400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шығармашылық саласы Сурет салудан өткізілген ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: «Сәнді көйлек»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты :Мамандық түрімен таныстыру ( тігінші ). Көйлек үлгісін әшекейлеуге үйрету .Мақталы таяқшалармен немесе мөр таңбаларымен сурет салу дағдыларын қалыптастырып , балалардың эстетикалық талғамын дамыту .
Материалдың қысқаша нұсқасы

МКҚК «Балерке» бөбекжай-балабақшасы
















Шығармашылық саласы

Сурет салудан өткізілген

ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің

тақырыбы:

«Сәнді көйлек»

«Жұлдыз» ересек тобы










Тәрбиеші: Копесова Н.А.

















Көкпекті ауылы, 2021-2022 оқу жылы.

Білім беру саласы :Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметі : Сурет салу

Тақырыбы : « Сәнді көйлек»

Мақсаты :Мамандық түрімен таныстыру ( тігінші ). Көйлек үлгісін әшекейлеуге үйрету .Мақталы таяқшалармен немесе мөр таңбаларымен сурет салу дағдыларын қалыптастырып , балалардың эстетикалық талғамын дамыту .

Көрнекілік : Көйлектің сұлбасы ,тігінші , мата , көйлек суреттері слайды , бояу,мақталы таяқша , картоп . «Топтастыру» стратегиясы, АКТ, «Ойын» технологиясы

Қостілділік :Көйлек –платье, a dress

Әдіс- тәсілі: Көрсету , түсіндіру ,сұрақ –жауап .

Жылулық шеңбері

Үлкенге де Сіз!

Кішіге де Сіз!

Баршаңызға құрметпен

Бас иеміз Біз!



Тәрбиеші :Балалар, бүгін бізге қонаққа қуыршақ Әлия келіпті . бірақ қуыршағымыз Әлия ренжіп тұрған сияқты .

Қуыршақ балалармен амандасады .

-Сәлеметсіздер ме балалар!

Тәрбиеші;Әлия қуыршақ сен неге ренжіп тұрсын ?

  • Менің ренжіп тұрған себебім ,мені бүгін құрбым қуыршақ Айша туған күніне шақырды. Ал менде мына үстімдегі көйлектен басқа көйлек жоқ .

Тәрбиеші :Әлия жылама біз балалармен бірге саған көмектесеміз . Көмектесеміз ғой балалар иә .

Балалар : Иә, көмектесеміз .

Тәрбиеші :Балалар айтыңдаршы көйлекті кім тігеді ?

Балалар :Тігінші тігеді

Тәрбиеші :Көйлекті неден тігеді ?

Балалар :Матадан .

Тәрбиеші :Қандай көйлектер болады ?

Балалар : Әртүрлі көйлектер болады .

Слайд арқылы көйлек түрлерін көрсету

Тәрбиеші : Қанекей балалар, Әлияның көйлегін сәндеп әшекейлеп берейік .

Балаларға көйлекті сәндеу үлгісін көрсетемін.

  • Балалар бүгін біз екі түсті пайдаланамыз қызыл -красный, сары, жёлтый,көйлек –платье ,нүкте –точка ,үшбұрыш –треугольник .

Алдымызда тұрған мақталы таяқшаны пайдаланып көйлекті сәндеп нүктелер түсіреміз , картоппен көйлек етегіне мөр басу арқылы таңба түсіреміз. Көйлегіміз сәнді, әдемі көйлек болады .

-Бірақ, балалар біз алдымен сурет салмас бұрын қолымызды жаттықтырып алайық .

Күн шықты саусақтар оянайық ,

Ұйқыдан тұр бас бармақ

Ұйқыдан тұр балан үйрек

Ұйқыдан тұр ортан терек

Ұйқыдан тұр шылдыр шүмек

Ұйқыдан тұр кішкентай бөбек

Сәлем алақан!

-Балалар біздің қолымыз дайын болды .Қане, жұмыс жасайық .

Музыка қосылып тұрады .

Жұмыстарын аяқтаған балалар өз жұмыстарын қуыршаққа сыйлайды

Қуыршақ Әлия барлық балаларға рахметін айтады .


Сергіту сәті

Он қолымда білезік .

Сол қолымда білезік,

Сәнді көйлек киейік .

Бәріміз бірге билейік .

Сергіту сәтін қимылмен жасайды .

Балалар суреттерінен көрме ұйымдастыру.



«Мынау кімдікі?»дидактикалық ойыны.

Шарты: киімдердің қайсысы ер баланікі, қайсысын қыз балаға кигізу керек?



 

Балалар ойынға белсене араласады.

Балалар ойынға белсене араласады.

Ұл мен қыздың киімін дұрыс ажыратып, оларды киіндіреді.

Қорытынды

Балалар сұрақтарға жауап береді .

Балаларды мадақтау .

Күтілетін нәтиже : Көйлектер әртүрлі болатындығын игереді .

Мақталы таяқшамен және картоппен жұмыс жасауды меңгереді


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қараша
366
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі