Аяз
атаға
хат
/шығарма/
Құрметті
,Аяз ата , мен Сізді, жаңа жыл мерекесін,
қатты жақсы көремін. Неге екенін
білмеймін, жаңа жылдан,Сізден бір
жақсылықты күтемін,үміттенемін. Өткен
жылды да осылайша күткен болатынмын,жақсылықтары
көп болды. Менің ойымша, мынау аласапыран
замандағы өткен жылдың сыйлаған ең
басты жақсылығы- еліміздегі тыныштық,
біздің бақытты балалық шағымыз,
ата-аналарымыздың амандығы.
2020
жылды да халықты ұзағынан сүйіндіретін,халыққа
ұлан-асыр қуаныш сыйлайтын керемет жыл
болады ғой деген үкілі үміт мені талай
қиялдарға жетелейді.Аяз ата, мен әлі
бастауыш сыныпта оқимын,сонда да
теледидардан, апа-аталарымның әңгімелерінен
елдің тыныштығын бұзбақшы болған
апа-ағаларымыз да бар екенін,олар халықты
елімізде тәртіп бұзуға шақыратынын
естимін де, бір түрлі ойларға бой алдырам,
содан кейін өзіме-өзім: «Үлкендерге не
жетпейді ?», «Біздің қазіргі өміріміз-
бақытты өмір емес пе?», «Соғыс болып
кетсе не боламыз?»деген сұрақтар қойып,
жүз ойланып,мың толғанам.
Айтыңызшы,Аяз
ата, тәуелсіздігімізді алғаннан бері
қандай тамаша ғұмыр кешіп жатырмыз,тамағымыз
тоқ,көйлегіміз көк... Ата-бабаларымыз
түсінде де көрмеген хан сарайындай
мектептерде оқимыз, бәрімізде компьютер,
үкімет тарапынан барлық жағдай жасалған,
біздің денсаулығымыз бен өмір
қауіпсіздігіміз үшін ұстаздарымыз
жандарын беруге әзір. Ата-аналарымызда
жұмыс бар, әр үйде дерлік машина. Бір
сөзбен айтқанда ,біздерден бақытты
жандар жоқ. Ал Сирия сияқты соғыс болған
елдердегі балалардың жағдайын көргенде
,қатты жаным ашиды,ондай өмір бізге
қажет емес. Ардақты, Аяз ата, осы ойымды
айтып жатқан себебім - Сіз жаңа жылдың
табалдырығын аттаған сәттен бастап
бізге осылайша бейбіт өмір, қуаныш пен
нұрға толы күндер,жарық ай мен жылы күн
шуағын, Отанымыздың халқына жетерліктей
ырыс-береке,біздерге таусылмайтын
білім, Президентіміздің армандағанындай
–халыққа бай әл-ауқат, ел шаңырағының
бүтіндігін сыйласа екен деген игі тілек
еді.
Мен
Сізді асыға күтемін,Аяз атам, менің
арман-ойларымның,тілектерімнің
орындаушысы бір өзіңіз деп сенемін,
жалғыз мен емес барлық балалар өзіңізбен
жүздесуді асыға күтуде,төрлетіңіз
,келіңіз!
Малғаждар
Нұрболат
«Қайырбек
Оразов атындағы Аралағаш орта мектебі»КММ
3-сынып
оқушы