жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Шығармашылық есеп
Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ыбырай Мөлдірдің шығармашылық есебі.
Білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы - бастауыш мектеп. Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі бастауышта қаланатын болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр.
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл өзіне - өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша.
Мен Ыбырай Мөлдір Жетпісбайқызы. 1982 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Темір ауылында дүниеге келдім. 1988 жылы Темір орта мектебінің табалдырығын аттап, оны 1999 жылы бітіріп шықтым. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына түсіп, 2005 жылы бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықтым. Еңбек жолымды 2005 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Райымбек ауылындағы К. Әзірбаев атындағы орта мектептен бастадым. 2007 – 2012 жылдар аралығында Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасында «Баспасөз – мұрағат» бөлімінің басшысының орынбасары қызметін атқардым. 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап Жамбыл орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарып келемін. Білімім жоғары. Жалпы еңбек өтілімім 10 жыл.
Ұстанымым адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс. Үнемі шәкірттеріммен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойныма аламын.
Бала үдерісінің нәтижелі болуы мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім-дағдылары мен амал, көзқарасты зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асыру мүмкін. Әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысуын талап етемін. Ана тілі сабағында өздері сұрақтар құрастырады, бір-біріне кеңес береді, өз алдарына мақсат қоюға үйретемін. Әр мұғалім оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, қызығушылықтарын, әр оқушы нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысу қажет. Сабақ барысында әр түрлі ойындар ойнатуды алдыма мақсат етемін. Сондықтан да өзіме «Жаңа технологияның тиімді әдіс – тәсілдері және ойын арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулуды» мәселе қылып алдым.
Мақсатым:
Сапалы білім беруде жаңа технологияның әдіс-тәсілдері, және ойындарды тиімді пайдалана отырып,оқушылардың ізденімпаздық, зерттеушілік,шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ата-ана, мұғалім және оқушы арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыра отырып,білім сапасын арттыру.
Міндеттері:
1. Оқушылардың шығармашылық белсенділік пен танымдық қабілеттерін дамыту, оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін меңгеру және қолдану. Өз ойын еркін айтуға мүмкіндік жасай алатын орта туғызу;
2. Оқушы жүрегіне жол табу арқылы сабақтардың әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізу. Оқушыларды тек берілген мәліметті тыңдаушы емес ізденуші, зерттеуші өз ойын еркін дәлелдей алатын, пікірін ортаға сала білетін жеке тұлғаны қалыптастыру. Сабақ барысында түрлі ойындар ойнату арқылы оқушыны қызықтырып, ой –өрісін, қиялын дамыту. Оқушының бойындағы ынта-ықыласын жойып алмай, жеке дара қабілетінің дамуына мүмкіндік жасай отырып, қабілетін дамытып, шығармашылығын шыңдау...
3. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке, жұпта, топта жұмыс істеу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастыру, оқушылардың ойына ерекше құрметпен қарау. Оқушыларды өзін-өзі қадағалай алатын, іс-әрекетін ретімен орындап, өзін - өзі жетілдіретін шығармашыл, ізденімпаз тұлға қалыптастыру.
Шәкірт бойына білім беруде мына мәселелерге көңіл бөлемін:
-
Оқытуда жаңа технологияларды пайдалану;
-
Әр түрлі ойындар арқылы сабаққа қызығушылықтарын арттыру;
-
Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу;
-
Оқушыларға өз беттерінше жұмыс жасауға;
-
Шығармашылық жұмыстар орындауға;
Мен қазіргі кезде өз сабақтарымды жаңа технология элементтерін енгізуге, оқушылардың сөздік қорын молайтып, әр сабақтарымда ойын элементтерін енгізуге ой-өрістерін дамыту мақсатында мынадай әдістерді пайдаланып жүрмін. Мысалы:
2012 жылы 3 – сыныпта Тіл дамыту таңдау пәнінен «Наурыз – құт-береке, қуаныш» атты ашық сабағымды алайын.
Бұл сабақтағы мақсатым:
а) Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы түсінік беру;
ә) Оқушылардың ой-өрісін дамыту, талғампаздыққа, әсемдікке баулу;
б) Оқушыларды қазақтың салт-дәстүрін үйренуге, құрметтеуге тәрбиелеу;
Сабақ барысында оқушыларға «Жүзік салу» ойынын ойнаттым. Сабақ «Жақсы» деп бағаланды.
2012 жылы 4 – сыныпқа Шешендік өнер таңдау пәнінен «Бата сөздер» атты ашық сабақ өттім. Сабақ барысында оқушылар әр түрлі баталарды жатқа айтып б өтті. Сабақ «жақсы» деп бағаланды. Сонымен қатар 3-4 сыныптар арасында «Тәуелсіздік жолында» атты апталық өттім. Қорытынды ретінде «Тәуелсіздік – тәу етер тұғырым» атты кеш өткіздім.
2013 жылы Дайындық сынып алдым. Сыныпта 14 оқушы болды. Көркем әдебиет пәнінен «Қарлығаш пен Дәуіт» тақырыбында слайдпен ашық сабақ өттім. Сабақ барысында диктафоннан ертегіні тыңдатып, «суретті құрастыру» ойынын ойнаттым. Сабақ «жақсы» деп бағаланды.
Сауат ашу пәнінен «Е дыбысы мен әрпі» тақырыбында слайдпен ашық сабақ өттім. Сабақ барысында ребустар шешкізіп, сөйлемдер құраттым. Сабақ «жақсы» деп бағаланды. Жыл соңында 14 оқушы да барлық әріптерді, 10-ға дейінгі сандарды санауды меңгеріп шықты. Қазіргі кезде олар 2 – сынып оқиды. Олардың 4 - үздік, 6 – екпінді бар.
2014 жылы қайта дайындық сыныбын алдым. Қазіргі таңда 1 – сынып жетекшісімін. Дайындық сыныбында 9 – оқушы болған, қазіргі кезде 11 – оқушы.
Дайындық сыныбында сауат ашу пәнінен «Я дыбысы мен әрпі» тақырыбында ашық сабақ өттім. Сабақ барысында жұмбақтар шешкізіп, «Сөз ойла, тез ойла» және т. б. ойындар ойнаттым. 1 – сыныпта Сауат ашу пәнінен «Х дыбысы мен әрпі» тақырыбында ашық сабақ өттім. Сабақ барысында әр түрлі ойындар ойнатып, шығармашылық тапсырма орындаттым. Интерактивті тақтамен жұмыс жасаттым. Сабақ барысында оқушыларға төмендегідей тапсырмаларды орындатып отырамын:

Оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері:
-
Сөздіктермен жұмыс
-
Үлестірмелі материалдармен жұмыс
-
Суреттермен жұмыс
-
Қосымша әдебиеттермен жұмыс
-
Электронды оқулықпен жұмыс
Желтоқсан айында «Әліппем менің әліппем, өмірді келем танып мен» атты ертеңгілік өткіздім. Оқушылар екі тоқсан бойы оқыған әліппемен қоштасты. Өз білімдері мен өнерлерін ортаға салды.
2015 жылы «Наурыз – думан» тақырыбында 1 – 4 сыныптар арасында апталық өткіздім. Оқушылар сөзжұмбақ, ребус және суреттер салды. Сонымен қатар апта соңында осы тақырыпта 2 – 4 сыныптар арасында сайыс өткізіп, оқушыларды мақтау қағазымен, сыйлықтармен марапаттадым.
2016 жылдың қаңтар айында Дүниетану пәні бойынша 1 – 4 сыныптар арасында «Табиғат таңғажайыптары» атты апталық өткіздім. Оқушылар сөзжұмбақ, ребус және суреттер салды. Сонымен қатар апта соңында осы тақырыпта 2 – 4 сыныптар арасында сайыс өткізіп, оқушыларды мақтау қағазымен, сыйлықтармен марапаттадым.
|
Сыныптар |
Көрсеткіш пайыз |
|||||
|
Оқу жылы |
I-тоқсан |
II-тоқсан |
III-тоқсан |
IY-тоқсан |
жылдық |
|
|
Дайындық сынып |
2013-2014 |
55% |
58% |
65% |
70% |
70% |
|
Дайындық сынып |
2014-2015 |
|
|
52% |
52% |
52% |
|
1 - сынып |
2015-2016 |
66% |
66% |
|
|
|
Әр мереке сайын оқушылардың білімдерін, өнерлерін ортаға салуға атсалысамын.
Толағай топтық сайысқа тағы да басқа ұйымдастырылған іс-шараларға белсене қатысып отырамын.
Оқушыларды кітапханаға, саябаққа басқа да жерлерге саяхатқа апарып таныстырамын.
Педагогикалық тәжірибемді жетілдіру мақсатында 2015 жылы «Өрлеу» БАҰО АҚ ФИЛИАЛЫ «Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін интербелсенді әдістер арқылы дамыту» тақырыбындағы облыстық семинарға қатысып сертификатпен марапатталдым.
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра отырып сапалы білім беру. Оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді.
Қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жетуде ұстаздар терең білімді, әдістемелік жағынан толық қаруланған және жоғары мәдени деңгейі болуы тиіс. Сыныпта «оқуды үйрететін» білім ортасын құру қажет.
Бүгінгі шығармашылық есебімді:
Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарға да әділ..., жұрттың бәріне... жақсылық пен ізгілік көрсетіп... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек. – деген Әл – Фарабидың сөзімен аяқтағым келіп отыр.
Жамбыл орта мектебі
Шығармашылық
есеп
Тақырыбы: «Жаңа технологияның тиімді әдіс – тәсілдері және ойын арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу»
Есеп беруші: Ыбырай М. Ж.
Көшек батыр ауылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген