Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ШЫҒЫС СЕПТІК

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі

Уақыты:19.11.2017ж.

Мұғалім:

Төлегенова .Г

Сабақтың атауы

Шығыс септік

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Білімділік: Зат есімнің септелуі туралы білімдерін нығайту. Шығыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларымен таныстыру.
Дамытушылық: Жаттығулар орындата отырып, шығыс септіктегі сөз сөйлемде тұрлаусыз мүше болатынын аңғарту, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын арттыру, топпен жұмыс істей білуге, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: Ассоциация, семантикалық карта, Венн диаграммасы, тест, екі жақты түсіндірме күнделік, ішіне - сыртына.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, кесте

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Әрбір адам досым, сыныптасым,
Әрбір ісің тірлік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзің шындық, бірлік, адалдық
Әрбір сабақ үйрену, оқу, іздену.

Үй тапсырмасын сұрау


- Түбір сөз дегеніміз не?
- Қосымша дегеніміз не?
- Септік жалғаулары дегеніміз не?
- Зат есімнің септелуі дегеніміз не?
- Қазақ тілінде неше септік бар?
«Септіктер» ассоциация құру.
Семантикалық карта.
Сөздер ------------------Атау септік --------Ілік септік ------Барыс септік -----Табыс септік ----Жатыс септік
Бөлмеде, құмда,
Айданада
Суретшінің, ағаштың,
оқушылардың
Оқушы, кітап, ағаштар
Шеңберді, саңырауқұлақты,
Әсемді
Ауылға, мектепке,
Сәулеге
«Қайың» сөзін септеу.

Қызығушылықты ояту

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.

Қосымша шығармашылық тапсырмалар.

Екі жақты түсіндірме күнделігін толтыру.
Мақалдар ------------------------------------- Мағынасы
Шегірткеден қорыққан егін екпес …………….
Баладан мін табылса,
Ата - анаға сын тағылар..........
Түлік төлден өседі........
Қорқақ көлеңкесінен де қорқады..............

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Сергіту сәті

Зат есім септеледі жеті түрде,
Бір – бірімен шатастырып алып жүрме.
Жалғанатын жалғаулары сан түрлі ғой,
Жатта соны, ойнап күлме, босқа жүрме.
Атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.
Жаттап алсаң балақай,
Зат есімді септе тез.

Ой толғаныс


Венн диаграммасы. Жатыс септік пен шығыс септікті салыстыру.
Жатыс септік
Шығыс септік
Тест жұмысы.
1. Қазақ тілінде неше септік бар?
а) 6 в) 7 с) 5
2. Сөйлемнен шығыс септігінде тұрған сөзді тап:
Кеше Сәуледен хат келді.
а) Сәуледен
в) келді
с) кеше
3. Шығыс септігінің сұрақтарын тап.
а) кімде? неде?
в) кімнің? ненің?
с) кімнен? неден?
4. Шығыс септігінің жалғауларын тап:
а) - да, - де, - та, - те
в) – дан, - ден, - тан, - тен
с) – ны, - ні, - ды, - ді, - ты, - ті
5. Шығыс септігінде тұрған сөзді тап.
а) мектептен
в) мектепте
с) мектептің

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Бағалау парақшаларын толтыру.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
636
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12