Материалдар / Шығармашылық концерт
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шығармашылық концерт

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептегі шығармашылық концерт сценарийі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2018
1114
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



"Садық Түкібаев атындағы Еңбек орта мектебі" КММ





















"Шын жүректен"

оқушылардың шығармашылық есеп беру концерті



































Еңбек ауылы

2016 жыл











"Шын жүректен"

оқушылардың шығармашылық есеп беру концерті

Назым:

Көңілің Өр Алтайдың ақ қарындай,

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша бүгінгі күн тына алармын

Ән болып сағыныштан ақтарылмай

Темірлан:

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Қарсы алған қошеметпен ағайынға
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.
Армысыздар, аса қадірлі қонақтар, ұстаздар, ата-аналар.

Кербез көктемнің жайма шуақ күні жанымызға нұр сыйлап, осындай сәтті күндердің бірінде өздеріңізбен жүздесіп отырғанымызға қуаныштымыз.

Назым:

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған және оқу жылының аяқталуына байланысты ұйымдастырылып отырған "Шын жүректен" атты мектеп оқушылары мен ұстаздарының дайындаған шығармашылық есеп беру концертіне қош келіпсіздер.

Темірлан:

Мектеп деген – білім кені, жыр кені,

Мектеп деген - ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген – тәрбиеші адамға,

Мектеп деген – даналардың мекені-дегендей білім мен тәрбие қашанда егіз жүретін ұғым. Олай болса алғашқы ән шашуымызды мектебіміздің әншісі, 9-сынып оқушысы Замзарқанов Айдардың орындауында қабыл алыңыздар.

Ән Ауылға сағыныш.

Флешмоб Вака-вака

Назым:

Туған жер, сенсің менің сайран бағым

Кетпестей кіндігімнен байланғанмын

Табысың,  тамашаң да толып жатыр,

Баяндап тауысайын қайдан бәрін- деп

Ауылым әнімен мектебіміздің 6-сынып оқушысы Қақанова Фаризаны шақырайық.

Назым:

Ардақты ағайын, бүгінде Қазақстан көк байрағы көкке желбіреген, қазына байлығын пайдалана білген, ұрпақтарына ұлттық тәлім-тәрбие берген егемен ел. Аз уақыт ішінде экономикасы мен мәдениеті өркендеген айбынды мемлекеттке айналды.

Темірлан: Міне, биыл қаншама ержүрек аға-апайларымыздың ерлігімен келген Тәуелсіздігімізге 25 жыл толмақ.

Осындай маңызды да мерейлі мерекеге арнап жасалып жатқан игілікті істер жалғасын таба берсін.

БИ. Қара жорға. Алдарыңызда мектебіміздің "Таңба" бишілер тобы.

Назым:

Биылғы оқу жылын мектебіміз үшін оқу-тәрбие үрдісінде жетістіктерге толы жыл болды деп есептеуге болады.

Олай дейтініміз оқушыларымыз білім жағынан болсын, спорттық сайыстардан болсын, өнер саласы бойынша болсын әр түрлі деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындарды қанжығаларына байлап қайтты.

Темірлан:

Солардың бірін сіздердің алдарыңызға шақырмақпыз.





Назым:

Олай болса, ортамызға сіздердің қошеметтеріңізбен аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен өткен аудандық КВН сайысының жеңімпазы, аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен Жайдарман сайысының жеңімпазы атанған аудан әкімі кубогының иегерлері "Күнтимес" командасын шақырамыз.

КВН №1

Темірлан:

Назым апай, сізге бір сұрақ қойғым келіп тұр.

Назым:

Ия, құлағым сенде Темірлан.

Темірлан:

Осы сіз балалық шағыңыз туралы армандайсыз ба?

Назым:

Әрине, армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады, Темірлан.

Темірлан:

Отбасындағы әрбір балаға бақытты балалық шақ сыйлау үшін әр ата-ана тынымсыз еңбек етеді. Келесі әнімізді ата-аналарымызға арнасақ қайтеді?

Назым:

Олай болса, Меруерт апайларың екеуіміз барлық ата-аналарға арнап ән шырқап берейік.

Темірлан:

Бәрекелді. Қабыл алыңыздар.

Ән. Перзент парызы. Назым апай, Меруерт апай

Темірлан:

Төгілсе бақыт нұры жан жағыңнан,

Арайлап шуақ атар таңдарыңнан.

Мың бұрала билеген бишілердің

Қанаттары талмасын самғауынан.

Грузин биі Алдарыңызда 2-сынып оқушылары

Назым:

Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған "Жырлайды жүрек" атты кеште өнер көрсеткен оқушылардың өлеңдерін ұсынамыз.

Мұқағалидың өлеңдері

Темірлан:

Талайлардың шырқалады жыр әні,
Талайлардың жүрегі нұр құшады.
Бүгінгі күн туған жердің төрінде,
Ән қалықтап күмбірлі күй ұшады.

ән Ханшайымым Орындайтын Шағанов Шынтас

Назым:

Ал, Темірлан, мен саған өз арманым жайында айтып бердім. Ендігі кезек сенікі, сенің арманың қандай.

Темірлан:

Ой, апай, менде арман көп, күнде таңертең тұра салғанда мектепке әкеліп тастайтын мини көлігім болса, түсте үйге барып, дастарханға отырып, қолымды екі рет шапалақтап қалғанда, дастархан дәмді тамақтарға тола қалса...ммм

Назым:

Арман адамды алға жетелейтін сиқырлы күшке ие. Сенің арманың тіпті шарықтап кеткен сияқты. Шын арманыңмен бөліссеңші.

Темірлан:

Жарайды. Шындығында мен суырып салма ақын болсам деп армандаймын. Халықтың алдына шығып, сөз өнеріммен көрерменді таңғалдырғым келеді.

Назым:

Бәрекелді. Сенің арманың іске асқанша бүгінгі мерекеге келген суырып салма ақындардың өнерін тамашалай тұрсақ қайтеді?


Темірлан:

Жақсы. Алдарыңызда мектебіміздің айтыскер ақындары Сырым мен Еркежан. Қол соғып, ақындарға шабыт сыйлаңыздар.

Сырым мен Еркежан айтысы

Назым:

Кез келген адам баласы, мейлі ол ғалым болсын, мейлі әнші болсын, мейлі ұшқыш болсын ол ұстаз алдынан өтіп, тәлім мен тәрбие алады. Мектеп- болашаққа бастар жол, асқақтарға самғататын бағыт. Сондықтан әр адам, әр шәкірт өзі білім алған ордасын құрметпен қарап, тағзым ете білуі қажет.

Ән. Мектебім. 4сынып Замзарқанова Айдана

КВН

Назым:

Баршамызды бал тілімен баурайтын
Бала деген бар бақыт қой самғайтын.
Ата – ананың арманы мен тілегін
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын

Ән. Бол жанымда Әлмурзин Сырым мен Аманжолов Қасым

Темірлан:

Жан иірімі біле білсең би деген
Кімдерің бар биді ұнатып сүймеген
Қазағымның би өнерін паш етіп
Арулар бар мың бұрала билеген
«Қазақ» биімен мектебіміздің "Таңба"бишілер тобын шақырамыз

Назым:

Темірлан, мен қазір осы сахнаға мектебіміздің тағы да бір өнерлі оқушысын шақырғым келіп тұр. Ол оқушы да биыл аудандық сайыста жүлделі 1-орынды иеленіп, мектебіміздің мәртебесін көтеріп тастады.

Темірлан:

Мен Сіздің кім жайында айтып тұрғаныңызды тапқан сияқтымын.

Назым:

Ия, кім жайында айтып тұрмын?

Темірлан:

Ол 10-сынып оқушысы Қақышева Ақтолқын. Ақтолқын биылғы Наурыз аруына қатысып, жүлделі 1-орынды иеленді.

Назым: Ендеше Ақтолқынның өнерін тамашалық. Жетім қыздың монологы.

Темірлан:

Құрметті көрермен, келесі кезекте ұстаздарымыздың орындауында қазақ әндерінен поппури тыңдаңыздар. Әнге қосылып, бірге шырқауға шақырамыз.

Поппури

Интермедия

Назым:

Шын сайрағым келеді бұлбұлдайын
Нағыз әнші болуды армандаймын
Қанатыммен қалықтап ұшқан кезде
Арманыма жақындап қалғандаймын.
ән " Асыл әжем " Орынд: Қақанова Назым 7-сынып

Хор Егемен Қазақстан

Назым:

Құрметті қонақтар, құрметті өнер сүйер қауым! Осымен өздеріңізге арналған шығармашылық кешіміз өз мәресіне жетті. Жанға жылу сыйлайтын мерекелі күндеріміз көп болсын!

Темірлан:

Қорытынды сөзді ________________________________________береміз.

Назым мен Темірлан бірге:

Келесі кезде скенше қош сау болыңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!