жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Шығармашылық жұмыс. Сәулеттік нысан макеті.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Дизайн және технология |
Мектеп: МОӨК |
|||||||||||||
Күні: 02.12.2019 |
Мұғалімнің аты-жөні: Тапалов К.А |
|||||||||||||
Сынып: 9 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Шығармашылық жұмыс. Сәулеттік нысан макеті. |
|||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы) |
9.1.6.2- Бұйымды дайындау мен безендіру барысында заманауи және дәстүрлі емес материалдарды қолданудың өзіндік шешімдері мен жолдарын табу. 9.1.6.4- Шығармашылық жұмыстар жасау үшін әр түрлі технологиялар мен өнер материалдарын қолдану бойынша өзіндік шешімдерді жасау.
|
|||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Оқушыларды заттарды трансформациялау дағдыларына, осы материалдармен әр түрлі манипуляция көмегімен түр өзгерту тәсілдеріне үйрету. Жобаны түрлі материалдармен жүзеге асыру бойынша бірқатар мәселелерді қарастыру. Көлемі бойынша макеттің бөлшектерін жасау және макеттің қалған бөліктеріне жұмыс істей білу. Қол астындағы материалдар мен бейнелеу өнері материалдарын тиімді пайдалану. Қолданылатын материалдың қасиеттері туралы ақпарат беру. Желімдеу арқылы өңдеу және т. б. Жобада қолдануға болатын геометриялық фигуралардың түрлерін қарастыру. Болашақ ғимарат бөліктерінің оңтайлы әдістері мен құралдарын қолдана отырып, материалдs әзірлеу.
|
|||||||||||||
Бағалау критерийі |
Материалдарды өңдеу мен безендіру барысында ұтымды тәсілдерді таңдай алу. Сәулеттік бұйым дайындау.Макеттің сызба үлгісін жасау, безендіру.Тарихи құндылықтарды ажыратып талдау.Мәдени және тарихи жәдігерлер, қолөнер мен дизайн салалары шығармаларының материалдарын, бағытын, салыстыра білу.Бұйымның сапасын және өнімнің сыртқы көрінісін анықтайтын негізгі факторларды (эстетика, атқаратын қызметі, экономика) зерттеу, талдау.Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды уақытында әрі дұрыс орындау.Сабақ барысында тындаушының назарын өзіне аудара алу. Қауіпсіздік ережесін сақтау.
|
|||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Тарихи ескерткіштерді бағалау, өткенге құрметпен қарау. Архетуктура,ғимарат,құрылыс жайлы мағлұмат алады. Сын айту арқылы ашықтық, сенімдік қалыптасады. Топта оқушылар бір-бірін тыңдайды, бірлесе жұмыс жасау және бірлесе шешім қабылдау арқылы ұйымшылдық-ынтымастық құндылығы қалыптасады. |
|||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Тарих, сызу.
|
|||||||||||||
Алдыңғы білім |
Осыған дейінгі Сәулеттік нысанның макет тақырыбы туралы түсінігі бар.
|
|||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин
|
1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу. Психологиялық ахуал туғызу. "Өзіңді таны" 2.Үй тапсырмасын тексеру «Миға шабуыл» 1. Сәулет макеті дегеніміз не? 2. Масштабты қалай түсінеміз? 3. Макет жасауға қолданыладын материалдарды ата. 4. Көбікті қатырма деген не? 5. ПВХ материалы туралы айтып бер. 6. Органикалық шыны туралы айтып бер. 7. Сызба дегеніміз не? 8. Сәулет құрылыс сызбаларына нелер жатады? Қ.Б Мұғалімнің мадақтамасы: жарайсың, тамаша, жақсы, керемет. Топқа бөлу: «Құрал-жабдықтар»түрлеріне қарай топқа бөлінеді. І топ «Қарындаш» ІІ топ «Сызғыш» |
|
||||||||||||
Сабақтың ортасы
2 мин
2 мин
3 мин
23 мин
|
Оқушыларды сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру. «Технология» пәні сабақтарында шеберханада қауіпсіздік ережелерін сақтау Шебер, есіңде болсын! Арнаулы пышақты ұстағанда, екінші қолың пышақ жүзінің кері бағытында болсын.Пышақтың жүзін саусағынмен сипама.Екінші кісіге пышақты сабы жағымен ұстат.Екінші кісіге қарай пышақты сілтеме. Жұмыс кезінде пышақтың үстіне тым еңкейме. Денеңді тік ұстап жұмыс істе. Желіммен жұмыс жасағанда желімді аузыңа, көзіңе тигізбе.Желіммен жұмыс соңында қолыңды жу. Жұмыс орныңды әрдайым дұрыс, таза ұста. Құралдарды ыңғайлы,өзіңе керек жерге қой. 1 тапсырма: «Ойланайық» әдісі. Сәулет өнері ішіндегі көне және заманауи ғимараттарды ажыратыңыз
Дескриптор - Көне және заманауи ғимараттарды ажыратады; - Қазақстан сәулет өнерінен хабары бар;
Бағалау "Бағдаршам"
2 тапсырма: «Мен үшін құнды» әдісі. Әр топ оқушылары заманауи ғимараттың қиынды суреті беріледі. Берілген суреттерді құрастырып оқушылар өз ойларын айтуы тиіс.
Дескриптор:
Суретті құрастырады, ойларын айтады Бағалау "Бағдаршам" 3 тапсырма: Сарамандық жұмыс Пвх материалынан қазіргі заманауи сәулет нысанын жасау.
Дескриптор - Нұсқау карта бойынша жұмыс жасай алады - Материалмен жұмыс жасай алады -ТҚЕ ережесін сақтайды
|
Қазақстан сәулет өнері суреттері. (заманауи, көне)
Қазақстан сәулет өнері. (заманауи)
Суреттер, ПВХ материалы, ,сызғыш,желім. -техникалық нұсқау картасы-
|
||||||||||||
.
Кері байланыс 5 минут
|
«Интервью» әдісі
|
Кері байланыс парағы. |
||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды. Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді. |
Сабаққа нақты мақсат қойылды. Сол мақсатқа жету барысында, сабақ кезеңдерінде төмендегідей әдіс-тәсілдер таңдалды: «Ойланайық» әдісі, ҚБ: «Миға шабуыл»,«Мен үшін құнды», «Интервью» Тапсырмалар мен әдіс-тәсілдер таңдау барысында оқушылар оқу мақсатына жетті. Сабақ соңында заманауи ғимарат макетін жасады. |
|||||||||||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
|
||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген