400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шығармашылық.Сурет салу.Тақырыбы:Тарихқа саяхат.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық қартасы.

Ортаңғы топ.

«08» желтоқсан 2017 ж

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Туған өлкем

Мақсаты: Дөңгелек пішінді заттарды салу. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер шығармаларымен таныстыру барысында эстетикалық қабылдауын дамыту. Балалардың шығармашылық жұмыстарын бағалау.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ою – өрнектермен безендірілген тұрмыстық заттар, геометриялық фигуралар.

Қажетті құрал – жабдықтар: сурет дәптер, бояулар, қағаз, су, сүлгі,ою - өрнек.

Қостілділік компонент: өрнек - орнамент,қошқар мүйіз - рога барана,қызғаладақ гүл - цветок тюльпана

Іс-әрекеттер кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

«Жылы лебіз»

Алақандарымызды үйкелейікші.

–Алақандарыңды үйкелегенде не сездіңдер?

Енді, осы жылуымызды бір-бірімізге ізгі тілектер білдіру арқылы берейік. Мен бастаймын, сендер жалғастырасыңдар.

қазақтың ұлттық ою-өрнектерін балалардың естеріне түсіреді.

Суретпен жұмыс

Балалар қарандаршы мынау суреттерде не көріп тұрсындар?

Дұрыс ыдыстар,кілем,домбыра,жастық көрпелер.

Балалар бұл қолданбалы заттарда қазақ ұлттық ою өрнектермен безендірілген.

Қазақ ұлттық ою өрнек туралы түсіндіру

Бұрынғы кезде біздің ата - бабаларымыз киіз үйде өмір сүрген. Сол киіз үйдің ішінде қазақтың ұлттық тұрмыстық бұйымдарын ұстаған. Қазақтың ұлттық тұрмыстық бұйымдарына сандық, көрпе, жастық, киіз, торсық,; киім-кешектерге - кимешек, кажекей, мәсі, сырмақ жатады.

Қазақтың қай ұлттық бұйымы болмасын, ою - өрнексіз болмаған. Бүгін біздер ою - өрнектің «Қошқар мүйіз» «Тұмарша » деген түрімен танысамыз.

«қошқар мүйіз» - ата бабаларымыздың отар - отар қойы болсын деген арман тілегін, молшылықты білдіреді.

Балалармен амандасады.

Алақандарын үйкелейді.

– Жылу сезіндік.

– Аспанымыз ашық болсын! Денің сау болсын! Әрқашанда әдемі болып жүр! Достарың көп болсын! т.б. тілектер айтады.

Балалардың жауаптары.


Ыдыстар,кілем,домбыра,жастық көрпелер.







Балалар мені мұқия тыңдайды.

Ұйымдастыру - ізденістіру

Балалар қазыр біз сендермен ою өрнектермен танысамыз.

Және үй тұрмысында қайда кездесетінің айтып кетемін.

Суреттерде ою өрнектерді көрсетемін.

Кілемде бейнеленген ою «қошқармүйіз» деп аталады, ал кеседегі «құсқанаты» деп аталады.

Дидактикалық ойын:«Артығын алып таста»

Балаларға артық нәрсені алып тастаймыз

Мысалы:Допта ою-өрнек бар ма?

Ал қазанда ше?

Ал балалар сендердің үйлерінде қандай заттарда ою өрнектер бар?Әжелерінің үйлерінде бар ма?

Сергіту сәтті:

Қарлығашқа ұқсайық
Қане қанат жасайық
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып-ұшып алайық.

Балалар мынау бізде кілемше бірақ оған ою өрнектер тігілмепті

Дәстүрлі емес сурет салуды бастаймыз.

Балалар қарандаршы біздің алдымызда қандай құрал жабдықтар бар?

Енді жұмысымызды бастамаз бұрын мен сендерге қалай жұмыс жасау керектігін түсіндіріп кетемін.

Жұмысымызды бастайық.

Ою- өрнекті салады. (Музыка қоюға болады).

Саусақ гинастикасы:

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Жолақшада тұрған үшбұрыштарды бояту, яғни оны балалардың қалаулары бойынша бояуға гупкамен батырып, жоғарыдан төмен қарай, дәптердің сол жағынан бастап бояу. Трафаретті дұрыс бастыруды,гупкамен дұрыс қолануды көрсетемін.

Жұмысымызды аяқтаймыз.

Балалардың толық және жеке- жеке жауап беруге үйрету.


Кілемде бейнеленген ою «қошқармүйіз» деп аталады, ал кеседегі «» деп аталады.

Үшбұрышқа ұқсайды, түстерін қайталау. салыстыру, түстерін атайды. Үшбұрышқа ұқсайды, себебі үш бұрышы бар. Балалар атауларын атап қайталайды. (екі рет ойнатуға болады.)

Балалар бағыт беруімен жұмысты бастайды.

Балалардың жауаптары.

Сергіту сәттін орындайды.






Балалар жұмыстарын бастайды.


Балалар үстел ұстінде не бар екенің айтып береді.


Балалар мені мұқият тыңдап назарын маған бөледі.

Балалар жұмыстарын бастайды.

Гимнастиканы орындайды.














Балалар жұмыстарын аяқтайды оны көрмеге барып іледі.

Рефлексивті түзетушілік

Енді балалар кілемшелерді апарып көрмеге ілейік.

Бүгін нені ою-өрнектермен безендірдік?

Қандай ою-өрнектерді жапсырдық?

Ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылау, мадақтау.

  • Кілемшені.

  • Қошқармүйіз,

Күтілетін нәтиже:

Қабылдайды: қазақ оюларының суретін салуды.

Түсінеді: геометриялық фигуралар салуды, нүктелеп белгілеу арқылы сурет салуды.

Қолдана алады: геометриялық фигуралар салу арқылы ою – өрнектермен безендіру жолдарын

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1668
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі