400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шығармашылық жұмыс 9 сынып "Әбіш Кекілбаевтің шығармашылығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға арналған ғылыми жоба тақырыбы «Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тұлғалар».
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Федоров ОМ"КММ




Шығармашылық жұмыс


"Әбіш Кекілбаев шығармашылығы"

Бағыты:Қоғамдық-гуманитарлық



Дайындағандар:

Жансултанов Дамир, Алгазов Еламан

9 сынып оқушылары

Ұзынкөл ауданы Федоров орта мектебі

Жетекші:

Тынынбаева Жанат Токмурзиновна,

білімі жоғары, қазақ тілі мен

әдебиет мұғалімі, "Федоров ОМ"КММ




2019-2020 о.ж.

Абстракт:

Оқушыларға арналған ғылыми жоба тақырыбы «Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тұлғалар». Бұл тақырыпты алған мақсаты: ƏбішБұл тақырыпты алуымның мақсаты: Əбіш Кекілбай сынды жазушының шығармаларымен таныса зерттей отырып, еліміздің тарихы жайлы ой қозғау. Бұл жобаның мазмұнында бүгінгі ұрпақ қазақ елінің өткен тарихы жайлы, туған елі жайлы не біледі деген сұрақ туындайды. Жазушы шығармашылығына негіз болған шындық құбылыстардың басты арнасы- туған халқымыздың əдебиетін тереңірек зерттеу, жұмыстарын жүргізе отырып, болашақ құрпақтың бойында туған елге деген патриоттық сезім қалыптастыру болып табылады. Бұл зерттеудің біз үшін маңыздылығы көп ізденуді талап етті.

СЛАЙД 1 Видео

СЛАЙД 2

Кіріспе:

СЛАЙД 3

«Әбіш Кекілбаев – заманымыздың бір заңғар тұлғасы. Кекілбаев туралы сөз айту кімге болса да, оңайға түсе қоймас», -деп Қуаныш Сұлтанов «Кекілбаев кеңістігі» атты мақаласында айтып өткендей, Әбіш жайында сөз қозғау, оның шығармашылығын зерттеу, оған үңілу көп еңбек пен ізденісті талап ететін дүние.

Газеттерде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып, киностудияда бас редактор, Қазақ ҚСР Мәдениет министрінің орынбасары, Қазақстан жазушылар одағы басқармасының 2-ші хатшысы, мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитетінің төрағасы болды.Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік кеңесшісі. Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды. Әбіш«Құрмет белгісі» (1989), «Отан» (1999), «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» (2004) мемлекеттік наградаларымен, «Содружество» (2003) орденімен, сондай-ақ төрт медалмен марапатталды. 1987 жылы Қазақстанның Абай атындағы мемлекеттік сыйлығының, 1995 жылы Президенттік Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты, 2009 жылы Қазақстанның Еңбек Ері атанды. 
1990 жылғы сайланған Жоғарғы Кеңес депутаттарының үлесіне еліміздің егемендігі туралы тұңғыш Декларация, бір жылдан кейін мемлекеттік Тәуелсіздік туралы, тілдер туралы заңдар, тәуелсіз елдің тұңғыш Конституциясын қабылдау бақыты тиді. Міне, осы тағдырлы шешімдерді талқылау, қабылдау барысының ең кереғар пікірталас додасының дәл ортасында Әбіш Кекілбаевтың нанымды деректері мен ұтымды, өтімді сөздері депутаттарды тек ымыраға келтіріп, бір ауыздан дауыс беруге жұмылдырып қана қоймай, Жоғарғы Кеңестей мемлекет институтының мәртебесін, беделін халық алдында көтеріп отырды.Ол Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында «Бостандық ұлтты бодандықтан да қатты сынайды» деп, осынау ұлтымыз ішінде жас тәуелсіз мемлекеттің Ақордасының керегесі кең, уығы тең, шаңырағы биік болуына Елбасымен бірге барлық күшін жұмсады. 
Биыл Әбіш Кекілбайұлы 80 жасқа толар еді. Осы орайда "Әбіш Кекілбаев шығармашылығы"атты та­нымдық әдеби­зерттеу еңбегімізді

на­зарларыңызға ұсынылып тұрмыз.

Әбіш Кекілбаев – адам жанының шындығын танудың алуан түрлі тәсілін шеберлікпен игерген жазушы.

СЛАЙД 4

Шығарма жұмысымыздың зерттеу мақсатымыз: Əбіш Кекілбай сынды жазушының шығармаларымен таныса зерттей отырып, еліміздің тарихы жайлы ой қозғау. Әбіш Кекілбайұлының өнегелі өмір жолымен танысу, қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін, тарихын қастерлеуге, оның шығармаларындағы тарихи тұлғалардың адами қасиеттерін дәріптеу.

Зерттеу кезеңінде керек мәліметтерді газеттерден, əдістемелік құралдар мен əдебиет кітаптарынан, ғаламтор жүйесінен алдық.

Научный проект для учащихся по теме «"Әбіш Кекілбаев шығармашылығы". Эту тему мы выбрали для того чтобы, изучая творчество писателя Абиша Кекилбаева, поделиться размышлениями об истории народа в основе содержания проекта возникает вопрос, что знает наше поколение об

истории народа, о родной земле. Исследуя его произведения молодежные люди всегда должны помнить о его безграничном вкладе в духовное развитие казахского народа и знакомясь с творчеством пробуждать в себе патриотические чувства, любовь к родной земле.

Всегда мудрый и думающий об истории своего народа, он являлся не только выдающимся писателем, но и политиком, настоящим гражданином своей страны. Работая над проектом, нам пришлось много искать, узнавать о жизни и

творчестве писателя. Исследуя жизнь и творчество нам пришлось обращаться к интернет ресурсам, к научной и художественной литературе. Изучили огромное количество материала о нем.

ӨМІРБАЯНЫ.

СЛАЙД 5 СЛАЙД 6

Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған.

СЛАЙД 7

Ә.Кекілбайұлы 1957 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948-1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956-57 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды.

СЛАЙД 8 Видео

ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ:

СЛАЙД 9

Әбіш Кекілбаевтың шығармашылық жолы поэзиядан басталды. 1962 жылы «Алтын шуақ» және «Бір шөкім бұлт» .

Қаламгердің халықтың өткен тарихы туралы «Күй», «Ханша Дария хикаясы», «Шыңырау», «Бәйгеторы» секілді орта көлемді эпикалық шығармалары мен «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең-алаң» романдары, «Абылай хан» пьесасы.

СЛАЙД 11

"Үркер» мен «Елең-алаң» тақырыбы — Қазақстанның Ресейге қосылуы, идеясы — Қазақстан мен Ресей халықтарының достығы. Романда суреттелетін оқиғалардың қалың тобын саралағанда, бұл пікір дұрыс.

«Үркер» мен «Елең-алаң» романдарының негізгі тақырыбы — қазақ халқының XVIII ғасырдың басында ел тәуелсіздігі үшін жүргізген күресі, ал негізгі идеясы — ел мен жердің тұтастығы мен тәуелсіздігі.


СЛАЙД 12

Тарихи тұлғалар:

Ә.Кекілбаевтың тарихи тұлғаларға арналған еңбектерін негізінен екіге бөліп қараймыз:

Бірінші, әдеби-көркем шығармалардағы тарихи тұлғалар (Абыл, Сүйінғара, Бекет ата, Шыңғыс хан, Ақсақ Темір, Әбілқайыр хан, Абылай, т.б.). 

Екінші, ғылыми зерттеулерінде қамтылған тарихи тұлғалар. Олар негізінен: Қарабура, Шотан батыр, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Әбілқайыр, Барақ сұлтан… 

Әбіш – барлық дерлік еңбектерінде қазақ елінің тарихы мен тағдырына тоқталған және тарихты жалықпай көп зерттеген жазушы. 

Қаламгердің алғаш жарыққа шыққан шығармасы «Бір шөкім бұлт» болатын.


Көп ұзамай, 1967 жылы «Күй» жарық көрді. «Күй» классикалық туынды болатын. «Күй» артынан «Ханша дария хикаясы» жарыққа шықты.

Осы еңбегі алдымен орыс, содан соң басқа тілдерге аударылып жарық көрді. Жазушының тарихи тақырыпқа жазған шығармаларының бірі – Ақсақ Темір туралы. Одан соң – «Үркер» романы.

Кекілбайұлы Әбіш – ақын, прозашы, драматург, әдебиеттанушы, сыншы, тарихшы, философ, сценарист, энциклопедист, өлкетанушы, жаратылыстанушы, дінтанушы, өнертанушы, аудармашы, редактор, депутат, аса көрнекті мемлекет қайраткері. Тәуелсіздікке тізесі бүгілгенше қызмет еткен азамат.

СЛАЙД 13

Әбіш Кекілбайұлы көптеген жазған шығармалары мен еңбектер үшін әр түрлі сыйлықтармен және ордендемен марапатталған.

СЛАЙД 14

Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының 1986, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының 1995, «Отан» орденімен 1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.


СЛАЙД 15 ВИДЕО


ҚОРЫТЫНДЫ:


СЛАЙД 16

Қорыта айтқанда, жазушы шығамашылығына негіз болған құбылыстардың басты арнасы- халық тарихы, туған ел. Жазушының ұлы тұлға ретінде қалтырған мұраларын көзіміздің қарашығындай сақтау бүгінгі жас ұрпақтың міндеті деп білеміз.


Ғылыми жобаны аяқтай отырып, жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы аса маңызды болды деп есептейміз. Осы жобаны қолданбалы курстарда қазақ әдебиеті пәні бойынша мұғалімдерге қолдануға ұсына отырып, бұл жобаның қаншалықты маңызды және тиімді екеніне көз жеткіздік.


Саналы ғұмырын елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекетімізді нығайтуға арнаған, қазақ руханиятының өсіп-өркендеуіне үлес қосқан қазақ жұртының ардақтысы Әбіш Кекілбаевтың жарқын бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталып қалады. 

Сондықтан да алдағы уақытта зерттеу жұмыстарын одан ары жалғастырамыз.

СЛАЙД 17

НАЗАРЛАРЫІҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
9 сәуір
1651
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі