Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Шығармашылық есеп
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Теміртау қаласының №2 жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі
Маханова Жазира Жарылкасыновнаның шығармашылық есебі
Мен Маханова Жазира Жарылкасыновна 2009 жылы Тамды агроэкономикалық колледжінде «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығын алып шықтым бітіргеннен кейін еңбек жолын «Теміртау қаласының №2 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Мектепалды даярлық тобы оқытушысы ретінде 2015 жылдан бастадым. Қазіргі таңда Қарағанды облысы «Орталық Қазақстан Академиясы» институтында «Бастауыш сынып мамандығы» бойынша сырттай бөлімінде оқимын. Бастауыш сынып мұғалімі болу мен үшін үлкен мақтан, әрі бақыт. Жас бүлдіршіндерге сабақ беру, оларды оқу мен жазуға үйрету мен үшін үлкен қуаныш және бастауыш сынып мұғалімі болу басқа мамандықтардан гөрі өзіме ыстық, жүрегіме жақын. Бастауыш сынып оқушылары жалпы алғыр, шапшаң, сезімтал, ештеңені жасырмай, нені болсада ашық, еркін айтады. Олар мұғалімнің жетегіне тез ілескіш, үлкендердің ой – пікіріне қатты сүйенеді. Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіруі керек. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Қазіргі таңда жаңартылған оқу бағдарламасы негізінде 1 сыныптың оқушыларымен жұмыс жасап жатырмын. Оқушының жетістігі — мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс — тәсілдерді тиімді қолдануында. «Ұстаздық — ұлы іс» деп кемеңгер жазушымыз М. Әуезов айтқандай, бұған лайық болу — үлкен абырой, басты борышым деп есептеймін. Мұғалім — мамандық болса, ұстаздық қасиет, табиғат дарытқан құдірет екен. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет. Қазағымның, елім мен жерімнің және ана тілімнің мерейін өсіретін ұстаздық ұлағатты істе адал болу — абыройлы іс. Оқушылардың қазақ тіліне, әдебиетке, сөз өнеріне деген қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылығын дамыту мақсатында күнделікті сабағымды жан-жақты, түрлі әдістемелік, баспасөз материалдарын, ғылыми әдебиеттерді пайдаланып және оқытудың заманауи технологияларын енгізе отырып өткіземін. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады. Сабақ барысында бір ғана тәсілмен шектелмей, өз сабақтарымда қазіргі таңдағы инновациялық технологияларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап қолданамын. Мені әрбір сабаққа жаңалықтарды, озық тәжірибелерді пайдалану үлкен жетістіктерге жетелейді. Өзімнің әрбір сабағымда озық технологияларды пайдалануым жақсы нәтижелер бергенін көрудемін. Кез келген сабағымды тақырып бойынша жаңалықтармен таныстыру арқылы бастауды дәстүрге айналдырдым. Қызығушылықты ояту арқылы сабақты бастау сол сабақтың аяғына дейін қызықты өтуіне себеп болады. Мен өзімнің сабақтарымда СТО технологиясының элементтерін пайдаланамын. Оқушыларды ойлауға үйретуде, тілдерін дамытуда екі түрлі түсінік күнделігі, еркін жазу, дөңгелек үстел, үш қадамдық сұхбат, бес жолды өлең, эссе, түртіп алу сияқты стратегиялардың тиімді де ұтымды жақтары көп. Осы аталған стратегиялардың бірнешеуі әр сабағымда қолданыс табады. «Білім негізі – бастауышта» қағидасына сай шәкірттерді бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, тәжірибелік-сынақтық әрекеттерге дайын болуға дағдыландыру бағытында жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолдана отырып, «Белсенді оқу әдіс – тәсілдері арқылы бастауыш сынып оқушыларының ойын арқылы оқуға қызығушылығын арттыру әдістемелік тақырыбымен жұмыс жасап жүрмін. Осы тұрғыда өз педагогикалық шеберлігімді шыңдап, жетілдіру мақсатында біліктілікті арттыру курстарынанда өттім.
Әдістемелік тақырыбымды шыңдау негізінде бірнеше ашық- тәрбие сабақтар өткіздім, әріптестеріммен тәжірибе алмастым.
Бүгінгі күні өзім жұмыс жасайтын мектеп ұжымынан әрбір ұстаздың бойында болатын төзімділік, сыпайылық, тазалық, адамгершілік, еңбек сүйгіштік сияқты жақсы қасиеттерді бойыма сіңірдім.
Менің әдістемелік тақырыбы; Балалардың білім сапасын арттыру барысында ,балаларды ойын арқылы оқуға қызығушылығын арттыру ,ойлау қабілетін дамыту.
Мақсаты;
Баланың жеке жас ерекшелік әлеуетін ашу үшін жағдайлар жасау, тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған білім жүйесін қалыптастыру, әлеуметтік ортада дұрыс қарым-қатынасқа қабілетті шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуді қарастыратын балаларды оқыту мен тәрбиелеу.
Міндеттері;
Бала бойында маңызды шешуші құзыреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын қолайлы пәндік дамытушы орта құру;
- тәжірибелік, танымдық, шығармашылық тәжірибе мен бала іс-әрекетінің басқа да түрлерін қалыптастыру;
- Қазақстанның патриоттық және мәдени-тарихи дәстүрлері негізінде жалпыадамзаттық, мәдени және адамгершілік құндылықтарды дарыту;
- полиэтникалық және көпмәдениетті мегаполисте ұлтаралық қатынастарды үйлестіру процесінде маңызды звено болып табылатын ұжымдағы тәрбиенушілердің ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру;
- баланы жалпы әлемдік және жалпыұлттық құндылықтар рухында дамыту мен тәрбиелеу мақсатында отбасы мен мектепке дейінгі ұйым ортасының мүмкіншіліктерін пайдалану;
- әр баланың тұлғалық қасиеті және оны ауыспалы өмір жағдайында әрі қарай сәтті дамыту мақсатында өзін-өзі тану, өз ойын еркін білдіру және оны іске асыру дағдыларын жетілдіру;
- салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында бала денесінің толыққанды дамуы үшін қолайлы кеңістік құру;
- әр баланың интеллектуалдық қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін дамыту;
- мектепте білім алуға жан-жақты дайындау.
Күтілетін
нәтиже:
Өз бетінше ойлау біліктері мен ізденімпаздығы қалыптасады;
Басқа оқушылардың түсіндірмелеріне сын көзбен қарайды;
Танымы жоғары, интеллектісі дамыған, өз тұжырымын дәлелдей алатын
тұлға қалыптасады;
Оқушы
сараптау, өз ойын жазу, өзінің ізденуі
арқылы зерттелететін тақырыптың жаңалығын ашуға көмектеседі және өз
тәжірибесін толықтыра алады.
-
ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілін арттыру білім беру бағдарламасы бойын 120 академиялық сағат көлемінде оқыту курсын аяқтады «Өрлеу» біліктіліті артыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы. Сертификат №029254
-
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 32 сағат көлемінде «Мектепалды даярлық сыныбының оқу-тәрбие үрдісінің ерекшеліктері»тақырыбында оқыту семинарына қатысқаны үшін Сертификат 2018ж
Жетістіктер:
-
«Пони» конкурсына жеңімпазды дайындағаны үшін дипломмен марапатталдым(2015ж)
-
Қалалық «Зерек бала» зияткерлік конкурсына жеңімпазды дайындағаны үшін алғыс хатымен (2016 ж.);
-
Қалалық «Зерек бала» зияткерлік конкурсына жеңімпаздарды дайындағаны үшін командалық 1-орынмен (2016ж);
-
«Пони» конкурсына жеңімпазды дайындағаны үшін Теміртау қаласының білім беру бөлімінің алғыс хатымен (2017 ж.);
-
Қалалық «Зерек бала» зияткерлік конкурсына 1- орын және Гран при жеңімпазды дайындағаны үшін Теміртау қаласының білім беру бөлімінің алғыс хатымен
(2017 ж.);
-
«Зерек бала-2018» зияткерлік конкурсына 2-орын жеңімпазды дайындағаны үшін Теміртау қаласының білім беру бөлімінің алғыс хатымен (2018ж);
-
І Республикалық «Үздік сынып жетекшісі» атты ұстаздар интернет олимпиадасына қатысып, жоғары нәтиже көрсетіп жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен (2018ж);
-
Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада порталы ұйымдастырған қашықтық олимпиадасында оқушылары 80% -дан жоғары нәтиже көрсеткені үшін Құрмет грамотасымен (2018ж) марапатталдым.
Жас жеткіншектерді сапалы
біліммен, саналы тәрбиемен қаруландыратын, бойындағы бар күшін
салып алға жетелейтін ұстаздардың еңбегіне байланысты
болмақ. Осы тұста
В.Г.Белинскийдің:«Ұстаздың
қолында адам
өмірінің келешектегі тұтас
тағдыры тұр»,- деген
сөзі еріксіз
еске түседі. Сондықтан
мектеп мұғалімі
әрқашанда өзінің
үлкен өмірге
баратын жолдаманың басы
екендігін үлкен
жауапкершілікпен сезіну
керек.
Сол жолда
еселі еңбегімді одан
әрі жалғастыра беретініме
сенімім мол. Мұғалім
ретіндегі жас жеткіншектің
жан-жақты
дамуына, оның бойында
жасырын жатқан шығармашылық
қабілетті ашу және белсенді әрекетке
жетелеу жолындағы жұмысыммен
қоса, өз
мектебімнің тиімді дамуына
әсер ететін белсенді
көшбасшылықты да абыроймен
алып жүрсем деген
ұстаныммен еңбек ете
бермекпін.