Материалдар / Шығыстың қос шынары. Сабақ жоспары. ҚМЖ. 7-сынып. Арман ПВ 2024 жыл

Шығыстың қос шынары. Сабақ жоспары. ҚМЖ. 7-сынып. Арман ПВ 2024 жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
7.2.3.1-хроника, хабар, очерктердің құрылымымен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату; 7.4.4.5- оқшау сөздердің қызметін түсіну, ажырата білу
Авторы:
03 Сәуір 2025
232
2 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қысқамерзімді жоспар

Бөлім атауы

Жеңіс күні. Ерлікке тағзым.

Педагогтің аты-жөні:


Күні:

01.25 ж.

Сыныбы:

7

Сабақтың тақырыбы:

Шығыстың қос шынары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.2.3.1-хроника, хабар, очерктердің құрылымымен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;

7.4.4.5- оқшау сөздердің қызметін түсіну, ажырата білу

Сабақтың мақсаты

-хроника, хабар, очерктердің құрылымымен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратады;

- мәтіннен оқшау сөздерді анықтайды;

-қыстырма сөздерді қатыстырып мәтінді қайта жазады

Құныдылықтарға баулу

Тәуелсіздік және Отаншылдық

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту


Сәлемдесу.

Психологиялық ахуал қалыптастыру

«Арқаға жазылған комплимент» әдісі

Оқушыларды түгелдейді, оқу құралдарын тексереді.

Үй тапсырмасы сұралады.

Мұғаліммен амандасады, оқу құралдарын дайындайды.


Әр оқушының арқасына түйрегішпен немесе скотчпен қағаз бекітіледі. Оқушылар сынып ішін аралап жүріп, бір-бірінің арқаларындағы қағаздарға жылы сөздер жазып, бірін-бірі мақтайды. 2-3 минуттан кейін олар қағаздарын алып, шағын топ ішінде оқып береді.


Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл-күйін көтереді, бауырмалдығын оятады

«Арман ПВ» баспасының оқулығы

2024 жыл.


Жұмыс дәптерлері


Жаңа сабақ

Ойқозғау.

Ғибратты ой





1-тапсырма

Тыңдалым.

Сынып














2-тапсырма.

Айтылым

Сынып









3-тапсырма.

Жазылым

ӘТН


4-тапсырма.

Оқылым.

Топтық жұмыс


5-тапсырма.

Сынып

Ешкім іштен батыр болып тумайды:батырлық та мінез секілді, өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады.

Бауыржан Момышұлы


«Мерген қыз» мәтінін тыңдап, майдан даласында кездескен қазақ жастарының диалогі арқылы автордың не айтқысы келгенін анықта.


Сұрақтарға жауап бер.

  1. Әлия Молдағұлова туралы не білесің? Ол соғыста қандай ерлік көрсетті?Әлияға қандай атақ берілді?

  2. Алматы қаласында шығыстың қос шынарына орнатылған ескерткіштегі сәбилер мен көгершіндер ненің символы деп ойлайсың?

  3. Әлия мен Мәншүктің бойындағ,ы батырлықтың, жанқияр ерліктің түп-тамыры қайдан бастау алады?

«Мерген қыз» мәтінін тағы бір мәрте тыңдап, оқшау сөздерді жазып ал, қандай мағынада жұмсалғанын анықта.


Мәтінді оқы. Жанрын (хроника, очерк, мақала) анықта. Дереккөзіне және авторына сілтеме жаса.


Мәншүктің ерен ерлігі саған қалай әсер етті?


Дескриптор:

-автор көзқарасын талдайды;

-сұрақтарға жауап береді

-мәтіннен оқшау сөздерді анықтайды

-мәтін жанрын анықтайды;

- дереккөзіне және авторына сілтеме жасайды;



ҚБ «Шапалақ»


«Жарайсың!»деген мадақтау сөзімен ынталандыру.






Сабақтың ортасы

.


Ережемен танысу.


















6-тапсырма. ӘТН

Жеке жұмыс


7-тапсырма.

ӘТН

Жұптық жұмыс




ӘТН


Қыстырма сөздерді қатыстырып, мәтінді қайта жаз.


Мақал-мәтелді қыстырма сөйлем ретінде қолданып, жұпта «Батырлық -жүректе» тақырыбында сұхбаттасыңдар.

Дескриптор:

-қыстырма сөздер мен сөз тіркестері туралы біледі

- Қыстырма сөздерді қатыстырып, мәтінді қайта жаз.

-Мақал-мәтелді қыстырма сөйлем ретінде қолданады





ҚБ

Медальон арқылы бағалау


Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК

Сергіту сәті

«Кім, нені жақсы көреді?» жаттығуы.



Барлығы орындықтарға отырады. Кім, нені жақсы көреді солар орындарынан тұрады. Мысалы: Кім балмұздақты жақсы көреді, сол орнынан тұрсын…Кім өзін батырмын деп есептейді?… Кім сары түсті жақсы көреді?… Кім көп тамақ жегенді жақсы көреді?… Кім айнаға қарағанды жақсы көреді? т.б. сұрақтар қоюға болады.



Сабақты бекіту

8-тапсырма.

Жазылым

Жеке жұмыс

Қорытындылау



«Қазақтың қос қарлығашы» тақырыбындағы мақалаға күрделі жоспар құр


wordwall.net сайты арқылы ойын ойнату


Дескриптор:

- берілген тақырып бойынша мақалаға күрделі жоспар құрады


Оқулық




https://wordwall.net/resource/77676213


Үй тапсырмасы

9-тапсырма.




Жазылым тапсырмасындағы күрделі жоспарың бойынша мақала жаз. «Менің ойымша», «неге десеңіз», «айтпақшы», «дегендей» т.б. қыстырма сөздерді қолдан.


Оқулық

Сабақ соңындағы рефлексия

Кері байланыс «Білім батареясы»




Қолдарындағы түсті ыдысқа толтыру арқылы кері байланыс береді. Қаншалықты білім жинақтағаны ыдыстың толғанына қарай батарея зарядталады.




Қосымша материалдар










Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі