жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Шығармашылық білім беру саласы
Сабақтың тақырыбы: «1-қыркүйек – білім күні».
Сабақтың мақсаты: Балаларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.
Көрнекі-құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері,суреттер.
Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік, сұрақ-жауап.
Барысы:
І. Кіріспе бөлім.
Мемлекеттік әнұранды орындау.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі сабағымыз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1-ші қыркүйек күні барлық балалбақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады (тәрбиеші қоңырау соққан баланың суретін көрсетеді).
Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер.
Балалар, біз ересек тобында оқу оқығанда біздің Қазақстан Республикасының рәміздері жайында білім алғанбыз, ендеше есімізге түсірейікші, біз қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз.
(балалардың жауабын тыңдау)
Тәрбиеші: Дұрыс, әнұран, елтаңба, ту.
Балалар, айтыңдаршы, біз қай Республикада тұрамыз?
Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Тәрбиеші: Дұрыс. Қазақстан Республикасының президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші: Өте жақсы. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қалада?
Балалар: Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласы.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар.Айтыңдаршы, біз қай қалада туып, өмір сүріп жатырмыз?
Балалар: Біз Көкшетау қаласында туып, өмір сүріп жатырмыз.
Тәрбиеші: Балалар, айтыңдаршы, біздің балабақшамыздың аты қалай?
Балалар: «Әсел» мектеп-бақшасы.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Сендер өздеріннің Республикаларын, рәміздер жайында, елорда жайында барлығын білесіңдер. Ал, балалар, енді бізге Дания атты баламыз Отан туралы тақпақ айтып бергісі келеді.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Тәрбиеші: Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті сабақтарымыз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталды.
Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен, барлығын үйренеміз деген мақсатпен балабақшаларыңа келулеріңе тілектеспін. Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандарыі үшін көп рахмет. Бүгінгі 1-ші қыркүйек – білім күніне арналған сабағымыз осымен аяқталды.
2020-2021 оқу жылында ата-аналармен жүргізілетін жұмыс
жоспары
Балабақшада ата-аналармен жұмыс
Мақсаты: Балабақшамен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты күшейте отырып, отбасында балаға ата-ананың ықпалын арттыру.
Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту.
Отбасы адамзат бесігінт ербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы-ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Ал бар тәрбиеміздің көзі – ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздер, яғни небір кереметтің барлығын ақыл сөздер мен мақал-мәтелдер екені сөзсіз.
1. Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы.
2. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
3. Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әкеде қыран болуы керек.
4. Баланы 5 жасқа дейін патшадай күт, 10 жасқа дейін құлдай жұмса, 15 жастан асқан соң досыңдай сырлас.
«Балабақшада ата-аналармен жұмыс»
Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.
В. А. Сухомлинский
Мақсаты: Балабақшамен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты күшейте отырып, отбасында балаға ата-ананың ықпалын арттыру.
Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту.
Отбасы адамзат бесігінт ербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы-ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Ал бар тәрбиеміздің көзі – ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздер, яғни небір кереметтің барлығын ақыл сөздер мен мақал-мәтелдер екені сөзсіз.
1. Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы.
2. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
3. Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әкеде қыран болуы керек.
4. Баланы 5 жасқа дейін патшадай күт, 10 жасқа дейін құлдай жұмса, 15 жастан асқан соң досыңдай сырлас.
Балалардың денсаулығын нығайтамыз
Балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған.
"Балалардың денсаулығын нығайтамыз"
Білім мен тәрбие беру саласының алғашқы сатысы балабақшаларда дене
тәрбиесі маңызды орын алады. Балалардың денсаулығын нығайтуға
бағытталған. Біздің №42 «Тілек» балабақшасында спорт залы, аулада
спорт және ойын алаңдары бар. Оларда түрлі жарыстар, әр бағыттағы
спорттық ойындар жиі жүргізіліп тұрады. Күнделікті ертеңгілік
балалармен дене шынықтыру жаттығулары жасалады. Балабақшада ата –
аналардың қатысуымен түрлі спорттық жарыстар өткізіліп тұрады.
Спорттық жарыстар мен түрлі ойын – сауықтар балалардың ой санасының
қалыптасуына, өзін еркін ұстап және жан – жақты жетілуіне әсер
етеді. Дене тәрбиесіне байланысты балабақшада ата - аналарға жыл
басында «Дене тәрбиесі мен Отбасы тәрбиесі» тақырыбында
сауалнамалар таратылады. Сонымен қатар «Күзгі спартакиада»,
«Көңілді достар», «Кім жылдам», «Әкем, анам және мен» т. б. деген
топ арасындағы эстафеталық жарыстар өткізіледі.
Ата - аналарға арналған сауалнама
«Дене тәрбиесі мен Отбасы тәрбие
Құрметті ата - аналар!
Сіздерден төмендегі сұрақтарға нақтылы жауаптарыңыз баланың шынайы
денсаулығын шынықтыру мақсатындағы іс - шараларды ұйымдастыруда
үлкен көмек болмақ.
1. Баланың аты - жөні
2. Сіздің аты - жөніңіз, біліміңіз, жұмыс орныңыз
3. Отбасы мүшелері баланың саны
4. Ата - ананың қайсысы спорт түрімен шұғылданады немесе
шұғылданды? қандай? спорттық дәрежесі бар ма?
5. Балаңыз спортпен шұғылдана ма?(спорттық секцияларға қатыса
ма?)
6. Үйде таңертеңгілік жаттығулар жасайсыздар ма?
а) анасы
ә) әкесі
б) балалары
7. Балаңызда күн тәртібі қалыптасқан ба?
а) иә
ә) жоқ
8. Үйде балаңызбен бірге денешынықтыру іс - шараларын жүргізесіз
бе?
а) иә(қай түрі)
ә) жоқ
9. Сіздердің үйлеріңізде қандай денешынықтыру құрал - жабдықтары
бар?
а) Үлкендерге арналған
ә) Балаларға арналған
10. Демалыс күндері балаңыз күндізгі уақытта ұйықтайды ма?
а) иә (ұйқы ұзақтығы)
ә) жоқ
11. Балаңыз бала - бақшадан кейін немесе демалыс күндері таза ауада
қыдыра ма?(қанша уақыт көрсетіңіз?)
12. Балаңыз бала - бақшадан кейін немесе демалыс күндері немен
шұғылданады
а) Қимылды ойындар
ә) Үстел үсті ойындары
б) Компьютер ойындары
в) Кітап оқумен
ғ) Еңбек түрлерімен
г) Теледидар көрумен
д) Ата - анамен қыдырады
13. Салауатты өмір салтын қалай түсінесіз?
а) Жаман қылықтан аулақ болу
ә) Спорт түрлерімен жүйелі айналысу
б) Денені шынықтыру
14. Сіз балаңызбен бірге оның денсаулығы жайыңда сөйлесесіз бе?
а) иә
ә) жоқ
15. Балаңыздың дене тәрбиесінде қандай қиыншылықтарды
кездестіресіз
16. Сіздің ойыңызша бала - бақшаның ата - аналармен жүргізілетін іс
- шараларының қайсысы баланың дене тәрбиесінің қалыптастыруда
тиімді және қолайлы деп білесіз?
а) Ата - аналар жиналысы
ә) біріккен спорттық мерекелер
б) ашық сабақтар
в) дөңгелек үстел
ғ) тағы басқалары
БАЛА ТӘРБИЕСІН БІРІГІП АТҚАРУДАҒЫ КӨМЕГІҢІЗГЕ АЛҒЫС АЙТАМЫЗ.
ОТБАСЫҢЫЗҒА ДЕНСАУЛЫҚ, БАҚЫТ, СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ.
Тақырыбы: Қыс қызықтары...
Мақсаты: а) Сабақ арнқылы оқушылардың білімін
байқау, бұрынғы алған білімдерін еске
түсіру.
ә) Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, есте сақтау
қабілетін дамыту.
б) ой белсенділігіне, ұйымшылдыққа, туған
жерінің әсем табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Балалар айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс кезінде қандай өзгерістер болады?
Балалар,
сендер аяздан қорқасыңдар ма?
Далаға шыққанда тоңасыңдар ма?
Егер тоңатын болсаңдар, қане бір - бірімізді жылытайықшы /үрлеу
әдісі/
- Қане, жылындық па?
Жылынып, болсақ, бір сәт өзімізді сыртта, таза ауада тұрғандай
елестетейік.
- Балалар айналаның бәрі қандай?
- Қардың түсі қандай?
- Ауа қандай?
- Мұның бәрі қай мезгілде болады?
- Дұрыс айтасыңдар, міне қазір қыстың нағыз қақ ортасы. Бұл
мезгілді «Сықырлауық» қыс деп атайды. Далада жүргенде қардың үсті
сықырлайды екен. Тыңдасаңдар сықырлаған дауыс естіліп тұрады.
- Қане, қайталап жіберейік, қандай қыс?
- Біз қыстан, аяздан қорықпаймыз, жылы киініп, далада ойнаймыз.
Сендер қыста далада ойнайтын қандай ойындарды білесіңдер?
Ал бұдан да басқа қыста – шаңғы, коньки, хоккей ойындары бар екен.
Біздің жақта бұл ойындар көп ойнала бермейді, сондықтан біз бұл
ойындарды біле бермейміз.
Жұмбақ жасыру ойыны:
1.Қуып едім
мойын бұрмады,
Ұстайын десем, қолға тұрмады
(Боран).
2. Қыс
жатады, жаз тұрады,
Жоқ болса да қол – аяқ, қаз тұрады.
(Қар).
3. Табан
тайған,
Қатып қалған,
Жылтыр айнам.
(Мұзайдын).
4. Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады
(аяз)
5.Табаныма
байладым,
Қос таяқпен айдадым
(шаңғы)
Жыл мезгілі төрт ағайынды соның бірі мен – Қыс. Қыста әртүрлі қызықтар болады. Сендер қыста жауатын қардан аққала жасайсыңдар, сырғанайсыңдар.
*Желтоқсан
— жылдың аяғы, қыстың басы ол, суық, ызғарлы.
* Қаңтар — жыл басы, қыстың ортасы, ол ең қарлы ай, бұл айда қатты
суық, үскірік аяз болады.
*Ақпан — жел мен боранның айы. Бұл айда ең ауыр, әрі суық, дүлей
боранды.
Балалар, біз тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз?
Балалар: Бас киім, үстімізге тон, аяғымызға етік, қолымызға қолғап
киеміз!
Балалар
сендерге қыс мезгілі ұнай ма?
Қыс мезгілінің ұнайтын және ұнамайтын жақтарын атаңдаршы?
Балалар: ұнайтын жағы: Жаңа жыл келеді, шаңғы, коньки тебеміз,
шанамен сырғанаймыз, қар жауады, қар лақтырып ойнаймыз, аққала
жасаймыз.
Ұнамайтын жағы: қатты аяз болады, суық жел тұрады, боран
соғады.
Осымен оқушылар бүгінгі сабағымыз аяқталды.
«ӨРТ – ТІЛСІЗ ЖАу»
Мақсаты: Оттың адам өміріндегі маңызын, пайдасын, сонымен қатар оның тілсіз жау екендігін түсіндіру.Балаларға оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып, сіріңке, оттық т.б қатерлі заттардан аулақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, видеоролик , шелек, көлік,

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген