жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Шығыстың қос жұлдызы
Тәрбие сағатының тақырыбы: Шығыстың қос жұлдызы
Тәрбие сағатының мақсаты:
Ұлы тұлғалардың ел бейбітшілігі жолындағы ерлік істерін ұғындыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, өз елі мен жері үшін болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Оқушылардың Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің маңыздылығын ұғынуларына жағдай туғызу. Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған Қазақстан азаматтары туралы мәлімет беру. Аттары аңызға айналып, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырған қазақтың қос батыр қызы Мәншүк Маметова мен Әлия Молдағұлованың жарқын өмірі және Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерін ұрпаққа үлгі етіп, өнеге ету.
Көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер, сурет
Жоспары:
Кіріспе. Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің маңыздылығы
Мағынаны тану. Топтық жұмыс «Шығыстың қос жұлдызы»
Ой толғаныс. «Мерген бола аласын ба?» сұрақ жауап
«Жалғасын тап» мақал мәтелдер
Қорытынды. «Әрқашан күн сөнбесін»
Тәрбие сағатының барысы:
Кіріспе. Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің маңыздылығы
Мұғалімнің кіріспе сөзі: (Слайд көрсетіліп тұрады.)
Балалар Ұлы Отан соғысы, Ұлы Жеңіс деген сөздер естіп жүреміз. Бүгін осы сөздердің мағыналарына тереңірек үңілеміз.
1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жаткан кезде, елімізге қауіп төнді. Халкымыз адам айткысыз қиын кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. Соғыс басталысымен барлық ер-азаматтер Отанын қорғауға аттанып кетіп жатты. Арттарында жылаған балалары мен жарлары, ата-аналары қалып жатты.
Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай самолетті, 3700 танкті, 50 мыңдай қару мен минометті шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерлерінің жалпы саны 5 миллион адамға жетті. Осы сұрапыл соғыста жауды талқандап Ұлы Жеңіске жетуге қазақстандықтар да сүбелі үлес қосты. Жүздеген мың қазақстандықтар қолына қару алып, өз Отанының намысы мен бостандығы үшін күресті. Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде өлімге бас тікті, Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинді шабуылдады, Рейхстагқа Жеңіс туын тікті. Тарихи деректерге қарағанда 1942-1945жж 1млн.196мың.164 қазақстандық майданға аттанып тең жартысы оралмаған. Көптеген жауынгерлеріміз ерлік көрсетті. 518 қазақстандық Кеңес Одағының батыры атағын алды. Атап айтсақ Қасым Қайсенов, Нұркен Әбдіров, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Рақымжан Қошқарбаев сияқты аты аңызға айналған батыр аталарымыз. Осы қырғын соғыста ерлермен қатар елін қорғаған қос қазақтың батыр қызы болған. Ол Мәншүк Мәметова және Әлия Молдағұлова. Оларды біз қазақтың қос шынары, қос жұлдызы деп қатар атаймыз.
Мағынаны тану. Топтық жұмыс «Шығыстың қос жұлдызы»
І топ. (буклет бойынша әңгімелеу)
Мәншүк Мәметова Жеңсікәліқызы
(Жиенғалиқызы) 1922 Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында туған.
Мәншүктің ата-анасы ерте қайтыс болды да, бес жасар баланы оның
тәтесі Әмина Мәметова бауырына басады. Мәншүктің балалық шағы
Алматыда өтті.
Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк медицина
институтында оқып, соңымен бір мезгілде республика Халық
Комиссарлары Советінің секретариатында қызмет етіп те жүрген. 1942
жылдың авгусында ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынады да,
майданға аттанады. Өз бөлімінде Мәншүк таңдаулы пулеметші атанады.
Алғашында бригада штабында қызмет етті, кейіннен пулеметшілер
бөлімшесінің командирі болды.
1-оқушы: Мәншүк атыс толасында,
Жүр орманның арасында.
«Мені ал, мені ал» деп алуан гүл,
Қолына оның таласуда.
Тығылып гүл омырауға.
Сұрағандай жанға дауа,
Ант еткендей тұрды Мәншүк,
Гүлді жауға таптатпауға.
2-оқушы: Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,
Оқ борап, снарядтар қаққан ызың.
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.
Әскердің қиындығын Мәншүк ерлермен қатар көрді, жер жорғалап, судан жүзіп, қалың ну ормандардан өтті, пулемет атып үйренді. 21-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының ең жақсы пулемет атқышы атағына ие болды. Ол ержүректің үлгісі болды, оны дивизия жауыңгерлері мақтан тұтқан. 1943 жылдың 15-ші қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін өте қатал соғыс болды. Мәншүк өзінің әскери бөлімінің шабуылын пулемет отымен қолдады. Мәншүктің басына оқ тиді. Соңғы күштерін жинап, Мәншүк пулеметін ашық жерге алып шығып, жодастарына жолды тазалап, фашистердің тікелей бетіне атқан. Өлі Мәншүк пулеметтің саптарын қолына тастай қатты қысып алған. Сол қан майданда Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты.
Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 1-ші наурызында немес басқыншыларымен соғысу майданындағы қолбасшының әскери тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны үшін, көрсеткен ерлігі үшін Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Мәншүк соғысқа аттанған Алматы қаласына Кеңес Одағының түпкір – түпкірлерінен алғыс хаттар барды. Невель қаласында Мәншүк атында көше бар. Батырдың туған жерінде мемориалдық музей, Орал қаласында да музей ашылды. Невель Орал, Алматы қалаларында ескерткіш орнатылып, Алматыдағы 28-орта мектеп пен медициналық институт алдында ескерткіш тақта қойылған. Қазақстанның ақын жазушылары Мәншүк Мәметова туралы көптеген өлең, поэмалар жазды.
ІІ топ: (буклет бойынша көрсете отырып әңгімелеу)
Даламыздың даңқысың,
Балауса гүл, балғын қыз.
Жанын қиып, халқы үшін
Жанып түскен ақ жұлдыз.
Мәңгі жасап жерде енді,
Биік бол деп таулардан.
Сенің балғын бейнеңді,
Жасап қойдық мәрмәрдән.
Бұл өлең жолдары Батыр қыз Әлия Молдағұловаға арналған.
Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы 1924 жылы 15 маусымда Қобда ауданы Көкбұлақ деген жерде туған. Әлияның әкесі Нұрмұхамбет Сарқұлов кезінде бай тұқымынан шыққан ұрпақ ретінде қудалаған адам. Ал анасы Маржан 1932 - 1933 жылдары ашаршалақ кезінде кортоп еккен бақша күзетшісінің оғынан қаза болған. Сегіз жасында жетім қалып, Әубәкі деген ағасы өз тәрбиесіне алады. Кейін ол ағасы Санкт - Петебург(Ленинград) қаласын көшіп келді де, Әлия сол қалада оқиды. Отбасының жағдайын байланысты Әлия кейін балалар үйінде тәрбиеленеді. Әлия ерекше ұстамды, зерек, жаңалыққа бой ұрғыш болып өседі. Соғыс басталғанда ол небәрі 17 жаста болған екен. Сол кезде майданға өзі сұранып, атқыштар даярлайтын бөлімді бітіреді. Майдан даласында: Сіз жауынгерлік тапсырманы орындауға нәзіксіз ғой? Майданға қалайша келдіңіз? Жасыңыз нешеде? деген сұрақтарға -Мен Молдағұловамын. Қазақстандықпын. Жасым 17 - де. Майданға өз бетіммен келдім. Қандай болсын жауынгелрік тапсырманы орындауға дайынмын. Керек болса, Москва қорғағанда өлген біздің 28 бауырлар сияқты өлеміз.
Әлия Молдағұлова 54 - ші атқыштар бригадасын 4 - ші батальонның 3 - ротасының мергені. Ұрыс басталғанға дейін оның есебінде өлтірілген 35 неміс болды. Ноовосокольники ауданының солтүстік жағында болған шайқастарда Молдағұлова асқан тұрақтылық, ержүректілік, батылдық көрсетті. Сапында Әлия болған 4 - ші батальон жауды Казачиха деревниясынан қуып Новосокольники – Дно темір жолын кесіп, тастау бұйрық алды. Жауынгерлік қарсыласқан жау торабына лап қойды.
Ержүрек жауынгерді байқап
қалған гитлершілер сол шақта борандатып оқ жаудырды. Әлия жараланып
еттбетінен түсті. Әлия жараланғанына қарамастан «Алға!» деп атой
салып қайтадан жүгіре жөнелді де, бірінші болып жау траншеясына
басып кірді.
4 - ші батальонның Әлия болған он қанаты түгелдей атакаға шығып
қысқа ғана ұрыстан кейін жаудың қорғаныш шебін бұзып
өтті.
1944 жылдың 14 қаңтар
айында Әлия Молдағұлова Казачиха түбінде ерлікпен қаза тапты.
1944 жылдың 4 маусым айында Совет Одағының Батыры атағын
берді.
4- Оқушы: Қыр қызы орындады берген антын
Халқына адал болу ердің салты
Ел үшін қасық қанын аямаған.
Жүректе мәңгі өшпейді Әлия, Мәншүк аты.
Мұғалім:
Әлия –Мәншүк ер қыздары елімнің
Әлия –Мәншүк –гүл қыздары жерімнің
Әлия –Мәншүк аттары әнге айналған
Әлия –Мәншүк қос жұлдыз көкте жайнаған.
Қазақтың қос батыр қызы, қос жұлдыз қызы Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметованы халқы ешқашан ұмытпайды.
Ой толғаныс. сұрақ жауап
- Мәншүк Мәметованың шын аты қалай? (Мәнсия) Ол қашан туған, қай жерде?
- Әлия Молдағұлова қашан туған? Қай жерде? Кімнің тәрбиесінде болды? (нағашы әжесі Тәжікеннің)
- Мәншүк кімнің тәрбиесінде болған? (Әмина Сүлейменованың)
- Мәншүк соғыс басталғанда қайда оқып жүр еді? (Алматы мед.институтында)
- Әлия қандай оқуға түсіп, оны үздік бітіріп шықты? (мергендер дайындайтын Орталық қыздар мектебінде)
- Әлия соғысқа аттанғанда неше жаста еді? (21)
«Жалғасын тап» мақал мәтелдер
-
... есімі –ел есінде.
-
Еліңді сүйсең- .ерлік істейсің.
-
Батыл болмай- батыр болмайсың.
-
Өжет адам өлімді жеңеді.
-
Тәуекелге бел буған адамды қорқыныщ билемейді.
-
Батыр жігіт қол бастар.
-
Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі
-
Батыр туса ел ырысы, жаңбыр жауса жер ырысы
«Мерген бола аласын ба?» сергіту сәті
Қорытынды. «Әрқашан күн сөнбесін»
1945 жылыдың 9-мамырында біздің еліміз Фашистерді жеңді. Көптен күткен Ұлы жеңіс келді.
Алдымызда үлкен мереке келе жатыр.Ұлы Жеңіске 73 жыл толып отыр.
5-оқушы: Тоғызыншы мамырды жылда тойлап,
Келеміз біз, кетеміз өткенді ойлап.
Ағаштарға сыйлады жас жапырақ.
Гүл сыйлады далаға көктем де ойнап.
Жауды жеңді аталар ерлік етіп,
Шабыстарын тұлпарлар келді үдетіп.
Жұрт көшеге шығады ту көтеріп,
Жеңіс туын көтеріп желбіретіп.
Мінетін кезіміз де атқа бекіп,
Көрген емес есеміз жатқа кетіп.
Жеңіс тойын тойлайды балалар да
Әпкелердің ерлігін мақтан етіп.
6-оқушы.
Жеңіс деген – жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Хор : «Әрқашан күн сөнбесін» Соңында бұлттар, күн, құстарға тілектер жазып тақтаға ілеміз. Бейбіт өмірдің аспанын бейнелейміз.
Әрқашан күн сөнбесін өлеңі
1. Күн әдемі, көк
әлемі,
Бұл суреті жас баланың.
Ақ қағазға салған өзі,
Жазылған бар сөзі.
Қайырмасы:
Әрқашан күн
сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін,
Қасымда болсын мамам,
Болайын мен де аман.
Пусть всегда будет солнце!
Солнечный круг, небо вокруг —
Это рисунок мальчишки.
Нарисовал он на листке
И подписал в уголке:
Припев:
Пусть всегда будет солнце!
Пусть всегда будет небо!
Пусть всегда будет мама!
Пусть всегда буду я!
1. Bright blue the
sky,
Sun up on high,
That was the little boy's picture,
He drew for you,
Wrote for you, too,
jуst to make clesr what he drew
-
Refrain:
May there always be sunshine,
May there always be blue skies,
May there always be Mummie,
May there always be me!
- Мәншүк Мәметованың шын аты қалай? Ол қашан туған, қай жерде дүниеге келді?
- Әлия Молдағұлова қашан туған? Қай жерде? Кімнің тәрбиесінде болды?
- Мәншүк кімнің тәрбиесінде болған?
- Әлия соғысқа аттанғанда неше жаста еді?
- Мәншүк соғыс басталғанда қайда оқып жүр еді?
- Әлия қандай оқуға түсіп, оны үздік бітіріп шықты?
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген