер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Туған жер туралы шығарма. Мектеп оқушыларына көмек, үлгі ретінде алуға болатын материал.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Туған жер әрбір адам баласы үшін қасиетті де киелі мекен. Мен өз еліммен, жеріммен мақтан етемін. Бұл жерде Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Баймағамбет Ізтөлин, Сафуан Шаймерденов, Иван Шухов сынды ұлы ғұламалар, атақты жазушылар дүниеге келген. Осы аталарымызды үлгі тұтып, осы кісілерге қарап бой түзеймін және осындай аталарымның жерлесі болғаныма мақтан етемін. Менің туып- өскен жерім Украин селосы. Біздің ауылда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады. Олар: қазақтар, орыстар, немістер, өзбектер, украиндар және т.б. Бәрі тату-тәтті көрші-көлем болып араласып, қай ұлт болмасын бір-бірінің салт-дәстүрін құрметтеп, дәріптейді. Мен өзім 6 сыныпта оқимын. Мектепте де біз мынау қазақ, мынау орыс деп ешқашан бөлінбейміз. Керісінше бір-бірімізді қолдап, құрметтейміз және қай ұлттың болмасын мерекелерін, дәстүрлерін сыйлаймыз. Себебі, бір шаңырақ астында өмір сүріп, суымыз бір, жеріміз бір, нанымыз бір болғандықтан біз бір отбасыдай болып кеткенбіз. «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» - деген мақал текке айылмаған. Мен үшін туған жерім бәрінен де ыстық. Себебі, әрбір адам баласы үшін кіндік қаны тамған жері, бақытты да баянды өткен балалық шағы, туысы, досы, бауыры, ауылы, көшесі қашанда аса маңызды. Мен жазғы демалыста басқа қалаларға, ауылдарға туыстарымның үйіне қонақ болып барамын. Бірақ қай жерде болсам да, өзімнің туған жеріме жетпейді және өз елімді аңсаймын, қатты сағынамын. «Туған жердің қадірін, шетте жүрсең білерсің» деген мақал осыған себепші болып тұр. Осындай сәттерде туған жеріме деген сүйіспеншілігім одан бетер арта түседі. Туған жерімнің жайқалған ағаштары, тау-тасы, орман, көлі, аң-құсы мен үшін қымбат. Мен туған жерімнің осындай керемет табиғатымен мақтан етемін. Бірақ, мені алаңдататын бір жағдай бар. Ол қазіргі кездегі көптеген ауылдардың тұрғындары басқа жақтарға қоныс аударып, содан кейін сол ауылдардың жабылып қалып жатқандығы. Осындай жағдайлардың орын алғандығын өз басым қаламаймын. Себебі, батыр да, ақын да, дана да осындай ауылдардан шыққан ғой. Қазақта «Қара шаңырақ» деген ұғым бар осы қара шаңырақтарын жауып, түтеп отырған түтіндерін сөндіріп кететіндерге қарсымын. Сондықтан өз еліме болашақта гүлдене беруіне, халқының көбеюіне, көркеюіне, дамуына тілектеспін. Мен өз туған жерімді жанымдай жақсы көремін.











«Украин жалпы орта білім беру мектебі»







Тақырыбы: Туған жер

Дайындаған: Рамазанова Аяна 6 сынып

Мұғалімі: Сыздықова Жібек Ғалымқызы

































2018-2019 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
541
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі