жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Шығыс шынары
Ана тілі 4
сынып Сабақтың тақырыбы:
«Шығыс шынары»
Әзиза Нұрмаханова
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Ұлы Отан соғысы жылдарындағы елі үшін жанын қиған ер енерлер өмірін дәріптеу.
Дамытушылық:
Отанымыздың тарихына қызығушылықтарын арттыру, достық,
ынтымақтастық, жауапкершілік
сезімдерін ұялату.
Тәрбиелік:
Қазақ халқының қайсар қызы Ә. Молдағұлованың ерлігі негізінде отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру.
Оқушыларды көпшіліктің алдында өзін – өзі ұстай білуге, ұялмай сөйлеуге, өз ойын ашық жеткізуге үйрету.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс – тәсілдері:
Түсіндіру, әңгіме, көрнекілік, ойын арқылы дамыту, «топтастыру»
стратегиясы, «бес жолды өлең» стратегиясы, сұрақ – жауап
әдісі.
Пәнаралық байланыс:
Қазақ тілі, дүниетану, математика,
тарих.
Көрнекіліктері:
Интерактивті тақта, суреттер, бағалау
жұлдызшалары.
Сабақтыңбарысы:
І. Ұйымдастыру
бөлімі:
Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу. Оқушылардың
назарын сабаққа аудару. Сабақтың ерекшелігін атап өту:
- Балалар, біз бүгін өзгеше жаңа сабақ интерактивті тақта көмегімен ашық сабақ өткелі тұрмыз. Бүгінгі сабақта Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазылған шығармалар топтамасымен әрі қарай танысамыз. Өздерің білетіндей Ұлы Отан соғысы жылдарындағы елі үшін жанын қиған еренерлер қазақтың маңдайына біткен жұлдыздары емес пе?
Сендер де еліміздің ертеңісіңдер, болашақ қазақтың қамын ойлар азаматтарысыңдар! Олай болса, мен сендерден үлкен үміт күтіп, жарқын болашақтарыңа сенім білдіріп, бүгінгі сабақ барысында мынадай жұлдызшалармен бағалағым келеді.
ІІ. Психологиялық
дайындық:
Біз бақытты баламыз,
Ойнап – күліп аламыз.
Жетілсін деп санамыз,
Оқып білім аламыз.
ІІІ. Өткен
сабақты пысықтау
А.
Халимулдина мен Ә. Халимулдиннің «Мәншүктің
жұлдызды сәті» әңгімесін мазмұндау.
Сұрақ – жауап.
ІV. «Сиқырлы
сандар» ойыны.
Ойынның мақсаты: жылдам есептер шығару арқылы жаңа тақырыпты ашу.
Ойынның шарты: жылдам есептер шығару арқылы сиқырлы сандарды әріптерге айналдыру. Кесте көмегімен әріптерден сөз құрау. Сонда біздің бүгінгі сабағымыздың басты кейіпкерінің аты шығады.
52+(6*8)=100 ( Я )
74 - 50/10=69 ( Ә )
53+5*9=98 ( И )
72/9+8=16 ( Л )
69 16 98 100
Ә --Л -И --Я
V. Жаңа
сабақ
Бүгінгі сабағымызда Әзиза Нұрмаханованың « Шығыс шынары» әңгімесімен танысамыз.
Нұрмаханова Әзиза Нұрмаханқызы
1924жылы 15 желтоқсанда қазіргі Қарақалпақ АССР – інің Мойнақ
ауданында туған. Қазақ Совет түркологы, филология
ғылымдарының докторы, профессор. Ол түркі тілдерінің интонациясын алғаш зерттеуші. Оның «Қыздар» (1969),
«Шығыс шынары» (1973) повестерінде
қазақ әйелдерінің әлеуметтік тағдыры, Совет Одағының батыры Әлия
Молдағұлованың өмірі мен жанқияр ерлігі суреттелген.
Халқымыз Отан үшін от кешіп,
елдік пен ерлік сынға түскен сәтте қас қақпай өмірлерін құрбан
еткен батыр ұл – қыздарын қастерлеп, қадір тұтады. Тарихи
деректерге қарағанда 1941 - 1945 соғыс жылдарында 1 миллион 196 мың
164 қазақстандық әскерге алынған еді. Балалар, сендер қандай
батырларды білесіңдер? Біздің ауданымыздан елі үшін күрескен қандай
соғыс ардагерлері бар? Көптеген жауынгерлер теңдесі жоқ ерліктер
жасады. 518 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Мұның
елеулі бөлігі қыздар болғаны белгілі. Әскерге алынған қыздар соғыс
техникаларын мен құралдарын жетік меңгерген. Ұлы Отан соғысы
тарихында аттары аңызға айналған қазақтың үш батыр қыздарының -
Әлия, Мәншүк, Хиуаздың орны бөлек. Бұл ерліктің сыры неде? Әрзаман
осы сұраққа өз биігінен жауап беріп келеді.
Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың небәрі 18 жастан сәл ғана
асқан қысқа өмірі бәрімізге де белгілі. Шын аты Ылия, бұл әжесінің
қойған аты. Қуғын – сүргін заманы жасқызды анасынан өлі, әкесінен
тірі айырды. Әлияның атасы Сарқұл бай болған, 1928 жылдан бастап
қуғын – сүргінге ұшыраған. Оның ұлы Нұрмұханбет, Әлияның әкесі, бас
сауғалап анда – мұнда жасырынып өмір сүрген. Әлияның анасы Маржан
көрші әйелдермен картоп теруге барса, күзетші оларды қорқытпақ
болып мылтық атады, оқ Әлияның анасына тиіп, қайтыс болады.
Әлия анасының інісі Әубәкірдің қолында тәрбиеленген. Нағашысының
жұмыс бабына қарай ол Әулиеата (Жамбыл), Мәскеу, Ленинград
мектептерінде оқыған.
Ол өзінің жол дорбасына Жамбылдың орталық газете жарияланған
Ленинград қаласының қаһарман қорғаушыларына арналған өлеңдерін
салып жүрген.
Ауыр соғыс жүріп жатты. Әлия өз мергендігімен аты шықты. Бірде өзі
қызмет ететін батальонға Казачиха деревнясын жаудан азат ету
тапсырылды. Күтпеген жерден командир саптан шығып, батальон
басшымыз қалған тұста Әлия ұран тастап, жауынгерлерді шабуылға
көтерді. Деревня жаудан толық азат етілді. Сол ұрыста қазақ
халқының батыр қызы Әлия Молдағұлова ерлікпен қаза тапты. Бұл 1944
жылдың 14 қаңтары еді. Жасқыз өз ерлігімен өз батальонын ғана емес,
бүкіл бригаданы құтқарып қалды. Ол Смердль өзенінің жағалауына
жерленді. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылы 4 маусымдағы
жарлығымен Әлия Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Орыс ақыны Яков Хелемский «Әлияның жүрегі» деген поэмасында:
Шаттансаң қыз тудым деп, қазақ, шаттан,
Әлия Отанына болған мақтан.
Бежаница маңында тұлғасы тұр,
Дегендей: ерлікке аттан, еңбекке аттан!
Бұл жерден сонау заман Пушкин өткен,
Желдіртіп қоңыраулы атты жеккен.
Сол жерді жаудан сақтап қаламын деп,
Қазақтың Әлия қызы қанын төккен.
Әлия тағылымы батырлар қорғаған мәдени мұраны, қазақ ұлтының талай
ғасырлар бойына жинақталған құндылықтардың саналы мұрагері
екенімізді ескертеді. Дәстүрімізге, тілімізге, дінімізге деген
құрмет, елге тағзым, халықты, елді, сыйлау, кешегі мен ертеңгі,
бүгінгі мен ертеңгі күннің терең тарихи сабақтастығын білуді
міндеттейді. Әлия тағлымы ел басына күн туса, жауапты да күрделі
іске дайын болу, қиындықтарды жеңе білуге
жетелейді.
VI. Оқулықпен
жұмыс.
Мәтінді бөліктерге бөліп
оқыту. Мазмұнын айтып өту, бөлімдерге
бөлу.
(Мен тақтаға, оқушылар дәптерлеріне жазады.)
Сұрақтарға жауап беру.
VІI. «Топтастыру»
стратегиясы.
Балалар, бала Әлия, оқушы
Әлия қандай болған?
VІІI. Сабақты
бекіту: «
Бес жолды өлең» стратегиясы.
_______________ _________ сүйетін,
_______________ _________ баламыз.
_________________________ жолымен,
_______ _________________ боламыз.
ІХ. Сабақты
қорытындылау.
Не білдік? Неніүйрендік? Не білеміз?
Х. Сабақты
бағалау.
Артықшылықтары мен кемшіліктерін
атап өту. Бағалау кестесіне сүйене отырып жұлдызшалар бойынша бағалау.
ХІ. Үйге
тапсырма беру.
Мәтінді мазмұндау. Берілген тақырыптар бойынша шығарма жазу:
Қаhарман қыз Әлия.
Ерлік ешқашан да ұмытылмайды.
Бейбіт елдің ұланымыз!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген