шығармашылыққа баулу

Тақырып бойынша 31 материал табылды

шығармашылыққа баулу

Материал туралы қысқаша түсінік
информатика пәні бойынша шығармашылыққа баулу
Материалдың қысқаша нұсқасы



Оқушыларды шығармашылыққа жетелеу жолдары.



Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі таңдағы негізігі мәселенің бірі. Оның себебі оқушы өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, өз бетінше алған білімін тәжірибеде, өмірде пайдалануды үйренбеген. Сол үшінде оқушының өзіне сенімін арттыру, шығармашылығын дамыту мақсатында мұғалімнің әр сабағы әр түрлі, жан-жақты болу керек. Сабақ мазмұнының теориялық – практикалық құндылығы жоғары болған сайын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу өте тиімді жүргізіледі. Мұғалімнің әрбір сабағы оқушы сезіміне, ынта – ықыласына әсер етуі тиіс. Ол үшін сабақ құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен, мұғалімнің дайындығы, ізденісі жоғары деңгейде болуы керек. Оқушыларға білім негізін меңгертудің әдіс – тәсілдері сан алуан. Оны таңдап алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру – мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен оқушыларды шығармашылыққа ізденуін қалыптастыру, оқушыларға сұрақ қою, эксперименттік тапсырмаларды шештіру, ой таласын жасау, танымдық ойындар ұйымдастыру арқылы іске асады.

Өз іс - тәжірибемде сабақ беру үрдісінде мынадай факторларға сүйенемін:

  • Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.

  • Оқушылармен жекелей, пармен, топпен жұмыстар жүргізу.

  • Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын арттыру.

  • Оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту.

Қазіргі кезде оқушының алған білімі мен іс - әрекет түрлерін іс жүзінде пайдалана алатындай дәрежеге жеткізудің маңызы зор.

Оқушының өз бетімен жұмыс істеуін әртүрлі деңгейде ұйымдастыруға болады. Өз бетімен жұмыстың тапсырмаларын құрастырғанда оның қиындық дәрежесі оқушының оқу мүмкіншілігіне қарай әзірленеді.

Сонымен қатар 11 сыныптарға топқа бөліп оқыту тәжірибесін қолданамын. Әр топта 5-6 оқушыдан болады. Топқа бөліп оқыту тиімділігі нашар оқушы көлеңкеде қалмайды, берілген тапсырманы ақылдасып, бір – біріне түсіндіру арқылы дұрыс орындауға мүмкіндік береді. Мұғалімге тиімді жағы күнделікті сабақта түгел оқушы бағаланады. Ал тәрбиелік жағынан әділ болуға үйренеді, өз араларында беделге ие болады.

Шығармашылық мақсаттағы жұмыс өте жоғары деңгейде жүргізіледі, бұл оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушы шығармашылығын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру мұғалімнің сабағында назардан тыс қалмауы тиіс. Мысалы,

«Excel програмасында диаграммалар тұрғызу» тақырыбын өткенде оқушылардың шығармашылығын дамытуға ұмтылдым. Бұл сабақта жүйелі түрде тақырыпты түсіндіріп жеткіздім. Мұғалім сабақ мақсатында Excel программасындағы диаграммалар және графиктер құрып үйренуге жүйеліліктің арқасында жетеді. Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында шығармашылық жұмыстар ұсындым. Сыныптағы оқушыларды үш топқа бөліп, әр топқа бөлек – бөлек тапсырмалар белгіленеді. 1-ші топ оқушылары бағаналарға төрт тоқсанды енгізіп, жолдарға сол тоқсанның бағаларын, оқушының, санын, сапасын анықтайтын кесте құру тапсырылады. 2-ші топқа Гистограмманың программасын құру.

Screen 2

Print Gistogramma

Line (75,25) – ( 75, 190),1

Line (75, 190 ) – ( 500, 190),1

For a = 125 to 375 step 50

Read P

Line (A,190) – ( A+50, 190-P),,B

Next

Data 50,60,64,72,120

2 Y (x) = ln(1+x)/(x^2+1) функциясын [ 0;1] кесіндісінде 0,2 қадам мен мәндерін кесте түрінде беру программасын құру керек.

10 rem кесте

20 input a,b,n

30 h = (b-a)/n

40 print string $ (38, “-“)

50 print “K”; tab (4); “!” tab (6); “x”; tab (22); “!” tab(30); “y”; tab (38); “!”

60 print string $ (38, “-“)

70 for K = 0 to N

80 X = A+K*h

90 Y! = log (1+x)/(x^2+1)

100 print “K”; tab (4); “!”; tab (22); “!”; “y!”; tab (38); “!”

110 Next K

120 print string $ (38,”-“)

130 End.

Сонымен қатар сабақты түрлендіріп қызықты өткізуге көмектесетін, оқушылардың шығармашылық белсенділігін артыратын ойын элементтерін пайдалану өте тиімді. Информатика сабағындағы ойындарға ребустар, сөзжұмбақ құрастыру, анаграммалармен жұмыс жасау жатады. Ойын элементтері оқушылардың логикалық ойлау қабілетін артырып, сөз байлығын кеңейтіп, елестету және қалыптан тыс ойлауын, сөздерді жадында сақтауға үйретеді.

Осы мақсаттағы 7 сыныптағы сабағыма тоқтала кетемін.


Сабақтың тақырыбы: Word Pad мәтіндік редакторы.

Word Pad программасын іске қосу.

Мәтіндік редактор терезесі.

Мәтінді енгізу және редакциялау.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік : Word Pad редакторымен жұмыс істеуді үйрету.

Дамытушылық : Тақырып бойынша алған теориялық білімдерін

тапсырмаларды орындау кезінде тиімді пайдалану,

алдына қойған мақсаттарына жету.

Тәрбиелік : Өз бетімен жұмыс істеуге үйрету. Мәтінді сауатты теру.


Сабақтың жүрісі:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Жаңа материалды түсіндіру.

Word Pad редакторы:

  1. Іске қосылуы.

  2. Терезе элементтері.

  3. Батырмалары.

  4. Мәтінді теру, редакциялау.

Бұл сабақта блоктау арқылы, трек схемаларын пайдаланып түсіндірдім. Word Pad мәтіндік терезесінің ашылуын, оның элементтерін таныстырдым. Терезеге мәтінді теріп жазу, мәтіндік редактордың Word Pad батырмаларының түрлері мен қызметі айтылды. Мәтінді теру мен редакциялау түсіндіріледі.

Материал толық түсіндіріліп болған соң, оны бекітуді компьютер мен жеке жұмыс жасауға үйрету мақсатында үлестірме бетшелер тапсырылды. Бетшедегі тапсырмаларға Махамбеттің 200 жылдығына байланыстырылып өлеңдер шумағын алдық.

1 - тапсырма. Берілген өлеңдер шумағын сауатты теріп жазу.

2 – тапсырма. Оқушыларға тәрбиелік мәні бар мақалдарды өз ойларынан теріп жазуды тапсырдым

3 – тапсырма. Бір әріпті екі рет қолданбай «Программа» деген сөзден ең ұзын мағыналы сөз ойлауды ұсындым.

4 – тапсырма. «Компьютер» немесе «Процессор» сөздерінің әріптерінің орнын ауыстырып қойып, осы әріптерден сөз құрастыру керек.

ІІІ. Материалды бекіту. Өтілген тақырып бойынша мына сөзтізбекті шешіп көрелік. Бұл сөзтізбек Махамбеттің 200 жылдығына арналып алынған.

Сөзтізбек






М










А








Х









А










М





Б










Е







Т





  1. Ақпараттық процестерді үйрететін ғылым.

  2. Графиктік немесе текстік мәліметтерді тікелей оқитын құрылғы.

  3. Файлдар көлемін кішірейтіп сақтауға арналған программа.

  4. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны.

  5. Есеп шешуінің алгоритмін компьютерге түсіру жолы.

  6. Информацияның өлшем бірлігі.

  7. Мәлімметті сақтау үшін қажетті құрал.

  8. Ақпаратты шығару құрылғысы.


IV. Үйге тапсырма:

1) 5.1 – тақырып.

2) Үйден әркім өз ойынан осы тақырыптың ережелеріне сәйкестендіріп ребустар және сөзтізбек құрастыру.

Осы сабақты бағалауды мынадай кестеге толтырып қорытынды баға қойылды.




Сайыс

Компьютер

1

2

3

4

5

1.

Word Pad






2.

Мақал – мәтел






3.

Логикалық ойындар







Бұл сабақтың артықшылығы мен тиімділігі мынандай:


1.Оқушының логикалық ойлау қабілетін, сөз байлығын жетілдіреді.

2.Компьютерлік сауаттылығын қалыптастырады.

3.Оқушының пәнге қызығуын және шығармашылығын арттырады.

Тараудың соңында, қорытынды сабақта оқушы білімін тексеру үшін әрбір сыныптарға өтілген тақырыптары бойынша тест жұмысы жүргізіледі.

Т е с т – оқушының білімін, іскерлігі мен дағдысын тексерудің немесе оқушы білімінің белгілі бір сапалық қасиетін тексерудің ерекше түрі. Тест құрастыру барысында мейлінше қысқа да нұсқа жауаптарды қажет ететін тапсырмалар қолданылады немесе бірнеше жауаптар ішінен дұрыс жауапты таңдап алуға негізделген тапсырмаларға құралады.

1.Мына программалар программалық тілдер

а) Excel

ә) FoxPro

б) Basic

в) Access

г) Lexicon

ғ) Supercalc

д) Coreldraw

ж) Word

з) Pascal

2. Келесі редакторлар графиктік редактор болып табылады.

a) Excel

ә) FoxPro

б) Basic

в) Access

г) Lexicon

ғ) Supercalc

д) Coreldraw

ж) Word

з) Pascal

3. Келесі программалар тақырыптық редактор болып табылады.

a) Excel

ә) FoxPro

б) Basic

в) Access

г) Lexicon

ғ) Supercalc

д) Coreldraw

ж) Word

з) Pascal

4. Мәлімметтер базасын басқару жүйелері болып табылатын программалар.

a) Excel

ә) FoxPro

б) Basic

в) Access

г) Lexicon

ғ) Supercalc

д) Coreldraw

ж) Word

з) Pascal

5. Келесі программалар электрондық кестелер болып табылады.

a) Excel

ә) FoxPro

б) Basic

в) Access

г) Lexicon

ғ) Supercalc

д) Coreldraw

ж) Word

з) Pascal

6. Алғашқы Әмбебап есептеу машинасының жобасының авторы кім?

а) Б.Паскаль

ә) Г. Лейбнец

б) Ч. Беббидж

в) Дж. Фон Нейман

г) Ада Лавлайс

7. Алғашқы алгоритм тілі авторы және Іші программист кім?

а) Б.Паскаль

ә) Г. Лейбнец

б) Ч. Беббидж

в) Дж. Фон Нейман

г) Ада Лавлайс

8. Алғашқы механикалық есептеу құрылғысын (арифметрді) ойлап тапқандар.

а) Б.Паскаль

ә) Г. Лейбнец

б) Ч. Беббидж

в) Дж. Фон Нейман

г) Ада Лавлайс

9. Алғашқы дербес компьютерді шығарған фирма:

а) Apple

ә) IBM

б) Acer

в) Hpaccard

10.Жадттың логикалық бөлінбейтін бірлігі.

а) бит

ә) байт

б) Герц

11. Бір байт мынаған тең

а) 12 пиксел

ә) 16 герц

б) 8 бит

12. Бір килобайт мынаған тең

а) 1000 байт

ә) 1024 байт

б) 210 байт

в) 213 байт

13. Қатты дискі дегеніміз –

а) графикалық ақпараттар енгізу құрылғысы

ә) алфавиттік – сандық және графиктік ақпараттар шығару құрылғысы.

б) Оңай ашылатын мәлімметтер сақтау құрылғысы.

14. Қазіргі компьютердегі қатты диск көлемі:

а) 840Кбайт – 1 Мбайт

ә) 24-28 Мбайт

б) 540Мбайт – 1300 Мбайт

в) 1200-2000 Мбайт

15. Принтер дегеніміз бұл –

а) графикалық ақпараттар енгізу құрылғысы

ә) алфавиттік – сандық және графиктік ақпараттар шығару құрылғысы.

б) Графикалық мәлімметерді қағазға шығару құрылғысы.

16. Сканер дегеніміз – бұл

а) графикалық мәліметтер енгізу құрылғысы

ә) алфавиттік – сандық және графиктік ақпараттар шығару құрылғысы.

б) Графикалық мәлімметерді қағазға шығару құрылғысы.

17. Модем дегеніміз бұл-

а) графикалық мәліметтер енгізу құрылғысы

ә) алфавиттік – сандық және графиктік ақпараттар шығару құрылғысы.

б) глобальді желіге байланыс құралы арқылы компьютерлерді жалғауға арналған құралғы

18. Қазіргі модемдер 1 секундты жеткізу мүмкіндігі

а) 4 кбит ақпаратқа дейін

ә) 29кбит ақпаратқа дейін

б) 56,8 кбит ақпаратқа дейін

19. Дыбыстық карта дегеніміз – бұл

а) графикалық мәліметтер енгізу құрылғысы

ә) алфавиттік – сандық және графиктік ақпараттар шығару құрылғысы.

б) дыбыстық ақпараттарды шығару – енгізу құрылғысы.

Енді осы информатика саласында кездесетін проблемалар жайын сөз етелік. Ауылдық жерлердегі өзекті проблемалар мынадай:

  • Оқушыларға толық жететін компьютер комплектісінің болмауы;

  • Компьютердің техникалық ақауын жөндеу жұмыстарының қиындығы;

  • Интернет жүйесінің байланысының қосылмауы;

  • Мұғалімдерге дидактикалық материалдардың тапшылығы;

  • Қашықтан оқыту мүмкіндігінің болмауы;

Ал келешекте оқушыларды оқытудың мемлекеттік бағдарламасындағы міндеттерді толық орындай отырып, толық сауатты дарынды оқушыларды әзірлеу міндетіміз болып саналады.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.10.2025
62
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі