400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шығармашылық есеп Эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне көмек бере алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Мектеп директоры:

_________________

«__» _______

Шығармашылық есеп

Эссе

Менің қолыма қалам алып эссе жазуыма себеп болған егеменді елдің болашағы-бүгінгі мектеп оқушыларының жан дүниесінің рухани байлығы

Есейіп,жасына жас қосылған сайын өзің туралы көп ойланады екенсің.

Соңғы кезде мына сұрақтар маған маза берер емес. Мен,осы өмірге не үшін келдім?Елімізді өркендетуде менің үлесім қандай болмақ? Бала кезден тәрбиенің тал бесігінде тербеліп өскеніммен,балалық шақта ойын қуып жүріп бұл сұрақтар төңірегінде ойланыппын ба?Ал студент бола жүріп,балаларға деген махаббатымның,жүрегімнен қалай бастау алғанын сезбей де қалыппын!Міне,мен бүгінде ұстаз,білім шаңырағына кішкентай балаларға тәлім-тәрбие бере отырып оқушыларға білім де беріп келемін.

Жаңа ғасыр,мәңгілік ел жеткіншегін әсіресе мектеп жасындағы балаларды қалай тәрбиелеймін деген ұстаздық толғанысымнан туған эссемді қарлығаштың қанатымен себілген тамшыдай пікірім арқылы,баланың табиғи психологиялық дамуына жағдай туғызуда жүргізген жұмыстарымның нәтижелі арқылы жеткізсем деймін.Бастауыш сынып оқушылары жолымның бастау алғаныма 25 жылдай уақыт болса да,мен үшін оттай ыстық,жүрегіме жақын.

Өмірдегі көп мамандықтыңішіндежан-жақты біліктілікті, икемділікті, шеберлікті, ерекшебалажандылықты,мейірімділікті қажет ететін кәсіп-менің мамандығым.Олай дейтінім,бастауыш сынып оқушыларына үнемі балалармен қарым-қатынаста болып,баланың табиғи психологиялық дамуына жағдай туғызуға дәнекер болатын мамандық.Осы мамандықты таңдауыма себепкер болған ең бастысы адам жанына демеу,қолдау көрсету, балғын балалардың жан дүниесіне жол таба білу.

Алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек,сол зерттелмеген пәк құпияға терең үніліп,баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану,оның жүрегіне,жан дүниесіне жол таба білу-яғни бастауыш сынып мұғалімдердің борышы.Біздің басты міндетіміз баланы жан-жақты тәрбиелей отырып,білім беру.Баланың жан дүниесіне үнілу неғұрлым терең таныған сайын оның тұлға ретінде жетілуіне септігін тигізе аламын.Менің мамандығымның басқа мамандықтардан ерекшелігі адамды түсініп,оның жасаған істерінің,қадамдарының,тіпті қателіктерінің себеп салдарына үңілу деп ойлаймын.

Адамның мақсатына жеткізер жарық,айқын жол-бұл өз мамандығының қыр-сырын оқып,біліп, үйреніп,өз ісінің шеберіне айналу.Мұғалім болу оңай емес,ол баршаға ақылмен,ісімен үлгі болатын мамандық.Сондықтан мен бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етіп жүргеніме қуанамын.Менің мамандығым,менің бар байлығым.Кейде балалар жайқалған гүл сияқты,құшақтап, иіскеп, сүйгім келеді.Олар кейде шаттық сезім сияқты,мәз болып күлгін келеді.Кейде тіпті жақсы дос сияқты,күнде көргін келеді.Ең бастысы қай педагог болмасын шын мәнінде баланы жан-тәнімен жақсы көру керек.Балаға үміт,сенім арту керек.Тәжірибелі педагогтардан үлгі алып,қазіргі таңда оқушыларға білім беріп,педагог әдістемесін жетілдіріп келемін.Бүгінгі күннің жаңалығынан сырт қалмай,үнемі ізденіс үстінде жүруіміз қажет.Қазір күнбе күн жаһандық нарық,техника дамуда.Сондықтан Мәңгілік елдің жас ұрпақтарының ұшқыр ойын,зейінін,түйсігін дамыту менің міндетім.

Ұлы педагог В.А.Сухомлинский айтқандай «Мұғалімдік мамандық-бұл адам тану,адамның күрделі және қызықты,шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үніле білу».Жас ұрпақты тәрбиелеу барысында ойға түйгенім-адамды тәрбиелеу үшін тәрбиеленушінің барлық жағынан біліп,жан дүниесін зерттеу шарт.Әр бала бір жұлдыз ,жарқырауға жәрдем беру,әр баланың жүрегіне жол тауып,шамшырақтай жануына үлесімізді қосу біздің мамандығымызға тән.

Тамшысыңдай теңіздің,

Жас ұрпағын елімнің.

Үлес қосып әр күнге,

Тәрбиелеу және білім беру міндетім,-дей отырып,ойымды түйіндей келе айтпағым,мен өмірге балаларға жүрегімнің жылуын сыйлауға келген екенмін.Мен балаларға жан-жақты білім ментәрбие беру мақсатында олардың эмоциялық сезімдерін,ойларын жеткізгендігін көз жанарларындағы жарық ұшқыннан байқаймын.Педагог маманына осыдан асқан бақыт бар ма?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.09.2019
1137
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі