жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Шығармашылық жұмысты орындау
Ұзақ мерзімді бөлім жоспары: 1 бөлім. Сәндік қолданбалы өнер |
Мектеп: ҚР «Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп –гимназиясы мдшо» КММ
|
||||||
Күні: 22.10 |
Мұғалім: Жылкибаева Маржан Ешимхановна
|
||||||
Сынып: 8 |
Қатысушылар саны: |
қатыспағандар:
|
|||||
Сабақ тақырыбы Практикалық сабақ |
Шығармашылық жұмысты орындау |
||||||
Сабақта қол жеткізілетін оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемелер) |
8.2.1.1 - Күрделі шығармашылық идеялар мен сезімдерді жеткізу үшін айқындаушы құралдарды таңдау және пайдалану; 8.2.3.3- Шығармашылық жұмыс жасау барысында қазақтың ұлттық мәдениетінің элементтерін пайдалану; 8.2.6.1-Материалдар мен құралдарды қолдануда қауіпсіздік техникасын сақтау, оның маңыздылығын түсіну; |
||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: |
||||||
Шығармашылық жұмыс жасау барысында өз иедялары мен сезімдерін жеткізіп, құралдарды пайдалана алады. |
|||||||
Оқушылардың басым бөлігі: |
|||||||
Шығармашылық жұмыс жасау барысында дайын нобай мен технологиялық құжатына сәйкес ұлттық элементтерді пайдаланып, тәжірибелік жұмысты орындайды. |
|||||||
Кейбір оқушылар: |
|||||||
Қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, шығармашылық жұмыс жасайды. |
|||||||
Бағалау критерийлері |
идеялары мен тақырыптарды талдайды.
ұлттық мәдениет элементтерін пайдаланады.
құралдарын пайдаланады. |
||||||
Тілдік мақсаттары
|
Пәнге қатысты сөздік және терминология: Шым ши, панно, шиыршық, ромб. Жүнді илеу – құрғақ, дымқыл илеу, ши тоқу әдісі Диалогтар мен жазба жұмысы үшін пайдалы тіркестер:
Мен өз шығармашылық жұмысым үшін қазақ мәдениетінің элементтерін ....................................................қолдандым
|
||||||
Құндылықтарды дамыту
|
№5 құндылық -Жалпыға бірдей еңбек қоғамы еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу және өзгені тыңдау мен пікірін сыйлау құндылығы,еңбек сүйгіштік, саналы түрде түсіну мен қорытынды жасау құндылығының қалыптасуына ықпал жасалады. Жұпта және топта жұмыс істеу кезінде өзара сыйластықты қалыптастыру. |
||||||
Пәнаралық байланыс |
Тарих- Ана тіліміз-қазба байлығымыз. Әдебиет- ой-өрісі, ауыз екі сөйлеуге. Көркем еңбек – сабақ барысындағы еңбек арқылы |
||||||
Қолдану дағдылары АКТ |
Тақырыпқа қатысты жұмыстың орындалу кезеңдерін көрсететін бейнебаян қарау. |
||||||
Алдыңғы білім |
Қазақтың ұлттық бұйымдарымен, қолөнерімен таныс |
||||||
Сабақ барысы
|
|||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сыныптағы жоспарланған іс-шаралар |
Ресурстар |
|||||
Сабақтың басы 2 мин.
5мин
3 мин
|
СЖ. «Жылы лебіз» ынтымақтастық атмосферасын құру Сабақ басталар алдында оқушылар орындарынан тұрады, кезектесіп тілек айтады.
Үй тапсырмасын сұрау. СЖ. «Бутерброд» әдісі. Қазақ ұлттық қолөнері туралы не білесіңдер? Киіз басудың қыр-сырын кім біледі? Сән және қолданбалы өнер ? Х Киіз бұйымдарын ата.
ҚБ. «Қол соғу» арқылы жүреді
СЖ.« Кинометафора» әдісі «Қазақстан модельері Ая Бапанидің» бейнебаян көрсетілімі арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын, мақсатын болжайды. Сабақтың мақсатын тақтаға іліп, мақсатқа жету үшін жұмысымызды бастаймыз. |
Бейнебаян |
|||||
Сабақтың ортасы Практикалық жұмысты орындау 20 минут
3 мин |
1-тапсырма. ЖЖ. «Айқын мақсат қою» әдісі. 1 кезең Картонннан, түрлі –түсті қағаздан, өткен сабақта бұйымның нобайы жасалған. Дайын шаблондарды пайдаланып, бұйым жасаймыз. 2кезең Дайын нобайды киіздің көлемін анықтап, бетіне бастырып, киізден бұйым жасайды. Мұғалім оқушыларды қолдайды және процесті бақылайды. Жұмыстарды 2 кезеңін аяқтағаннан кейін жұмысты талқылап және жұмыстың осы кезеңіне өзара бағалау жасаймыз. Жұмыс барысында құрал-жабдықтармен жұмыс кезінде техника қауіпсіздік ережесін есте сақтайды. Критерий: - Шығармашылық идеяны жүзеге асыру үшін өнердің көркем құралдарын анықтайды. Дескриптор: - Көркем еңбек құралдарын қолданады; - Картоннан жасалған дайын нобайды пайдаланады; - Киіз бөлшектерін құрастырып, тігеді; - Заманауи сөмке жасайды. ҚБ. «Екі пікір, бір ұсыныс» Сергіту сәті. СЖ. «Қызыл гүлім-ай» Оқушылар орындарынан тұрып, сергіту сәтін орындайды
|
Картон, жүн жіп, қайшы, дайын киіз бөлшектері.
|
|||||
Сабақтың соңы 5 мин.
3 мин |
2-Тапсырма.
СЖ.«Жарғы кетті, жарғы келді» әдісі Оқушыларға бүктелген қағаздар үлестіріледі. Жарғы қай оқушының қолында қалады, сол оқушы қағаздағы сұраққа жауап береді. 1. Киіз басуға қажетті құралдар? 2. Қазақтың ұлттық оюларын ата? 3. Бүгін сіздер қандай бұйым жасадыңыздар? 4. Бұйым жасауда қандай құрал-жабдықтар пайдаландыңыздар? ҚБ. Мадақтау арқылы жүреді.
Кері байланыс: «Жетістік баспалдағы» «Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың қандай білім баспалдағында тұрғандарын стикерлермен өздері қалаған баспалдаққа орналастырады. Не үшін ондай баға қойғандарын түсіндіреді. Өте жақсы түсіндім
Жақсы түсіндім
Аздап түсіндім Т
Сабақты қорытындылау. Сіздер сабақ барысында тәжірибелік жұмыстың негізгі бөлігін аяқтадыңыз, тек келесі сабақта жұмыстың егжей-тегжей аяқтап безендіреміз Үй тапсырмасы: Қазақтың ұлттық бұйым түрлері туралы мәлімет жинақтап келу. |
Сұрақ-жауап Жарғы жазылған қағаз
|
|||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
ЖЖ. «Айқын мақсат қою» әдісі.
СЖ.«Жарғы келді, жарғы кетті» әдісі
|
Бағалау
ҚБ. «Қол соғу» арқылы жүреді
ҚБ. «Екі пікір, бір ұсыныс»
ҚБ. Мадақтау арқылы жүреді.
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, жұмысты көрмеге шығару және өзара бағалау жүргізу.
№5 құндылық -Жалпыға бірдей еңбек қоғамы еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу және өзгені тыңдау мен пікірін сыйлау құндылығы,еңбек сүйгіштік, саналы түрде түсіну мен қорытынды жасау құндылығының қалыптасуына ықпал жасалады. Жұпта және топта жұмыс істеу кезінде өзара сыйластықты қалыптастыру. |
|||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары қолжетімді ма? Оқушылар бүгін не үйренді? Сабақтағы ахуал қандай болды? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? Уақыт есебінен ауытқу болды ма? Жоспарға қандай өзгеріс енгізілді? |
Сабақты талдау үшін осы бөлімді пайдаланыңыз. Сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға сол бағанға жауап беріңіз. Сабаққа қойылған мақсат қолжетімді болды. Себебі тапсырмалар мақсатқа жетуге арналған.«Бейне сюжет» көру арқылы сыни көзқарастары дамиды Сергіту сәтінде «Қызыл гүлім-ай» сергіту орындағанда оқушылардың көңіл күйлері көтерілді. Сабақта жағымды психологиялық ахуал орын алады. Оқушылар ұжымдық, жеке, жұппен бірлесіп тапсырмаларды орындады Уақытты тиімді пайдаландым деп ойлаймын. Мен өз сабақ жоспарыма оқушының жас ерекшеліктеріне мән бере отырып, белсенді оқытудың әдістерін қолданамын.
|
||||||
Жалпы баға Сабақтың қай екі бөлігі жақсы өтті (оқыту мен оқуды ойлау керек)? 1: «Айқын мақсат қою» әдісі әдісі тапсырмасын орындауда белсенді оқу жақсы жүзеге асты . 2.Жеке және жұппен жұмыс барысында оқытудың тиімді әдіс - тәсілдері орын алды Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқыту мен оқуды ойлау керек)? 1: Дидактикалық тапсырмалар мен АКТ-ны тиімді пайдалану 2. Бағалау критериінің нақтылығы Мен нені анықтадым: Сабақ барысында сынып туралы немесе жетістіктер / кейбір оқушылармен қиындықтарды, кейінгі сабақтарда көңіл аударуға? Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістігін байқап, келесі сабақтарда әдістерді тиімді пайдаланып және түрлендіруді жоспарлаймын. |
|||||||
ҚР «Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы: «Шығармашылық жұмысты орындау»
8 сынып
Көркем еңбек пәнінің мұғалімі: Жылкибаева М.Е
Қарабұлақ кенті
2019-2020 оқу жылы
Қазақ ұлттық қолөнері туралы не білесіңдер?
Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі - қолөнері, оның ішінде ою өрнек болып табылады. Ою өрнектер әсемдікпен, сәнділіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге халықтың арман- ойының, тілек мүддесінің нышаны, осы тұрғыдан алып қарағанда ою өрнектің мазмұндылық ерекшеліктері сан алуан. Бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімдерін, өнерін жоғалтпауы қажет. Өнер адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние.Оның құндылығы орасан зор. Сонау жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда адам өз ойын тасқа , сүйекке, ағашқа ойып, қашап түсіріп отырған. Қазіргі қолөнер саласындағы «сүйек ою өнері», «ағаш ою өнері» деген сөздер сол ерте заманда қалыптасқан ұғымдар. Қолөнердің сала-саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне әрі күрделі түрі- ою-өрнек өнері. Қазақтың қол тума сәндік өнерінің барлық түрлеріне де оюлар мен өрнектер алғашқы элемент ретінде қолданылады. Ою мен өрнек қолөнер бұйымдарының тұтынушылық және эстетикалық мәнін аша түседі. Сондықтан да қолөнер заттарының әр қайсысындағы оюлау мен өрнектеуге, әшекейлеуге жіті зер сала білу керек. Бір кезде тасқа, ағашқа , сүйекке түсірілген ою-таңбалар келе-келе киізге, алаша, кілем тағы басқа заттарға салынатын болған. Ол белгі таңбалар арқылы халық белгілі бір ұғым түсініктерді аңғартып, біліп отырған. Бұдан ою-өрнек белгі таңбалары өмір қажетінен туғанын байқауға болады. Мысалы, қазақ халқының ерте кезден бергі әдет-ғұрп салты бойынша, бөтен жерге, алыс ауылға күйеуге ұзатылған қыз баланың белгілі бір уақыттан кейін төркін жағына сәлемдеме жіберуі тиіс екен. Сәлемдемеде жас келіншек өзінің күйеуге шыққаннан кейінгі тұрмыс жағдайын ою-өрнекпен бейнелеп жіберуі шарт болған. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары көп. Ою-өрнек тарихына ой жіберсек, көп мағлұмат аламыз, даму кезеңдерін байқаймыз, уақыт өткен сайын жетіле бергенін көреміз. Сонымен, ою-өрнек дегеніміз геометриялық және бейнелеу элементтерінің жүйелі ырғақпен қайталанып , үйлесімді құрылуы.
Киіз басудың қыр-сырын кім біледі?
Жалпы, киіз басу ежелден келе жатқан дәстүр, бұл өнердің біздің заманымызға дейінгі ғасырларда қазақ даласына кеңінен таралып кеткені мәлім. Бұл жерлерді мекен еткен ата-бабаларымыз киізден түрлі бұйымдар жасайтын болған. Мысалы, Пазырық елді мекенінен киізден жасалған бедерлі, мүсінді бұйымдар табылған. Сол себепті де киіз басу дәстүрін осы құтты мекенде пайда болған деп топшылауға толық негіз бар. Ұмыт болып бара жатқан ескі дәстүрді жаңғыртушы, төл өнерге талай шәкіртті баулып жүрген ұстаздың айтуынша, бүгінгі күні пима киіп, үйіне текемет төсейтін қазақтар жоқ болғанымен, киізден жасалған бұйымдарға деген сұраныс бар екен. «Киіз басу қазақтың төл өнері. Сондықтан да оны қолданыстан шығып қалды деуге болмас. Керісінше, заман өзгеріп, қолданыстың жаңа формасына енді. Яғни қолдану аясы ғана өзгерген. Киіз басу дәстүрі бізде үш бағыт бойынша дамып келе жатыр деп айта аламын. Біріншіден, киізден түрлі кәдесыйлар, ойыншықтар, сөмкелер, әшекей бұйымдарын жасауға болады. Оның өзіндік технологиясы бар. Бұл - бірінші бағыт. Екінші бағыты әжелеріміздің киіз басу технологиясын меңгере отырып, ежелгі киіз үлгілерін жаңғырту. Мысалы, Пазырықтан табылған киіздің көшірмесін жасап, мұражайға қойсақ, тамаша болар еді.
Сән
және қолданбалы өнер - сән
өнерінің бір
саласы, тұрмыска кажетті көркем, жиһаздық
заттарды жасайтын шығармашылық түрі.
Негізінен, түрлі үй жиһаздарын (жиһаз,
зергерлік ою-өрнекпен әшекейленген
заттар, тіршілікке қажетті сәндік
құрал-жабдықтар, сувенирлер, құмыра,
сый кеселер, т.б.) жасайды. Сән және
қолданбалы өнерінің материалдары
- металл, керамика,
ағаш, қыш, шыны, асыл
тастар,
сүйек, былғары, т.б. Негізгі техникалық
әдістері көркем оймыш, шекіме, көркем
жазба, кесте, құйма, т.б. Ол сүйек, ағаш,
тері өңдеу, бедерлеу, зергерлік,
инкрустация, фарфор, фаянс, кілем тоқу,
көркем мата жасау секілді салаларға
бөлінеді. Сән және қолданбалы өнер
келелі өндірістік, технологиялық
міндеттерді атқарғанымен, өз дәуіріндегі
өнер мен мүліктік мөдениеттің даму
дөрежесіне тәуелді болып, дәстүрлі,
жергілікті этникалық ұлттық ерекшеліктің
негізінде дамиды.
Киіз басуға қажетті құралдар? Ши, қойдың жүні, сабау, бояу, ыстық су, арқан.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қазақтың ұлттық оюларын ата? Қошқар мүйіз, құс мойын, түйе табан, құс қанаты, гүл, жұлдызша, ирек, сынық мүйіз.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Бүгін сіздер қандай бұйым жасадыңыздар? Біз бүгінгі сабақта әшекей бұйымдар салғанға киізден дорба жасадық.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Бұйым жасауда қандай құрал-жабдықтар пайдаландыңыздар? Киіз, ине, жүн жіп, картон, қалам т.б
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Киіз басуға қажетті құралдар? Ши, қойдың жүні, сабау, бояу, ыстық су, арқан.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қазақтың ұлттық оюларын ата? Қошқар мүйіз, құс мойын, түйе табан, құс қанаты, гүл, жұлдызша, ирек, сынық мүйіз.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Бүгін сіздер қандай бұйым жасадыңыздар? Біз бүгінгі сабақта әшекей бұйымдар салғанға киізден дорба жасадық.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
4. Бұйым жасауда қандай құрал-жабдықтар пайдаландыңыздар? Киіз, ине, жүн жіп, картон, қалам т.б
Халық шығармашылығының түрлері. Ұста, зергерлік, тоқымашылық,
Киіз бұйымдарын ата
Сырмақ, текемет, киіз, киізден жасалған бұйым түрлері, сәукеле, қоржын, дорба т.б.
Халық шығармашылығының түрлері?
Киіз бұйымдарын ата.
Қазақ ұлттық қолөнері туралы не білесіңдер?
Сән және қолданбалы өнер түрлері?
Киіз басудың қыр-сырын кім біледі?
алық
шығармашылығының түрлері

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген