Материалдар / Шығармашылық жұмыс. Бейнелеу өнері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шығармашылық жұмыс. Бейнелеу өнері

Материал туралы қысқаша түсінік
шығармашылық баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2018
2148
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бейнелеу сабағында жаңа технологияларды пайдалана отырып шығармашылыққа баулу

Бала ес біле бастағаннан-ақ өзі жете түсінбес жарқын, тартымды нәрсенің бәріне ұмтыла бастайды, мәселен, жылтыраған ойыншықтарды, әдемі гүлдер мен заттарды көрсе қуанады. Осының бәрі оның рахаттану, қызығу сезімін туғызады. Жиі ән, ертегі тыңдап, суреттерді қараған балалардың өнері қуаныш сезімдерінің қайнар көзіне айналады. Эстетикалық тәрбие алған балалар жарқын, әсем атаулының бәріне жәй ғана ұмтылып қана қоймай, сұлулықты жан дүниесімен қабылдайтын болады.

Мұғалім баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.

Бейнелеу өнері- көркемдік талғам қалыптастырудың өзекті құралы ретінде баланы өз халқының эстетикалық мұраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге, сүйе білуге баулиды.

Бейнелеу өнерінде балалардың сурет салуға, өнерді қабылдауы тұрғысынан білім деңгейлерінің әр сатылы болуына байланысты, сурет салуға мүмкіншіліктерін анықтай отырып, сапалы білім беру. Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.

Сурет салу өнерін үйретуге төмендегідей мақсат  қойдым:

- Сурет салу өнері арқылы  мектеп жасына дейінгі баланың  сезімдік эмоционалдық ортасымен эстетикалық  талғамын  және  шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

Алдымызға қойған бағытымыз:

Сурет салу іс-әрекеті арқылы, балаларды жан – жақты дамыта отырып тәрбиелеу;

Балалармен жүргізілетін жұмыс  түрлері:

- Сурет салу оқу іс-әрекеті арқылы;

- Күннің  екінші   жартысында бейнелеу  өнері  бойынша жеке  жұмыстар жүргізу.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс  түрлері:

- Әңгімелесу,кеңес беру,жиналыс,көрмелер ұйымдастыру,ашық есік күндері;

Мұғалімдермен жүргізілетін жұмыс  түрлері:

- Кеңестер беру;

-Ұйымдастырылған оқу  іс-әрекеттерін өткізу;

Алға қойылған мақсатты жүзеге асыруда мынандай міндеттерді аламыз:

- Бейнелеу іс-әрекетіне қажетті негізгі техникалық  дағдыларды меңгерту;

- сурет салу өнеріне деген қызығушылығын ояту;

- көркемдік талғамын арттыру;

- іскерлік дағдыларын меңгерту;

Сурет іс-әрекетіне бейімдеу бағыттары:

- айналаны бақылау және қабылдауын дамыту;

- бейнелеу өнері түрлері және көркем өнер туындыларымен  таныстыру, көркемдік талғамын арттыру;

- іскерлік дағдыларды меңгерту.

Баланың бейнелеу іс-әрекетінің  негізгі  түрлері болып  саналатын сурет салу жапсыру,илеу әрекеттерімен шұғылдануы, өз кезінде, оған сан алуан түстер гаммасымен танысуға формалар, сызықтар, түрлі пішіндермен танысуға мүмкіндіктер бере алады.

Сурет салу іскерлік дағдыларын меңгерту балалардың заттық тақырыпта сурет салу дағдыларын бекітеді. Бірнеше заттарды бейнелеп мазмұндысурет салуға, композиция құра білуге үйретеді. Бояу қарындаштар, акварель бояу менқылқаламды пайдаланудың әдіс-тәсілдерін меңгертеді. Жағыс түрлері: сүйкей жағыс, қылкалам ұшын тік бағыттау, жоғарыдан төмен қарай, солдан оңға қарай біртіндеп жүйелі тегіс бояу, сулау (дымқылдау) тәсілі, үрлеу тәсілі, бояуды шашырату арқылы сурет салу, үзіліссіз сызу, тамшы бояудан бейнеге келтіру, таяқшамен, саусақпен, қауырсынмен сурет салу тәсілдерін, қос бүктеп беттестіру арқылы симметриялы заттардың суретін салуға жаттықтырады. Балалардың қылқаламды еркін ұстап сызықты жіңішке, жуан, жалпақ түсіруге, бояуды қалыңдау жағу үшін қылқаламды көлбеу ұстап қаттырақ басу, сызықтың түрлеріне қарай бағытын өзгерту, қолдың қимыл қозғалысы мен көз мөлшерінің үйлесімділігін дамытады. Суреттің барлық бөлігін біркелкі бояу талабын ұштайды. Бояу түстерін тандап үйлесімді бере білуге дағдыландырады. Бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдарын меңгертіп, сурет салуға деген қызығушылығын арттыру көзделеді.

Сурет салу әдістері:

«Бастыру әдісі»: Әртүрлі заттармен бастыру  арқылы сурет салу балабақша дәстүріне айналып келеді.  Аталмыш техника  арқылы жұмыс істеу балаларда  жағымды эмоция тудырады, таныс тұрмыстық заттарды көркем сурет салуға қолдану мүмкіншілігін ашады. Бастыру үшін әртүрлі заттарды қолдануға болады. Мысалы: жапырақ, түрлі өсімдіктер, поролон, көкөністер, жүн, алақан, қарындаштың теріс бөлігі, жіп;

Дәстүрден тыс әдіспен сурет салуды үйренген бала, өз бетінше бастыру құралдарын  іздеп тауып көрсетеді. Бұл баланың өмірге шығармашылықпен қарауының, кез келген затты әр түрлі мақсатта қолдана білу іскерлігін дамытудың алғы шарты болып табылады.

«Көкөністер бастырмасы»: Балалар бастырма көмегімен салынған бейнеге ерекше қызығушылық танытады. Әсіресе көкөніс қалдығынан балалардың көз алдында даярланған штамптар даяр сатып алғандарға қарағанда қызығушылықты үдете түседі. Картоп, сәбіз, асқабақ қабығынан, және қызылшадан  түрлі пішіндер жасауға болады. Мысалы:шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш даярлау;картоп немесе өзге көкөніс қиығында контур жасап, артығын кесу; штампты гуашқа батыру немесе оған қылқалам көмегімен субояу жағу;қағаз немесе мата бетіне ойлаған сурет шығатындай етіп бастыру;  Штамптар көмегімен мата, кілем үлгілерінің  оюын жасауға немесе ұлттық ою-өрнектерден   сәндік композициялар құрастыруға болады. Жұмысқа ұлттық нақыш беру үшін жеке суреттермен ұжымдық жұмыстарды әшекейлеуде  ұлттық ою-өрнектерді жүйелі қолдану өте маңызды. Балалар ою-өрнекті бейнелеу арқылы кеңістікті бағдарлауға үйренедіжәне олардың аттарын атап есіне сақтайды.

«Саусақпен сурет салу әдісі»: Саусақпен сурет салу-алақанмен, саусақпен, табанмен бейнелеудің тағы бір тамаша әдісі. Бұл әдіс гуашь, майлы бояудың қасиетін (қанықтық, жұмсақтық) сезінуге көмектеседі.  Балаларға алақан немесе саусаққа  әр түсті бояу жағу арқылы заттың суретін салу ұсынылады, сондай-ақ таяқша, мақта, мата, поролонды қолдануға болады.

Қолдану ережесі:

- бояуды жайпақ табаққа, суды кішкентай құмыраларға құю, ал алақанмен сурет салғанда бояуды табаққа құйған жөн;

- әр саусақты бір түсті бояуға батыру,қағазға түсіріп болған соң құмырадағы суға жуып, қағаз сүлгімен  немесе ылғал шүберекпен сүрту керек.

Ағаштың суретін салғанда саусақпен діңі мен бұтақтарын бейнелейді, содан кейін алақанға сары, жасыл және қызыл сары бояуды жағып, жапырақтардың суретін салады. Үлкен ақ қағазда  (ұжымдық жұмысқа ыңғайлы) күннің суретін үлкен етіп салып, ал шуақтарды шеңбер бойымен  балалар өз алақандарын бастыру арқылы  түсірсе өте әдемі сурет шығады.

«Далаппен сурет салу»: Дәстүрден тыс әдістер жинағына ескі далаппен, лакпен, көз бояйтын теньмен сурет салуды  жатқызуға болады.Бірақ педагог өте мұқият, сақ болып, бұл заттарды  бала қолы жетпейтін орынға қою керек. Бала анасының косметика қолданғанын  бақылағанды ұнатады. Әдетте косметика қолдануға тыйым салынатындқтан, баланың өз анасының  далабымен ойнауға деген құмары арта түседі. Сондықтан косметикалық құралдармен  сурет салуды  ұйымдастыру  бала тілегінің  орындалуына  мүмкіндік тудырады  және ол пайдалы іс болып саналады.

«Нүктелер арқылы сурет салу»: Нүктелер арқылы сурет салу (нүктелі сурет)  дәстүрден тыс әдіске жатады. Сурет көптеген жекеленген нүктелер арқылы бейнеленсе, онда бұл сурет салу техникасы пуантилизм деп аталады. Нүктелер саусақ немесе қылқалам  ұшымен тықылдату  әдісі арқылы  түсіріледі, нүктелердің көлемдері  ір түрлі болуы мүмкін. Нүктелер арқылы  салынған сурет мозаика сияқты болады. Педагог контур нүктелерді қойып суреттің сызбасын даярлайды. Балаға нүктелерді сызықтармен қосу ұсынылады. Пайда болған бейнені аяқтауға, бояуға, сюжет ойластыруға және ат қоюға болады. Жұмысты аяқтаған соң балалар ашық түстерді немесе суық және жылы түстерді көп қолданған суреттерді топтастырады.

«Құммен сурет салу әдісі»: Балаларға құммен сурет салу өте қызықты болмақ, өйткені олар құммен ойнағанды қатты ұнататыны сөзсіз.

Қолдану ережесі: - ақ қағаз бетіне суреттің пішіні сызылып алынады;

- Пва желімін сызылған сызық бойымен қылқаламмен жағып шығамыз;

- Жағылған желімнің үстіне ыдыстағы құмды себелеп шығамыз.

Тәрбиешілерге бейнелеу сабақтарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар:

-балаларға айнала қоршаған ортадан алған әсерлерін, қабылдағандарын   бейнелеу іс-әрекетінде бере білу дағдыларын меңгерту;

- бейнелеу өнері түрлері жайында жалпы түсініктері мен көркем өнер туындыларын ажырата білу;

- өнер туындыларынан әсер алу, сипаттап әңгімелей білу дағдысын меңгерту;

- бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдары  жайында (түс, сызықтар, көлем, кеңістік, композиция) қарапайым түсініктерді меңгерту;

-сурет салуға қажетті құрал-жабдықтармен жұмыс істеудің іскерліктерін игерту; - ұлттық нақыштағы бейнелеу өнері түрлерін басқа халықтар өнерімен салыстыра, ажырата білу;

- көркем өнер туындылары арқылы көркемдік талғамын, өнердің бұл түріне деген қызығушылығын арттыру;

Мектепте тұрақты түрде диагностикалық зерттеу жүргізу балалардың жеке ерекшеліктерінің бар екенін көрсетеді. Балалардың сабақ барысында тақырыпты қабылдау оны жүзеге асыра білу қабілеті әртүрлі болып келеді. көбінесе үлгерімі жақсы балалар тақырыпты түсініп, іс жүзінде қолданса, кейбір балалар тәрбиеші көмегін аса қажет етеді. Міне осындай деңгейді анықтау үшін әр топта балалар білімін зерттеу  үшін бірінші жарты жылдықта және жылдық қорытынды  бойынша мониторинг жүргізіледі. Осыған байланысты мынандай қорытындыға келдік:

Қорытынды:  Мектепте бейнелеу өнерінің өткізілуі  сабақтарда  балалар  шығармашылығын дамыту үшін  оқып  үйретудің сан- алуан  әдістері және ең  алдымен  балалар дербестігін,  белсенділігін, өмір құбылысын көркемдік тұрғысынан қабылдау әрқашанда дара, әрі таңдамалы. Оның негізіне  әсемдікке  эмоция  білдіру жатады. Бала әрқашанда табиғаттағы, заттық дүниедегі, өнердегі  әсемдікке, адамдардың  мейірбан сезіміне  үн  қосады.  Мұның   өзіне   сәбидің  

басынан кешкен  қуанышының, талпынысының, толғанысының маңызы зор деп білеміз.

Нәтижесінде:

  1. Балада көркем өнер туралы білім қалыптасады.

  2. Шығармашылығы дамиды.

  3. Авторлық бағытта бейнелей біледі.

  4. Отбасы және балабақша ынтымақтастығы орнайды.

  5. Балалардың іскерлік қабілеті дамып, эстетикалық талғамы артады.  Сурет  іс-әрекеттері арқылы бейнелеу өнеріне деген  сүйіспеншілік оянады.













Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты».// Дала мен қала №5 8-ақпан.2008жыл.

2. Ф.Н.Жұмабекова. «Мектепке дейінгі педагогика». Астана  2012жыл.

3.Ф.Ниязбекова.  М. Сансызбайқызы. «Балабақшада баланы мектепке дайындау» Алматы «Шартарап» 2000жыл.

4.Д.А.Кошанова.А.Г.Молдаханова. «Біздің балабақша» 2007жыл.

5.БолатбаевҚ.Қ. Бейнелеу өнеріне арналған дәптер.-Алматы. Атамұра 2000жыл.

6.Швайко Г.С.  Балабақшадағы бейнелеу өнері сабақтары.-М.: Валдос.2000

7. Артемова Л. Р. Мектепке дейінгі балаларға арналған қоршаған ортадан дидактикалық ойындар.М.:Просвещение,1992.

8.Құрастырған: Сұлтанова Г.С. «Ағарту ісінен-қазіргі заманғы педагогикалық тиория мен практикаға дейін» Атырау 2007ж.

9. Нүсіпбекова М.И.Бейнелеу өнері «Аруна» баспасы Алматы 2002ж.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!