15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Шығармашылық» саласы аппликациядан өткізілген ашық ұйымдастырылған оқу қызметі «Анама арналған орамал»
КМҚК «Балерке» балабақшасы
«Шығармашылық» саласы аппликациядан өткізілген
ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
«Анама арналған орамал»
«Айшуақ» І сәбилер тобы
тәрбиешісі Копесова Н.А.
Еңбек өтілі - 3 жыл
Санаты - жоқ
КМҚК «Балерке» балабақшасы «Айшуақ» І сәбилер тобында
ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Күні :
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі : Аппликация.
Тақырыбы: Анама арналған орамал
Мақсаты:Балаларға дайын суретті қағаз бетіне дұрыс орналасты-рып, жапсыруды үйрету. Желімді дұрыс пайдалануға,тазалыққа, ұқыпты-лыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Балалардың қол, саусақ икемділіктерін, ойынға ынталарын арттыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар :АКТ, орамал, ақ қағаз, желім, дайындалып қиылған геометриялық пішіндер.
Әдіс-тәсілі: көрнекілік, түсіндіру, ойын.
Сөздікпен жұмыс: Анама арналған орамал
Билингвальді компонент:ана - мама, орамал – платок, орамал – салфетка.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс -әрекеті |
Мотивация- лық-қозғау-шылық |
Балаларды шеңберге тұрғызып, шаттық шеңберін орындайды. Біз ақылды баламыз, Айтқан тілді аламыз. Бізге келген қонақпен Сәлемдесіп аламыз.
|
Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешімен бірге шаттық шеңберін орындайды.
Балалар орындарына отырады. |
Ұйымдасты- рушылық-ізденістік |
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? - Көктем мезгілі - Ендеше «Көктемгі бейне» деген ойын ойнайық. Мына үстел үстінде жылдың төрт мезгіліне қатысты суреттер жатыр. Соның арасынан тек көктем мезгіліне қатысты суретті алып, тақтаға орналас-тырамыз, және қандай ерекшелік екенін айтамыз. (балалар біртіндеп ойын ойнайды) - Аспанда ашық бұлттар жүреді. - Күн жадырап, қар ери бастайды. - Құстар ұшып келе бастайды. - Жаңбыр жауады. - Адамдар қалың киімдерін шеше бастайды. -Көктеммен бірге қандай мейрамдар келді? - Жақсы. Балалар көктем ерекшеліктерін жақсы біледі екенсіңдер.
(Есік қағылады.Есіктен қорап кіргізіледі.)
Балалар аналарыңды жақсы көресіңдер ме? Ал енді аналары-мызғаарнап орамалды әшекейлеп үйренейік. Балалардың назарын орамалдарға аудару. Орамал түрлері слайд түрінде көрсетіледі. Сѳздерді қайталатады: Балалардың жұмыстарын марапаттап, шығармашылық көрме ұйымдастыру.
Үлгі суретпен жұмыс жүргізу. Жасалатын жұмысты жапсыру жолдарымен таныстыру. Балаларға көрген білгендерін есте сақтап , оны түсті қағаздан әдемілеп, желіммен жапсырып жасауды тапсыру. Түстерін дұрыс таңдай білуге үйрету.
-Балалар сендер шаршаған боларсыңдар. Біраз сергіп алайық.
Сергіту жаттығуы: «Отбасында нешеуміз?» Бас бармағым – атам Балан үйрек – әжем Ортан терек – әкем Шылдыр шүмек – анам Кішкентай бөбек – мен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз.
Баяу әуенмен жапсыру жұмысын аяқтау. |
Ойынға қатысып, көктем ерекшеліктерін атайды.
Балалар орамал түрлерін, суретін тамашалайды. Сұрақтарға толық жауап береді .
Сөздікпен жұмыс: анама арналған орамал. Билингвальді компонент: Ана-мама,орамал – платок. Жасаған жұмыстарынан алған әсерлерін көрсетіп айтады.
Балалар орамалды түрлі-түсті қағаздан қалай әшекейлеу керектігін естіп қуанысады,жасау жолдарымен танысады. Жапсырудың әдіс – тәсілдерін біліп , қолдарының икемдерін дамытады, әдемілеп,ұқсас қылып түсті қағазбен, желіммен жұмыс жасайды.
Тәрбиешімен бірге қайталап, саусақтар гимнастикасын жасайды.
Балалар орындарына отырады. |
Рефлексия- лық-түзету-шілік |
Ойын: «Орнын тап» - Балалар ойын ұнады ма? - Сендербүгін не жасапүйрендіңдер? - Оны кімгежасапбердіңдер? - Осылайүлкендерді құрметтеп жүрейік, ойынғажақсықатыстыңдар, рахмет!
|
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Орамал туралы түсініктерді, орамалды әшекейлеуді
Игереді: Ұқыпты, таза жапсыруды
Меңгереді: саусақпен жұмыс жасуды үйренді.
Әдіскер: _______________ А.Ж.Жумашева
Тәрбиеші: Н.А.Копесова
КМҚК «Балерке» балабақшасы «Айшуақ» І сәбилер тобында
өткізілген ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне өзіндік талдау
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: Анама арналған орамал
Адыма қойған мақсаттарым:
Балаларға дайын суретті қағаз бетіне дұрыс орналастырып, жапсыруды үйрету. Желімді дұрыс пайдалануға,тазалыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Балалардың қол, саусақ икемділіктерін, ойынға ынталарын арттыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар :АКТ, орамал, ақ қағаз, желім, дайындалып қиылған геометриялық пішіндер.
Әдіс-тәсілі: көрнекілік, түсіндіру, ойын.
Сөздікпен жұмыс: Анама арналған орамал
Билингвальді компонент: ана - мама, орамал – платок, орамал – салфетка.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті шаттық шеңберінен басталды.
Балаларға көктем мезгілі жайлы айтыла келе, көктем ерекшеліктері ажыратылды.
«Тосын сый» сәтіне топқа қорап кіргізілді. Қорапта не бар екені анықталып, балаларға орамалдар, олардың пайдаланылуы жайлы түсінік берілді.
Слайд арқылы балалармен орамал түрлері таныстырылып, олардың бетіндегі әшекейлер (геометриялық фигуралар) ажыратылды.
Жаңа технологиялардан: АКТ, денсаулық сақтау технологиясы (саусақтар гимнастикасы),Топтастыру стратегиясы, ойын технологиясы қолданылды.
«Көктемгі бейне», «Орынын тап» ойындары ойнатылды.
Балаларда аналар мерекесі, оларға сыйлық - орамал жайлы түсінік қалыптас-тырылды. Балалар геометриялық фигураларды ажыратуға машықтанды-рылды.
Ұйымдастырылыған оқу іс- әрекетіне қызығушылықпен қатысты.
Мен өз мақсатыма жеттім деп ойлаймын.
Әдіскер ____________ Жумашева А.Ж.
Тәрбиеші Н.А.Копесова

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген