2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Шығармашылық топ жоспары

Шығармашылық топ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшадағы шығармашылық топқа арналған
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Бекітемін:

«Өрел ауылындағы «Балдырған»

бөбекжай-бақшасы коммуналдық

мемлекеттік қазыналық

кәсіпорнының меңгерушісі

Г.М.Игибаева

Шығармашылық топ туралы

ЕРЕЖЕ

1.Жалпы ережелер

1.1. МДҰ-дағы ШТ-бұл зерделенетін тақырыпты дамытудың оңтайлы жолдарын іздестіру мақсатында мәлімделген тақырыптама бойынша материалдарды зерделеу, әзірлеу, жалпылау бойынша ұжымдақ ынтымақтастыққа, өзара шығармашылыққа мүдделі педагогтардың ерікті кеңестік бірлестігі.

1.2.ШТ өз жұмысында ҚР-ның білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамасын, мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің мемлекетік жалпыға міндетті стандарттарын, МДҰ жарғысын және осы Ережені басшылыққа алады.


2. ШТ қызметінің мақсаттары мен міндеттері

2.1. ШТ қызметінің мақсаты МДҰ педагогтарының кәсіптік қарым-қатынасы үшін жағдайлар жасау, олардың шығармашылық белсенділігін дамыту, кәсіптік шеберліктер мен дағдыларды қалыптастыру және жетілдіру болып табылады.

2.2.Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттер шешіледі:

-бірлесекен жұмыста кәсіптік проблемаларды, оқыту мен тәрбиелеудің қиындықтарын шешу, инновациялық үдерістерді меңгеруде бір-біріне көмектесу;

-пікірлес педагогтардың шығармашыл ұжымын қалыптастыру;

-жаңа педагогикалық әдістемелерді, технологияларды, дидактикалық материалдарды, сабақтардың конспектілерін және т.б. әзірлеу, жасау, сынап көру мен тарату;

-педагогтарды білім беру қызметінің саналуан түрлерінде МДҰ-дағы инновациялық үдеріске қосу.





3. ШТ қызметін ұйымдастыру.

3.1. ШТ педагогтардың немесе МДҰ әкімшілігінің бастамасы бойынша құрылады. Оның қызметі осы Ережемен және ШТ-тың ағымдағы оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен регламенттеледі.

3.2.Қандай да бір проблемаға мүдделіктің бірлігі, өтемдік мүмкіндіктері, өзара құрметтеу негізінде біріккен, жұмыс өтілі әртүрлі ерікті ынтымақтастығы болып табылады.

3.3 Педагогтардың ШТ өз жұмысының жоспарын ағымдағы оқу жылына арнап жасайды.

3.4.ШТ-тың жетекшісі ұжым қызметінің өнімді формаларын ұйымдастыру дағдыларын меңгерген, ШТ мүшелері сайлаған педагог болып табылады. Жетекші тақырып, жұмыс әдістері мен формаларын әзірлеу стратегиясын ұсынады, материалдарды жалпылайды және жүйелейді, ұсынстарға талдау жасайды және оларды топтың талқылануына ұсынады.

3.5. ШТ қызмет етуінің барлық мәселелері алқалы түрде шешіледі, әркім зерделенетін тақырыпты әзірлеуге қатысады. Педагогтар-ШТ мүшелері-өздерінің іс-тәжербиелік материалдарын ұсынады, жетекші мен топ ұжымының шығармашылық тапсырмаларын орындайды, ұсынылған материалдар бойынша өз пікірін білдіреді және т.б.

3.6.Топ отырысы айына бір реттен кем емес өткізіледі.

3.7.ШТ сабақтарының формаларында қызметтің өнімділік сипаты болады: теориялық баяндамалар, хабарлар, семинар-практикумдар, пікірталастар, қызметті ашық көрсету және т.б.

3.8. Балабақшада ШТ өзара кәсіптік қарым-қатынас қажеттігі өзін сарқып болғанға дейін әрекет етеді, ШТ отырысы қажеттілікке қарай, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес өткізіледі.

3.9.ШТ жұмысының қортындылары кеңесте тыңдалады.


4.ШТ мүшелерінің өтемі мен жауапкершілігі

4.1. ШТ мүшелерінің құқықтары.

4.1.1. Топ мүшелері:

-ШТ жұмысының жоспарын МДҰ жұмысының жоспарына және оны дамыту бағдарламасына енгізу туралы мәселе қоюға;

-МДҰ әкімшілігінен ШТ жұмысын ғылыми көмек талап, материалдық және басқа да жағынан қамтамасыз етуде көмек талап етуге;

-ШТ мүшелері мен басқаларының педагогикалық жаңалықтарын,инновациясын істе сынап көруге құылы.

4.2.ШТ мүшелерінің міндеттері.

4.2.1.ШТ мүшелері:

-педагогтардың жаңа идеяларын жинақтауға, жұмыс үшін басымдыққа ие идеяны айқындауға;

-өзара көмек пен бір-бірін өзара оқытуды жүзеге асыруға;

-білдірілген идеяларды әзірлеме, тетік, алгоритм, әдістеме және т.б. формасына жеңілдету бойынша шығармашылық үдерісті ұйымдастыруға міндетті.

4.3. ШТ мүшелерінің жауапкершілігі.

4.3.1.ШТ мүшелері:

-ШТ жұмысы құжаттарының сапалы дайындалғандығы үшін;

-тәлімгерлік, шығармашылық үдеріс барысын жүйелі қадағалап отыру үшін;

-сынап көру нәтижелерін объективті қадағалау үшін;

-әкімшілікті шығармашылық ізденістердің, өзара оқыту жөніндегі жұмыстың нәтижелері туралы хабардар етіп отыру үшін жауапкершілікте болады.


5. ШТ құжаттамасы мен есептілігі.

5.1. ШТ жетекшісі мынадай құжаттаманың бар болуы, мазмұндылығы мен жүргізілу мәдениеті үшін жауапкершілікте болады:

-жұмыс жоспары;

-отырыстардың хаттамалары, оларда талқыланған мәселелер, жасалған идеялар, әзірлемелер қорытындылар, жалпылаулар, сабақтардың конспектілері, педагогтарға ұсынымдар және басқалар формасында тіркеледі;

-жұмыс нәтижелерін дәлелдейтін әдістемелік ұсынымдардың, әзірлемелердің, оқу құралдарының топтамасы.


6.Құрамы

2.1. ШТ құрамында: МДҰ әдіскері (төраға) ______________________________________________________________және

педагогикалық құрам________________________________________________



__________________________________________________________________

барлығы_________________адам кіреді.








Бекітемін:

«Өрел ауылындағы «Балдырған»

бөбекжай-бақшасы коммуналдық

мемлекеттік қазыналық

кәсіпорнының меңгерушісі

Г.М.Игибаева

ШТ жұмысының кезеңдері

Кезеңдері

Мақсаты

1

Дайындық

Зерттеушілік қызметтің мақсаттрын,міндеттерін анықтау

2

Қалыптастырушы

Ғылыми-әдістемелік базаны кеңейту, педагогикалық шығармашылықты дамыту

3

Талдаушылық

Алынған ақпаратты талдау

4

Қоланушылық

Жоспарлау, реттеу,әдістемелік база жасау: ұсынымдар, бюллетендер, семинарлар

5

Қорытынды

Жалпылау, қорытындыларды қалыптастыру

Шығармашылық топтың 2017-2018 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

Өткізілетін іс-шаралар

Мерзімі

Жауаптылар

1

Шығармашылық топтың отырысы.

Жылына 4 рет (тамыз, қараша, қаңтар, сәуір)

Меңгеруші, әдіскер

2

Жас мамандарға тәлімгерлер бекіту

Тамыз

Әдіскер

Тәлімгер

тәрбиешілер

3

Перспективалық жоспарлау, технологиялық карталар жасау мен мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстың іс-тәжірбиесіне денсаулық сақтау технологияларын (бұдан әрі-ДСТ) енгізу жөнінде жас мамандарға арналған көмек.

Қыркүйек, жыл бойы

Әдіскер

Тәрбиешілер

4

Балабақшаның режімдік сәттері, күн тәртібін қалыптастыру

Қазан

Әдіскер

Тәрбиешілер

5

Шығармашылық топтың отырысы. Сауалнама жүргізу. Ашық көрілімдер, оларды өткізу формасы мен ұйымдастыру жөнініде кеңестер беру

Қараша

Әдіскер

Тәрбиешілер

6

Тәрбиешілердің сабақтарына қатысу және сабақтарына талдау жүргізу

Аптасына 1 рет

Жыл бойы

Меңгеруші, әдіскер

7

Шығармашылық топтың отырысы. Шығармашылық топ мүшелерінің денсаулық сақтау технологиясын қолдану бойынша ағартушылық жұмыстар

Қаңтар

Әдіскер

Тәрбиешілер

8

Өзара сабаққа қатысу

Ақпан

Әдіскер

Тәрбиешілер

9

Вариативтік сабақтар

Наурыз

Тәрбиешілер


10

Шығармашылық топтың отырысы.

Қорытында ашық көрілімдер өткізу бойынша ақыл-кеңестер беру

Сәуір

Әдіскер

Тәрбиешілер

11

Жылдық есеп. Шығармашылық топтың қорытынды отырысы-жылға арналған тақырып бойынша жұмысқа талдау жасау. Педагогтардың шығармашылық есептері

Мамыр

Меңгеруші, әдіскер, тәрбиешілер



06 Қараша 2018
7748
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі