Материалдар / Шығармашылық жұмыстардың маңызы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шығармашылық жұмыстардың маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға, сынып жетекшілерге, өзін-өзі тану мұғалідеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2018
1060
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін-өзі тану сабағындағы шығармашылық жұмыстардың танымдық және тәрбиелік мәні.

Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет. Осы өрлі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Өзін-өзі тану» пәнінің алға қойған мақсатының өзі ерекше.

«Өзін-өзі тану» оқушының өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге, қоғамда және қоршаған өмір жағыдайларында өзінің бағыт-бағдарын анықтауына, өз бетінше шешім қабылдауына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, оқушының білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабілеттерін, дүниетанымын, өмірлік мақсаттарын айқындауға, жеке басының қасиеттерін дамытып оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу мектеп өміріндегі үздіксіз оқу-тәрбие процесінің ғана жемісі болып табылады.

«Өзін-өзі тану» пәні басқа пәндерден алған білім мазмұнын толықтырып, жалпыадамзаттық құндылықтарға баулитын пән. Бұл пәннің әрбір сабағы балаларды достыққа, сыйластыққа, әсемдікке, әдептілікке шақырады.

Бұл пәннің өзіндік ерекшелігін байқататын «Тыныштық сәті», «Үй тапсырмасын тексеру», «Дәйексөз», «Мұғалім сыйы», «Шығармашылық немесе топтық жұмыс», «Топпен ән айту», «Үйге тапсыма», «Соңғы тыныштық сәтімен» аяқтау балалардың дамтушы ортасын құруға ықпал етеді.

Әрбір баланың бойындағы шығармашылық әлеуетін тани түсуге және аша білуге, өзінің эмоциялық көңіл-күйі мен мінез-құлық мотивтерін ұғына білуге, бағалай білуге мүмкіндік туғызатын бұл « шығармашылық немес топтық жұмыстар».

Шығармашылық және топтық жұмыс түрлеріне: эссе, әңгіме, өлең, мақал-мәтел, әндер жазу, немесе жағдаяттарды талқылау және сахналау т.б.

Әр сыныпқа және тақырыпқа байланысты шығармашылық жұмысты ұйымдастыру мұғалімнің өз ізденісіне байланысты. Мен сабақ барысында көбіне балаларға тақырыпқа байланысты шығармашылық жұмыстар жүргіземін. Балаларға 5-10 минут ішінде сабақтың тақырыбына байланысты өлең, эссе, әңгіме немесе мақал жазуды тапысрамын. Тапсырма берілген кезде кейбір оқушылар қолдарынан келмейтіні туралы айтып жатады. Осындай пікірлер айтылған оқушыларға «сабақ барысында оқылған өлеңнің немесе шығарманың мазмұнын сақтап, сөздерін өзгертіп жазып көр» деген сияқты пікірлер айтамын. Шығармашылық жұмысқа берілген уақыт аяқталған кезде «жаза алмаймын» деген оқушылар өз туындыларын оқып таң қалып жатады. Олардың бойында өздеріне деген сенімділік пайда болады, көздері қуанышқа толады. Мәселен осындай тапсырмалар кезінде 3-сыныпта «Мейірімділік – асыл қасиет» деген тақырыпқа балаларға «Анашым» атты төрт шумақ өлең шығаруды тапсырған болатынмын. Әрине ер балалар қолымнан келмейді деді. Мен оларға бірінші және үшінші шумақтарына нұсқау бердім.

Әлдилеген анашым

---------------------------

Түнде бесік қағасың

---------------------------

немесе,

әлпештеген баласын

---------------------------

Жыр арнадым жүректен

----------------------------

Сонымен бірге балаларды топтарға бөлу арқылы да шығармашылық жұмыстар жүргізуге болады. Алдымен балаларды топтарға бөлемін. Топтарға бөлу үшін түрлі-түсті пішіндер пайдаланамын. Топтарға берілген тапсырмалардың деңгейлері бірдей болуға тиіс. Мыс: екі топқа де сабақтың тақырыбына байланысты жағдаяттарды сахналау және осы жағдайдан шығу жолдарын табу.

Тақырыпқа байланысты коллаж дайындау.

Осы сияқты тапсырмалар негізінде көптеген оқушылар өз сезімінің әсерінен туған шығармаларын көркем тілмен жеткізуге тырысып жатады.

Шығармашылықтың арқасында оқушыларда өзіне сенімділік сезімі нығаяды, ынтымақтастық, іс-әрекеттегі келісімділік дамиды.

  • Ойындағысын өлеңмен жеткізуге бейімделеді.

  • Ойын еркін жеткізуге тырысады.

  • Қиял ұшқырлығы дамиды.

Үнемі осыдайша жұмыстанатын шәкірттердің ойы терең, қиялы ұшқыр яғни шығармашыл тұлға болып қалыптасары сөзсіз. В.А. сухомлинский өз еңбектерінің бірінде «Әрбір бала – суретші» деген. Олай болса, мұғалімдердің кәсіби еңбегінде шығармашылық әрекеттің орны ерекше маңызға ие.







Шығармашылық жұмыстар:

  1. Табиғат тақырыбына байланысты шығармашылық жұмыс:

Оқушыларды кездейсоқ топтарға бөлу. Барлық топтарға бір тапсырма: «Менің қиялымдағы табиғат» тақырыбында коллаж дайындау. Және өз дайындаған коллаждарын таныстыру. Бұл шығармашылық тапсырмаға 10 немесе 12 минут беріледі. (себебі қию желімдеу жұмыстары бар)

  1. Жоғары сыныптарда «Мақсат – жетістік бастау» немес «Ізгілік іздеп келемін» деген тақырыптар бар. Осы тақырыптар барысында оқушылардың болашаққа деген көзқарасын білу мақсатында, өз болашақтарын жоспарлау мақсатында «Бүгіннен жарқын болашағыма» тақырыбында балаларға шығармашылық жұмыстар орындатамын.

Ол үшін оқушыларды топтарға бөлемін.

1-топ: Ақындар тобы: Шағын өлең шығару.

2-топ: Жазушылар тобы: Эссе жазады.

3-топ: Суретшілер тобы: Сурет салады.

Бұл тапсырмаға 7-10 минут беріледі.



  1. 9-сынып материалында «Адам мен Отбасы» деген тақырыпқа байланысты мынадай шығармашылық жұмыс ұсынамын.

«Адам мен отбасы» тақырыбында постер құрып, қорғау.

(7-10 минут)



  1. Денсаулық тақырыбына байланысты шығармашылық жұмыс:

«Салауатты өмір салтын ұстану ережелері» құрастыру. Балаларды топтарға бөліп, барлығына бір тапсырма беру. (7-10 минут)



  1. «Жаныңда жүр жақсы адам» немес «Іздегенде табылатын қасыңнан» атты тақырыптаға арнап, балаларға өлең шығаруды ұсынамын.

(7-10 минут)

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!