400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Шығармашылық жұмысты орындау. "Ши тоқу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал көмекші құрал ретінде пайдалана алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ши тоқу

 Шығармашылық жұмыс

Сабақтың тақырыбы: Ши тоқу
Сабақтың мақсаты: 1. Ұлттық қол өнердің бір түрі ши тоқуды үйрету
2. Ши өнерінің түрімен таныса отырып көркемдікке талғампаздыққа баулып ой-өрісін дамыту
3. Ісмерлікпен ептілікке және шеберлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірме, дамыта оқыту. Денелей көрсету
Керекті көрнекіліктер: Тартып алған жаңа ши.
Кептіріліп дайындалған аршылған ши, тоқитын қондырғы ағаш, ораулы шилер
Салмақ жас. арқау жіп, ұршық.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Ашық сабақтың мақсатын ашу.
2. Дайындықтарын тексеру
Жаңа сабақ: Отбасында бақыттың бастауы бол,
Жас жеткіншек тілейді бастауды мол,
Оза шабар өрнекті өнері бар
Үлгі тұтар қазағым мақтаулы ел.- демекші сан саналы өнеріміз көп. Соның ішінен аналарымызбен қыздарымыздың өз қолдарынан жасалатын өнер туындыларынан мына көріп отырғандарыңызға назар аударайық. Осы орайда Қазыбек би атамыздың шешендік сөзінен еске түсірейік...
«Ана тілден арна бұлақ-асыл сөз» тарауынан байланыстырып өту. Мал өнімдері, оның пайдаланылатын түрлеріне тоқталу.
Жаңа сабақтың мазмұнын ашу: Табиғи құрғақ материалдан жіп немесе боялған жүн арқылы құрастырылған композиция. Ол не деп ойласыңдар?

Ши туралы кіріспе әңгіме.
Ши тоқу ерте заманнан бері халқымызың қолөнерінің бір түрі болып келеді. Қолданбалы қол өнеріміздің бірі ши тоқу өнерімен бүгінгі сабақта танысамыз. Күзгі табиғатқа жасаған топ серуенде шиді қалай жұлуды оның қалай өсетінін, ұқсас екендігін, қалай өсіп тұрғанын өз көздерімен көргендерін сұрап білу.

Кітаппен жұмыс: «Ақ ши» Мәтінді оқып түсіндіру.
Дайындалған Ақ шиді неге көрсете отырып оқушыларға түсінік беру. Қабығынан аршылып тоқылған шиді «ақ ши» дейді. Халық ақ шиді кеңінен қолданған. Әсіресе құрт, ірімшік жайғанда, тары қайнатып, оны сүзгенде, қазан-ошақ қоршағанда және т. б. күнделікті тіршілікте пайдаланған. Оларды өре, өреше, шыпта деп атайды. Олай болса ақ ши тоқып үйренеміз.

Тоқуға қажетті құрылғымен танысайық.
1. Екі аша ағаш (қада)
2. Ортасындағы бел ағаш
3. Дайындалған жіп (Арқау)
4. Тас (салмақ тас)
Шиді тоқу үшін қолданылатын қондырғы өте қарапайым жасалады. Қондырғы бір ұшында ашасы бар екі қада мен белағашынан тұрады. Белағаштың үстінен ара қашықтықтары бірдей кертіктер жасалады. Оны «дақ» дейді. Дақ жіптің санына тең болады. Ол тоқу жіптерінің біркелкі түсіп отыру үшін қажет.
Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен таныстыру.
Іске сәт. Істің басы ілгері болсын!
Екі топқа өз жұмыстарын бөліп беру.
Әр топ өз жұмыстарын орындайды.
Екі-екіден, алма-кезек қыздар құрылғыда жұмыс істейді. Жұмыс барысында сергіту сәттері мазмұнға сәйкес шешендік сөздер және шығармашылық тақырып бойынша мақал-мәтелдер, жырлар, айтыс, ән арқылы өткізіледі.

Қорытынды: Өнер туын тігелік желбіретіп
Бастау көзін ашалық мөлдіретіп.
Өнеріңді еске алып бүгінгі күн
Марқайып қайтыңыздар көңіл өсіп.
Бағалау.
Үйге тапсырма: Өзіңді өзің тексер. Сөзжұмбақ



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
18 мамыр
866
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі