Материалдар / Шығармашылық есеп
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шығармашылық есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
қазіргі кездегі барлық білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерінің алдына қоятын басты мақсаты – білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2019
468
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Информатика пәнінің мұғалімі

Кузембаева Бахыт Ниязбековна

шығармашылық есебі:



«Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін –

тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын»

Альберт Эйнштейн

XXI ғасыр-қарыштап дамыған білім ғасыры. Ғылым мен білімнің дамуына қызмет ету – еліміздің болашағына қызмет ету. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында», «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін -білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр.

« информатиканы оқытуда ақпараттық технологиялық құралдарды пайдалану» атты тақырыпта жұмыс істеп келемін. Бұл тақырыпты алуымның мақсаты оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуы, ақпараттық –коммуникациялық технологияларды меңгеруі және оқушыларды болашақ кәсіптік қызметке даярлау, информатика пәнінің сапасын арттыру болды. Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуы және олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі болып есептеледі.

Сондықтан мен өз сабақтарымда мүмкіндігінше оқушыларды өз беттерімен  ақпараттар іздеуге, қосымша материалдарды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен анықтай алуға үйретемін. Осы тақырып төңірегінде жұмыс жасау барысында мен ашық сабақтар өткіздім. Сабақтарымда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: видеопроектор, фотоаппарат, музыкалық орталық, дербес компьютер, ноутбуктарды пайдаландым. Біздің мектепте интербелсенді тақта болғандықтан, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру  және уақытты үнемдеу мақсатында слайдтар, флипчарттар дайындап, тақтаның көмегімен көрсеттім.  Осындай сабақтарым: 9 сыныпта өткізілген «алгоритм атқарушы», 10 сыныпта «анимация,мультимедиа», т.б..

Информатика пәнін оқытуда ойын элементтерін көп қолданамын. Мысалы: 8 сыныпта Microsoft Excel бағдарламасын оқып үйренгенде оқушылар әрқайсысы фирма ашады, сол фирмаға бір бірін жұмысқа қабылдайды қызмет тағайындайды, айлық толеу үшін әртүрлі есептеулер жүргізеді. Фирмаларының табысын, өнімділігін санайды, салыстырмалы диаграммаларды жасайды. Осындай сабақтардың барысында оқушылар тек білім ғана алмай сонымен қатар тәрбие де алады. Бұл сабақтардың барлығында да мүмкіндігінше ақпараттық технологияларды қолданып, сабақты түрлендіріп, оқушылардың белсенді ат салысуларына мүмкіндік жасадым. Сабақ нәтижелері жаман емес. Оқушылар тапсымаларды қызығушылықпен орындайды және сыныпта достық қарым-қатынастары күшейеді. Барлық оқушы бағаланып, сабақтың сапа көрсеткіші де өседі.

2015-2016 оқу жылында ашық сабақ: «модель түрлері», «интернет әлемі»

07.04 - 25.04.2016 күндер аралығында өткен информатика пәнінен Қазақстандық интернет-олимпиадаларына 5 «а» сыныбы қатысқандары туралы сертификаттары бар.

2016-2017 оқу жылында ашық сабақ:«Жас информатика» 7сынып , «Кәусар білім» 5-6 сынып,мектепшілік ғылыми жоба 7-сынып оқушысы Оспанова Диляра «Ұялы телефон сырлары»тақырыбында 3-орын,аудандық белсене қатысқан үшін марапатталды.Байтолыкова Балнұр 6-сынып оқушысы мектепшілік 1-орын,аудандық олимпиада информатика пәнінен 1-орын марапатталды.Манапов Данияр 7сынып оқушысы «Қазақстан ұстазы» интернет-олимпиада сертификатқа ие болды.

2017-2018 оқу жылы ашық сабақ : «есептеу техникасының даму тарихы.Электронды-есептеуіш машиналардың кезеңдері»,сабақтан тыс «жас информатик-2017ж»

Нәтижесінде оқушылардың бойынан мынадай өзгерістер байқалды:

 Ынтымақтастыққа үйренді,

Жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйренді,

Өз ойларын еркін жеткізуге үйренді,

Өзіне өзі баға беруге, сыныптастарын бағалауға үйренді,  

Бір-бірін тыңдауға, талдауға, салыстыруға, сабақты қорытындылауға, қорғауға үйренді.

Қорыта келе, қазіргі кездегі барлық білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерінің алдына қоятын басты мақсаты – білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады. Жалпы осы аталған бағдарламаның: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық модульдерін болашақта да барлық өзімнің сабақтарымда қолданып, белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге тырысамын. Бұл модульдердің сабақтарда тигізетін пайдалары өте көп. Сабақтарымыз үнемі мазмұнды, нәтижелі, мағыналы, жан-жақты, оқушыларға қызықты болсын деп тілеймін.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!