Материалдар / Суицид және оның алдын алу жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Осы тақырыптағы материалдардың барлығын көріңіз!

Суицид және оның алдын алу жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
«Суицид» деген термин 17 ғасырда пайда болған. Ғылыми атауы «суицид» латын сөзі -адамның өз-өзіне қол жұмсауы, өз-өзіне қиянат жасап, өз өмірін қиюы. 18 ғасырдың ортасына дейін бұл ұғым қоғамда кеңінен пайдаланылған емес. Тек 20 ғасырдың басында адамдардың өз-өзіне қол жұмсауының етек алуына байланысты ғылымда «суицидология» атты дербес зерттеу саласы қалыптасты. Ғалымдардың айтуынша суицидтің 3 түрі бар. Бірінші түрі – шынайы суицид, оған барған адам өмірден түңіледі, үнемі көңілсіз болып жүреді, өлгісі келеді. Нақтырақ айтқанда өмірдің мәнін жоғалтады. Екінші түрі – жариялық суицид, өзін-өзі өлтіргісі келгендердің көбі өлместен бұрын өзгелердің назарын өзіне аударғысы келеді. Мысалы біреумен ренжіссе, қолына суық қару алып, болмаса арқан, жіп ала жүгіріп, «өлем» деуі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2020
3798
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТС-ТБ-Ф-40/08

16 КОЛЛЕДЖ МКҚК


САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ



«БЕКІТЕМІН»

Директордың ТЖЖО

____________ Г.Шертаева

«_____» _______________ 20 ___ ж.









ТӘРБИЕ САҒАТЫ


СУИЦИД ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ


ТС-ТБ-Ф-40/08










Данасы:________________________________

Енгізілген мерзімі:____________________________


Пайдалану мерзімі: ______________________________









Қызмет бабында пайдаланылатын басылым


Шардара

АЛҒЫ СӨЗ

1 Әзірлегендер: Ф-40 топ жетекшісі..................................................................М. Тұңғышбаева

топ шебері...................................................................... А. Волков.

2 Бірінші рет енгізілді











































Осы тәрбие сағатын №16 колледждің рұқсатынсыз толық немесе жартылай қайталауға, көбейтуге және таратуға болмайды

МАЗМҰНЫ


1. Мақсаты ..........................................................................................................................................4


2. Көрнекіліктер..................................................................................................................................4


3. Сабақтың барысы ..........................................................................................................................4


3.1 Кіріспе сөзі....................................................................................................................................4


3.2 Ой қозғау.......................................................................................................................................4


3.3 Суицидтік мінез-құлықтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері және  оның алдын алу жолдары?............................................................................................................................................5


3.4 Сұрақ – жауап...............................................................................................................................6


4. Қорытынды.....................................................................................................................................6


5. Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................................................7































1 МАҚСАТЫ

1.1 Білім алушыларға суицид туралы түсінік беру, «адам өмірінің құндылығын» түсіндіру.

1.2 Білім алушыларға суицид барлық проблемалардың шешімі еместігін ұғындыру.

2 КӨРНЕКІЛІГІ

Интерактивті тақта

Плакаттар

3 САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

3.1 Кіріспе сөз

«Суицид» деген термин 17 ғасырда пайда болған. Ғылыми атауы «суицид» латын сөзі -адамның өз-өзіне қол жұмсауы, өз-өзіне қиянат жасап, өз өмірін қиюы. 18 ғасырдың ортасына дейін бұл ұғым қоғамда кеңінен пайдаланылған емес. Тек 20 ғасырдың басында адамдардың өз-өзіне қол жұмсауының етек алуына байланысты ғылымда «суицидология» атты дербес зерттеу саласы қалыптасты. Ғалымдардың айтуынша суицидтің 3 түрі бар.

Бірінші түрі – шынайы суицид, оған барған адам өмірден түңіледі, үнемі көңілсіз болып жүреді, өлгісі келеді. Нақтырақ айтқанда өмірдің мәнін жоғалтады.

Екінші түрі – жариялық суицид, өзін-өзі өлтіргісі келгендердің көбі өлместен бұрын өзгелердің назарын өзіне аударғысы келеді. Мысалы біреумен ренжіссе, қолына суық қару алып, болмаса арқан, жіп ала жүгіріп, «өлем» деуі.

Үшінші түрі- жасырын суицид. Бұл түрінде адам өз-өзін өлтіру жақсы іс еместігін түсінеді. Бірақ қиындықтан шығар шара,жол жоқ болып көрінгендіктен, өлімге апаратын істерге бас тігеді.

Қазақстанда кісі өлтіруден өзін-өзі өлтірушілер көп. Әлем бойынша әрбір 20 секунд сайын бір адам өз өміріне қол жұмсайды.

Адамның денаулығы қоғамға байланысты. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Өйткені, дені сау адамның көңілкүйі көтеріңкі болып еңбекке әрқашанда құлшына кіріседі. Халқымыз «Тәні саудың жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, мына жастар сендердің қолдарыңда. Сондықтан, сендердің таңдауларың салауатты өмір салтын сақтау.

3.2 Ой қозғау

Суицид ауру ма әлде....?

Суицид - адамның қатты жан күйзелісі жағдайында немесе психикалық ауру ықпалымен жасалған өз-өзіне қол жұмсау әрекеті, бұл жағдайда жеке өмірдің жоғары құндылық ретінде мәні жоғалады.

Атақты психолог У.Джеймс суицидтің «интеллектінің дамуындағы ауру» деп атаған. Көпшілік ғылыми тұрғылар суицид фенюменін тұлғаның психологиялық дағдарысымен байланыстырады. Бұл «қандай да бір ситуациядан шығатын басқа жол таппағандықтан адам өз өміріне балта шабады» деген сөз.

Суицид адам мінез-құлқының актісі, ол психикалық ауру әсерінен және рухани күйзелістің ұлғаюы жағдайында жасалады.

Жастар арасындағы депрессия, күйзеліс, агрессияның күшеюі суицидтің негізгі себебі болып отыр.

Адам бойындағы депрессия кенеттен пайда болып, кейде өте ұзақ жалғасуы мүмкін. Қандай жағдайда да депрессия-түрлі эмоциялар, елестетулер, еске алулар мен олардың жиынтығы.

Депрессияны басынан кешіретін адам не себептен екендігін анықтай алмай әлек болады. Депрессия сүйікті адаммен қарым-қатынастың үзілуі, сәтсіздіктер, ата-ананың ажырасуы, отбасындағы ұрыс-керістер, басқа да жағдайлар негізінде туындайды. Көп жағдайда жақындары, қоршаған ортасы оның бойындағы өзгерістерді түсінбейді де, қабылдай да алмайды. Ал бұл оны көптеген тығырыққа тіреп, соңы суицидке әкеліп соғуы мүмкін. Осы жағдайлардың барлығына психолог пен отбасы мүшелерінің көмегі қажет. Өкінішке орай, көпшілік психолог қызметінің не екендігін және оның не үшін қажеттілігіне мән бере бермейді.

Психологты көп жағдайда психиятормен шатастырады. Қарапайым сөзбен айтқанда психиятр адамды емдейді, ал психолог психикалық тұрғыдан сау адамдармен жұмыс жүргізеді. Депрессиялық жағдайдағы адамға көбінесе отбасы мүшелерінің шынайы қамқорлығы, жақындығы, түсіністігі мен демеуі қажет. Сонымен қатар психологтың кеңесі қажет.

Қазіргі қоғамдағы суицидтің себептерін атап айтсақ:

1. Адамдардың иманының болмауы мен өмірдің қиыншылықтарын дұрыс түсінбеуі;

2. Қаржылық жағдайларының әсері;

3. Ренжу. (бұл жасөспірімдер арасында ата-анасына ренжудің салдарынан болады);

4. Қателік. Өмір болған соң қиындығы мен қызығы қатар жүреді. Қателік жасаған бала ата-анасынан қорқып, өлімге барады.

3.3 Суицидтік мінез-құлықтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері және  оның алдын алу жолдары

 Адамның тағдыры Алланың қолында, ол өзінің азды-көпті кешкен тіршілігінде пешенеге жазғанын көріп, сезінеді дегенімізбен, қазіргі жастарға індет болып таралған. «Суицид» деген пәле қайдан шықты? Оның сырын қайдан іздейміз? Неге біздің елімізде жастар өлімі көбейіп барады? Қалай ғана олар өз өмірлеріне жеңілдікпен қол салады? Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын қалай алуға болады? Өмірдің мәні неде? Өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Ал бітпес тіршіліктің сол тауқыметіне қарсы күрес, өз несібеңді айырып, жесең, соның өзі бақыт. Біріқ ойлы-қилы өмірдің қиындығына кез-келген адам шыдай ала ма, шыдауы керек деп жұбату сөз айту жеңіл болғанымен, екінің бірінің жүйкесі мықты емес, ал  жүйкесі жұқалар бүгінгі тіршілігінен горі бақилық дүниені дұрыс көріп, «сол жаққа» мезгілсіз аттанып жатады. «Суицид»  латын тілінен алынған «өзін-өзі өлтіру, өзіне қол салу» деген мағынаны білдіреді. Тағы бір синонимдік мағынасы -  қасақана өз өмірін қию. Бұл ұғымға 19 ғасырда Француз социологы Э.Дюркгейм анықтама берген. Қазіргі таңда  өзіне-өзі қол салу мінез-құлқы біржақты патологиялық тұрғыдан қарастырылмайды. Бұл әрекет көп жағдайда есі дұрыс адамның  мінез-құлқы. Оның себептері: депрессия, яғни жан дертіне ұшырау және стресс, яғни психологиялық күйзеліс. Осындай күйзелістердің көмегімен жастарды психологиялық  індетке жетелейді. Казіргі жастардың көпшілігі  жоқшылыққа, қиыншылыққа төзе алмайды. Бос уақыттары көп, сабақ оқымайды, пайдалы істермен айналыспайды, не жеймін, не киемін деп қайғырмайды, басына түскен проблемаларды жеңгісі келмейді, сондыктан да олар өз өмірлері үшін күрескеннің орнына, мәңгілік сапарға аттанғанды жеңіл көреді. Осындай қиын кезде адам, ең алдымен, депрессия, стреске ұшырайды, ең соңында «суицидке» жол береді. Депрессиялық жағдайға  түскен адам жиі агрессиялы (ұрысқа, қақтығысқа бейім) болады. Сонымен бірге,  оның агрессиясы  бірінші кезекте өзіне, содан соң  жақынына және қоршаған ортасына бағытталады. Көп жағдайда  жақындары немесе қоршаған ортасы  оның бойындағы өзгерістерді  түсінбейді де, қабылдай да алмайды. Ал бұл оны көптеген тығырыққа тіреп, соңы суицидке әкеліп соғады.
Депрессияға, стресске шалдыққан адам, өзіне көңілі ешқашан толмайды. Осыны пайдаланып, буыны бекіп, өмір  туралы өзіндік дүниетанымы қалыптасып келе жатқан жастарды  желкесінен алып, жолынан тайдыратын, үмітін үзетін, басқа түскен қиындықпен күресуіне жол бермейтін, өмірден түңілдіретін – осы суицид.
Соңғы жылдары елімізде адамдардың өз-өзіне қол салу әрекеттері жиі    орын алуда. Көпшілікті алаңдатып отырған «Суицид» деп аталатын осы дерттің мектеп оқушыларын да жағалауы дабыл қағарлық жағдай. Адамдардың өз еркімен өмірін қиюы проблемасын дәрігерлер, психологтар, психотерапевтер, зерттеушілердің қарастырып келе жатқанына аз уақыт болған жоқ.. Бұл туралы зерттеу жүргізіліп, монографиялар, кітаптар жазылды. Алайда, одан еш өзгеріс болмады. Керісінше, күн өткен сайын жағдайдың ушығып бара жатқандығын байқаймыз. Дағдарысты күйге тап болғандар оны тек үйдің ішінде талқыға  салып, сыртқа шығармайды. Сондықтан көп жағдайда мұның себебі анықталмай қалады. Жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесі бұдан да күрделі. Олар тіпті жақындарына да өзін қинап жүрген мәселе туралы айтпайды, оны жасырып-жабуға тырысады. Проблеманы ашып көрсетуден гөрі, үндемей қалуды жеңіл көреді. Тіпті өз-өзін өлімге қиған жағдайда да оның себебін жазып та қалдырмайды. 
Балалардың психикасы өте нәзік, жаралы болып келетіндіктен кішкентай нәрсенің өзін ауқымды проблема ретінде қабылдайды. Сондықтан оларға қашанда ата-ананың түсіністігі мен арнайы маманның көмегі қажет. Осы бағытта мектеп мұғалімдері мен психологтары баланың мінез-құлқындағы өзгерістерді бақылап, аңғара отырып, олармен жұмысты жандардыра түсуі тиіс. Балалардың бақытсыздығына, олардың өз-өзіне қол салу әрекеттеріне баруына көп жағдайда отбасындағы жайсыздық пен мектепте түсінбеушіліктің орын алуы себеп болады. Балаларға жай ғана киімін, тамағын тауып беру аз, олар үнемі ата-ананың жылуын сезініп, жақсы көретінін біліп өсуі тиіс. Ал әке-шеше өз дәрежесінде көңіл бөлмейтін бала ешкімге керексіздігін түсініп, психологиялық стреске тап болады. Әсіресе, 13-17 жас аралығындағы жасөспірімдер өте әсершіл, кез-келген нәрсені жүрегіне тез қабылдағыш келеді. Түсіністік болмаған жағдайда осы жас аралығындаѓы балалар түрлі жағдайларға ұрынып жатады. Олардың сабаққа құлқы болмай, өзге оқушылармен де қарым-қатынасы нашарлап кетеді. Өзін ұстауы мен мінез-құлқында өзгерістердің орын алуы мұғалімді де, ата-ананы да алаңдатуы тиіс. Осы өзгерістерге бей-жай қарамай, психологтың көмегіне жүгіну арқылы көптеген проблеманың алдын-алуға болады. Балалар мен олардың отбасына деген арнай  (психологиялық кеңес беру, көмек көрсету, тіпті кей жағдайларда тек  қана көңіл бөлуді қамтитын) іс-шаралардың ұйымдыстырылуы қажет.
Қазақ халқында өз-өзіне қол салу болған емес. Бұл заман өзгерісімен туындап отырған жағдай. Бүгінде қарасаңыз, толық емес, сәтсіз отбасылар көп. Осының бәрі өмірді әлі толық танып білмеген, ондағы қиындықтармен күресе алмайтын бала үшін ауыр соққы. Әке-шеше ажырасты да кетті, ал баланың жайы қалай болады? Ол бұны қалай қабылдайды, осыған ой жіберіп жатыр ма? Жоқ, әрине. Осыдан келіп, баланың асыла салуы немесе жаман жолға түсуі
сынды оқиғалар орын алады.

3.3 Сұрақ-жауап

Суицид неден пайда болады?

Суицидке қалай жол бермеуге болады?

Студенттер: Жалғыздықтан, түсініспеушіліктен, жүйкенің шаршауынан, зиянды әдеттерден, отбасылық келеңсіздіктерден пайда болады.

Жалғыздық-адамның өзінің жан дүниесінің жалғыз қалуы, ешкімге керек еместей күй кешуі.

Түсініспеушілік-адамның өз ойының жүзеге аспауы немесе басқалардың оны жаратпауы, қарым-қатынас кезінде тіл табыса алмау.

Жүйкенің шаршауы-күнделікті өмірде кездесетін сәтсіздіктер, қиыншылықтар, өзгерістер, ұрыс-керіс жүйкенің шаршауына әкелетін жайттар.

Зиянды әдеттер-көңілсіздіктен, жалғыз қалғанда, ойға терең берілгенде, көңілсіз жағдайларды еске алғанда, сондай-ақ, ермек үшін де көпшілік осы зиянды әдетке ұрынады.

Отбасылық келеңсіздіктер-ата-ананың ажырасуы, сүйіктісінен айрылу, жақын адамын жоғалту, отбасылық ұрыс-керіс, басқа да жағдайлар суицидке серік болады.

Тұрмыстың нашарлығы, әлеуметтік, қаржылық, материалдық жағдайдың төмендігі, жетіспеушіліктен туындайтын отбасылық даулар суицидке итермелейді.

4. ҚОРЫТЫНДЫ

Болашаққа жоспар құра отырып, теріс ойлардан арылу керек. Өзіңізге жақын адамдарға көңіл бөліңіз, оларды сүйе біліңіз, сонда ғана Сіз күннің күлімдеп жарқырағанын, құстардың қуана сайрағанын сезінесіз.

Сіз өмірде бақыттысыз, сол бақыттың уысыңыздан шығуына жол бермеңіз!

Сіз үлкен махаббатқа лайықсыз, жүрегіңіздің қалауы әрқашан жаныңыздан табылады!

Сіз асқақ арманға қол созсаңыз, ол арман да үмітіңізді ақтайды.

Бақытсыздықтан айналып өтуге болады.

Жас өспірімдердің психикасы өте нәзік келетіндіктен, олар кішкентай нәрсенің өзін үлкен мәселе етіп құрайды, сондықтанда еліміздің болашағы саналатын жастардың оқыс әрекеттерге бармауына жол бермеуіміз керек.

Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі жаман қылықтардан аулақ болу.

5. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

- Сыныптан тыс жұмыстар журналы

- Ғаламтор сайттары



7

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!