"Шығыстың ұлы ғұламасы-Әл-Фараби"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Шығыстың ұлы ғұламасы-Әл-Фараби"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әбу Насыр әл-Фарабидің 1155 жылдығына арналған тәрбие сағаты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді

Тәрбие сағаты


Білім беру ұйымының атауы

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Педагогтың Т.А.Ә

Калкаева Р.К

Күні:

10.02.2025ж

Сынып: 2 «Г»

Қатысушылар саны:32

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Шығыстың ұлы ғұламасы – Әл-Фараби

Қауіпсіздік сабағы «Достарыңмен жанжалдасқан жағдайда не істеу керек?» (10 минут)

Сабақ мақсаттары:

Оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл - Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан - жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізу

Құндылықтарды дарыту

Ай құндылығы:Жасампаздық пен жаңашылдық

Апта дәйек сөзі: Жаңашылдық – заман талабы

Оқушыларды жауапкершілік пен еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басталуы

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

«Рухани байлық» дегенді қалай түсінесіңдер?

Еліміздегі мәдени құндылқтардың қандай маңызы бар?

Әлемге танымал болған қандай ғажайыптарды білесіңдер?

Адам қолымен жасалған туындыларыды сақтау не үшін қажет?





Ортасы

Мұғалімнің кіріспе сөзі.Әлем оны "Әбу-Насыр әл-Фараби" деп таниды. Бірақ азан шақырып қойған аты – Мұхаммед. Әкесінің есімі де сондай болған. Атасының аты – Тархан, бабасы – Ұзлақ. Сол кезде "тархан" деген әскери атақ та болды. Ал ғұламаның толық аты-жөні - Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлақ ибн Тархан Әл-Фараби.

Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті. Оның бақытына қарай сол заманда Отырар жақта аса бай кітапхана болған. Әл-Фараби парсы, грек тілдерін үйренді, осы тілде ғылыми трактаттар оқыды.

Ұлы ойшыл бастапқы білімін Фараб пен Бұқарада алды. Одан кейін Бағдатқа аттанды. Негізгі масқаты – білімді жетілдіру. Бағдат шаһарында логика, математика ғылымдарын терең зерттеп, араб тілін меңгеріп алды. Дүниенің өткінші қызықтарынан, ойын-сауықтан алыс жүрді. Тұрмысына жетерлік аз дүниеге қанағат етіп, уақытының барлығын ғылым жолына арнады.

Білімге деген құштарлығының арқасында әл-Фараби сол уақыттағы ғылым мен білімнің ордасы саналған Дамаск, Халеб, Каир, Шаш, Самарқан, Мерв, Нишапур, Рей, Хамадан қалаларында болып, білімін үнемі жетілдіріп жүрді. Сол жерде Шығыстың ең көрнекті ғалымдарымен танысады. Олардан тәлім-тәрбие алады.

«Ой бөліс» әдісі өздері білетін ақпараттармен бөліседі.

Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор, айналысқан ғылыми салалары да кең. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге жуық трактат жазып қалдырды.

Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы жайлы трактат" деп аталады. Оның атақты "Музыка туралы үлкен трактат" деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Біздің дәуірімізге жеткен теңдесіз жаңалықтарының бірі – кәдімгі нота. Ол музыкалық дыбыстарды бірінші болып қағаз бетіне түсірді. Музыкалық аспап та жасаған. Домбыраның баламасын жасады деген жорамал бар. Ал астрономияда әл-Фарабидің күн сағатын жасау әдісі әлі күнге дейін қолданылады.

Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің қанатты сөздері көп. Онда көтерілген мәселелер әлі күнге өз маңыздылығын жойған жоқ.

Адамның тоқымашы не хатшы болып тумайтыны тәрізді, қайырымдылық пен қайырымсыздық та жаратылыстан бойға өтпейді;

Ізгі және қажетті шаруа атқарған адамның бәсі де жоғары болуы керек;

Қандай әрекет жасап, қандай іс істер болсаңыз да – игілігін көріп, рахатына бөленуді мақсат тұтқан жөн.

Өз ісіңнің білгірі һәм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек;

Музыканың негізгі міндеті – адамның эстетикалық қажетін өтеу;

Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауы керек, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек. Өйткені аса қаталдық – шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – қадірін кетіреді, берген білімі мен ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады;

Ең тамаша әрекет – бақытқа қол жеткізетін еркіндік.

Тәрбиелеу дегеніміз — адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту;

Әл-Фараби «Муаллим ассана» – «Екінші ұстаз» атымен таныс. «Екінші», себебі «Бірінші» деп мың жыл бұрын ғұмыр кешкен Аристотельді атаған. Оны Шығыста «Бірінші» деп санаған. Ұлы ғалым әл-Фарабидің қолжазба мұралары әлемнің көптеген кітапханалары мен мұрағаттарына таралған. Көптеген ғалымдар оны іздеумен және зерттеу­мен айналысуда.

«Word woll»платформасы арқылы викториналық сұрақтарға жауап беру.

Қауіпсіздік сабағы «Достарыңмен жанжалдасқан жағдайда не істеу керек?»

Ертегіден үзінді тыңдаймыз. «Ұсқынсыз үйрек» Х.К. Андерсен.

Ертегіден қандай ой түйдің? Үйрекке деген сезімің қандай? Оны басқа құстардың шабуылынан қорғағың келе ме?

Адамдар арасында осындай жағдайды кездестіруге бола ма?

Өкінішке қарай, мұндай жағдай адамдар арасында, әсіресе балалар ұжымында жиі кездеседі. Әрқайсыңыз қиын жағдайда өзіңізді қалай ұстау керектігін және қажет болған жағдайда қайда жүгіну керектігін білуіңіз керек.

Қымбатты дос! Сізден келесі сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймыз:

1. Сыныбыңда сыныптастарын және басқа сынып оқушыларын ренжітетін, мазақтайтын балалар бар ма?

2. Сыныптағы қарым-қатынасты жақсарту үшін балалар не істей алады деп ойлайсыңдар?

«Идеялар қоржыны» әдісі

- Егер сенің досың осындай жағдайға тап болса және оған көмектескің келсе не істеу керек?

1. Егер сен біреудің үнемі өзгелерді ренжітетінін байқасаң, онда бәрі өздігінен шешіледі деп күтуге болмайды. Мәселені мүмкіндігінше тезірек шешу керек.

2. Оларды татуластыруға тырыс. Өзіңе қауіп төндірудің қажеті жоқ, бірақ қорқыту жағдайының куәгері болсаң, дереу араласып, болып жатқанды тоқтату маңызды. Егер мұны өз бетіңше жасай алмайтыныңды білсең немесе сезсең, үлкендерден көмек сұрауың керек.

3. Құқық бұзушыларға олардың істеп жатқаны дұрыс емес екенін және оларды қолдамайтыныңды түсіндір.

4. Досыңа қолдау көрсет. Сыныптағы болып жатқан іс-әрекеттің ұнамайтындығын айт. Мұны қолдамайтыныңды түсіндір. Жәбірленушінің еш кінәсі жоқ, ал ренжітуші ақымақтық пен теріс әрекет етіп жатыр десең жақсы болады.

5. Үлгі бол.







Ақпараттар

мен танысады




























































Сұрақтарға жауап береді.











































Презентация

































Аяқталуы


Әл - Фараби бабамыздың аты 1155 жыл болса да өшкен жоқ. Себебі, оның артында қалдырған білімі, үлкен ғылыми мұрасы бар. Сонымен, балалар, адамның байлығы да, бақыты да, атақ- даңқы да, ол - білім. Білім – таусылмайтын байлық.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.06.2025
112
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі