Материалдар / Шығармашылық жоба Моншақтан білезік жасау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шығармашылық жоба Моншақтан білезік жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2019
1157
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы,Бірлік ауылы №55 С.Қожанов атындағы орта мектептің бейнелеу өнері,сызу және еңбекке баулу пәні мұғалімі.

Жетекшісі:Сұлтанбекова Раушан

Дайындаған: Тұрахметқызы Қарақат,Аманбай Аружан 8 а сынып оқушылары


Моншақ пен лентадан жасалған білезік.

(шығармашылық жоба)

Жоба жоспары:

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім тараулары:

1-тарау.Бұйым конструкциясы

2-тарау.Бұйымның технологиялық картасы

3-тарау.Бұйымды дайындау технологиясы

4-тарау.Экономикалық есеп

ІІІ.Қорытынды

Қолданылған әдебиеттердің тізімі

Жобаның мақсаты:

1.Баланың фантазиясын дамыту,шеберлік өнері арқылы шығармашылық ізденіске жетуге болатынын көрсету.

2.Бала еңбегін ынталандыру және насихаттау.

3.Үнемділікке тәрбиелеу,өз бетінше жұмыс жасай,ойлай білуге дағдыландыру,эстетикалық талғамын дамыту.

Күтілетін нәтиже.

1.Шеберханадағы қауіпсіздік ережесін меңгерту.

2.Дизайн,композиция ұғымдарын,түстерді ажырата білу.

3.Құрал-жабдықтарды дұрыс қолдана білу.

4.Білезіктің көркемдеп өңделу технологиясын дұрыс ұйымдастыруды меңгеру.

Кіріспе.

Зергерлік бұйымдар сәндік-қолданбалы өнердің бір саласы болып табылады.Металдардан,асыл тастар,сүйектер,моншақтардансәндік әшекей бұйымдар жасаушыларды зергерлер деп атаған.Әшекейлердің алуан түрлері бар.Қыздар жанының әдемілікке құштарлығы соншалық,олар киімдеріне сәйкестендіріп аяқ киім,қол сөмке,сәндік әшекейлерін ауыстырп отырғанды ұнатады.Қазіргі таңда сәнге айналған інжу моншақ пен жібек лентадан жасалған алқа-білезіктердің бағасы шарықтап тұр.Оған мысал ретінде интернет желісінен алынған мына материалды келтірейік.

Атақты Barneys фирмасының табиғи інжу моншағынан жасалған білезігінің бағасы 980 АҚШ долларын,яғни 144746 теңгені құрайды екен.Мұның бар кереметі,бағасының шарықтауы оның үздік сәнге айналып,көпшіліктің зор сұранысына ие болуында.

Бұйымды дайындау технологиясы.

Бұл жұмыстың жасалу жолы қарапайым болғанымен дәлдікті,шыдамдылықты,

эстетикалық талғамды,фантазияны талап етеді.

Білезік жасауға қажетті заттар:

-ақ інжу моншақ

-қара түсті жібек лента

-жіңішке ине жіп

-жіңішке жібек жіп











Жасалыну жолдары:


Орындалу реті

Белгіленуі

Қажетті құралдар

1

Ең алдымен 40 см жібек лентаны қиып алады.Сонан соң лентаның екі ұшынан 8-10 см артық қалдырып,ортасына інжу моншақтарды көктеп тігеді.Әр моншақтың арасы 1 см болуы керек

моншақ,

лента


2

Инені моншақтың көзінен өткізгеннен кейін лентаға тігіп,инені келесі бетіне өткізеді.Сосын инені 1 см арақашықтық қалдырып қайтадан оң бетіне өткізеді

Моншақ,лента,

жіңішке жіп,ине

3

Моншақтардың барлығын осылай тізіп,көктеп болған соң жіптің бір ұшынан лентаны жиыра тартады.Сонда лента жиырылып,моншақтар бір-біріне жақындап,суреттегідей шиырма пайда болады


Моншақ,лента,

жіңішке жіп,ине








4

Жіп пен лентаның ұшын түйеді.

Моншақ,лента,

жіңішке жіп,ине







5

Осылайша сәнге айналған білезікті 30 минуттың ішінде жасап алуға болады.


Моншақ,жібек жіп









Жобаның экономикалық бағалануы:

1.Жібек лента 40 см-200т

2.Жіңішке ине 1шт- 50т

3.Жібек жіп 1 шт- 100т

4.Ақ інжу моншақ - 200 т

5.Оқушы еңбегі -200 т

6.Барлығы: 750 т

Жобаның экологиялық бағалануы:

Жобаланған бұйымды дайындау және пайдалану қоршаған ортаға зиянды өзгерістер әкелмейді.Бұйым экологиялық таза материалдардан дайындалған.

Қорытынды бөлім.

Бұл білезікті лентамен қатар,былғарыға да тігіп жасауға болады.Аналарымыздың, әпкелеріміздің сәннен қалған алқалары мен моншақтарына осылайша екінші өмір сыйлауға болады.Бұл өте тиімді,әрі үнемді.Бұл бұйымды салтанатты кештерге немесе кез-келген киімдермен тағуға болады.Сондай-ақ ақ моншақ пен жібек қара лентаның үйлесімділігі кез-келген киімнің нәзіктігін,әдемілігін арттыра түседі.

Біз мұның алдыңғы жобамызда қағаз қалдықтарынан моншақ,былғары қалдықтарынан белбеу жасауды көрсеткенбіз.Әр түрлі әлеуметтік желілер арқылы да жасаған бұйымыңды жарнамалап,тапсырыстар алуға,сатып табыс табуымызға да мүмкіндігіміз бар.Қымбат әшекей бұйым сатып алмай-ақ,қолда барды ұқсатып,заманауи дизайнда әшекей бұйымдар жасап алу тиімді.Бұл білезікті сыйлық ретінде де ұсынуға болады.Жасалу жолы өте қарапайым,жеңіл,әрі тиімді.

Достар,,ендеше,іске сәт!


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Пайдалы кеңестер журналы

2.Қазақтың ұлттық энциклопедиясы

3.Интернет материалдары



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!