400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шығармашылық жұмыс. "Ертегінің бала тәрбиесіндегі маңызы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығармашылық жұмыс. "Ертегінің бала тәрбиесіндегі маңызы". Білімді, ақыл-парасатты, намысшыл, ой-өрісі кеңғ қайсар мінезді, талантты ұрпақ тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Picture 1 Түркістан облысы

Шардара қаласы

«Балбөбек» бөбекжай балабақшасы

Патсаева

Пернекуль

Алмасхановна





Тақырыбы: «Ертегінің бала тәрбиесіндегі маңызы»\

Жоспары

Тәрбиенің бастау бұлағы-мектепке дейінгі ұйымдар.

Негізгі бөлім

1.Халық ауыз әдебиетінің бала тәрбиесінде алатын орны ерекше.

2.Ертегілерді әр пәнде орынды пайдалану жолдары.

Қорытынды бөлім

Әдебиеттер тізімі

Мақсаты:

Білімді, ақыл-парасатты, намысшыл, ой-өрісі кең, қайсар мінезді, талантты ұрпақ тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:

Түсіндіру-көрсету, сұрақ-жауап, баяндау, бақылау, дидактикалық, логикалық ойындар.

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың : «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты қазақстан халқына жолдауында еліміз дамуының жаңа кезеңінің келесі он жылға арналған бағыт-бағдарын анықтап, айқындап берген болатын.Сондықтан бала бақша жасындағы балаларды жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыруда тәрбиешілер мен педагог қызметкерлер алдында үлкен мақсатты жұмыс тұрғандығын көрсетеді.Заман алға қойған бұл міндеттерді з мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде.

Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзілссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы-мектепке дейінгі ұйымдардан басталған орынды.Бала тәрбиесі отбасынан бастау алды десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, жан-жақты педагогикалық өрісін табады.Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы ізгілікті әсер етіп, мағынасы өшпейтін із қалдырады.

Баланы мектеп алды даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады.

Picture 7 Picture 7 Балабақша жасындағы балаларды жан-жақты дамыту кезінде ұлттық тәрбиенің алатын рольі өте зор.Қазақ халқы басқа халықтар сияқты бала тәрбиесіне өте ерте заманнан-ақ өзінің жиып-терген бай, асыл қазынасы, мол тәжірибесімен көңіл аударған.Қазақ атамыз келешек ұрпақтың қамын алыстан болжап, өмірге нәресте келгенде оған лайықты ат қойып, бесікке салып, тұсау кесер рәсімдерін жасап, өсе келе оған қазақ халқының ұлттық шежіресін, өзінің шыққан тегін, халықтың даналық сөздерінің мағынасын түсіндірген. Мінеки жас баланың ойлау, есту , сөйлеу, көру, есте сақтау қабілеттерін дамытуда халық ауыз әдебиетінің үлгілерінің алатын орны ерекше.Солардың ішінде көп тараған үлгілерінің бірі ертегілер.















Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ол ересектердің қызметінде, жұмысында, қызмет бабында қандай мәнге ие болса, мұнда да сондай мәнге ие болады. Бала ойнағанда қандай болса, есейгенде жұмыста да көп ретте сондай болады. Сондықтан да болашақ қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойында басталады

А.С.Макаренко

Енді ертегілерді әр пәнде орынды қалай қолдануға болатындығына тоқтаймыз.Мысалы: « Жеті лақ» ертегісінің сюжетті, суреттері арқылы тура және кері санауға үйретуге болады сонымен қатар жағымды жағымсыз кейіпкерлерді салыстыруға болады.Жағымсыз кейіпкер қасқыр ол нешеу? (біреу), ешкі нешеу? (біреу).

-Ендеше екеуін салыстырамыз екеуі тең.

-Лақтар нешеу? Лақтар жетеу.Олар қасқыр мен ешкіден көп.Сонда тәрбиеші бұл суреттерді «көп» және «аз» ұіымдарын тиянақтауда қолдануға болады.

Математика сабағында ертегі кейіпкерлерін ойын ретінде қолдану балаларды естіген ертегі кейіпкерлерін есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамытады.

Picture 10 Ертегі кейіпкерлерін музыка сабағында пайдалану жоғарғы топтағы тәрбиеленушіледің есте сақтау және дыбыстау қабілеттерін арттырады.Егер тәрбиеші ертегіні өзі оқығанда қызықсыз болады десе түрлі дыбыстық дискілерге жазып әкеліп оқуға болады.Онда жазбалар музыка пәнінде балалардың есту қабілеттері мен дауыс ырғағын қайталау (ритмдерді таңдау) арттыруға көмектеседі

Picture 10














Білім және атамұраны жақсы тәрбие менен безеу керек.

Абу Насыр Фарабий

«Қызыл телпек» ертегісін тыңдату арқылы, ертегідегі Қызыл телпектің көңіл күйін, қимыл қозғалысын ноталық дыбысталуын қайталатуға болады. Музыка пәнінде дыбысталу ырғағын үйрету арқылы баланың дене мүшелерінің дұрыс шынығуына да әсер етуге болады.
Мысалға: «Не қалай дыбыстайды» ойынын ойнату арқылы балаларға аңдар мен жануарлардың қалай дыбыстайтындығы бойынша балалардың жақ сүйектерінің дұрыс қалыптасуына, есту тілдерінің дұрыс дамуына әсер етеді.Ол үшін музыкадан ноталық сауатты яғни жеті нотаны дұрыс айтып үйреткен дұрыс музыкалық орталықтан «Қарға мен бұлбұл» ертегісін тыңдату бойынша қай құстың әні
мұндай ноталар арқылы дыбыстық қайталаулар (распевкалар) арқылы балалардың есту қабілеттерін дамытуға болады. Жалпы ертегілер арқылы балалардың ой өрісін дамыту арқылы бейнелеу пәнінде балалардың заттардың бейнелеп көлемін, сызық түрлерін және бояу түрлерін ажырата білуге үйретеді.Әртүрлі геометриялық денелер бойынша ертегілер кейіпкерлердің суретін құрастыруға бояуға болады. Мысалы атап айтқанда қонжық көлемі сопақ, қисық сызықтар арқылы кірістіруге, мысық көлемін жарты дөңгелек , кішкентай үшбұрыштар арқылы көрсетеміз. Сонымен қатар ертедегі жағымды немесе жағымсыз кейіпкерлерді жылы және суық түстермен дөңгелектер арқылы бейнелеп көрсетуге болады. Мүсіндеу арқылы ермексаздан ертегі кейіпкерлерін жапсырмалау арқылы театрланған көрініс дайындауға болады. Көркем әдебиет және тіл дамыту сабақтарында ертегінің алатын рөлі ерекше, себебі тәрбиеші ертегі мәтінін осы кезде оқып, таныстырады. Ертегілердің мазмұнына қарай қандай топтарға бөлінетіндігін де таныстырып айта кеткен жөн.

Тұрмыс-салт, Хайуанаттар, Қиял –ғажайып ертегілері туралы ертегілері
Сонымен қатар сюжеттік суреттер арқылы ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беруге және ертегі мазмұнын құрастыру балалардың шығармашылық қаблеттерін арттыруға көмектеседі. Ертегі халық ауыз әдебиетінің негізгі бөлімдерінің бірі екенін ескерсек, олардың бала тәрбиесіндегі яғни жас бүлдіршіндерді адамгершілікке, имандылыққа
тәрбиелейдіЖалпы шығармашылық жұмысымды жеке тұлғаны дамытудағы ертегінің маңызы туралы мен сабақтардан басқа дене шынықтыру пәнінде де ертегі кейіпкерлерінің қимыл-қозғалысын салу арқылы қозғалыс жаттығуларын жасатуға болады екен.
Мысалы: сабақтың ұйымдастыру бөліміндегі аяқ-қол жаттығуларына қонжықтың жүрісін қолданамыз. Эстафеталық ойындар сайысын өткізуде аңдар керуенін ұйымдастыруға болады, әрбір сабақта сергіту минутін орындатқанда қозғалыс элементтерін орындату арқылы құстардың ұшуын, тербелісін көрсеттіріп балалардың қызығушылығын ояту арқылы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына мүмкіндік береді

Қорытынды:

Балабақшада жоғарғы топтардың тәрбиеленушілерінің даму сатысының іргетасы міне осы мезгілден қалыптасып, түзелу процестері жүргізіле бастайды. Бұл уақытта тәрбиешінің іс-әрекеті жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Олардың қызығушылығын ынтасын ояту арқылы, зерттеушілік іс-әрекеттерін туғызуға болады. Тәрбиешінің қиялдауына қанат бітіріп шығармашылық белсенділігін арттыру арқылы жан –жақты дамыту үрдісін ұйымдастыруда әрбір пәнде сюжетті, көркем, ертегі кейіпкерлерінің суреттерін көрсету арқылы ауыз әдебиетінің бала тәрбиесіндегі маңызды орынын көрсетуге болады.
























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
25.07.2022
728
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі