Материалдар / Шығармашылық жоба: "Ас үй жабдықтарын жасау"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шығармашылық жоба: "Ас үй жабдықтарын жасау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығармашылық жоба – бұл мұғалімнің бақылауымен жасайтын оқушының өзіндік қорытынды жұмыс. Жоба – бұл адамның өз шығармашылық әлеуетін барынша ашу мүмкіндігі. Шығармашылық жоба өзін жекелей немесе топта көрсетуге, өз күшін байқап көруге, өз білімін, шеберлігін қолдануға, пайда әкелуге, қол жеткен нәтижелерді көрсетуге мүмкіндік береді. Жобаны міндетті түрде оқулық материалы бойынша құру қажет емес. Өздеріңді ойландырып, қызықтырып жүрген жобаларды орындауға да болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Желтоқсан 2018
629
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейі









Шығармашылық жоба

Ас үй жабдықтарын жасау









Орындаған: 6 «А» сынып оқушысы Ишанбекұлы Ерасыл

Тексерген: Технология пәнінің мұғалімі

Прназаров Дауиржан Амангалиевич











Жосалы кенті

2017-2018 оқу жылы

Мазмұны

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Шығармашылық жобаны негіздеу.

2.2. Тарихқа шолу.

2.3. Сызбаны жобалау.

2.4. Материал түрін таңдау.

2.5. Заттарды және жабдықтарды таңдау.

2.6. Жұмыстың орындалу ретін қарау.

2.7. Сапасын тексеру.

2.8. Экономикалық есеп жасау.

2.9. Жобаны қорғау.

ІІІ. Қорытынды

























І. Кіріспе

Шығармашылық жоба – бұл мұғалімнің бақылауымен жасайтын оқушының өзіндік қорытынды жұмыс. Жоба – бұл адамның өз шығармашылық әлеуетін барынша ашу мүмкіндігі. Шығармашылық жоба өзін жекелей немесе топта көрсетуге, өз күшін байқап көруге, өз білімін, шеберлігін қолдануға, пайда әкелуге, қол жеткен нәтижелерді көрсетуге мүмкіндік береді.

Жобаны міндетті түрде оқулық материалы бойынша құру қажет емес. Өздеріңді ойландырып, қызықтырып жүрген жобаларды орындауға да болады.

Шығармашылық жобаның тақырыбы ретінде тұрмыста қолданылатын заттарды, бала бақша ойыншықтары, үй интерьері макеттерін алуға болады.

Жобаны таңдағанда адам мұқтаждықтар мен қажеттіліктерді сезіну қажет. Жобаны таңдағаннан кейін оны негіздеу, яғни таңдау себебін дайындалу барысын, қолдану саласын көрсету керек.

























ІІ. Негізгі бөлім

Таңдап алынған жобаны негіздеу. Қазіргі кезде дүкендерде кез келген үйдің интерьерін безендіруге жарайтын әртүрлі заттар бар, бірақ өз қолыңмен жассалған бұйымдар ерекше көрінеді. Мысалы, ас үйде нан, бауырсақ салатын ыдыс, тағам турайтын тақтайша, қағаз майлық салатын тұғырмен безендіруге болады. Ол интерьерге әсемдік қана беріп қоймай, ас үйде өз қолданысын табады.

Қазақ халқы адыс-аяқтарды ағаштан, теріден, қыштан, жүннен, киізіден және шұғадан жасаған. Біздің халық тұрмысында ыдыстардың ағаштан жасалған түрлері кеңінен пайдаланылған.

Қазақтар көшпенді ел болғандықтан олардың ыдыс-аяқтары терімен ағаштан жасалынған. Сынатын ыдыстарға арнайы теріден қап жасаған. Теріден жасалған ыдыстарды көп пайдаланған. Арнайы ысылған жылқының терісінен саба жасалынған, кей кезде сиырдың терісінен жасаған. Соғым кезінде жақсы сойылған малдың терісін саба жасауға қойған.

Тағам турайтын тақтайшаның технологиялық картасы



Жұмыстың реті

Графикалық кескіні

Құралдар

1

Дайындаманы (фанер) ұзындығы бойымен белгілеп алып, аралап кесу


Қол ара, аралауға арналған тетік

2

Қалыңдығы мен жиектерін өлшем бойынша егеу


Егеу, сызғыш, рейсмус

3

Тақтай элементтерін белгілеп сызу

Picture 1

Біз, сызғыш, қарындаш, тік бұрышты сызғыш

4

Тақтай сабын күйдіріп шығару. 10 мм тесік тесу

Picture 5

Қол ара, қол бәрбі, 10 мм бұрғы

Күйдіру аппараты

5

Тақтай сабын майдалап шығу және өлшем бойынша бақылау жүргізу

Picture 1

Күйдіру аппараты, зімпара қағаз, сызғыш, үлгі

6

Өңдеу тақтайын күйдіріп өрнек салу

Picture 2

Қарындаш, күйдіру аппараты,



Тағам турайтын тақтайшаның технологиялық картасы

Жұмыстың реті

Графикалық кескіні

Құралдар

1

Дайындаманы (фанер) ұзындығы бойымен белгілеп алып, аралап кесу


Қол ара, аралауға арналған тетік

2

Қалыңдығы мен жиектерін өлшем бойынша тексеру (фанер)


сызғыш, рейсмус

3

Дайындама элементтерін белгілеп сызу







Біз, сызғыш, қарындаш, тік бұрышты сызғыш

4

Дайындаманы күйдіру аппараты арқылы кесіп алу







Күйдіру аппараты, бұрандалы қысқыш

5

Дайындаманы бөліктерін бір-бірімен желімдеп құрастыру, өлшем бойынша бақылау жүргізу




Күйдіру аппараты, зімпара қағаз, сызғыш, үлгі, желім



Қағаз майлық салатын тұғырдың технологиялық картасы

Жұмыстың реті

Графикалық кескіні

Құралдар

1

Дайындаманы (фанер) ұзындығы бойымен белгілеп алып, аралап кесу


Қол ара, аралауға арналған тетік

2

Қалыңдығы мен жиектерін өлшем бойынша егеу (фанер)


Егеу, сызғыш, рейсмус

3

Дайындама элементтерін белгілеп сызу


Біз, сызғыш, қарындаш, тік бұрышты сызғыш

4

Дайындама элементтерін күйдіріп шығару.


Күйдіру аппараты, бұрандалы қысқыш

5

Дайындаманы бөліктерін бір-бірімен желімдеп құрастыру







Желім

6

Дайындаманы өлшем бойынша бақылау жүргізу



Қарындаш, күйдіру аппараты,



Жобаны экономикалық негіздеу

Экономикалық негіздегенде ас үй жабдықтарын жасауға жұмсалған шығын түгел есептеледі. Экономикалық есептің нәтижесі жобаланған бұйымның экономикалық жағынан тиімділігімен негізделуі керек.

р/с

Атауы

Материал

Құрал-жабдық

Бағасы

Сату бағасы

1

Нан, бауырсақ салатын ыдыс,

Фанер 300х200 мм, 150 тг

Қыл ара арасы 1дана, 100тг

250 тг

500 тг

2

Тағам турайтын тақтайша

Фанер 300х200 мм, 150 тг

Қыл ара арасы 1дана, 100тг

250 тг

500 тг

3

Қағаз майлық салатын тұғыр

Фанер 300х200 мм, 150 тг

Қыл ара арасы 1дана, 100тг

250 тг

500 тг



Жобаны экологиялық тұрғыда бағалау

Экологиялық тұрғыда бағалағанда бұйымның жасалуы және қолданылуы, қоршаған ортаға, адамға зиянды әсері жоқ па осы ескерілуі керек. Сонымен қатар экологиялық бағалауға бұйымның конструкциясы мен жасалу технологиясы, бұйымды қалдықтардан жасау, сондай-ақ бұйымды жасау барысында пайда болған қалдықтарды пайдалану, т.б. жатады.















Қорытынды.

Сәндік қолданбалы қолөнеріміз біздің мәдениетіміздің құрамды бір бөлігі. Өсіп келе жатқан біз сияқты жастарға мұра болып келе жатқан ұлттық қолөнеріміз зерттеліп баяндалды. «Адамды адам ететін еңбек» - дегендей, адам күнделікті еңбек ету арқылы ой-өрісі дамып, бір-бірін түсініп, рухани жағынан дамиды. Осы бұйымдарды жасау барысында оның неден жасалатынымен таныстым, іздендім. Көптеген ақпараттар жинадым. Бұл менің алға қойған мақсатымның орындалуы өз шешімін тапты. Жұмыс барысында төзімділікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа үйрендім.

Ұлы Абай атамыздың: «Өзге білмей сен білсең, Білгеніңнің бәрі тұл» дегендей, өзімізді де еңбекке үйрете отырып, өзгеге де үлгі бола аламыз.

Осы еңбектің бәрі көп ізденістің және ерінбей жеткен жетістіктің нәтижесі екенін осы жобадағы бұйымдарды дайындау барысында түсіндім. «Көз қорақ, қол батыр» дегендей, кез келген жұмысқа шығармашылық баппен кіріссеңдер мақсаттарыңа жетесіңдер. Мен соны түсіндім.

Қыл арамен бұйымды аралау өнері арқылы мен осы жұмысты ары қарай жалғастыру өзімнің міндетім деп, зерттеп оны әрі қарай дамытып түрлендіру керек екенін іздестіремін деген мақсатты алдыма қойдым.









Пайдаланылған әдебиеттер

1. В.Г. Чукалин Технология 5-сынып

2. В.Г.Чукалин, Х.К. Танбаев 8 сынып технология. Көкшетау «Келешек-2030» 2016 жыл

3. Ю.Моряков, Г.Жарымбетова, А.Халендеров 8 сынып технология. Алматы «Мектеп» 2008



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!