Материалдар / Шығармашылық жоба:Күн жүйесін оқытуды жеңілдететін құрал
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шығармашылық жоба:Күн жүйесін оқытуды жеңілдететін құрал

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылым мен техниканың қарқынды даму кезеңінде астрономияны оқып үйрену өте маңызды мәселелердің бірі. Сондықтан астрономия тақырыптарын ақпараттық техногиялар және көрнекілітерді қолдана отырып сабақ жүргізу оқушылар үшін өте тиімді. Таңдалған тақырып оқушылардың танымдық белсенділігін дамытады.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ




АСТРОНОМИЯ бойынша Ғылыми жоба


Тақырыбы: Күн жүйесін оқытуды жеңілдететін құрал


Орындаған: Азат Арыстанбек

Жұмақанова Асылай

Мамандығы: 3 курс Физика-информатика

Тексерген: Иманжанова Кульбарчин Тлеукановна









Өскемен қаласы

2022 жыл



Мазмұны:

I. Кіріспе

а)Астрономия........................................................................................................

II. Негізгі бөлім

а)Астрономия пәнінің мектептегі маңыздылығы .............................................

III. Зерттеу бөлімі

a) Күн жүйесі. Күн жүйесін оқытуды жеңілдететін құрал...............................

IV. Қорытынды.......................................................................................................



Зерттеу жұмысының тақырыбының өзектілігі:


Ғылым мен техниканың қарқынды даму кезеңінде астрономияны оқып үйрену өте маңызды мәселелердің бірі. Сондықтан астрономия тақырыптарын ақпараттық техногиялар және көрнекілітерді қолдана отырып сабақ жүргізу оқушылар үшін өте тиімді.

Таңдалған тақырып оқушылардың танымдық белсенділігін дамытады.


Жоба мақсаты:

Астрономиялық құбылыстарды оқушыларға түсіндірудің бір қиыншылығы - олар тек түнде жұлдыздар әлімінің аз ғана бөлігін көреді, бірақ жердің айналған қозғалыстағы аспан әлемін толықтай байқамайды. Бұл жұмыс мектептегі физика пәніндегі астрономия тарауын кеңінен, әрі тиянақты талдау мақсатында QR- сканері бар құрал арқылы пәнді жеңілдету.

оқушылардың планеталар бойынша білім деңгейін кеңейту.


Кіріспе:

Астрономия

Астрономия (көне грекшеἄστρον «жұлдыз» + νόμος (номос), «заң» ) — ғарыштық денелердің құрылысы, дамуы, олар құрайтын ғарыштық жүйелер және тұтас Ғалам туралы ғылым. Астрономия ғарыш кеңістігіндегі жекелеген денелерді немесе денелер жүйелерін, олардың құрылысын, пайда болуын және динамикасын, сондай-ақ, оларда болып жатқан құбылыстарды зерттейді. 

Астрономия - аспан әлемі жөніндегі ен бір қызықты ғылым, ол тек осы күнгіні ғана зерттеп қоймайды, бізді қоршаған мегадүниені зерттейді, сондай-ақ болашақ әлемнің ғылыми суреттемесін жасауга мумкіндік береді. Аспан денелерінін температурасы, химиялык курамы, магниттік ерісі, сондай-ак оларды қозғалыстары жөніндегі мәліметтер туралы астрономия саласы арқылы ұғым қалыптастыра аламыз.Астрономия ежелгі гылымдарльн бірі. Ол адам баласының өмірлік кажеттіліктеріне карай, баска ғылымдардан бәрінен бұрын пайда болган.


Астрономия пәнінің маңыздылығы. Астрономия пәнінің мектептегі маңыздылығы.

Қазіргі кезде мектептерде сабақ барысында көрнекілік қолдану маңызды мәселе болып отыр.Сол себепті де, балалардың сабаққа деген қызығушылығын ашу мақсатында және олардың күн жүйесі жайлы білімдерін шыңдата, түсінік қалыптастыру арқылы біз осылай көрнекілік құралдарын қолдана аламыз.

Астрономия мектеп оқушыларына адамның Әлемдегі орнын анықтауға мүмкіндік беретін дүниетанымдық ғылым. Бұл философиялық емес, қолданбалы білім: балалар Әлемнің пайда болуы туралы теориялар, навигациядағы астрономияның рөлі, орыс және әлемдік космонавтиканың дамуы туралы біледі.

Астрономияны оқу барысында адамдар ғылымның басқа салаларында жаңалықтар ашады. Мысалы, басқа планеталардың геологиясын зерттеу бізге Жердің пайда болуын түсінуге көмектесті. Аспан объектілерінің қозғалысын зерттеу кинематика заңдарын жақсы түсінуге көмектесті.


Орта мектепке арналған «Физика және астрономия» курсының негізгі мақсатына мыналар саяды:


1) Оқушылардың ақыл - ойын, танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту.

2) Физиканың қазіргі қоғам өміріндегі және жалры адамзат мәдениетін дамытудағы рөлін ашу;

3) Табиғатқа ғылыми - көзқарасты бекіту;

4) Адамның дүниеге қатынасына, жеке тұлғаның құндылық жүйесіне алғы шарт болатын әлеуметтік мәні бар біліктер мен дағдыларды қалыптастыру.

Ол үшін мынадай міндеттер орындалуы қажет:

-Оқушылардың ғылыми дүниетанымын дамыту, әлемнің физикалық бейнесінің біртұтастығы, ондағы адамның орны мен рөлі жайлы көзқарасты қалыптастыру.

-Оқушылардың ғылыми ойлауын танымдық және шығармашылық қабілетін ғылыми мәліметтерді түсінуін, ғылыми білімді өз бетінше игеруді қалыптастыру;

-Технологияландырылған әлемде бағдар ала білуге;

-Ғылыми және экологиялық мәдениетке тәрбиелеу;


7 сыныпта астрономия тақырыбы

1) «Астрономия аспан денелер туралы ғылым» -2 сағат «

2) <<Қозғалыс тарауында планеталар қозғалысы. Күннің жылдық қозғалысы. Күн жүйесінің құрылыс туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары. Коперниктің гелиоцентрлік жүйелер - 3 сағат.

3) Масса және күш тарауында «Басқа планеталардағы ауырлық күші» 1 сағат


8-сыныпта:

1) <<Ай, Шолпан, Марстағы термодинамикалық жағдайлар»- 1 сағат.

2) <<Күн - жұлдыз» - 1 сағат

9 - сыныпта - 5 сағат «Астрономия негіздері» оқытылады. Осындай сағат көлемінде оқушыларға астрономиядан бірізділік принципіне сүйенген жүйелі білім беруіміз қажет.


10,11 сыныптардағы астрономия мәселелерін оқуды оқушы орта мектеп курсынан алған білімдеріне яғни 7-9 сыныптарда оқушы негізгі базалық білімді игеруі тиіс.


Санаулы уақыт көлемінде оқушы білімін біртұтас жүйелі күйде қалыптастыру үшін оқулықтан тыс тестілер, танымдық сұрақтар, жұлдыздық картамен жұмыс сияқты оқушы қызығушылығын арттыратын әдістемелік, дидактикалық қосымшалардың қажеттілігі сөзсіз.

Ресейде мектеп бағдарламасынан 2022 оқу жылынан бастап астрономия алынып тастады.


Күн жүйесі. Күн жүйесін оқытуды жеңілдететін құрал.

Күн жүйесі – Күннен, оны айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан (БолпанШолпанЖерҚызылжұлдызЕсекқырғанҚоңырқайУран және Нептун ), планета серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан (астероидтардан), шамамен 1011 кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер жүйесі. 



Құрал:

Бұл құрал мектеп оқушыларына арналған планеталар жиынтығы. Бұл жинақ оқушыларға күн жүйесі әлеміне енуге мүмкіндік береді. Құрал оқушының күн жүйесі тулары түсінігін қалыптастырады. Әрбір планета үстінде жабыстырылған кю-ар сканер планета жайлы егжей-тегжейлі ақпараттардан тұрады. Бұл оқушыларға қолжетімді және күн жүйесі туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.Құрал балалар әрбір планетаны және оның сипаттамаларын зерттей алатын күн жүйесінің моделін жасауды қамтиды. Олар планеталардың өлшемдері, олардың орбиталық қозғалысы және басқа да қызықты фактілер туралы біле алады.






Қорытынды:


Осындай көрнекіліктер көп қолданыста жоқ.Сол себептен де біз жалпы мектептерде осындай көрнекілікті көп қолдануымыз керек. Бұл қолжетімді әрі қағаз жұмыстарынан арылуға мұмкіндік береді.Бәріміз білетіндей қазір заман дамыған. Бәрі салада АКТ қолдануда.. Сол себептен бұл құрал


  • балалар қызығушылығын ашуға мүмкіндік береді.

  • Оқу процесіне жеңілдететін артықшылық.

  • Жалпы бұл құрал балалардың күн жүйесі жайлы ойлауын, елестетеуін, олардың пішіні мен реті туралы ұғымын қалыптпастыруға мүмкіндік береді.

  • QR-сканер арқылы балалар өзі қалаған планета жайлы оңай әрі тез ақпарат ала алады.


Жалпы болашақта осындай QR-сканерді физика сабағының басқа тарауларында да кеңірек қолдануды қарастырамыз.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!