400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шығармашылық есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
шығармашылық есеп
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығармашылық есеп

Мен 3 «В» сыныбына жетекшілік етемін. 3 «В» сыныбында барлығы 20 оқушы бар. Оның ішінде 6 ер бала, 14 қыз бала.

Сыныптағы барлық оқушылардың қай жерде тұратындығы, жалпы отбасылық жағдайларының қандай екендігімен танысу мақсатында қыркүйек айында үйлерін аралап шықтым.

Жалпы сынып оқушыларының интелектуалдық деңгейі, сабаққа қызығушылық деңгейі жақсы , тәртіп жағынан жақсы. Оқу жылының басында сынып белсенділерін сайладық.

Жылдық тәрбие жоспары ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша жасалынып, бекітілді. Жоспарға сай тәрбие сабақтарын көрсеттім. Әрбір тәрбие сабағы үш құндылық: талап, ар-ұят, ұлттық мүдде аясында жоспарланды. Тәрбие сабақтарының формалары әр түрлі бағытта жүргізіліп отырды. Мысалы: танымдық сабақ, сурет салу сайысы, көрме сабақ, эссе жазу т.с.с

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша ұсынылған жобалар бойынша мына тәрбие сабақтары өтілді:

  • «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы бойынша - «Балалар құқығы дегеніміз не?»;

  • «Еңбегі адал жас өрен» жобасы бойынша – «Адалдық – асыл қасиет»;

  • «Балалар кітапханасы» жобасы бойынша – «Үнемі оқитын адам – табысты адам»;

  • «Әкелер мектебі» жобасы бойынша – «Менің әкем – менің мақтанышым»;

  • «Еңбегі адал жас өрен» жобасы бойынша – «Ата кәсіп»

Наркобекет жұмыс жоспарына сай «Темекі түтінінің зияны» тақырыбында тәрбие сабағы өтіліп, оқушыларға денсаулыққа зиянды жат қылықтардан аулақ болу керектігі түсінідірілді.

1 қыркүйек - Білім күніне «Мектеп – мейірім мекені» тақырыбында тәрбие сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты: Білім алушылардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Отбасында, мектепте мейірімділік шуағын бойына сіңіру арқылы Отанымыздың болашағын дамытуда өз үлестері зор екендіктерін түсіндірілді.


Picture 4

Тәрбие сабағына оқушылар белсенділікпен ат салысты: өлең жолдарын, ән сөздерін жаттап, мәнерлеп оқып, ән салды, мақал-мәтелдер жаттап, өз пікірлерін ортаға салып пікірсайысқа қатысты.

Тәрбие сабақтарына ғана қатысып қоймай, балалар барлық мектепішілік шараларға да қатысып, атсалысып отырды.

Отбасы күніне орай өткізілген «Отбасы – бақыт мекені» атты 3 сыныптар арасында отбасылық эстафеталық сайыс өтті. Сайысқа сыныптан Хасан Мерей отбасы мүшелерімен қатысып, жүлделі 1-орын иеленді.


22 қыркүйек «Тілдер мерекесіне» орай өткізілген «Ана тілі – өз тілім» атты мәнерлеп оқу сайысына сынып оқушылары Батырхан Ақниет, Қанаділ Айзере, Еркінжан Айдай, Тұрар Берен, Тасболат Еркеайым, Ғалым Нұртуған, Ержігіт Айару қатысты. Қатысқан оқушылар жүлделі орындарға ие болды.


Сыныпта 13.12.2023 күні бірініші жартыжылдыққа жоспарланған «Тәуелсіздік – ел бақыты» тақырыбында ашық тәрбие сабағы өтті. Тәрбие сабағында оқушыларға өз Отанының тарихын біліп, түсініп, бабалардың тәуелсіздік үшін жасаған ерліктерін насихаттай отырып, қиындықпен келген Тәуелсізідігімізді сақтап, азат елімізідің жарқын болашағы өздері екендіктерін түсіндіретін жұмыстар жүрді.


Күнделікті сабаққа кешіккен, сабақ босатқан оқушылармен әңгіме жүргізіп отырылады. Сынып оқушылары мектеп формасын сақтап отырады. Оқу үлгерімі бойынша әр пән мұғалімімен жекелей сөйлесіп, олқы тұстары болса, балалармен жеке әңгіміелсіп, ата-аналарымен хабарласып ескертіліп отырдым.

Сыныпта 3 ата-аналар жиналысы өткізілді. 1- жиналыста ата-аналар комитетенің құрамы сайланып, жылдық жұмыс жоспары таныстырылды. Келесі жиналыстар өз жоспарына сәйкес өткізіліп отырды. Оқушылардың тұрмыс-жағдайы, оқу үлгерімі, сабаққа қатысуының белсенділігі, т.с.с. мәселелер талқыланып отырды. Жиі сабақтан қалатын оқушылардың ата-анасымен жеке жұмыс жүргізіліп, қысқы, күзгі, көктемгі және жазғы демалыста қайда болатындығы, өмір қауіпсіздігі және түнгі уақытта ата-анасыз жүруге болмайтындығы айтылып, ата-аналардан сенімхат алынды. Ата-аналармен жұмыс ватсап желісі және ұялы телефон арқылы үздіксіз жүріп отырды.

Ата-аналарды қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 8.12.2023 ж «Әрбір бала - бір жұлдыз» тақырыбында жиналыс өткізілді. Ата-аналар сынып жетекші мен мектеп психологі Шекербекова Қымбатпен бірге әр баланың бір жұлдыз екендігі аясында түрлі жұмыстар жасады. Сынып жиналысы өз деңгейінде өтті.


Бұл бірінші жартыжылдықта жасалған сынып жететкші ретінде жасаған жұмысымның шығармашылық есебі.

Жоғарыда аталған жұмыстарды саралай келе сынып жетекші сыныптың тәрбие жұмысының алға басуына, еліміздің кемел келешегінің жасампаз ұрпақтарын тәрбиелеуде үздіксіз, нәтижелі жұмыс жасау керектігін түсіндім.

Сынып жетекшісі: Омарова Ж


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 сәуір
166
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі