"Шығармашылық есеп жазып үйренеміз" менің құжат толтыру әдісім

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Шығармашылық есеп жазып үйренеміз" менің құжат толтыру әдісім

Материал туралы қысқаша түсінік
педагогтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы
Мен ,Ниязова Айман Бақытжанқызы 7 сәуір 1969жылы Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келдім. 1986-1988 жылы аралығында Қызылорада қалалық педагогикалық училищесінен «Мектепке дейінгі тәрбие» факультетінен білім алып «Балабақша тәрбиешісі» мамандығын алып шықтым.Еңбек өтілімді Қазалы ауданындағы №13 балабақшасынан бастап, Тараз қаласы әкімдігіне қарасты №19 бөбекжай-бақшасында жалғастырып келемін. Еңбек өтілім 19жыл.Бала тәрбиесіне қатысты білімімізді, біліктерімізді пысықтап,жоғарылату мақсатында түрлі білім орталақтарында көтермелеп келемін. Атап айтсақ мектепке дейінгі тәрбиеге қатысты барлық әдістемелерді, психологиялық аспектілерді қамту мақсатында алты сертификатқа иемін. Олар «Өрлеу» ұлттық білім орталығы берген, «Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды тиімді пайдалану» ,тағы сол мекеменің «Ерте жас әдістемелері және технологиялар тізбесі» туралы (М.Монтессори, Восковобич, Ябука, Триз тб ,Астана қалалық дистанционды әдіспен білім алу орталығынан оқыған «Өзін-өзітану» курстары. Өзімнің жұмысымды,шығармашылығымды үнемі жас мамандармен бөлісу мақсатында ақпараттық басылым беттеріне, (журнал, газет) жариялап, эссе жазу конкурстарына қатысып, өз авторлық оқу қызметтерімнің материалдарын ұстаздардың сайтына жариялап түрлі марапаттарға ие болып келемін. Тәрбиеленушілеріме ертегі, сенсорлық жаттығуларға арналған ойыншықтарды,бала жасына ыңғайлы сай етіп өзім жасап, материалдық базамды үнемі толтырып отырамын. Сол үшін арнайы Қытай елінде өңдірілетін көп ойыншықтың зияның ескере отырып, 2015жылы зерттеу жұмыстарымды «Қытайлық ойыншықтар» атты зерттеу жұмысымды бастап кеттім. Зерттеу 1жыл 10 айға созылды. Ол туралы көп ақпарат жинақтап, есеп жүргіздім. Осымен қатар «Дидактикалық ойындардың сөз, сөйлеу, тіл мәдениетіндегі орны» туралы ғылыми жұмысымды,шығармашылық бағытта жүргізіп, тәрбиеленушілермен, ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жасай отырып зерттедім.Осының бәрі сапалы, қызықты көрнекі құралдарды дүниеге әкелуіме мұрындық болды.Көрнекі құралдарымның қоры өте бай, балаларға арналған кітапхана бұрышым үлкен.Заманға сай бәсекеге қабілетті, көшбасшы, рухы мықты қазақ баласын тәрбиелеу біздің басты міндетіміз болып тұр. Тәрбиеленушілерімді түрлі конкурстарға қатыстырып, интеллектуалды-логикалық білімін жетілдіру мақсатында турнирлерге үздіксіз қатыстырып ата-аналармен дежұмыс жасап келемін. Атап айтсам 2016жылғы «Ән салшы балақай» конкурсы, Тәулсіздігіміздің 25 жылдығына арналған қалалық -топтық конкурстарға «Тәелсіз елдің ұланы» (балабақшалар арасындағы), Республикалық турнирлерге пән жетекшілеріміздің жетекшілігімен аянбай жұмыс жасап келеміз.Бақша ішіндегі ертеңгіліктердегі жұмыстың нәтижелігі, тәрбиешінің дайындығы өз жемісін бермей қоймайды. Ата-аналардың ыстық ықыласы, балаларының ашылуы ,тәрбиешіге рахметі мен қошеметін алу мені одан да қатты жігерлендіре түседі. Жақында2019жылдың ақпан айында өтетін семинарға мен әлеумет білім беру саласын алдым. Әлеуметтің үлкен, рөл атқаратының , балаларды рухани бай, әлеуеті жоғары ұрпақты тәрбиелеудегі кейбір жолдарды ұсынбақпын. Осы семинарда мен баланың мінезіне қатігездіктің, немқұрайлылықтың іздерін неге табылатыны туралы тренинг өткізу арқылы ашып көрсетпекпін.Ал биыл «Дидактикалық ойындар» туралы шығармашылық жобамның ізінен «Бала тілінің мүкістігін, ойнай отырып қалпына келтіру «туралы жобамды аяқтауға дайын екенімді жеткізгім келеді.Менің еңбек жолымдағы есебім әліде талай материалдармен толығып, мазмұңы тереңдей түсетініне уәде беремін.
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2019
539
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі