400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шығармашылық жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер мен оқушыларға, математика тарихын білу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

ХVІІІ ғасырдағы математика ғылымдарының даму

сатыларын зерттеу


Автордың аты-жөні Айнабек Айман

Нұрбекқызы

Сыныбы 7 «Ә»

Мектептің атауы: «Ш.Уәлиханов

атындағы №2 жалпы орта мектебі»

мемлекеттік мекемесі

Жетекшісі: Талипова Ұлбосын

Темірханқызы

Оқытылатын пәні: математика

Оңтүстік Қазақстан облысы

Мақтарал ауданы

Жетісай қаласы, Мұсабаев №76

«Қазпошта» индекс 708600

Түйе-бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнық-құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі.

Төрт қозылы екі қой

Бәрін бірге ойлап қой

(Жауабы 17)


Математика- нақты ғылым. Қазіргі заман талабына сай оқушылардың білім алу жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жастар талпыныстар мен талаптардға назар аудару керек.

Математикалық білім молайып мазмұны тереңдеп ауқымы кеңейіп бара жатқанын біз білеміз. Ол үшін мектеп мұғалімдері оқытудың бірінші сатысы - оқушылардың міндеті дайындықпен келу, екінші сатысы - ілгерілген деңгейде, үшінші сатысы -тереңдетілген деңгейде, төртінші сатысы - шығармашылық қабілет деп үнемі жол ашып беріп отырады. . Алдымен тарихқа терең үңіліп мен осы математикалық ғылымның даму сатылырын зерттеуді ұйғардым.

Қазіргі кезеңге дейін жаратылыс тану ғылымдарының, оның ішінде математика ғылымының даму тарихына арналып жазылған кітап қазақ тілінде жоқ деп айтуға болады.

Бүкіл Қазақстанның еңбекшілері де туған еліміздің тарихын, оның ғылымының, мәдениетінің даму тарихын білуге құштар. Бірақ осы мәселелер жөнінде кітапханаларда, кітап сататын дүкендерде қазақ тілінде шығармалар табу қиынға соғып тұр. Сондықтан математика ғылымының дамуы жайында азды-көпті түсінік беретін осы ғылыми іздену жұмысын жазуды ұйғардым және қажет деп таптым.

Математика ғылымдарының саласындағы көптеген жаңалықтарды дүние жүзінде ең бірінші болып ашқан орыстың аса көрнекті ғалымдары екені даусыз.М.В. Ломоносов,Л.И. Лобачевская, М.В. Остроградский, П.И.Чебышев т.б. осы кезде қолданып жүрген отандық математикалық әдебиетте, әсіресе шетел тілдерінен орыс тілдеріне аударылған кіаптарда, осы ғылым саласында ең бірінші болып жаңалықтар ашқан орыс ғалымдарының ролі аса көп аталмайды. Мысалы, А.П.Киселевтің арнаулы мектептерге арналған геометрия оқулығын оқушылар ғана пайдаланып қана қоймай оқытушылардың бәрі пайдаланады, ал осы оқулықта Евклид геометриясынан басқа, жаңа геометрияны жасаушы ұлы математик Н.И.Лобачевскийдің ғылыми жаңалығы жөнінде ештеңе айтылмайды.

Шетел тілдерінен орыс тілі одан қазақ тіліне аударылған кітаптар авторлардың көпшілігі математика ғылымының қазынасын байытқан дүние жүзіндегі үздік математиктердің есімдерін атай келе орыс математиктерінің аттарын көрінеу айтпай кетеді.

Сондықтан менің бұл зерттеу жұмысымда өткен ғасырларда өздерінің алуан түрлі озат ғылыми жаңалықтарымен, тамаша зерттеулерімен математика ғылымының қазынасын байытқан аса көрнекті ғалымдар туралы тоқталмақпын.

Осы ғылыми ізденіс жұмысымда аты аталған орыс ғалымдары аса көрнекті қоғам қайраткері және үздік падагогтар болған, сондықтан олардың есімдері педагогика және педагогика тарихында қалдырған кітап беттеріндегі зерттеуді негізгі бөлімінде көрсеткім келеді

Бұл зерттеу жұмысымның жарыққа шығуы арнаулы орта мектептердің оқытушылары мен оқушыларына пайда келтіреді деген ойдамын.

Математикалық еңбектерді формуласыз, өрнексіз және сызықсыз баяндау өте қиын жұмыстың бірі. Сонымен бірге, математикалық тілді түсінікті, қарапайым тілге айналдыру қиын мәселе екенін бәріміз білеміз. Математика мәселелерін толық ғылыми түрде баяндау үшін оның өз тілін қолданып, басқа тілмен ауыстырмау керек. Математика ғылымының бір ерекшелігі, міне осында. Мен өз зерттеу жұмысымды көпшілікке түсінікті болу үшін ешбір формуласыз, өрнексіз баяндауға тырысамын.

Ертерек кезде математика ғылымдарының көп салалары: сандар теориясы, нақты айнымалы функциялар теориясы, комплекс айнымалы функциялар теориясы, алгебра, геометрия, геометриялық фигуралардың жалпы қасиеттерін кеңінен дамытылуда.

Еліміздің экономикасын дамытудың күрделі міндеттерін шешуде теориялық зерттеулердің практикалық мәселелер мен тығыз байланысты болуының зор маңызы бар. Көптеген ғалымдарымыз қазіргі заманға жаңак техниканы өркендетуде қажырлы еңбек сіңіріп келеді. Жаңа техниканың негізгі түрінің бірі – ол автоматика мен теле механика және иетернет пен компютерлеу өндірістің ең жоғары тәсіліне көшуді қам тамасыз етеді.

Мұнда былай деп жазылды: «Техника прогресті одан әрі қамтамасыз ету, еңбек өнімділігін арттыру және оның жағдайын жақсарту мақсаттарымен жұмысты механикаландыру қарқыны шұғыл күшейтілсін, өнеркәсіпте өндіріс процестерінің автоматтандыру кең көлемде енгізілсін» делінген.

Сол жылдардағы автоматикалық реттеу теориясының дамуына ірі ғылыми үлес қосқандар А.А.Андронов, Б.Булгаков. т.б.

Біздің елімізде автоматикалық реттеу теориясының математикалық іргесін салған М.Крылов, И.Г. Петровский. Есептеу техникасының мәселелері мен тез шығарғыш математикалық машиналарды конструкциялау мәселелеріне көп көңіл бөлініп былай деп көрсетілген: «.. күрделі математикалық есептерді шығаратын автоматтық тез шығарғыш есептеу машиналарының және өндіріс прноцестерін басқаруды автоматтандыру үшін есеп-математикалық машиналардың конструкцияларын жасау және шығару жөніндегі жұмыстар күшейтілсін. Жасалған сапаптардың дәлме-дәлдігі арттырылып, сапасы жақсартылсын». Олай болса математикалық ғылымның даму сатысына тоқталайын.

Математика ғылымының даму сатылары ХVІІ, ХVІІІ ғасырларда, ХІХ ғасырдың бірінші жартысында математика ғылымының дамуына әсер еткен негізгі екі идея: қозғалыс және өзгеріс идеялары болды.

Бірінші сатыдаға математика сандарды, шамаларды және фигураларды қарастырып дүниенің мөлшерлік қатынастары мен кеңістік формаларын толық сипаттамайды, ағымдағы, қозғалыстағы қатынастар мен формалардың тек жеке суретін ғана байымдады. ХVІІ ғасырдағы математиканың зерттеуі айнымалы шамалардың арасындағы байланыстылық болды, яғни бұл кезеңдегі математикалық сандарды зерттеуден математика ғылымы функцияларды зерттеуге көшті.


Бірінші сатыдаға математика сандарды, шамаларды және фигураларды қарастырып дүниенің мөлшерлік қатынастары мен кеңістік формаларын толық сипаттамаларды, ағымдағы, қозғалыстағы қатынастар мен формалардың тек жеке суретін ғана байымдады. ХVІІ ғасырдағы математиканың зерттеуі айнымалы шамалардың арасындағы байланыстылық болды, яғни бұл кезеңдегі математикалық сандарды зерттеуден математика ғылымы функцияларды зерттеуге көшті.


Математика ғылымының бірінші сатыдан негізгі екінші сатыға көшуін Ф.Энгельс былай деп сипаттайды: «Математикадағы жаңа кезең айнымалы шама болды. Осының арқасында математика қозғалыс және диалектика енді және осының арқасында дифференциалдық интегралдық есептеулерді тез енгізу қажет болды»

Дифференциалдық және интегралдық есептеулер түрінде шексіз аз сандар анализі немесе математика анлизі деп аталатын пән пайда болды. Бұл пән заттардың жаратылысына терең сіңген түрлі жағдайларда кездесетін қатынастарды зерттейді. Физика, механика, астрономия т.б. ғылымдарының дамуымен және онымен бірге сан жүзінде зерттеуге болатын табиғаттағы құбылыстар өрісінің кеңуімен байланысты жаңа түсініктер шыға бастады. Механиканың, физиканың негізгі заңдары теңдеулер түрінде жазылады, бұл теңдеулерді интегралдау математика ғылымының ең маңызды мақсаттарының біреуі болып табылады. Осы мақсатта бұл зерттеу жұмысымда ғалымдардың еңбектеріне тоқталғым келеді.


Математика ғылымы дамуының екінші сатысы- ХVІІ-ХVІІІ ғасырлар оның бірсыпыра табысқа жеткен дәуірі. Бұл арада мен мынаны айта кеткім келеді. Қол жеткізген табыстардың болуына математика ғылымынң бірінші сатысында алдын-ала негіз қаланды, сонымен қатар қоғамның өндіргіш күштері ілгері дамуымен байланысты астрономия, физика, механика сияқты жаратылыс тану ғылымдары және сол кездегі техника математиканың алдында түрлі талаптар қойды, міне осының нәтижесінде математика ғылымында функция, туынды, интеграл т.т. жаңа ұғымдар пайда болды.


Математика ғылымының дамуының үшінші сатысында- ХІХ ғасырдан бастап осы кезге дейінгі дамуын жатқызуға болады. Бұл сатыда математика дүниедегі мөлшерлік қатынастарды және кеңістік формаларды жалпы түрде зерттейтін ғылым болып табылады; мұнда жалпылау бағыты басым болды. Бұл бағыт математиканың оқшауланған, бөлектенген тарауларын өзіне бағындырып, әдістерді күшейтті. Осы сатыдағы математика, ХVІІ- ХVІІІ ғасырларда жасалған негізгі математикалық ұғымдарға, логикалық фундамент жасады. ХІХ-ХХ ғасырлардағы математика ғылымы жетістіктердің тәжірибеде қолданылуы бұрынғыдан да әлде-қайда артық..

Математика ғылымының дамуының осы сатысындағы жетістіктердің арқасында астрономия, физика ғылымдары және техника орасан зор табыстарға жетті. Бұған бірнеше мысалдарды келтіріп дәлелдеуге болады. Күн системасының ең алыстағы планеталардың бірі - Нептун математикалық есептеудің арқасында 1846 жылы ашылды. Механика заңдарының негізінде математикалық есептеу жүргізіліп Леверьде осы планета қай арады тұрғанын тапты. Бұл жаңалық заманында механикамен астрономиядағы және математикалық есептеудегі асқан жеңіс болып табылады.

Математика ғылымының даму заңдылығында сонымен бірге электромагниттік құбылыстардың тәжірибемен тағайындалған заңдарын қорытып, олардың тарау жылдамдығы жарықтың тарау жылдамдығына тең екендігінің қорытындысын тапты.

Электр тогі әсерінен магниттік стрелканың ауытқуын байқаудан ғылым табиғат құбылыстары заңдарын тұжырымдап және оларды математикалық қатынастар арқылы өрнектеп электромагниттік теорияны құрды. Бүкіл жұртшылықтың игілігіне айналған радио осы теорияның нәтижесінде туды және сол кезеңнен бері осы ғылымның теориясымен жұмыс жасап келеді.


Ал қазіргі заман математикалық талап пен сатылап дамудың жаңа түрі төмендегідей.


а/ бақылау мен саралау

ә/ анализ бен синтез

б/ жалпылау мен нақтылау

в /индукция мен дедукция


Қорыта келе айтқанда математикалық білімді бірден дайын түрде қабылдамай, іздену арқылы сұрақтарға жауап іздей отырып бұрынғы қалыптасқан білімді, бақылауларды және өмір тәжірибесінен жаңа ұғымдар алып ережелерге, дәлелдеулерге және есептің шешуіне өздерінің тұжырымын келтіруі керек.













































































































































































































Пайдаланған әдебиеттер


1. Орыс математикасының атақты ғалымдары О.М.Жаутыков

Қазақ мемлекет баспасы 1956 жыл


2.Оқушылардың танымдық математикалық әрекеттері Шымкент 2009 жыл


3. Ықтималдардықтар теориясы және комбинаторика элементтері

Алматы 174 жыл Қ.Б. Бектаев


4.С.В. Ковалевская еңбектері 1950 жыл


5.Е.Н.Жуковскийдің таңдамалы философиялық шығармалар

1950 жыл 128 бет


6.Н.Е.Жуковский Шығармалардың толық жинағы 7 тарау 16-31 бет.


6. Өзімның ойлап тапқан есептерім.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
803
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі