Материалдар / Шығармашылық есеп
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шығармашылық есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Наурыз 2019
1029
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

44 орта жалпы білім беретін мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Дюсенбаева Ляззат Серикбаевнаның шығармашылық есебі


Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көп нұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.

Шет тілін жаңа заманға сай оқыту барысында тіл үйренушілердің коммуникативтік құзырлығын қалыптастыру басты мақсат болып табылады.

Шет тілі – қосымша қарым-қатынас құралы, атадан балаға беріліп келе жатқан адамның тану, даму және әңгімелесу мүмкіндігіне ие асыл мұра.

Тіл – қандай тілде сөйлемесін адам үшін құдірет, байлық, халық мәдениеті, тарихы. Тіл үйрену арқылы адам өзге ұлттың мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын танып біледі.

А.Байтұрсынұлы: «...мұғалім қандай болса, мектеп дәл сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен көбірек білім алмақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогика, әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім»- деп тегін айтпаса керек. Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана, шәкірт жанына нұр құя алады. Оқушының жүрегіне жол тауып, өз ана тілімен қатар ағылшын тілінің ғажаптарын, көркем қыр-сырларына үңіліп, таныстыру, оқушының құзіреттілігін арттыру бүгінгі таңдағы негізгі талап болғандықтан, өз еңбек жолымның мақсаты етіп, жұмыстанып келемін.

Әдістемелік тақырыбымды: «Оқушыларды ағылшын тілі дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыра отырып, сауатты сөйлеуге баулу» деп алып осы бағытта оқушылармен бірнеше жылдан бері жұмыстанудамын. Мақсаты: ағылшын тілі фонетикасындағы әр дыбыстың өзіндік ерекшелігін ескере отырып оқушыларды сауатты оқуға үйрету, сөйлеу қабілетін дамыту және шығармашылық ізденісін арттыру.

Қазіргі уақыттағы ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің алдында тұрған проблема ол – оқушылардың ауызекі сөйлеуі және өз ойын еркін жеткізе алмауы. Осыған орай, озық тәжірибе, жаңа технологияның тиімді әдістерін таңдап алып, оларды үйлесімді, тиімді және шығармашылықпен пайдалану – ұстаз шеберлігінің белгісі. Ұстаз ретінде оқытып жүрген оқушыларымның ерекшеліктерін зерттеп, біліп алған соң ғана, оларды даму деңгейіне орай әдіс-тәсілдерді таңдап, талдап қолдануға, жетілдіруге ерекше назар аударып келемін. Әр сабақ барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру бағытында көптеген жұмыстарды атқаруға тырысамын, әртүрлі технологияларды пайдаланып, топтық жұмыстар, тіл ұстартуға арналған жаттығулар, түрлі шығармашылық тапсырмалар, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға арналған жұмыстың жүйелі орындап, жекелеген қабілеті жоғары және қабілеті төмен оқушылармен жеке жұмыстарды жүргіземін. Өз сабақтарымда үнемі қолданатын әдіс-тәсілдер: әлем шарлау, кубизм, рөлдік ойындар, диалог құрау, ассоциация, топтастыру, семантикалық карта, венн диаграммасы, сұхбаттасу, екі, үш жақты күнделік, Джиксо, түртіп алу т.б.

Менің өз іс-тәжірибемде ағылшын тілін оқыту барысында кездесетін басты фонетикалық қиындық – ағылшын және қазақ тілдерінің дыбыстық құрамындағы айырмашылығы. Ағылшын тіліндегі кейбір спецификалық дыбыстар оқушыларға айтуға көп қиындық туғызады. Бұл қиындықтарды көріп жүрген мен үш тілде мақал-мәтел, нақыл сөздер және ағылшын тіліндегі танымал әндер арқылы үйретуді қолға алдым.

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда «қабілетті» тұлғаның белгілі бір әрекеті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық-тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.

Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау көру қабілеттерін жетілдіру. Мектептерде жаңа технологиялар арқылы оқыту ағылшын тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Ағылшын тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету, ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды. Қазіргі кезеңде мектептерде ағылшын тілін оқыту дұрыс жолға қойылған. Оқушылардың ағылшын тілін біліп ғана қоймай, оның тарихын, ұлттық мәдениетін білуге көп көңіл бөлінеді. Ағылшын тілін оқытудағы білімділік мақсаты - шетел тілінде сөйлеуді үйрету, байланыста бола алу мен ортақ тіл табысып, қарым - қатынасты нығайтуға ұмтылу болса, тәрбиелік мақсаты - өзге адамдарды тыңдау мәдениетін қалыптастыру негізінде өз пікірін айта алу және қорғауға үйрету.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет» деген сөздеріне ой жүгіртсек, мұғалімнің парызы алдына білім алуға келген әр баланың қолынан жетектеп өмір жолының дұрыс бағытына салу, елімізді әлемге танытатын, ата дәстүрді құрметтеген, ең бастысы Отанын сүйетін азаматты тәрбиелеу, осы жолда еңбектену, іздену, әріптестермен өзара тәжірибе алмасып, өз білімін жетілдіру, жетістіктерге жету деп түсінемін.

2015-2016 оқу жылында ағылшын тілі пәнінің жас мамандары мектебіне қала көлемінде ашық сабақтар мен сыныптан тыс шара бердім: 7 «б» сыныбында «Secondary schools in the UK», 6 «а» сыныбында «What did you do during the holidays?» атты ашық сабақ және 7 сыныптар арасында өткен «The clever boys and girls» сыныптан тыс шарасы.

Сонымен қатар өз пәнім бойынша көп ізденіп, құнды материалдарды үнемі жинақтап жүремін. Іс-тәжірибе тарату жұмысына тоқталсам: облыс көлемінде «Мектеп оқушыларына арналған ағылшын тіліндегі қойылымдар жинағы» атты кітапшам таратылса, ал сабақтарым мен мақалаларым республика, облыс көлемінде «Орал өңірі», «Қазақстан мектебі», «Мұғалім кз», «Копилка.ру» халықаралық интернет сайтында басылымдарым жарық көрді.

Оқушыларымның да жетістіктері жетерлік:

  1. Қалалық «Music lovers» әндер фестивалі Есеев Нұржан «Жас дарын» номинациясы 2012 жыл;

  2. Қалалық «The best reciter» мәнерлеп оқу сайысы Қалиева Мадина II орын 2013 жыл;

  3. Қалалық «The best reciter» мәнерлеп оқу сайысы Женис Азиза III орын 2014 жыл;

  4. Қалалық «Мини театрлар» байқауы IY орын 2014 жыл;

  5. Облыстық «Достық» пән олимпиадасы Сайлау Сұлтан III орын 2015 жыл;

  6. Республикалық пәндік қашықтық олимпиада Мұстажапова Гаухар, Сертификат 2015 жыл;

  7. Республикалық пәндік қашықтық олимпиада Мажитова Наргиза, Сертификат 2015 жыл;

  8. Қалалық кіші пәндік олимпиада Мұстажапова Гаухар III орын 2015 жыл;

  9. Қалалық кіші пәндік олимпиада Акимгалиева Милена III орын 2016 жыл;

  10. Қалалық кіші пәндік олимпиада Каресов Эльдар IY орын 2016 жыл.

Өз жетістіктеріме тоқталсам:

  1. БҚО Білім Басқармасы «Оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалайтын халықаралық бағдарламаның маңызы» тақырыбында on-line жүйесіндегі облыстық семинар. 2014 жыл;

  2. Республикалық «Inspiring Learners, Enchancing Teaching» атты ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған семинар Алматы қаласы 2014 жыл;

  3. ҚР БжҒМ Ұлттық Білім Беру Статистика және Бағалау Орталығы «TIMSS, PISA Халықаралық зерттеулерін білім беру ұйымында ұйымдастыру мен өткізу» Сертификат Астана қаласы, 2014 жыл;

  4. БҚО Білім Басқармасы комиссиясы құрамында облыстық білім беру ұйымдарының басшылары мен мұғалімдеріне «TIMSS, PISA-2015 халықаралық зерттеулерін ұйымдастыру мен өткізу» тақырыбында іс-тәжірибе бөлісу. 2015 жыл;

  5. Қалалық «Үздік ағылшын тілі бірлестігі» байқауы III орын 2015жыл;

  6. Облыстық жас педагог кадрлар арасында өткен «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты М.Мақатаев атындағы байқау. Алғыс хат 2015жыл;

  7. Қалалық «Young teacher-2015» II орын 2015 жыл;

  8. Қалалық «The Best Methodical Association» III орын 2015 жыл;

  9. БҚО облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен өткен «Көптілділікті дамыту аясында ағылшын тілін ерте жастан оқыту» семинар - практикумының аясында «Білім беру жүйесіндегі ағылшын тілін ерте жастан оқытудың ерекшеліктері» коучинг 2016жыл.

Сабақ беретін сыныптарым бойынша білім сапасы төмендегідей:

2013-2014 оқу жылында – 65%

2014-2015 оқу жылында 69%

2015-2016 оқу жылында – 75%.

Өз еңбек жолымда төмендегідей марапаттауларға ие болдым:

  • БҚО облыстық әдістемелік кабинеті «Облыстық білім жүйесіндегі педагогикалық шеберлігі мен шығармашылық ізденісі» үшін «Алғыс хат» 2015 жыл;

  • Қалалық білім беру бөлімі «Құрмет грамотасы» 2015 жыл;

  • Қалалық білім беру бөлімі «Мәңгілік елдің болашағы» патриоттық форумын өткізуге үлес қосқаны үшін «Алғыс хат» 2015жыл;

  • Қалалық білім беру бөлімі «Мектептегі балалық шағымның аспаны» атты мерекелік шараға белсене қатысқаны үшін «Алғыс хат» 2015 жыл;

  • Қалалық білім беру бөлімі 2014-2015 оқу жылының қорытындысы бойынша тәрбие жұмысын үздік ұйымдастырып, жүлделі III орын алғаны үшін «Құрмет грамотасы» 2015 жыл;

  • Назарбаев Зияткерлік Мектебі «Ерліктің қос қанаты - Әлия мен Мәншүк» атты батыр қыздарымыздың рухына арналған спорттық бағыттағы жолдастық кездесуді ұйымдастыруда белсенділік танытқаны үшін «Алғыс хат» 2016 жыл;

Шығармашылық жұмысымды қорытындылай келе, сыни тұрғыда ойлау арқылы оқу және жазу технологиясымен өткізген сабақтар, маған осындай нәтижелер беріп келеді. Бастысы, оқушылар арасындағы қарым-қатынас нығайып, басқаларды тыңдай біледі, сауатты оқып, өз ойын еркін жеткізе алады. Алдағы уақытта да талмай ізденіп, шығармашылықпен жұмыстану басты мақсатым болмақ.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!