400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

шығыс жұлдызы

Материал туралы қысқаша түсінік
әрбәр оқушыны еңбекпен тәрбиелеу ,олардың үйрену мүмкіндіктері көп
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе «Шығыс жұлдызы» Дайындаған: Адға индустриядық-тхникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Артыкова А.К.

Шығыс жұлдызы «Қазақ халқының қыздары ежелден елді жерге қаратпай, жақсы қасиеттердің символы болғанын білеміз.Табиғаттың байлығы секілді, кез-келген пендеге бұйыра бермейтін махаббат деп аталатын тәкаппар сезімнің ғасырлар бойы баламасы болып келе жатқан Қыз Жібек пен Баян сұлу болса, елі үшін, ұрпақтың тәуелсіз тағдыры үшін күллі өмірін құрбан етіп, он тоғызға толмаған шақта шейіт болған Әлия – рух киесі ұмытыла бастаған заманда әрбір адамға өрлікті, ерлікті сезіндіретін өжеттік пен батылдықтың, биік рухтың қасиетті символы. Әлия бүкіл еліміздің, ұлтымыздың мақтанышы» - кез келген ер азаматтың қолынан келе бермейтін ерекше қайсарлық, жігер, көзсіз ерлік бойынан табылған Әлия есімі қазақ халқы үшін қашанда мәртебелі. Әлия Молдағұлова Ақтөбе облысы, Хобда ауданы, Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында 1925 жылдың 15 маусымында дүниеге келген. Әлия 8 жасқа келгенде, анасы қайтыс болады. Нұрмұхаммед Сарқұловтың қолында ұлы Бағдат пен қызы Әлия қалады. Әкесі Әлияны нағашы әжесі Тәжікеннің қолына беруге мәжбүр болды. Әжесі қазіргі Құрайлы ауылында тұрған, немересін өте жақсы көрген, оған адамгершілікті, жақсылықты, еңбекқорлықты үйреткен. Әлия нағашысы Әубәкір Молдағұловтың үйінде, нағашысының қызы өзімен құрдас Сапурамен өсіп, есейеді. Үй-іші Әлияны өте жақсы көрді. Әубәкірдің әйелі Сән қыздарға көп нәрсені үйретіп, оған қыздар үй жұмысында көмектеседі, кішкентай бауырларын тәрбиелеп, бағады. Өз құрдастарына қарағанда, Әлияның мінезі қисық, қатал болған екен. Әлия Ленинградты шын жүрегімен жақсы көрді. Бұл қала оның екінші отаны болды. Әлияның мұғалімдері, бірге оқыған дос қыздары оны өте ұстамды, терең ойлы, таза, ұқыпты деп естеріне алады. Ол жалқауларды жек көріп, бүкіл балалардың алдында сынап, ұрысатын. 6-7 сыныптарда Әлия староста болған. Үздік оқуы мен үлгілі тәртібі үшін Әлияны Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері Артекке жіберген. Артекте батырлардың тақтасында атақты Батырлар Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзенің қасында Әлия Молдағұлованың да суреті бар. Әлия оқуда өте зерек, талапты, ынталы болып, кітапты көп оқыған. Соғыс басталған соң, балалар үйімен бірге, Ярослав облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7 сыныпты бітірісімен, Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942 жылы) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді. 1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақытқа дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуіне рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазады. Өзі оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататын еді. 1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап, 54- ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерінің көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты. 19 жасар Әлияны майдандас жолдастары "Шығыс жұлдызы" деп атаған екен. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 жылы 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы беріліп, Ленин орденімен марапатталды. Қаһарман қыз Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген. Қазақтың қаһарман қызы - Әлия ерліктерін ұмытпай, мақтан ете білуіміз . Өйіткені, олар-ананың ақ сүтін ақтаған халқымыздың перзентті, еліміздің мақтанышы, көгімізде шолпан жұлдыздай жарқыраған әйел қауымының ар-намысы, биік мұнарасы. Елге деген партриоттық сезімін дәлелдеп тер төккен ару.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 қыркүйек
661
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі