400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Суицидтің алдын алу

Материал туралы қысқаша түсінік
Суицидтің салқыны Қазақстанда қаулап өсіп келеді. Қажет статистиканы жоғарыда келтірдік. Қасіреттен қара жамылған қауымның жағдайын халық қалаулылары енді ғана қозғай бастады. Айтпасқа амал да қалмай бара жатыр. Өйткені, оқушылар арасындағы суицид жылдан жылға өрттей қаулап өсіп келеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТЕХНОЛОГО-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ






















Shape1

















Тобы: ОП-16-2

Топ жетекшісі: Өмірбекова С.Б.











Алматы 2019 ж.





Cуицидтің алдын алу (ата аналармен жұмыс)


Жыл сайын 10 – 20 миллион адам суицид жасауға бекінеді. Олардың бір миллионға жуығы жарық дүниемен қош айтысады. Алдыңғы қатарлы суицид жасаушылардың отаны ретінде, басқасын айтпағанда көрші мемлекеттер Ресей мен Қытай және Қазақстанды айтуға болады.

Қазіргі кезде Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының дерегі бойынша Қазақстан елдегі азаматтарының өз өмірлерін қиюы бойынша әлемде үшінші орынды алады. Ал осыдан үш жыл бұрын деректер бойынша Қазақстан бесінші орында болған.

Әлемде жыл сайын бір миллиондай адам өзін - өзі өлтіреді. Бір миллион адамның 8 мыңы Қазақстандықтардан тұрады. Бұл дегеніміз әрбір сағат сайын бір қазақстандық суицид жасайды дегенді білдіреді. Бір өкініштісі, суицид жасаушы еліміздің болашағы деп санаған жас буын өкілдері.

Өз - өзіне қол жұмсаудың тәсілдері:

  1. Дәрі - дәрмекпен улану

  2. Химиялық затпен улану

3. Өз тамырын кесу, асылып өлу


Суицид жағдайына бейім тұлғаның мінез-құлықтық ерекшеліктері:

Өзін өлтіру туралы табанды немесе қайталанған ойлар;

Жабығулы көңіл күй, асқа тәбеттің және өмірлік белсенділігінің жиі жоғалуы, ұйқысының қашуы;

Көп жағдайда есірткі немесе спирттік ішімдікке тәуелді болуы;

Оқшаулануы, өзін ешкімге керегі жоқ сезінуі;

Үмітсіздік, дәрменсіздік сезімі. Осы уақытта өзіне - өзі қол жұмсау тілегі алғашқы, күшті сезімі болуы мүмкін.

Еш үмітсіз сезімнен және өзін өлтіру туралы ойының әсерінен басқа адамдармен қарым - қатынас жасай білмеуі;


Жеткіншектің өзіне - өзі қол жұмсауының себептері:

Депрессиялық көңіл күй. Жеткіншектің жанының жараланғыштығы, психикалық ауруларға шалдығуы да әсерін тигізеді.

Отбасындағы шиленіскен қарым - қатынастар әсерін тигізеді;

Оқудағы қиындықтар (мұғаліммен ортақ тіл табыса алмауы да әсерін тигізеді);

Ол әдетте сәтсіздіктің белгісі, басқа адамдармен қарым - қатынасындағы сәтсіздіктер, жақын адамынан айырылу;

Қоғамдық орындардағы эмоционалдық, психикалық көңіл күйге назар аудармай, ауыр дөрекі сөздермен кемсіту, ар - ождан, намысқа тию;

Дене бітімінде физиологиялық кемшіліктер (адамның өзіне - өзі қанағаттанбауы).


Жасөспірімдердің өз - өзіне қол жұмсауы жөніндегі мәселе бойынша ата – аналарға

кеңес беру


1. Отбасы арасындағы ұрыс - керіске балаларды араластырмау

2. Өз балаларыңызға өмірге деген талпынысын, мақсатын құруға көмектесу

  1. Қиыншылықтарды жеңуге көмектесу

  2. Жасөспірімдердің талпынысына, өмірді бастауына қолғабыс тигізу

5. Ешқандай жағдайда, қол күшін пайдаланып жаза қолданбаңыз

6. Өз балаларыңызды жақсы көріп, көбірек көңіл бөліңіз.

7. Баланың құқығы мен міндетін дұрыс құрастырыңыз: үйде, мектепте, көшеде. Бұл жерде тек қатыгездік емес, түсіністік керек.

8. Егер балаңыз тату, түсіністікте өмір сүрсін десеңіз, оның кемшіліктерін бетіне айта бермеңіз, кіналамаңыз.


СУИЦИД – ҚАСІРЕТТІҢ ҚАРА ТҮНЕГІ


ЖЫЛЫНА МИЛЛИОН АДАМ ӨЗІНІҢ ЖАНЫН ҚИЯДЫ

«Суицид» латын тілінен алынған «қасақана өзін-өзі өлтіру» деген мағынаны білдіретін сөз. Өкінішке орай, бұл термин қазір көп қолданатын сөзімізге айналды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) жақында таратқан мәліметтеріне сүйенсек, жылына миллионнан астам адам өзін-өзі өлтіреді екен. Бұл қайғылы құбылыс 2020 жылдарға қарай бір жарым есеге артады дейді мамандар. Қысқасы, өзіне-өзі қол жұмсаған адамдардың саны соғыста өлгендерден әлдеқайда асып түспек. Ең көп адам құрбан болатын Жапония елі өткен жылы осы мәселе бойынша мемлекет қазынасынан 32 миллиард АҚШ долларын бөліпті. Себебі, 2003 жылы бұл елде 34 мыңнан аса адам өзін-өзі мерт еткен. Алла сақтасын, Қазақстанның ортаңқол ауданының халқы. Бірақ нәтиже шамалы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзін-өзі өлтіру көрсеткіші бойынша әлем елдерін жоғары, орта, төмен деп үш топқа бөлген. 100 мың адамға шаққанда өлім көрсеткіші жылына 20 адамнан асса жоғары, 10-20 адам аралығында болса орта, 10 адамнан аспаса төмен болып есептеледі. Жоғарыдағы ұйымының деректеріне сенсек, 100 мың адамға шаққанда әлемдегі ең көп суицидтік жағдайлар тіркелген елдер:

бірінші орында – Латвия (96-99 адам),

екінші орында – Венгрия (88 адам),

үшінші орында – Қазақстан (53 адам).

Ары қарай

Жапония (47,1 адам),

Эстония (50 адам ),

Ресей (49,4 адам) деп кете береді.

Төменгі көрсеткіштегі елдер:

Грекия,

Италия,

Армения (2,3),

Гватемала (2-3),

Филиппин (2),

Албания (1,4),

Доминикан республикасы (2,1) екен.

Ал, мұсылман мемлекеттері мен Африка елдерінде бұл көрсеткіш жоққа тән. Соңғы жылдары «Жасөспірімдер суициді» деген ұғым өз алдына бөлек отау тікті. Бұл дерт өмірдің балдай дәмін енді ғана татып келе жатқан жас балапандарды да баудай түсіріп, қыра бастады. Таяуда шведтердің «өзін-өзі өлтіру ісін» зерттеу орталығы 15 пен 19 жас аралығындағы жастардың өзіне қол жұмсауы жағынан Ресей дүниежүзі бойынша бірінші орынға шықты деп хабарлады. Ресейде жыл сайын шамамен 2500 кәмелетке толмаған бала өзіне қол жұмсайды. Екінші орынды АҚШ (1800 бала) тұр. Ал, жан басына шаққандағы көрсеткіш бойынша бірінші орында Шри-Ланка (46,55), екінші орынды Қазақстан иеленген (24,02).

Мамандар болса жасөспірімдер арасында суицид оқиғаларының жиiлеуiне көбінесе, отбасылық және қоғамдық тәрбиенiң жоқтығы, зорлық-зомбылық, есiрткi қолдану, әртүрлі компьютерлік ойындар, атыс-шабыс, қантөгіске толы фильмдердің тікелей әсері бар дейді. Ғалымдар бұл абыройсыз өлім көбінесе өмірдегі таршылық, материалдық тапшылықтан, одан қалса ақыл-есі кемдіктен болады деген болжам айтып келеді. Алайда, бай немесе мансапты адамдардың өзін-өзі өлтіруін қалай түсінеміз. Мысалы, америкалық ірі қаржы компаниясының қожасы миллионер Картик Раджарам өзінің әйелі мен екі баласын өлтіріп, соңынан өзін опат қылды. Алпауыт консалтингтік компанияның негізін қалаушы атақты бай Тьерри де ля Виллюше де жарық дүниемен өздігінен қош айтысқан. Жылжымайтын мүлік сататын әлемге әйгілі бай Стивен Гуд бұл жалғаннан пана таппай, өзін-өзі мерт етіп тынды. Танымал неміс миллиардері, Қазақстанда да цемент өндірісін орнатып үлгерген магнаттардың бірі Адольф Меркле пойыздың астына түсіп өлді.

Ал, мансаптыларға келсек: 2007 жылы Жапонияның ауыл шаруашылығы министрі пәтерінде асылып қалды. Кеңес үкiметi кезiнде министр болған жалғыз әйел Екатерина Фурцева да өз өмірін өзінің қолымен қиды. Атақты композитор Родион Шедрин ол жөнінде: «Фурцеваның өзiне-өзi қол жұмсағанына таң қалмаймын. Ол мансабынан айырылатыны туралы қауiптi сезiнсе, өзін өлтіруге даяр тұратын, аса тәкаппар әйел едi», депті.

ӨЗІН – ӨЗІ ӨЛТІРУ ҮЛКЕН КҮНӘ

Суицидтің салқыны Қазақстанда қаулап өсіп келеді. Қажет статистиканы жоғарыда келтірдік. Қасіреттен қара жамылған қауымның жағдайын халық қалаулылары енді ғана қозғай бастады. Айтпасқа амал да қалмай бара жатыр. Өйткені, оқушылар арасындағы суицид жылдан жылға өрттей қаулап өсіп келеді. Ресми деректерге сүйенсек: 2010 жылы елімізде 237 жасөспірімнің балғын өмірі қиылған. Бұл құзырлы органдарда ресми тіркелгені ғана. Шындығында бұдан екі есе көп. Соңғы бес жылда (аман қалғандарын қоспағанда) өз-өзіне қол жұмсаған 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер саны 7 пайызға өскен. Өткен жылдың желтоқсан айының 6-12 аралығында еліміз аумағында үш қыз, екі ер бала суицидтік жағдаймен қайтыс болғанын жергілікті ақпарат құралдары жазды. Алты күннің ішінде бақандай бес жеткіншек! Қазіргі жағдайда Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары қаралы көштің алдында келеді. Әрқайсысында жылына 40 шамалы жасөспірім өздерін мерт етеді. Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының әрқайсысында 25-тің үстінде бала өз қолдарынан ажал құшқан. Біздің елде кісі қолынан жазым болатындардың санынан, өзін-өзі өлтіретіндер саны әлдеқайда көп. Енді қайтпек керек? Статистикалық мәліметке жүгінсек, өзіне-өзі қол жұмсағандардың 1/3 бөлігі маскүнемдік пен нашақорлықтың кеселінен, 2/3 бөлігі депрессияның себебінен көз жұмады, депті.

Д епрессия дегеніміз бір сөзбен айтқанда торығу деген ұғымды білдіреді. Сонда суицид жағдайында жан үзетіндердің көбі торығудың торынан құтылудың жолы – өлім деп біліп, солай шешім қабылдайды деген сөз ғой. Қара түнектей қаптап келе жатқан бұл зұлмат мұсылман елдерін неге айналып өтеді? Өйткені, олар жан – Алланың адам баласына берген аманаты екенін, өз өмірін қию – сол аманатқа жасалған қиянат екенін біледі. Сонымен қатар








өзін-өзі өлтіру ауыр күнә екенін, ауыр күнә жасағандығы үшін тозақта азапқа тартылатынын да жақсы біледі. Құдіреті күшті Алла Тағала қасиетті Құранда: «өз өздеріңді өлтірмеңдер (және соған апаратын бұзықтыққа бармаңдар). Расында (сендерді бұдан тыйған) Алла сендерге ерекше мейірімді»(«Ниса» сүресі, 29-аят) дейді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әл-Бұхариден жеткен хадисінде: «Кімде-кім өзін темір қарумен өлтірген болса, ол тозақта әрқашан сол темірді көтеріп жүреді. Ал кімде-кім у ішіп өлетін болса, ол адам тозақта мәңгі у ішіп жүретін болады. Егер біреу өзін өлтірмек болып таудан құласа, ондай адам тозақта мәңгі құздан құлап бара жатады» депті. Ендеше, бұл қасіреттен құтылудың жолы – балаларымызға ерте бастан ислам тәрбиесін үйретіп, жүректерін тыныштандырғанымыз абзал. Алланы еске алмайтын жүрек тыныш таппайды. Ақиқатқа жүгінер болсақ Құранда: «Сондай иман келтіргендер; Алланы еске алу арқылы көңілдері жай тапқандар. Естеріңде болсын; Алланы еске алумен жүректер орнығады» («Рағыд» сүресі, 28 аят) дейтін аят бар. Болашақта суицидтен құтылу үшін: Жапонияның тірлігін қайталау дұрыс па, әлде мұсылман елдерін үлгі тұту жөн бе? Көзқарақты адамның қауашағына сыймайтын ауыр сұрақ емес бұл. Үкіметтің де ақылы осыған жетеді деп ойлаймыз. Ол үшін жастарға имандылық ілімін үйрететін оқшау бағдарлама керек. Мүмкін оны орта мектептерде оқытылатын «Дінтану» сабағы негізінде жүргізген дұрыс шығар. Әлде, осылай қара жамылып отыра береміз бе?!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
5 наурыз
671
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі