Шығармашылық тапсырмалар арқылы бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау дағдыларын дамыту
Тургунчаева Багила Мухумбековна, бастауыш сынып мұғалімі
Андатпа. Бастауыш сынып – баланың дүниетанымы мен жеке қасиеттерінің қалыптасуындағы маңызды кезең. Бұл мақалада бастауыш сынып мұғалімдеріне оқушылардың шығармашылығы мен логикасын дамыту үшін қолдануға болатын әдіс-тәсілдер мен шығармашылық тапсырмаларды қолдану арқылы логикалық ойлауды дамытудың тиімді жолдары қарастырылады.
Кілт сөздер. Шығармашылық тапсырмалар, логикалық ойлау, қиялды дамыту, сыни ойлау, танымдық қабілет.
Шығармашылық тапсырмалар – білім беру процесінің ажырамас бөлігі. Олар тек оқыту құралдары ғана емес, сонымен бірге оқушылардың танымдық, эмоционалдық және зияткерлік қабілеттерін дамытудың тиімді тәсілі болып табылады. Бұл баланың өз ойын еркін жеткізуге, жаңа идеялар ұсынуға және өзгеше шешімдер табуға қабілеттілігін арттырады, яғни шығармашылық тапсырмалар оқушылардың қиялын, аналитикалық қабілеттерін және сыни ойлауын дамытуға көмектеседі. Осындай дәстүрлі жаттығулардан өзгеше және оқушылардың қызығушылығын арттырадтын шығармашылық тапсырмаларды қолдану арқылы келесі мақсаттарға: логикалық байланыстарды қалыптастыру, сыни ойлауды дамыту, тапқырлық пен шығармашылық көзқарасты қалыптастыру, ой-өрісін кеңейтуге қол жеткізуге болады.
Шығармашылық тапсырмалар – оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал ететін әмбебап құрал. Олар оқыту процесін байытып қана қоймай, оқушыларды заманауи әлемнің талаптарына сай етіп дайындайды. Баланың қиялы, логикасы және шығармашылық қабілеттері дамыған сайын, ол өз мүмкіндіктерін толықтай аша алады. Шығармашылық тапсырмалардың осы маңыздылығы бірнеше аспектілерден тұрады:
- Логикалық және сыни ойлауды дамыту. Шығармашылық тапсырмалар балалардың ойлау қабілетін жаңа деңгейге көтереді. Олар оқушыларды стандартты шешімдерден ауытқып, жаңа тәсілдер іздеуге, мәселелерді тереңірек талдауға жетелейді. Бұл, әсіресе, өмірдегі қиын жағдайларда тиімді шешім табу дағдыларын дамыту үшін маңызды.
- Қиял мен елестету қабілетін ынталандыру. Шығармашылық тапсырмалар оқушылардың қиялын шарықтатып, идеяларды еркін түрде ұсынуға мүмкіндік береді. Мысалы, әңгіме құрастыру, суреттермен жұмыс істеу, ертегі ойлап табу сияқты тапсырмалар балалардың шығармашылық ойлауын қалыптастырады.
- Оқу процесін қызықты ету. Көптеген оқушылар үшін оқу процесі көбінесе монотонды және қызықсыз болуы мүмкін. Шығармашылық тапсырмалар бұл жағдайды өзгертіп, сабақты қызықты, танымды әрі көңілді етеді. Бұл балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады және оқу мотивациясын күшейтеді.
- Өзіндік ой-пікірді қалыптастыру. Шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында оқушылар өз көзқарастарын білдіруге, ерекше идеялар ұсынуға үйренеді. Бұл олардың өзіндік ой-пікірлерін дамытуға, өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік береді.
-
Коммуникация және топтық жұмыс дағдыларын дамыту. Кейбір шығармашылық тапсырмалар топтық форматта орындалады. Бұл оқушылардың бірлесіп жұмыс жасау, пікір алмасу, идеяларды талқылау қабілеттерін жетілдіреді. Коммуникативтік дағдылардың дамуы болашақта өмірлік маңызды рөл атқарады.
-
Жекелей қасиеттерді ашу. Әр бала жеке тұлға, және шығармашылық тапсырмалар арқылы олардың ерекше таланттарын байқауға болады. Біреуі сурет салуға, екіншісі поэзия жазуға, үшіншісі логикалық есептерді шешуге қабілетті болуы мүмкін. Бұл тапсырмалар балалардың өздерін түрлі қырынан көрсетуіне жағдай жасайды.
-
Төзімділік пен табандылықты қалыптастыру. Шығармашылық тапсырмаларды орындау әрдайым оңай бола бермейді. Оқушылар жаңа идея ойлап табуға, мәселелерді шешуге уақыт жұмсайды. Бұл процессте олар табандылық пен төзімділікті үйренеді, қателіктерінен сабақ алуды меңгереді.
Шығармашылық тапсырмалар түрлері өте көп, баланың жас ерекшелігі мен жеке мүмкіндігін ескере отырып, саралап қолдану қажет болады:
-
Логикалық есептер мен басқатырғыштар. Мысалы, «Артық сөзді тап», «Қай сөз қай топқа жатады?» сияқты тапсырмалар балалардың анализ жасау дағдыларын дамытады. Мұндай тапсырмалар балалардың назарын шоғырландырып, ойлаудың икемділігін арттырады.
-
Ертегі немесе әңгіме құрастыру, Оқушыларға қызықты оқиғалар құрастыруды тапсыру – шығармашылық ойлауды дамытудың тамаша жолы. Бұл процесс барысында олар логикалық реттілікке, оқиғаларды байланыстыруға үйренеді.
-
Суреттермен жұмыс жасау. Сурет бойынша әңгіме құрастыру немесе суреттер арасындағы байланысты табу тапсырмалары баланың визуалды логикасын дамытады.
-
Кесте және диаграмма құру. Оқушылар белгілі бір мәліметтерді жүйелеп, диаграмма немесе кесте құру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттырады.
-
Шығармашылық ойындар мен викториналар. Балаларға арналған ойындар, мысалы, «Не жетіспейді?», «Тез ойла» сияқты тапсырмалар логика мен жылдамдықты дамытады.
Тапсырмаларды орындау барысында басты назарға ұстанатын әдістемелер:
-
Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру. Тапсырмалар оқушының жасына, біліміне сәйкес болуы керек. Қиын тапсырмалар оқушының қызығушылығын жоғалтуы мүмкін, ал өте жеңіл тапсырмалар оның логикасын дамытпайды.
-
Қызықтыру элементтері. Балаларды шабыттандыратын тапсырмалар логиканы дамытуға үлкен әсер етеді. Мысалы, конкурстар мен марапаттау жүйесін енгізу тиімді.
-
Кері байланыс беру. Оқушылардың жұмыстарын талдау және кері байланыс беру арқылы олардың жетістіктерін атап көрсету маңызды.
Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылықты дамыту үшін мұғалімге келесі әдістерді қолдануға болады:
-
Сурет салу мен қолөнер. Балаларға еркін тақырыпта сурет салуға немесе өз қолдарымен әртүрлі бұйымдар жасауға мүмкіндік беру керек.
Мысалы, «Менің арманымдағы әлем» тақырыбында сурет салу тапсырмасын беріп, балалардың қиялын еркін дамытуға жағдай жасау керек.
-
Оқиғалар құрастыру. Балаларға белгілі бір сөздер мен суреттерді қолдана отырып, шағын әңгімелер құрастыруды үйрету қажет. Әр баланың идеясын тыңдап, оны мадақтаңыз, бұл олардың өзіне деген сенімін арттырады.
-
Рөлдік ойындар. Балаларға белгілі бір рөлдер (мысалы, дәрігер, ұстаз, саяхатшы) беріп, сценарий бойынша ойын ойнауды ұйымдастыру олардың шығармашылық қиялын ұштайды.
Шығармашылық пен логикалық ойлау – балалардың болашақта табысты болуына ықпал ететін маңызды дағдылар. Мұғалімдердің негізгі міндеті – осы қабілеттерді дамыту үшін қолайлы жағдай жасау. Сабақ барысында шығармашылық тапсырмалар мен логикалық есептерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал етуге болады
Логикалық ойлау – адамның ақпаратты талдау, салыстыру және қорытынды жасау қабілеті десек, бұл дағдыларды дамыту үшін бастауыш сынып мұғалімі келесі әдістерді қолдана алады:
1. Логикалық тапсырмалар мен есептер. Балаларға ойын түрінде берілетін математикалық есептер ұсыныңыз. Мысалы, ребустар, кроссвордтар немесе лабиринт шешу. «Логикалық басқатырғыштар» кітабынан тапсырмалар алып, сабағыңызда пайдалануға болады.
2. Сұрақ-жауап әдісі. Сабақ барысында «Неліктен?», «Қалай ойлайсың?» деген сұрақтарды жиі қойыңыз. Бұл балаларды мәселеге талдау жасап, өз ойларын дәлелдеуге үйретеді.
3. Тәжірибе жасау. Қарапайым физикалық және химиялық тәжірибелерді орындау арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытыңыз. Мысалы, суға ерімейтін заттармен тәжірибе жасап, «Неліктен кейбір заттар суға батпайды?» деген сұрақ қойыңыз.
4. Топтық жұмыс. Шығармашылық пен логикалық ойлауды дамытуда топтық жұмыстардың тиімділігі жоғары. Шығармашылық тапсырмаларды топтық форматта орындау оқушылардың бір-бірімен пікір алмасуына мүмкіндік береді және ынтымақтастық қабілетін дамытады. Балаларды топтарға бөліп, ортақ мақсатқа жету үшін бірлесіп жұмыс істеуді ұйымдастырыңыз:
-
Мәселе шешу: Балаларға бір мәселені беріп, оны шешу жолдарын талқылауға мүмкіндік беріңіз.
- Топтық жобалар: Мысалы, «Менің елімнің болашағы» тақырыбында постер жасау.
5. Ойын арқылы оқыту. Ойын – балалардың табиғи қызығушылығын арттырудың ең тиімді құралы. Мұғалім сабақта ойын элементтерін қосу арқылы оқушылардың шығармашылық және логикалық дағдыларын бірдей дамыта алады:
- «Не артық?», «Не ұқсас?» деген ойындар арқылы логикалық ойлауды жетілдіру.
- «Ойлан, тап!» ойынында балаларға сөзжұмбақ шешуді тапсырсаңыз, оларда талдау және шешім қабылдау дағдылары қалыптасады.
6. Мұғалімнің рөлі. Оқушылардың шығармашылығы мен логикасын дамытуда мұғалімнің рөлі өте маңызды. Мұғалім:
-Әр баланың жеке қабілетін байқауға және оны дамытуға бағытталған жеке жұмыс жүргізуі қажет.
-Балаларға қолдау көрсетіп, олардың жетістіктерін мадақтап отыруы керек.
Қорытына айтқанда, шығармашылық тапсырмаларды қолдану бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытуда маңызды рөл атқарады. Бұл әдістер баланың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық әлеуетін арттырып қана қоймай, оқыту процесін қызықты әрі тиімді етеді. Мұғалімдер оқыту барысында шығармашылық тапсырмаларды белсенді түрде қолданса, оқушылардың оқу үлгерімі ғана емес, өмірлік дағдылары да артады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Д.Рахымбек. Оқушылардың логика-методологиялық білімдерін жетілдіру. Алматы. РБК. 1998 ж (2008-20018жж).
-
Б.Байжұманов, Оқушылардың психикалық даму ерекшеліктері. Бастауыш мектеп. 1998 ж (2008-20018жж).
-
Бабаев С.Б., Бастауыш мектеп педагогикасы: Оқу құралы: Алматы: «Заң әдебиеті», 2007 (2017).
-
Кожагельдиева, С. С. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту. 2004 ж (2024ж).
-
Гальперн Д. Психология критического мышления. СПб., 2000.(2020г).
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз