жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Шығармашылық есеп «Технология сабағында жобалау әдісін қолдану»
Қарағанды облысы Нұра ауданы «А.Асылбеков атындағы ЖОББмектебінің» бастауыш сынып мұғалімі
Ахантаева Қымбат Мырзабекқызының
шығармашылық есебі
«Оқушының жетістігі- мұғалімнің жетістігі,
ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануында».
Ұстаз болу-сезімнің
ақындығы,
Ұстаз болу-жүректің
батылдығы.
Ұстаз болу-өмірдің күн
шуағы,
Азбайтұғын адамның асылдығы
.
«Білім саласына қызмет еткеннің бәрі Қазақстанның болашағына қызмет
етеді» деді елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бұған лайық болу - үлкен
абырой, басты борышым деп есептеймін. «Ұстаздық ұлы іс» деп
кемеңгер жазушымыз М. Әуезов айтқандай,
Мұғалім - мамандық болса, ұстаздық қасиет, табиғат дарытқан құдірет
екен. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де,
жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық
қасиет. Қазағымның, елім мен жерімнің және ана тілімнің мерейін
өсіретін ұстаздық ұлағатты істе адал болу - абыройлы іс.
Математика мұғалімі болу мен үшін үлкен мақтан әрі бақыт. Осы
салада мұғалім болып істеп келе жатқаныма 19 жыл. Шәкірттеріңді
көргенде өз еңбегіңе деген ризашылық пен ерекше қанағат сезімді
байқайсың. Одан әрі құштарлана, ынталана аса бір махаббатпен,
сезіммен алға ұмтыласың. Басқаға керек болу үшін жаралудың өзінде
үлкен мән мен мағына жатқанын айқын аңғарасың. Жаңа бір үміт,
мақсат пен міндетті жалау етіп, тағы да соны бағындырғың келіп
тұрады. Өзіңнің тірнектеп жинаған тәжірибеңді, үйрете жүріп
үйренген тағылым - пәрменіңді, білім - білігіңді үлкен істермен
ұштастырғың келіп кетеді. Өзіңе деген ынта - ықылас, сенім артып,
жауапкершілікпен іс тапсырса асқан құлшыныспен еңбегіңді еселей
түсуге ұмтыласың. Азды - көпті еңбегің бағаланып жатса, қолыңнан іс
келеді деп сенетін әріптес табылып, шын ниетімен қамқорлық жасап,
жұмыс істеуге жағдай жасаса, кәсіби шеберлігің мен ұстаздық
қызметіңе ерекше назар аударса, кім - кімге де болсын соны серпіліс
әкеледі. Адам баласының өзінің ұзақ тарихында жасаған рухани,
мәдени қазынасы, қымбатқа түскен, тәжірибесі соның ішінде
көргенділік деп аталатын адамгершілік тәлімгерлік тағылымдары
ұрпақтан - ұрпаққа осы ұстаздық үрдіс арқылы беріліп, жалғасын
табады. Қазіргі оқыту үйретудің мазмұны да, сипаты да соған, орай
амал - тәсілдері де күрделене түсті. Жаңа XXI ғасырға сай өзгеше
қабілет - қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Осыған орай
ұстаздықтың мәні жаңа сипаттарға ие болуда. Демек, ұстаздың білім
мен өнердің жеке қиын саласына үйретуге өте мұқият бағыт ұстауы,
білім - біліктің тармақтылығын жете үйретуді талап етуде. Осындай
күрделі де қиын жауапкершілікті арқалаған мұғалім, біздер, өз
пәніне қатысты үнемі білімін жетілдірумен, сабақ өткізу шеберлігін
таңдаумен бірге педагогикалық - психологиялық өрісін өсіріп отыруға
міндетті деп білемін. Өзімнің тәжірибеме сүйене отырып, жаңашыл
ұстаз болмысын сомдар болсам, біріншіден, мұғалім - үздіксіз
ізденуші. Кез - келген тосын сұраққа жауап беріп, кез - келген
жағдаяттан шыға алатын білімдар жан. Ізденіс мен үшін әрқашан
теориялық білімді кеңейтіп, методикалық әдіснамамды арттырудың
тиімді жолы болмақ. Сол арқылы келешек ұрпақтың сапалы білім алуы
қажеттілігін жадынан шығармай кәсіби мәдениеті жоғары, білікті
маман атану.
Мазмұндық құрамдас бөлікке
жалпы мәдениеттілік, пәндік, психологиялық-педагогикалық және
әдістемелік жағы-нан өз білімін көтеруі жатады. Мұғалімнің жалпы
мәдениеттілік білім көтеруі жалпы педагогикалық құндылыққа толы
ақпарат-ты қабылдау, соған ие болуға арналған. Мұғалімнің өз
білімін көтеруі өте күрделі құбылыс, өйткені айналаны қор-шаған
ортаның өзі - бағалы педагогикалық білім көзі болып табылады.
Әсіресе, математика мұғалімінің өз білімін көтеру ісінде арнайы
кәсіби жұмысты жалпы ағарту ісінен ажырату қиындығы жиі кездеседі.
Бастауыш сынып мұғалімінің сынып жетекшісі ретінде жұмы с істеуі
оның пәндік және жалпы мәдени білімдерінің күштерін біріктіре
пайдалануына жағдай жасайды. Мұғалімнің пәндік білім көтеруі өз
мамандығына байланысты әдебиеттерді оқу, арнайы курс, семинарларға
қатысу арқылы жүзеге асады. Ал, өз білімін
психологиялық-педагогикалық жағынан көтеруі — педагогикалық және
психологиялық әдебиеттермен тереңірек танысып, оқып үйрену болып
табылады. Осы бағытты арнайы зерттеу мен одан алынған нәтижелерге
сүйене отырып, бұл аспектінің білім көтерудің өте бір әлсіз буыны
екеніне көзіміз жетті. Мұғалімнің әдістемелік жағынан білім көтеруі
пәннің оқытылу әдістемесін одан әрі тереңдету, нақтылау, өңдеу,
кеңейту болып табылады. Бұл арнайы әдістемелік әдебиетті,
оқулықтарды, педагогикалық тәжірибені оқып үйрену арқылы, өз
қызметін талдап қорыту арқылы жүзеге асырылады. Бұл бағыт көптеген
мұғалімдерде жиі байқалады, бірақ барлық жағдайда бірдей алынған
ақпарат саналы түрде шығармашылық тұрғыдан өңделмей, сын тұрғысынан
талданбай, тек еліктеушілік сипатта қала
береді.
Мұғалімнің өз
білімін жетілдіруінің төрт түрлі қызметі айқындалған,
олар:
-
жалпы мәдениеттілік тұрғысынан білім көте-ру;
-
педагогикалық перспективті білім көтеру;
-
өзектілік тұрғысынан білім көтеру;
мүғалім өмірінің табиғи
қажеттілігі болып табылатын тұрақты танымдық қызмет турғысынан
жалпы мәдениеттілік білім көтеру, бұл ешқандай ұйымдасты-руды,
жоспарлауды талап етпейтін, муғалім өмірінің күнделікті тіршілігіне
айналған әдеби кітап оку, күнделікті баспасөзді бақылап отыру,
балалар әдебиетімен танысу, әртүрлі танымдық және ақпараттық
телехабарларды көру, радио тыңдау, курстарға қатысып, экскурсия
т.б., шығып отыру.
Мұғалімнің өз бетінше білім көтеруіне педагогикалық баспасөз бен
жаңа шыққан кітаптарды оқып, танысып отыру және оларды жүйелеу,
оқу-тәрбие процесінде пайдалану үшін әртүрлі ма-териалдарды
топтастырып, жинақтап отыру жатады. Кәсіби шеберлігі шыңдалып
қалыптасқан мұғалім үшін бұл да оның өмірінің кәдімгі үйреншікті
тірлігіне айналады. Кәсіби перспективтік өздігінше білім алу - бұл
муғалімнің өзінің педагогикалық қызметінің нәтижесін талдау
негізінде пайда болған белгілі бір психологиялык, - педагогикалық
немесе әдістемелік мәселе төңірегінде ұзақ уақыт бойы жұмыс
істеуі.
Өзектілік тұрғысынан педагогикалық өздігінше білім алу дегеніміз -
бұл тез шешім қабылдауды қажет ететін педагогикалық қызметтегі
кейбір елеулі, ма-ңызды, бірақ жекелеген қиындықтармен жұмыс.
Мұғалімнің өз бетінше кәсіби білім алу-ының мазмұндық
компоненттерінің әр-қайсысы әртүрлі деңгейде қалыптасқ-ан болып,
соның нәтижесінде барлық өзбетінше білім алу қызметі көл деңгейлі
білім алу ретінде көрінуі мүмкін.
Қазіргі заман талаптарына сай мұгалімдерді даярлауда жаңа
мақсат-міндеттер қойылып отыр.
Мұгалімнің кәсіби білім мен біліктілігі жоғары деңгейде болып,
окушылардың тұлгалық қасиеттерін дамыту про-блемаларын шешуге
шығармашылық қабілеттері болуға тиісті. Мүғалімнің кәсіби даярлығын
жетілдіруде екі негі )гі міндетті орындау кджет:
Бірінші мәселе — ұстаз қызметінде тәрбие беру мәселесі;
Екінші мәселе — дидактикалық даярлығын арттыру.
«Білім-біліктілікке жеткізер
баспалдақ,ал біліктілік- сол білімді
іске асыра білу дағдысы»-дегендей соның бір дәлелі - мен биылғы
жылы өз білімін көтеріп, үш деңгейлік курстан өткен, Кембридж
бағдарламасын меңгеріп, жеті модуль бойынша сабақ өткізу әдіс -
тәсілін үйреніп келдген математика пәні мұғалімі Абаева Кулшат
мырзабековна мені өз қарамығына тілімгерлікке алып, Кембридж
бағдарламасын игертуге 1 - ай бойы менімен және біз оқушылармен
тынымсыз еңбек еттік. Мен өзімді қалай өзгерттім, қалай басқара
алдым дегенде, өзімнің көзқарасымды өзгерді, сабақ жоспарым мен
сабақ өткізудің тәсілін, оқу орнын, оқушылардың сабаққа ынтасын
ояттым, өзін - өзі реттеуді, бағалауды үйренді және әріптестерімнің
қызығушылығын оқуға деген ынталары артты. Кембридж тәсіліне
негізделген бағдарламадан көптеген деректер алдым. Осы алған
біліміммен тоқтап қалмай, әр кез ізденіс үстінде боламын. Осы
тілімалушы негізі барысында алған білімді оқушылардың білімін
жетілдіруге қолданамын деп ойлаймын. Сонымен бірге қазіргі таңда
білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға
байланысты мұғалім дайын білімді беруші емес, бағыттаушы екенін
түсінуі қажет. «Оқушының жетістігі - мұғалімнің жетістігі, ал
мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс - тәсілдерді тиімді қолдануында»
дегендей осы үйренген жаңа тәсілдерді еңбек жолымда тиімді
пайдалану. Осы тілімалушы , меңгерген жеті модуль қазіргі заман
талабына сай, өзгермелі өмірге бейімделген, жеке тұлғаны тәрбиелеп
шығару үшін мен білімімімді жетілдіріп, кәсіби шеберлігімді
арттыруым керек. Болашақта мен осындай курсқа бармақшымын, 3 айлық
білім жетілдірген соң сабақ жоспарымды толық өзгерту, оқу үшін
бағалауды, оқытуды бағалауды терең меңгеру, оқытудың жаңа
тәсілдерін үйрене отырып, қазіргі кездегі жүріп жатқан үш айлық
курстың бағдарламасы төңірегінде жеті модульді сабақта тиімді
пайдаланып, ұтымды сабақ өткізу, шапшаң жүріп жатқан жаһандану
үрдісіндегі әлемдік бәсекелестіктен қалыспауымызға мүмкіндік бар.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық модулдерді
пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту
мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық
деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді және
оқушылармен қарым - қатынасты нығайту. Тәжірибеме енген
өзгерістерді болашақта әлі де жетілдіре түсіп, өз әріптестерімен
әрі қарай біріге жұмыс жасайтыныма сенімім мол. Оқушылар іс -
әрекетін сыни бағалау арқылы өз бойында төмендегідей дағдыларды
қалыптастырады. Қиындықты мойындап, оларды шешудің тиімді әдістерін
іздеуге үйренді, тиісті ақпаратты жинақтауға, сұрыптауға
дағдыланады, нақты және түсінікті сипаттама беуге үйренді,
тақырыпты жақсы қабылдап дәлелдемелерді, бағалау үшін нәжижелерді
өз бетінше түсінеді. Оң жағдайларда бағдарламаның жетілуі оқытудың
орындылығын, мақсатқа сайлылығын дәлелдеп, ұстаздың нәтижелерге
жетуіне мүмкіндік береді. Оқушылардың жиырма бірінші ғасыр
талаптарына сәйкес келу үшін талап етілетін өзгерістерді енгізуді
жобалау болып табылады. Біздің мектеп мұғалімдері бұл жобаны
қолдап, қызығушылық танытуда. Алдағы уақытта заманауи әдіс -
тәсілдерді өз тәжірибесіне қолдану біздің мұғалімдердің еншісіне
тиіп отыр. Олай болса, Кембридж университетінің ұсынып отырған
бағдарламасының мазмұны ұстаздарға осы тығырықтан шығып, мектептегі
оқыту үрідісіне тың серпіліс жасауға айтарлықтай өз үлесін қосуда.
Мұғалімдерге педагогикалық стратегиялар ауқымы оларды іске асыруда.
Әріптестерімен ынтымастықтықта оқу ортасында құру, жүргізу, басқару
және жоспарлауға үлес қосу үшін өзінің мүмкіндіктерін барынша
жетілдіріп отыруға тиіс. Мұғалімдер өз тәжірбиесі арқылы білім алу
үшін өз практикасына қатысты рефлексия жасап отыруы қажет. Қазіргі
таңда үшінші, және екінші деңгейге өтіп келіп отырған мұғалімдер өз
тәжірибелерінде жаңа стратегияларды тиімді, орынды қолдануда. Мен
өз жұмысымды осы мұғалімдермен бірлесе отырып басқа ұстаздармен
қоян қолтық жұмыс жасауды мақсат еттім. Осы мақсатта өзім
білгенімді әріптестеріммен бөлісуге, мәселелерді бірге шешуге,
жоспарлауға бірігеміз деп ойлап отырмын. Мен сияқты ұстаздың
қалауы.
Екіншіден, ұстаз - еркін шығармашылық иесі. Өз бетіңше іздене көре
жүріп, әрекетіңе сараптама, талдау жасаумен қатар шығармашылығың
шыңдай түседі. Үшіншіден, ұстаз - шәкіртін үнемі қадағалаушы, жалпы
сабаққа қатысуын, бос уақытын өткізуін қадағалаумен қатар баланың
жан дүниесіне үніліп, ішкі сырын, ойын, өмірге көзқарасын байқап,
бақылап отырады. Ұстаздық тағы бір ерекше қасиеттерінің бірі -
жетелеуші, алға ұмтылдырушы үлгермеушілерді жақсы оқушылар санатына
қосу жолында еңбектенсе, қиын оқушыларды тәрбиелі оқушылар қатарына
қосу мақсатында, дарынды оқушыларды биіктен көрсету жолында аянбай
тер төгу керек.
Осындай қасиеттер бойынан табылатын ұстаздар, сондай - ақ
мәдениетті, сөйлеу мәнері ерекше, сөзге шешен, киген киімі, кескін
келбеті сыпайы, көзі бар, көкірегі ояу оқушы алдында үлгі болу
керек. Сондықтан қоғамдық даму заңдылығы тұрғысынан ұстаздық түпкі
мұраты шәкіртті өз деңгейінде жеткізу ғана емес өзінен озып, ілгері
кетуіне негіз қалау болуға тиіс. Халық: «шәкірт ұстаздан озса, игі»
деп тегін айтпаған ғой. Сол себепті осы айтылған ұстаз болудың
негізгі қағидаларын өз еңбек жолымда қолданып, одан әрі дамыту
үстіндемін.
Ғылыми педагогиканың негізін салушы ұстаз Ыбырай Алтынсарин
мұғалімнің қоғам алдындағы рөлін нақтылай айта келіп, «Салып жатқан
үйдің жақсы болуы, оның іргесінің берік және мықты қалануына
байланысты болатыны сияқты, біздің қолға алып отырған ісімізді де,
қазақ мектептерінің бар келешегі көбінесе істің қазіргі басталуына
байланысты. Сондықтан да мен қазір жақсы оқытушыны дүниедегі заттың
бәрінен де артық көремін,»- деген пікірі бүгінгі күні өз
мемлекетінің ірге тасын қалап жатқан қазақ халқының, мұғалімге
қоятын талабы ретінде естілді. Мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат
қоғамы тарихында жинақталаған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс
болса, екіншіден, ол үнемі оқушылармен қарым - қатынаста болып,
білсем, үйренсем деген бала тағдырына басшылық етуді мойынына алған
адам. Мұғалім алдынан бір - біріне ұқсамайтын, әр қайсысының
өзіндік ерекшелігі бар мыңдаған шәкірттер өтеді. Бірақ, олардың
барлығын бір жүйеге бағындырып қарататын – ұстаздың «тактикасы».
Ұстаздың үздік қасиетінің. Яғни, шын мәніндегі үлкен абырой -
беделінің тәрбиелік күші шәкірттерінің, соларды мойындай отырып,
сол әсерге міндеттеусіз, өз ерік - қалауымен берілуінде,
еліктеуінде. Өз ісіңе деген, түсіндіретін тақырыбыңа деген
сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда,
шәкіртің саған сеніп, тәнті болып, болмаса да « ұқсап бағып»
айтқаныңды екі етпей, тапсырманы ауырсынбай, оны шын пейілімен, бар
ынтасымен және шабытпен орындап шығады екен. Әр сабағымды осылай
қызғылықты, құштарлықпен, оқушы талпынысын одан әрі өрбетіп
өткізуге тырысамын. Оған жаңа технологияның элементтерін қолдана
отырып, жеке тұлғаны оқытып, тәрбиелеу мақсатында оқу жұмысының
көптеген көңілді, түсінікті түрлерін енгізіп, сабақ жүргізу әдісін
пайдаланамын. Сабақтан тыс оқушыларға үй тапсырмасы ретінде
шығармашылық жұмыс беремін. Оқушылар берілген тақырыпта ой қозғап,
өздігінен ізденіп, көптеген көрнекілік суреттер жабыстыру арқылы
үйлесімдікті келістіріп, ұлылардан қалған ұлы сөз жазып,
есептершығарып, олдардың шығарылу жолдарының алгоритмін құрып, тіл
мәдениетін дамытып , сөз сөйлеу үлгісіне үйренеді. Сонымен қатар
жаңа ақпараттан хабардар болып, бір тамшы білім нәрімен
сусындайды.
Мүғалім қызметінде
өз кәсіби құзіреттілігін жетілдіре отырып
жетістікке жетудің алғы шарттары: сырт кескін-келбеті; пәндерді
сабақтан тыс ақпараттар-мен қамтамасыз ету; мінез-қүлқы, пайым-дау
мүмкіндіктері, оқу процесінде қарым-қатынас мәдениетін сақтай
білуі; әзіл-қал-жыңға мән бере білуі; оқушылардың жет-кен
жетістіктерін мақүлдай, қолдай білуі; шыдамдылық және төзімділік;
басқалардың пікірін сыйлай білу; еркіндік, икемділік; кез - келген
жағдаятты оңтайлы бағытта ше-шуге арналған әдіс-тәсілдерді тиімді
пай-далана алу; балалардың қызығушылығына қарай әрекет ете білу
дағдысы.
Өнегелі ұстаз - өнерлі шәкірт. Шәкірт жеңісі - ұстаз
жемісі. Мүғалімнің шеберлігі, әсіресе, сабақтарда үйрете
білуден байқалады.
Шеберліктің тагы бір маңызды көрсеткіші - ол, оқушылардың
белсенділігін арттыра алуы, олардың қабілеттерін, өз бетімен жүмыс
істеуін, білуге құмарлыгын да-мытуы, балаларды сабақта ойлануға
мәжбүр ете білуі.
Оқыту процесінде торбие жүмысын тиімді жүргізе білу, оқушыда жоғары
адамгершілікті, патриотизм сезімін, еңбексүйгіштік, дербестікті
қалыптастыру білігі педагогтык шеберліктің тағы бір элементін
қүрайды.
Осылайша, бастауыш мектеп мүғалімі қазіргі қоғам талаптарын
ескеріп, озінің алдына педагогикалық міндеттерді қоя және шеше
білетін, оқыту мен торбиенің озық технологияларын меңгерген, білім
беру процесін баскара алатын, тәжірибеде педаго-гикалық
ситуацияларды оқушы түлғасының дамуына бағыштап жобалай және жүзеге
асыра алатын басекеге қабілетті, шығармашыл түлға болуы
қажет.Осыған байланысты мектебіміздегі сайыстарға менің сыныбымның
оқушылары ат салыса қатысып ылғи да жүлделі орындарға ие болады.
2014 оқу жылында облыстық «Бастау» интелектуалдық олимпиадасында
математика пәнінен Кәртай Ақбота III орынға ие болды және де осы
оқушының жетістігі үшін облыстық білім беру басқармасынын мақтау
қағазы мен алқа берілді. Беріліп жатқан білімнің нәтижесі білім
сапасының көрсеткіші. Ұлы жазушы әрі ғұлама ғалым М. Әуезовтің: «
Ел болам десең, бесігіңді түзе!»- деген өте терең мәнді нақылы бар.
Ол еліңнің ертеңі жас ұрпағыңды жақсылап өсір дегені. Оған қоса
«бесік» сөзі тәрбиең ұлттық мәйекті болсын дегенге меңзеп тұр. Осы
міндеттің көп салмағы, ұстаздар, біздерге түсетіні аян. Ұлы
данышпан Әл - Фараби: «Ұстаздар - құдды жұрт айтатын, тамшысымен
тас тесетін су сияқты» - деген. Осы сөзден - ақ ұстаздық жолдың,
ұстаздың міндеттің жүгі ауыр екені айдан анық. Ендеше «ел келешегі
- ұстаз қолында»- деген лепті тұжырымды баса айта отырып, өнімді
шығармашылықты өрістету жолында өркениет шыңына ілгері, басу
мақсатында шебер ұстаздарымыздың саны жыл санап, арта берсін деген
тілегімді білдіремін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген