400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шығармашылық "Жапсыру" "Көлік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бөлшектерді жапсырып және бірыңғай бейнені құрып, затты құрастыру дағдыларын дамыту. Ірі және ұсақ бөлшектерді орналастыруға және жапсыруға көмектесу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Железин ауданыәкімдігі Железин ауданының

Железин селолық округі әкімі аппаратының

«Балапан» бөбекжайы

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны








Ашық сабақ

Тақырыбы: «Көлік»


2 сәбилер «а» тобы














Тәрбиеші: Жакупова Г.А.









Оқу жылы 2016ж



Күні: 22.01.2016.ж

Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Көлік»

Мақсаты: Бөлшектерді жапсырып және бірыңғай бейнені құрып, затты құрастыру дағдыларын дамыту. Ірі және ұсақ бөлшектерді орналастыруға және жапсыруға көмектесу.

Міндеттер:

Білімділік:Геометриялық пішіндер (шеңбер, тіктөртбұрыш), түстер (қызыл, жасыл, сары, қара) туралы балалардың білімдерін бекіту. Жүк көлігінің құрылымы жайында түсініктерін бекіту.

Дамытушылық: Сындарлы ойлауын дамыту – бөлшектерден біртұтасты құрау. Қол маторикасын, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік: Жапсыруға қызығушылық танытуға тәрбиелеу. Желіммен жұмыс жасау барысында ұқыптылыққа баулу.

Билингвалды компонент: Көлік- машина, ұшақ-самолет.

Құралдар: қатты қағаз немесе картон қағаз, желім, түрлі-түсті қағаздан қиылған дайын жүк көлігі бөлшектері, желім, қылқалам, сүлгі.

Әдіс-тәсілдер: желім жағу, пішіндерді үлгі бойынша жапсыру.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші іс-әрекеті

Балалардың әрекеттері

Мотивациялық-қозғаушы

- Келген қонақтармен амандасып алайық.

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.

Төрт аяғым дөңгелек,

Адамсыз мен жүрмеймін,

Барлық жерге жеткізіп,

Қаласаңыз апарам.









  • Дұрыс, жарайсыңдар.

  • Балалар машина не үшін қажет?

  • Иә, машина – ол көліктің бір түрі. Тағы қандай көліктерді білесіңдер?

Жақсы, балалар.



Балалардың жауабы.


Машина.
















Трактор, пойыз, ұшақ т.б.

Ұйымдастыру-іздестіру













































Сергіту сәті








Рефлексивті-түзетушілік

Ғажайып сәт: топқа көңіл-күйсіз қоян келеді.

Тәрбиеші: -Сәлеметсіз бе, қоян. Балалар қоянмен амандасайықшы. Қоян, сенің неге көңіл-күйін жоқ?

Қоян: -Мен жолда келе жатып, көлігімді аударып алдым. Енді менің көлігім бөлшектерге шашылып қалды. Оны қалай құрастыратынымда білмеймін.

Тәрбиеші: -Мұңайма, қоян. Біздің балалар саған көмектеседі.








-Балалар қоянға көмектесеміз бе?

Тәрбиеші балаларды екі орталыққа бөледі. Бірі шығармашылық орталығына барып, қоянға көлік жапсырады, ал екіншісі құрастыру орталығына барып, «Машина» құрастырады қоянға.































































































































































































Тәрбиеші баларға көлікті жапсыру үлгісін көрсетеді.

Көлікті жапсыру жолдары:

-тіктөртбұрышқа желім жағып, көлденеңінен жапсыру.

-тіктөртбұрышқа көліктің дөңгелектерін жапсыру.



Бала-бала балапан,

Қане қайсы алақан.

Саусақтарын әйбат

Былай-былай ойнат.

Қоян балаларға алғыс айтып, қоштасып кетіп қалады.

Тәрбиеші балалардан көліктің кабинасы қандай пішінге ұқсайтыны сұрайды. Ал доңғалақтары ше?

Доңғалақтары қандай түсті? Кабинасы ше?

Тәрбиеші балалардың жұмыстарын қарап, оларды мадақтайды. Суреттерден көрме ұйымдастырады.



Қызығушылық танытады.


Қоянмен амандасады.








Иә, көмектесеміз.










Балалар екі орталыққа бөлінеді.

Шығармашылық орталығында бөлшектерден көлікті жапсырады.

Құрастыру орталығында машина құрастырады.


Балалар пішіндерді, түстерді атайды.


















Балалар дайын суреттерін қоянға ұсынады.

Қоянмен қоштасады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
8053
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі