Материалдар / Шығармашылық есеп
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шығармашылық есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2018
338
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Аршалы ауданының тілдерді оқыту орталығы» КММ жылдық есебі



Мемлекеттік тіл- ел бірлігінің кепілі

Ел мен тіл егіз ұғым.Тіл қай елде, қай ұлтта болмасын қадірлі де, құдіретті. Ұлттың болмысын, ұлылығын, кісілік келбетін, биік парасатын танытуда тілден артық күш жоқ. Мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы шарт.Ол мемлекеттік тілі -қазақ тілі.Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңында «Тіл- ұлттың аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі, ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы-тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты» делінген.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы 28-қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа арнаған жолдауын іске асыру барасында, Ақмола облысының әкімі С.Дьяченконың бастамасымен 2011 жылдың 9-маусымында №А-188 Аршалы ауданы әкімінің «Аршалы ауданының тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы қаулысы шықты. Елбасының тілдің үштұғырлылығы саясатын қолдап, мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану аясын кеңейтуді жүзеге асыру мақсатында Ақмола облысы Аршалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы, Аршалы ауданының тілдерді оқыту орталығы 2011жылдан бастап жұмыс атқарып келеді. Қазіргі таңда орталық №3Аршалы орта мектебінің базасында орналасқан.Аршалы ауданының тілдерді оқыту орталығы заманауи ақпаратық технологиялармен (ноутбук, компьютер,интерактивті тақта, принтер т.б.) жабдықталған.Орталықта кітап сөрелері, газет-журналдар, сөздіктер, оқулықтар қоры жеткілікті.2016-2017 оқу жылына берілген өтінімдер бойынша 134 тіл үйренуші оқып жатыр.Оның ішінде, 10 топта, мемлекеттік-82, азаматтық -52 тыңдаушылар дәріс алуда.Тыңдаушылардың ұлттық құрамына тоқталатын болсақ, 47-қазақтар, 87-өзге ұлт өкілдерін құрайды.Мемлекеттік тілді оқытумен қатар Елбасының «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасы аясында жүзеге асыру мақсатында келесі оқу жылында ағылшын тілін үйрету топтарын ашу жоспарлануда.Орталығымыздағы тіл үйренушілер- әртүрлі саладағы қызмет ететін білімді де, білікті мамандар, лауазым иелері. Сонымен қатар тыңдаушыларымыздың тілді меңгеру қабілеттері мен жас ерекшеліктері және де тілді үйренуге деген ынталары да әртүрлі болып келеді. Орталық оқытушылары білімді де, білікті кәсіби мамандар. Жан-жақты, ізденімпаз, үнемі сабақтарында оқытудың жаңа инновациялық әдіс тәсілдерін, заманауи ақпараттық технологияларды қолданып отырады.Олардың әр өткізген сабақтары қызықты,тартымды, жаңашыл идеяларға толы. Орталықтың мемлекеттік тілде дәріс беретін оқытушылары сабақ кестесіне сәйкес бағдарлама бойынша сабақ өтумен ғана шектелмейді.Мемлекеттік тілді оқытумен қатар, оның қолдану аясын кеңейту,маңызын насихаттау,оны оқып-үйренуге деген ынта-ықыласты арттыру мақсатында жоспар бойынша қосымша сабақтан тыс іс- шаралар өткізіледі. 22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі екені баршаға аян. Осыған орай жыл сайын тілдер мерекесінің онкүндігі өткізіледі. Онкүндік аясында ашық сабақтар, түрлі сайыстар, дөңгелек стол, шығармашылық сайыс т.б. жүргізіледі. Мемлекеттік тіл- мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс- қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс.Мемлекеттік мекемелердің аудармашылары мен іс жүргізушілерінің арасында «Үздік аудармашы-2016» атты орталық оқытушысы Б.Болат байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты -мемлекеттік тіл саясатын насихаттау,аудармашылардың тәжірибесін сараптау, кәсіби біліктілігін, аударма мен мемлекеттік тілде дайындалатын іс қағаздардың сапасын арттыру болып табылды. Бұл дәстүрлі білім майданында аудан мекемелері мен ауылдық округтерден 10 үміткер өз біліктері мен қабілеттерін паш етіп, бақтарын сынады.Қазылар алқасы қатысушылардың ресми құжаттарды аудару шеберлігі мен қабілетіне тәнті болды.Өткізілген сайыс қорытындысына сәйкес,аудармашылар қатарында ең үздік деп танылған аудандық аурухана бөлімінің аударма іс жүргізушісі Жұмақан Мейрамбек жылдың «Үздік аудармашы-2016» номинациясына қол жеткізді.Бірінші орынды Ижев селолық округі әкімі аппаратының аудармашысы Арыстанбекова Күлмира иемденсе,екінші орынды Арнасай селолық округі әкімі аппаратының аудармашысы Төлепбаева Жұлдыз иеленсе, Аршалы ауданы мәслихатының аудармашысы Нұрхан Риза үшінші орынды қанағат тұтты. Барлық қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

(«Үздік аудармашы-2016» байқауының қатысушылары)

Сонымен қатар тыңдаушылар арасында«Тіл тағдыры -ел тағдыры» атты орталық оқытушысы,жас маман Т.Бейбут интелектуалды сайыс ұйымдастырды. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында ұйымдастырылған тіл додасына тыңдаушылар қатысып, қазақ тілін қаншалықты деңгейде меңгергенін паш етті. Әрбір сайыскердің көзінде тек жеңіс мәресіне қарай талпынған сезім,олардың жылдам әрі орынды жауап беруіне жол ашып отырғандай болды.Сондықтан ұтқыр ой,жылдам сөз саптау,берілген жағдаяттан шебер сөздер арқылы шығу,мақал-мәтелдерді орнымен қолдану сайыскерлерді жеңіс мәресіне жеткізді.

(Тыңдаушылар арасындағы интелектуалды сайыс жеңімпаздары)

Қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектертерімен мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне,еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосып, мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға-апаларымыздың төл мерекесі.Қазақ қариясын құрметтеп,қартын қадірлеген халық. Ел басына күн туып, жау етектен алған қилы заманда да ақсақалын төрден түсірмей, ақ жаулықты аналарын ардақтай білген елдің ұрпағымыз.Иә, өсердің елдің баласы қазыналы қарттарын қадір тұтқан, қастерлеген. Осындай теңеуге лайық қарияларды жылдың қай мезілі болса да құрметтеуіміз керек. Аталған мерекеге орай «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік шара өткізілді.Аталмыш шараға ауданымыздағы «Ақ әжелер» клубы, осы орталықта (Б.Күзенбайұлы, Ш.Маханбетиярқызы)және білім беру саласында жемісті еңбек еткен ақылшы, ардагер ұстаздарымыз дастархан басында бас қосып,келелі әңгімелерін өрбітті. Қарттарымызға әсем әннен шашу шашылып, алғыс хаттар мен гүл шоқтары табыс етілді.

(«Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік шара қонақтары)

Тіл-барлық ұлт өкілдерінің туыстық, достық қарым-қатынастарын тереңірек нығайтуға негіз болатын бірден- бір құрал. Байқау өзге ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту,мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және тілге деген құрмет сезімдерін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25жылдығын мерекелеу шеңберінде өзге ұлт өкілдерінің оқушылары арасында «Мен және сен қазақша сөйлейміз» атты байқау өткізілді.Аталмыш шараға №1,2 Аршалы орта мектебі, Ижев, Михайлов, Вячеслав, Новоалександрав, Константинов,Түрген, Сарыоба, Бірсуат, Ақбұлақ, Бабатай мектептерінен жалпы саны 19 үміткер қатысып мектеп намысын қорғады.Сайыскерлер өздерін өлең-жырмен,қара сөзбен жан-жақты таныстырса,берілген тапсырмаларды сәтті орындап, ақын-жазушыларымыздың көркем шығармаларын мәнерлеп оқып өнерімен сусындатты.Нәтижесінде бірінші орынмен Вячеслав орта мектебінің оқушысы Деркач Ульяна,екінші орынмен Константинов орта мектебінің оқушысы Гельдт Надежда,үшінші орынмен Кириченко Амина Новоалександрав орта мектебінің оқушысы иеленді.

(аудандық «Мен және сен қазақша сөйлейміз» атты өзге ұлттар арасындағы байқаудың қатысушылары)

Орталық оқытушысы Т.Бейбут тыңдаушылар арасында «Тәуелсіздік жолы- нұрлы жол» атты ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында тыңдаушылар тапсырмаларды тыңғылықты орындап, белсенділік танытып отырды.Сабақты қызықты әрі тартысты өтті.Оқытушы Б.Болаттың «Тәуелсіздік және тіл» атты ашық сабақтары тыңдаушылар көңілінен шығып,сабаққа жан-жақты дайындалғаны байқалды.

(ашық сабаққа қатысқан тыңдаушылар)

Үш тілді жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау, оларға қолдау көрсету, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу мақсатында Ақмола облысы тілдер басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Тіл дарын-2016» байқауына біздің ауданымыздан Бабатай негізгі мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Саканова Ұлжан қатысып алғыс хат пен бағалы сыйлыққа ие болды.

(Облыстық «Тіл дарын-2016» байқауының қатысушысы Саканова Ұлжан)

Бата беру халқымыздың ертеден жалғасып келе жатқан салт дәстүрінің бірі.«Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер» демекші, ұлтымыз батаны ерекше қастерлеген. Ұлттық мәдени игіліктерінің ішінде, елдің рухани қазынасында батаның мән- мағынасы, қадір- қасиеті айрықша бағалы. Өйткені, қанымызға сіңісті, жанымызға жұғымды, санамызға нұрлы шуақ сыйлайтын осынау ақыл, нақыл сөздер -тәрбиенің бастау бұлағы.Қазақ халқы айтылған сөзге, тілеген тілекке, берілген батаға ерекше мән бере отырып, бата арқылы ұрпағын адамгершілікке, имандылыққа, ақылдылық пен парасаттылыққа, шешенділікке баулыған. 2016жылдың15-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын,шарапаты мол мәуліт мерекесін мерекелеу аясында, Аршалы ауданының тілдерді оқыту орталығында ата-бабаларымыздан қалған бай мұраны жаңғырту мақсатында «Батаменен ел көгерер» атты бата беруден батагөйлер арасында сайыс өткізілді. Сайысқа арнайы іріктеуден өткен Аршалы кентінің батагөй абыздары қатысып, бата беруден додаға түсті. Сайыстың рухани жағынан мағыналығы ескеріліп, көрермен ретінде №3 Аршалы орта мектебінің оқушылары шақырылды. Осы қарттарымыздың дуалы аузынан шығатын маржан сөздің мәйегі, ұлтымыздың ұлық дәстүр-ғұрпы, абзал қарттарымыздың ақ тілегі мен адал ниеті саналатын бата- қазақ халқы үшін өте қасиетті,киелі ұғым.Осы аталған байқауға Жанқаев Сейтқали, Мырзаев Темірбек, Утеулиева Шарипа, Мырзаева Айсұлу секілді батагөй қарттарымыз қатысып ерекше бата үлгісін көрсетті.Өкінішке орай, ауылдық округтерден байқауға өтініш берген қатысушыларымыз ауа райының қолайсыздығына байланысты келе алмады. Аршалы ауданы мешітінің бас имамы Е.Хазтай,ауданымыздың ардагерлер кеңесінің төрайымы Ш.Ұзахбаева және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Қ.Нұрхан байқау төрелігін берді.Сонымен қатар шарада "Бата бере білеміз бе?" бейнеролик көрсетілді.Байқау қатысушыларына алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табыс етілді. «Баталы құл арымас», «Көп тілеуі көл», «Батамен ел көгерер» дейді халқымыз. Осы сөздерден ақ қазақтың ақ батаға деген көзқарасының қандай болғанын байқауға болады.Қазақ халқы қашанда үлкеннен бата алуды жақсылыққа балаған.Батаның адам өмірінде алатын орны айырықша. Бата көңілге сенім ұялатады, адамды тәубешілдікке, үміттенуге жетелейді. Тәуелсіздігімізді ұлықтау, береке мен бірлігімізді насихаттау, өскелең ұрпаққа салт-дәстүріміз бен мемлекеттік тілімізді, ұлттық қазынамызды дәріптеу мақсатында өткізілген байқаудың тәрбиелік мәні өте зор.

(Аудандық «Батаменен ел көгерер» байқауының қатысушылары)

09 ақпан күні жастар орталығында ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне арналған «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты поэзиялық әдеби-сазды кеш болып өтті.Қазақ поэзиясының марқасқасы, өмірі өлең, өлеңі өмірге айналған Мұқағали Мақатаевқа арналған кеш ерекше сезім мен сырға толы болды. Ақын өлеңдерін насихаттау, жастар бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу мақсатында өткізілді.Кеште мектептің шығармашыл жастар қауымы Мұқағали Мақатаевтың сарқылмайтын шабыт пен сағынышқа толы жырларын тебірене оқып, ақын сөзіне жазылған «Айданару» триосы «Саржайлау», Дастан Хасенов «Есіңе мені алғайсың», Жанат Аманғалиев «Иіскейн», Айдана Сембиева «Туған ел» әндерді шарықтата шырқады. Сонымен қатар, ұлы ақынның «Менің анкетам» өлеңінен театрландырылған қойылымды шебер көрсетті. Ақын шығармашылығына деген махаббаттарын осылайша көрсеткен ақынжанды жастар сонымен бірге, өз жүректерінен шығарған арнау өлеңдерін оқып, «Шаң басқан архивтерден табылармыз» деген Мұқағали өлеңдерінің  ұмытылуына жол бермейміз десті. Әдеби кеште ақиық ақынның өз даусымен оқылған өлеңдері тыңдалып, кітап көрмесі мен ақын шығармасы мен өмірбаянынан сыр шертетін слайд-шоу қатысушылар назарына ұсынылды. Поэзия жұлдызына арналған кеш «Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім» деп өзі айтып кеткендей мәңгілік жасай беретіндігін көрсетті.Кешке келген қауым ақын әндерімен сусындап, бүгінгі ұрпақтың ақын өнерін, шығармашылығын қастерлей білетіндіктеріне көз жеткізіп қайтты.

( «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты әдеби сазды кештің қатысушылары)

1наурыз күні ауданымыздағы жастар орталығында алғыс айту күніне арналған «Татулығы жарасқан, тағдыры бір халықпыз» атты мерекелік шара болып өтті.Мерекелік шараға ауданымыздағы этнос өкілдері қатысты. Барша этнос өкілдерін алғыс айту күнімен құттықтаған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Байжұма жыл сайын көтем мезгілінің осындай игілікті мейраммен басталатынына қуанышты екенін жеткізді.Мерекелік кездесуде өткен ғасырда қазақ жеріне қоныс аударылған миллиондаған этностарды өз бауырына басып біз үзім нанын тең бөліскен қазақ халқының дархандығын, алғыс айту күнінің маңыздылығын бейнелейтін «Қазақ еліне мың алғыс!» бейнеролигі көпшілік назарына ұсынылды.Сонымен қатар өзге ұлт өкілдері өз тілінде бір- біріне мерекелік құттықтаулар айтып, викторникалық сұрақтарға жауап берді. Мерекелік шара елдегі ынтымақ пен бірлікті дәріптейтін концерттік бағдарламаға ұласты.

Аршалы аудандық мәдениет үйінде Аршалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы » Заңының қабылдануына 20 жыл, 8 Наурыз халықаралық Әйелдер күні мерекесі қарсаңында «Аршалы аруы-2017» байқау болып өтті. Қазақтың салт-дәстүрін қыздардың бойына сіңіру, болашақ ана, болашақ жар, шаңырақтың шырақшылары ретінде тәрбиелеу, қазақ қыздарының аяулы да сұлу болмысын, бүгінгі рухани ұлт дәстүрі мен мәдениетін бойына жинақтаған, ақылына көркі сай аруларымызды елімізге насихаттау мақсатында өткен байқауға 8 үміткер сан өнерді тал бойына тоғыстыра білген белсенді де, өнерлі, ақылына көркі сай, бұрымды қыздарымыз қатысты. Үміткерлер 4 кезеңнен тұратын сайыста бақ сынады. Сұлуларға Аршалы ауданының тілдерді оқыту орталығының директоры Р.Маханов, Аршалы ауданы білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі Т.Мамбетов, «Ақ әжелер» ансамбілінің жетекшісі Г.Ахатова, Аршалы ауданы тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Қ.Нұрхан, Ижев орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Махмудова төрелік жасады.Әділ-қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Жібек жолы ауылы, Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектептің ұстазы- Жанәбіл Әлина «Аршалы аруы-2017» атанды.Бірінші орынды Сараба ауылы, Сараба орта мектебінің ұстазы -Сейдахметова Дана Жангелдіқызы, екінші орынды Аршалы кенті, №3 Аршалы орта мектебінің тәрбиешісі-Бейбіт Тоғжан Иманбекқызы,үшінші орынды Ижев ауылы, Ижев орта мектебінің 11-сынып оқушысы-Садыгова Эльмира- Ариф гызы иеленді. Жібек жолы ауылы, Новоалександров орта мектебінің ұстазы- Махмұтова Рыскелді Меңдіқарақызы, Бұлақсай ауылы, Абай атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысы- Құдагелді Ботагөз, Константиновка ауылы, Константинов пошталық байланыс торабының басшысы-Гроцкая Милана Жановна, Арнасай ауылы, «Василек» балабақшасының әдіскері-Түлепбаева Жұлдыз Жақсыбекқызы сыйлықтармен алғыс хатқа ие болды.Қатысушыларға мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы А.Байжұма бағалы сыйлықтармен және дипломдарды табыс етті.

ІІІ орын Садыкова Эльмира ІІ орын Бейбут Тоғжан

І орын Сейдахметова Дана Бас жүлде Жанәбіл Әлина

(Суретте «Аршалы аруы-2017» байқауының қатысушылары)

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің оңы болады,- демекші, қазақ халқы ертеден ер баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Олар-болаттай берік, бір-біріне серік болатындай батыл бола білген. Сонымен қоса, елдікке ұмтылған ерлеріміз жұртым деп жұтылып, елім деп ерік – жігерін аямаған. Қазіргі таңдағы өскелең ұрпағымыздың бойындағы осы бір ерік-жігерлікті, батырлықты, шешендікті, алғырлықты байқау, оны паш ету мақсатында аудандық мәдениет үйінде Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған «Жігіт сұлтаны-2017» атты байқауы өтті.

Бұл байқауға сайыскер ретінде ауданымыздағы бірқатар ұстаздар мен әскери қызметкерлер, қатысты.Байқауға қатысушылардың өнеріне, ақыл-парасатына объективті  баға беруші әділ қазылар алқасының мүшелері болып Аршалы мәдениет үйінің директоры Қ.Ержан,Аршалы ауданының тілдерді оқыту орталығының директоры Р.Маханов, Аршалы ауданының спорт және дене шынықтыру бөлімінің маманы К.Князов, Аршалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Қ.Нұрхан сайланды. Байқаудың «Таныстырсам өзімді», «Сегіз қырлы, бір сырлы», «Күш атасын танымас «Білімді мыңды жығар» атты бөлімдерінде сайыскерлеріміз сахнада бар өнерлерін паш етті. Бірінші бөлімде өздерін өлең жолдарымен таныстыруын ұсынды.Келесі «Сегіз қырлы, бір сырлы» бөлімінде жігіт сұлтандары әрқайсысына тән, өз таланттарымен көрермендерді сүйсіндіріп, «Білімді мыңды жығар» бөлімінде де алғырлығы мен ұшқыр ойлылықтарын көрсете білді. «Күш атасын танымас» кезеңінде 24 кг салмақтағы кір тасын бір-бірінен қалыспай сайыскерлеріміз бұл бөлімнен де сүрінбей өтті.«Жігіттің сұлтаны» – талантты да сымбатты және күшті, сегіз қырлы, бір сырлы жігіт болуы шарт. Үміткерлердің әрқайсысы осы талаптардың әр қырынан ерекшеленіп жатты.Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Михайловка орта мектебінің ұстазы Ғайып Темірхан, екінші орынды Сараба орта мектебінің 11сынып оқушысы Аманхан Жандос, үшінші орынды Қойгелді орта мектебінің ұстазы Огадиев Рамазан иеленсе, «Көрермен көзайымы»-№6 жеке атқыштар ротасының маман-бақылаушысы Сүлейменов Азиз-Ага, «Шешен жігіт»-Арнасай әскери ротасының қызметкері Сырым Шайық, «Сегіз қырлы, бір сырлы»-№3Аршалы орта мектебінің ұстазы Қойшыбаев Нұрсұлтан, «Шымыр жігіт»-№4Агротехникалық колледжінің 2 курс студенті Қасымов Ахмет, «Шешен жігіт»- Волгодон орта мектебінің ұстазы Бригадхан Думан, «Тапқыр жігіт»- Новоалександравка орта мектебінің ұстазы Гимранов Ильшат номинацияларды иеленді.Байқау соңында, әділ-қазылар сайысқа қатысушы жігіттердің ерекшеліктерін, кемшін кеткен тұстарын да қалт жібермей айтып, өз ойларын білдірді. Сайыскерлеріміз дипломдар мен марапатталып, сыйлықтарға ие болды. «Жігіт сұлтаны» байқауын өткізу арқылы қазақ халқының сал-серілік дәстүрін бір жаңғыртып алғандаймыз. Байқау қатысушылары да, көрермендері де өткізілген іс-шарадан тағлымды тәрбие алды деген сенімдеміз.




(Аудандық «Жігіт сұлтаны-2017» байқауының қатысушылары)


18 сәуір күні Аршалы ауданындағы аудандық мәдениет үйінде ғашықтар күніне арналған «Махаббат- мәңгі көктем» бозбала мен бойжеткен атты аудандық байқау ұйымдастырылды. Бұл байқауды ұйымдастырудағы мақсат – қыз-жігіттердің бойындағы әдемілік, сыпайылық, серілік қасиеттерін дәлелдеп, өзгелерге үлгі ету, ұлттық әдебиет пен өнерімізді насихаттау, жастардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру және ұлттық мәдениетке, өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру болып табылады. Байқау 5 кезеңнен тұрды. Аталмыш байқауда сайыскер жұптар өздерінің өнерлерін көрсетіп, түрлі ас мәзірін көрсетіп,махаббат жырларымен, күмбірлеген күйлерімен, бұратылған билерімен, әуелеген әндерімен көрермендерді сүйсіндірді. Байқаудың жүлдесін «Ең үздік жарасымды жұп»- Бұлақсай ауылынан қатысқан Абай орта мектебінің оқушылары Саулетхан Марат пен Бернал Әлемнұр, «Көрермен көзайымы» -№3Аршалы мектебінің оқушылары Хасен Райымбек пен Шевелева Ақерке, «Өнерлі жұп»- №4Агротехникалық колледж студенттері Қасымов Ахмет пен Дюсенбекова Алмара, «Арманы биік»-Михайловка орта мектебінің ұстаздары Нұржан Сырлыбек пен Нұржан Инабат номинациялар аталымы бойынша марапатқа ие болды. Барлық жұптар тамаша өнер көрсетті.


(бозбала мен бойжеткен байқауының қатысушылары)


Тілдер орталығының бағдарламасы ҚАЗТЕСТ жүйесіне негізделген, қарапайым, базалық және жетілдіру деңгейлерінен тұрады.Тіл үйренушілер үш жылдық курсты меңгеруге тиіс. «ҚАЗТЕСТ» жүйесі-тыңдаушылар білімін жан-жақты саралап, бағалаудың өте тиімді жолы.Сынақты өткізудегі басты мақсат- тестіленушілердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлерін анықтау.

Сынақ тапсырушылардың жалпы саны -133 құрады.Сынақ нәтижесі бойынша келесі көрсеткіштер анықталды.

Қарапайым деңгейі (А1) бойынша - 9 тесті тапсырушы - 37%;
Базалық деңгей (А2) бойынша – 64 тест тарсырушы - 64%;
Орта деңгей (В1) бойынша - 28 тест тапсырушы - 21%;
Ортадан жоғары (В2) бойынша – 31 тест тапсырушы- 83%;
Сынақ қорытындысы бойынша жалпы 90% - ды құрады.

Өткізілген барлық сабақтар ерекше құрылыммен, қолданылған инновациялық әдістермен ерекшеленді. Атқарылып жатқан шаралар тілдік ортаны қалыптастыруға, еліміздің тіл саясатын жүзеге асыруға,мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып,азаматтардың оны оқып үйренуі үшін жағдай жасауға, тіл мәдениетін, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға мүмкіндік беруде.Орталық директоры Р.Махановтың мемлекеттік тілімізді насихаттауға байланысты облыстық «Арқа ажары» газетіне «Татулыққа ештеңе жетпейді»,«Газетпен біргемін», «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр», «Өнерпаздарға кенде емес», республикалық «Ана тілі» газетіне «Үздік аудармашы-2016», «Оқыту жайы сөз болды» аудандық «Аршалы айнасы» газетіне «Мемлекеттік тіл-мемлекеттік қызметте»,«Тіл тағдыры-ел тағдыры»,«Мемлекеттік тіл-менің тілім»,«Мемлекеттік тіл-тәуелсіздік нышаны», «Қарттарын қадірлеген ел ардақты», «Рухани келісім- халық бірлігіне бастар жол» атты мақалалар және де «Вперед» газеті беттерінде айына екі рет «Қазақ тілін үйренейік!,Изучаем государственный язык!» айдарымен қазақ тілін үйрету сабақтары жарияланып тұрады.Сонымен қатар Bag.kz сайтында «Аршалы ауданының тілдерді оқыту орталығы» КММ деген парақша ашылып, Аршалы ауданының әкім аппаратының сайтында, орталық жұмысы туралы ақпараттар жарияланады.

«Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде»деген қанатты сөзін әр азамат, әр мекеме, әр ұйым басты мақсатқа айналдырғанда ғана біз мемлекеттік тілімізді барша халықты біріктіретін тілге айналдыра аламыз.Бұл ретте мемлекеттік тілді үйрететін дәрістердің атқаратын рөлі орасан зор.Сол себепті өз ана тіліміздің мәртебесі биік, мерейі үстем болуы үшін бір адамдай жұмылып, өз байлығымызды асқақтатуға күш салуымыз керек.Олай болса, Елбасы салған сара жолдан таймайық, елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін, көк туымыз желбіреп, айбынымыз асқақтай берсін!Тіліміздің тұғыры биік,мәртебесі жоғары болсын!


























































1

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!