жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Шығармашылық жұмыстарды жүргізу жолдары
Шығармашылық жұмыстарды жүргізу жолдары
Сабақ беру үрдісінде шәкірттерді шығармашылық жұмысқа баулудың маңызы зор. Жазба жұмыстары олардың танымдық белсенділіктерін, ойлау жүйесін арттыруға көмектеседі. Жазба жұмыстарынан әр баланың өзіндік көзқарасы, эстетикалық және адамгершілік танымы, эмоциясы, пікірі, талдау, қорытындылау, салыстыра білу тәріздіжекелік қасиеттерібайқалып тұруы қажет деп ойлаймыз.
Оқушылар арасына жүргізілген зерттеу сауалнамаларының қорытындысы шығармашылық жазба жұмыстарын бастауыш сыныптардан бастап жазғанның тиімді болатынын көрсетті. Шағын әңгіме, ойтолғау, салыстырмалы мінездемелер жазу, кейіпкер портреті, эссе, эпостолярық жанрда жұмыс жасау жоғары сыныптарда балалардың шығармашылық тұрғыда көркем жанрда еркін қалам сілтеуіне жағымды әсерін тигізді.
Оқушылардың шығарма жаза білуі үшінкөркем шығарманы оқу жеткіліксіз, жазба жұмысы сапалы жазылу үшіноған дайындық ретінде алдын ала жүргізілетін арнайы жаттығулар жүйесі болу керек. Әр түрлі жанрдағышығармашылық жұмыстарды жазуға төселдіру, интерьвю алу, репортаж жүргізу, салыстырмалы, типтік мінездемелерүлгісін жаздыру, ойтолғау, сыртолғау тәрізді шағын шығармаларға баулу балаларды «нағыз» шығарманың авторына айналдырады. Осындай жұмыстарды жаздыру алдында шәкірттерден «Өзіңе үш сұрақ қой: не жазғым келеді, қалай жазамын, не үшін жазамын?» деген талап қою керек. Шәкірт жазба жұмысының алдында жұмыстың мәні мен өз ойын қалай түсіретіндігі туралы ойды жүрегінен бір өткізіп алуы қажет. Яғни, бала қандай тақырыпты таңдауын, жұмысындағы негізгі ойды, жанрдың түрі мен стилі туралы алдын ала ойланып алғаны жөн.
Шығарма тақырыбы дегеніміз – бала шығармасында не айтқысы келеді осы мәселе. Ал жұмыстың негізгі ойы – тақырыпқа қойылған сұраққа жауап. Кейде тақырыптың өзі сұрақ сияқты болып келеді. Мысалы: «Сүйікті ақының кім?». Автор қойылған сұраққа жауап бере отырып хабарлама түрінде жұмысын жазып кетеді. Әрі шығармада автордың (оқушы) өзіндік ойы, көзқарасы танылуы керек. Кейде негізгі ой шығарманың аты да болып келеді. Мысалы: «Гүлдене бер, туған жер!».
Шығармашылық жазба жұмыстары – тіл дамылу жұмыстарының бір түрі. Әдіскер В. А. Никольский «...что школьное сочинение есть процесс и результат работы над темой, предложенной преподавателем, ученика и самого преподавания» деген пікірінде жазба жұмысын жазарда мұғалім оқушыға міндетті түрде бағыт-бағдар беруі керек деген ой жатыр.
Мектеп тәжірибесінде кездесетін олқылықтың бірі – мұғалім оқушыларға шығарма жазу тәртібі туралы ешқандай нұсқау айтпай, бірден бастап кетулерін талап ету. Бұл арада ұстаз оқушыға қызықты да ыңғайлы тақырып берумен қатар жұмысты қалай жазу жөнінде де оған көмек беруі қажет деп есептейміз. Тәжірибеде көріп жүргеніміздей, кей мұғалімдер оқушыларға жалпы түрде «Табиғатты бақылаңдар», «Қызықты нәрсе жазыңдар» деген сияқты құр ғана ойын айтып жатады. Табиғатты қалай бақылау керек, қалай қызықты жазады, бұл жөнінде ешқандай мәлімет берілмейді. Бқдан шығатын қорытынды: жазба жұмысқа үйретпейінше, арнайы нұсқау айтылмайынша, шын мәніндегі жақсы шығарма дүниеге келмейді. Әдеби тақырыптағы жазба жұмысының негізгі міндетіне әдебиет және оны оқыту туралы ғана емес, әдебиетті оқыта отырып оны түсінуге бағыт – бағдар беру жатады. Көркем шығарманы түсінуді, сезінуді, оны жүрек пен ақыл арқылы қабылдауды да шығарма жазу арқылы жүзеге асырған ләзім.
Мұғалім ретінде есте жүретін нәрсе: ұстаздың шығарма жаздыру үшін дайындаған сұрақ-тақырыптары барлық кезде өз нәтижесін бере алмайды. Кейде шығарма тақырыбы баланың психологиялық ерекшелігіне, қабілет-икемділігіне, жанұясының құрамына, табиғат ерекшелігі ескеріліп берілгені жөн. Өмірінде тау не көл көрмеген балаға «Тау келбеті мен көл дидары жөнінде» әдеби сипаттама жаздыру аса қиын іске жатады.
Оқушылар арасына таратылған сауалнама қорытындысы оқушылардың көбісінің еркін тақырыптағы шығарманы жазуды қалайтынын көрсетті. Бұл мәселенің себеп-салдарына балалар еркіндікті жақсы көреді, балаға өз пікірін білдіру көбірек ұнайды, көркем туындыны аз оқиды, көркем шығарманы талдау біліктері төмен деген болжамды алға тартқымыз келеді. Әрине, еркін тақырыпта шығарма жазуғатөселген бала-әдебиет әлемін түсінген, оқырман ретінде шыңдалған болашақ қаламгер.
Шығармашылық жазба жұмыстардың мақсаты – логикалық ойлауды дамыту, шығармашылық қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беруге ұластыру, әдебиетті іштей түсіне отырып, оның мәні мен құдіретті орнын өз дүниесінде көркемдеп бере алу.
Шығарманы жаздырудың бірінші міндеті – тақырыпты түсіну. Бұл үшін әуелі жоспар құрып, шығарманың негізгі ойын ұғыну керек. Оқушымен жұмыс белгілі тақырыптың негізгі ойын анықтаудан басталуы керек. Тақырып сұрақ бойынша шығарма идеясын қалыптастыруды үйрете отырып меңгертіледі.
Шығарма жазудың өзіндік біліктері: шығарманың негізгі ойын тану мен тақырыбын түсіну; шығарма жазу үшін материал жинау; жиналған материалды жүйелеу; әр жанрда шығарма жазу, шығарманың жоспарын құру, әдеби-сыни материалмен жұмыс; тілдік категориялар ережесін білу(сауаттылық); шығармада өзіндік көзқарас, ұстаным көрінуі.
Егер ұстаздар осы біліктерді оқушыларға меңгерте алса, шығармашылық жазба жұмыстардыңсапасы жоғары деңгейге көтерілер еді.
Шығармашылық жұмыс табиғаттың төл перзенті адамның көңілкүй, ой-толғам, болмысына, сыртқы дүниені танып білу, ұмтылу мүмкіндігіне де байланысты. Осыған орай кейде ойтолғау түрінде оқушыларға «Мен кіммін?», «Робот пен нағыз адамның айырмашылығы» деген тақырыптарды жазуға тапсырма беремін. Менің бұл арадағы үстаздыұ міндетім – жұмбақ дүние сырын меңгеру барысында әрдайым дамып-жетіле беретін жекелік қасиеттердішәкірт бойына дарыту, ара тұлғаның пікірі арқылы адам психологиясы мен қоғам өмірін жақындастыру, баланың өз шығармасы арқылы өмірмен байланыстыру.
Жоғарыдағы тақырыпқа жазылған жазба жұмыстары бір-біріне ұқсамайтын ерекшелігімен, шындығымен, өзіндік пікірімен көңілге қонып еді. Кейде еркін тақырыпта жазылған шығарма, ойтолғауларда демократияның лебі әбден сезіліп тұрады, сондықтан бала шығармашылығын дамытқысы келген ұстаз әуелі шәкірттерді еркін тақырыпта шығарма жазуға бейімдеп алып, бірте-бірте көркем туындыға шығаруы керек деп ойлаймыз.
Көркем әдебиеттің мақсаты – қоғам мен адам, халық пен жеке адам арасындағы жанды әлеуметтік, психологиялық байланыстарды табиғи суреттеу, ал шәкірт шығармадағы кейіпкердің жан дүниесін түсінбесе, олар туралы жақсы сипаттама, шығарма, ойтолғау олардан шықпас еді. Сондықтан тәжірибелі ұстаз туынды кейіпкерінің ішкі әлемін сипаттайтын мәтінге, штрих, детальға терең назар аударуды оқушыға міндеттейді. Осы арада Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілегіндегі» Ақбілек монологі, Бейімбет Майлиннің «Айранбайындағы» Көкек әнін салуы, «Шұғаның белгісіндегі» «Ой, өзі де Шұға десе, Шұға еді-ау» деген бір ғана сөйлем, «Абай жолындағы» Құнанбай портреті шығарма тақырыбы мен идеясын терең түсінуге бағыттайтын, кейіпкердің ішкі әлемін ұғуға жетелейтін жанды детальдар. Ұстаздар оқушысына жүрек сырын шерте білетін шығарма жаздырғысы келсе, .лкен туындыдағы негізгі нәрсені – көп ойдың кішкене түйінін аңғартатын осындай портреттік сипаттаманы, монолог-диалог, деталь, штрихтарды-психологиялық жәйттерді көріп білуге, одан ой түйінін жасатуға, үйретуге жол салмақ. Осы арада Л. Толстойдың «Көркем шығармадағы басты нәрсе – автордың жан дүниесі» деген сөзі де еске түседі.
Оқушыларға бойында қарама-қайшылығы мол, ішкі сезімін терең көрсететін кейіпкерлер көбірек ұнайтын сияқты, себебі олар өз ойтолғауларында көп жағдайда сондай кейіпкерлер туралы жазғанды ұнатады. Әр ақын-жазушының шығармашылығы бойыншы өзіне ұнаған кейіпкерлерге ойтолғау жаздыртамын. Шәкірттер ақын-жазушы шығармашылдығы ерекше ықыласпен, айрықша толғаныс-сезімдермен жазып шығады, себебі, әркім өзінің жанына жақын кейіпкерлермен сырласады, оны өзгелерге танытуға тырысады, сол жолда барын салады.
Оқушыларды жазба жұмысына бейімдеудің бір тәсілі ретінде ойдан сюжет құрауәдісін жатқызуға болады. Кейде әдебиет сабағын сырласу кезеңіне айналдыруға болады. Бұл жердегі мақсат: шәкірт іштегі ойын сыртқа шығарса, сезімін, ой-қиялын ұстазбен бөліссе, өзіндік жақсы пікірлер қалыптасар еді. Ойтолғау тақырыптары «Хат жаздым қалам алып», «Оңаша сыр айтамын өзіңізге», «Тек сізге арналады», т.б. деген мазмұнда болып келеді.
Шығармашылық жұмыс адам жанының психологиялық әрекеттеріне байланысты. Кездейсоқ тақырыптың өзі шәкірттің өзіне беймәлім болған сырларын да ашып береді. Қиялы ұшқыр, сезімтал ұстаз кез келген нәрседен жағдай туғызып, бала сезіміне нәр береді.
Орта мектепте көркем шығарманы талдау жолдары
Жалпы білім беретін мектепте шығарманы талдауда негізгі назар аударатын, ерекеше мән беретін жай талдау жұмысының шығармадағы басқадай тәрбиелік астарларға, өзге де рухани құндылық арналарына кері ықпалын, нұқсанын тигізбеуін ойлатрыған абзал. Көркем шығармаларды оқу және талдай білу оқушылардың әдеби білімін дамытудың негізгі тәсілі болып есептеледі. Оқу мен талдауды ұйымдастыру кезінде мұғалім сабаққа тек ғылыми-танымдық тұрғыдан ғана қарамай оған көркемдік талдау тұрғысынан да қарауды ұмытпаған жағдайда ғана табысқа қол жеткізеді.
Әдеби шығарманы мектепте талдаудың негізгі мақсаты – «мұғалімнің оқытуға жұмсалған барлық күш-жігері, оқушының өзіндік ынтасымен ұштасып дидактикалық жаңғыруға жету» (Ю.К.Бабанский). Бұл жағдайда әдеби шығармаларды талдау бойынша оқушылардың белсенділігін ұйымдастыру өте қажет. Олар осылайша сөз өнерін тікелей оқып-үйрену арқылы жалғастыра береді.
Сонымен бірге оқу мен талдаудың тамыры мен «туысқандық» байланысына қарамастан олардың қызметтері әр түрлі екенін ескерген жөн. Оқудың ерекшелігі әдеби мәтінді субъективтендіреді, көркемдік әсерлер арқылы шығарма бейнелері мен ондағы жағдайлар оқырман санасында орнығады. Ал талдау болса, субъективтік қабылдау мен көркем шығарманың жүйелілігін салыстыру арқылы авторлық ойлауды ақиқат-шындық етіп көрсетуге бағытталады. Көркем шығарманы оқу мен талдаудың басқа да айырмашылықтары жетерлік. Оқу – жазушы мен оқырманның өзара жеке-дара қатынасы, сырласуы. Ал мектеп аясындағы талдау – ұжымдық қызмет. Әдеби шығармаларды талдауда оқушылар мен ұстаздың қарым-қатынасы, ынтымақтастығы жадғайында барлық қырман-шәкірттердің оқу үдерісі барысындағы және өмірлік тәжірибелерін өзіне сіңіре қабылдайды. Оған қоса сыныптас жолдастарының ойы мен мұғалімнің пікірі оқушының әдеби шығармаға деген көзқарасына, қабылдауына әсер етеді.
Оқырман еңбегінің негізгі қырлары мен көрсеткіштері ретінде көптеген психологтардың, әдіскерлердің, өнертанушылардың мойындауынша белсенділік пен сезімдік реакция, көркем мәтінге мейлінше терең бойлау, оқушы қиялындағы көркем бейненің нақтылануы, шығарма түрін бағалаудағы эстетикалық қабілеті автор идеясын, жазу өнерін шынайы шындықтай тануға жетелейді. Оқушы жұмысындағы бұл қырларды анықтау шартты түрде болғанмен олар оқу мен әдеби шығармаларды талдауда туындының ішкі күрделі сыр-сипатын түсінуге мүмкіндік алады.
Әдеби шығарманы талдау оқушы еңбегінің түрлі қырларын жетілдіруге және әр оқушының неғұрлым жоғары деңгейге көтерілуіне көмек беруге бағытталуы тиіс. Ұжымдық және жеке-дара жұмыстарды әр әдеби талдау көлемінде тығыз байланыстырғанда ғана оқырманды жан жақты дамытып және оның күрделі өнерді игеру мүмкіндіктеріне көмектесуге болады. Сондықтан оқушылардың әдеби дамуында, оның дүниетанымының баспалдақтап өсуінде шығарма талдаудың рөлі орасан зор. Әдеби туындыны талдау негізінде оқырманды бақылауға және оның барлық танымдық қырларын (білім, білік, дағды) дамытуға әсер етуі тиіс. Ол үшін оқушы өзінің оқырмандық сезіміне, әрі мәтінді терең түсінуіне, әрі қиялдың ұшқырлануына, әрі көркемдік түрге эстетикалық көзқараста болуына жетелейтін белгілі бір әдеби тақырып көлемінде тапсырма алуы қажет. Ұстаз оқу үдерісінде осы жайтты мықтап есте ұстағаны абзал.
Оқырмандық қабылдау және оны анықтаудың әдістері сан алуан. Оқушылардың көркем шығарманы талдау жұмысына деген сұранымдарын ашу, олардың көкірек көзін ояту мұғалімнің оқырмандық қабылдау қабілетіне сергек қарауын талап етеді. Әдебиетті оқытудың психологиясы мен әдістемесі оқушылардың жалпы қабылдау қабілеті олардың әрқайсысының жас ерекшеліктеріне байланысты екенін баяғыда анықтаған. Дегенмен оқушылардың жеке-дара өзіндік ерекшеліктері бұл жағдайда жалпы ережелерді автоматты түрдепайдалануға мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан ұстазға шығарманың мазмұнын анықтауда және талдау әдістерінде сынып оқушыларының қабылдау ерекшеліктерін білуі ерекше қажет. Оқырмандық қабылдауды оқушылар бірден түсіне бермеуі мүмкін және оны әдебиет пәні мұғалімі ашық білдіре бермейді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген