Материалдар / Суицидтің алдын алу тәрбие сабақ жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Суицидтің алдын алу тәрбие сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Суицидтің алдын алу тәрбие сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Наурыз 2024
300
2 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырып: Суицидтің алдын алу

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыру, білімдерін дамытуға ықпал жарату.

ә) дамытушы: бағыттық, ойды,тарбие және білімді асыру жолдары.

б) тәрбиелілік: қарым-қатынас, отансүйгіштік және адамгершілік рухында тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: аралас.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастырушы кезең: оқушыларды сабаққа қатысуын тексеру.

Жаңа сабақ: Суицидтің алдын алу

Суицид - өзіне қасақана қасірет келтіру арқылы өлу (өз өмірін қию).

Суицидтің психологиялық мағынасына адамның еріксіз тап болған жағ-дайдан кетуге әрекет жасау, эмоциялық кернеуді түсіру, аффектті қатынас болып табылады.

Суицидтік әрекет жасағандар әдетте қатты жан кеселмен ауыратын және күйзеліс қалпында жүрген, сонымен бірге өздері кездескен қиыншылықтарды жеңуге жолдың жоқтығына сенген адамдар.

суицидтік әрекеттер соңғы екі онжылдық ішінде екі есе жиіледі.14-24 жас аралығындағы адамдардың 30%-ы өзіне-өзі қол жұмсау туралы ойланса, ұл балалардың 6%-ы және қыздардың 10%-ы суицидтік әрекеттер жасайды. Кейбір мамандар жасөспірімдердің суицид әрекеттері 10%-ы өз өмірін қиюды көздесе, олардың 90%-ы өзіне назар аудару мақсатында жасалынады деп санайды.

Әрбір баланың суициалды әрекетіне ересектер жауапты! Қазақстанда әйелдерге қарағанда ерлер арасында өзіне өзі қол салу көбірек орын алады. Бұл психологтардың пікірі және еліміздегі жақсылық пен жамандық атаулыны жіпке тізіп, санамалап отыратын Статистика агенттігінің жақында жария еткен көрсеткішіне көңіл аударсаңыз да осыған көз жеткізе түсесіз. Өткен жылы «өз еркімен» өмірден озғандардың де­ре­гін келтірген аталмыш агенттіктің ақ­парына сүйенсек, былтыр 3 433 адам өзін-өзі өлтірген. Оның 2 822 ер адам да, 611 әйел адам екенін ескерсек, жо­ғарыдағы сөзіміздің дәлелі болмақ. Статистика агенттігі мұның ішіндегі ауыл мен қалалықтардың да үлесін бөліп көрсеткен. Яғни, былтыр 1 783 ауыл адамы мен 1 650 қала тұрғыны өз қалауымен тіршіліктен қол үзген. Экономикалық, әлеуметтік немесе тағы басқа дүниелермен деңгейін салыстырып жататын аймақтарды өзін-өзі өлтіру көрсеткішімен де таразыға тар­тыпты агенттік. Соның ішінде Шығыс Қа­зақстан облысында былтыр өз өміріне балта шапқандардың саны өзге өңірлерден алға шығып, 513-ке жеткен. Ең аз көрсеткіш Қызыл­орданың (52) еншісінде көрінеді. Жасөспірімдер арасында да суицид дерті дендеп еніп бара жатқанын айта кетуіміз керек. Статистика агенттігінің мәліметіне сілтеме жасасақ, былтыр 1 175 жасөспірім өз өмірлеріне қол салыпты. Ерлер арасында 25-29 жас шамасындағылар, ал, нәзік жандылардың ішінде 15-19 жас аралығындағы қыздар жалындаған жас ғұмырын өз қолдарымен тұншықтыруға жақын келетіндігі анықталған.

Өз - өзіне қол жұмсау қоғам дерті ме?
Тіршіліктегі басты құндылық – адамның өмірі екені белгілі. Бір күннің ішінде сан мыңдаған адам өмірге келіп жатса, сол секілді сан мыңдаған адам бақилық болады. Оның ішінде, талқаны таусылып, Жаратушы қалауымен өмірден озатындарын айтпағанда, өз өміріне өздері балта шауып, ажалынан бұрын өмірімен қоштасатындары қаншама. Әсіресе, өз - өзіне қол жұмсау әрекеті жастар арасында жиі көрініс береді. Мұндай келеңсіздіктің сыры неде? «Өз - өзіне қол жұмсап, өмірден баз кешетіндей басына қандай күн туды екен?» деген ой осындайда сананы тұмшалайды. Сау адам тұрмақ, науқас адамның өзі бір шыбын жаны үшін шырылдап, дертіне дауа іздеп зыр жүгіреді емес пе? Айдың - күннің аманында төрт құбыласы тең кейбір жастарымыздың өз - өзіне қол салуы бейжай қарауға болмайтын мәселе. Бұл бүкіл әлемді алаңдатып отырған осынау мәселе соңғы жылдары қоғамдық дертке айналды. Дүниежүзілік денсаулық ұйымының зерттеулері нәтижесіне жүгінсек, өзін - өзі өлтіру жөнінен Қазақстан үшінші орынға, Орталық Азия елдері бойынша бірінші орында тұр екен. Осыған сәйкес, елімізде әр сағат сайын бір адам өз - өзіне қол жұмсайтын көрінеді.Жалпы әлемді алаңдатып отырған қоғамдық дерт ғылымда өз - өзіне қол жұмсауды «суицид» деп атайды екен. Суицид – алдын – ала ойластырылған өз - өзіне қол жұмсау (өзін өмірден қию). Суицид тек адамзаттың әрекеті. Әдетте суицид жасаушы адамдар өте күшті жан ауруымен ауырады және стресс күйінде болады, сонымен бірге өз проблемаларын шешудің мүмкін еместігін сезінеді. Олар жиі психикалық аурулармен ауырады, эмоциялық бұзылыстар, әсіресе депрессия жиі болады және болашаққа үмітсіз қарайды. Суицид негізгі үш түрлі жолмен жүзеге асатыны белгілі.
1) Нағыз - Өлімге бағытталу. Ол кезде соқ жасалмайды, кейде ойланбай жасалынған сияқты көрінуі мүмкін. Бұндай суицидке көңіл - күйдің төмендігі, депрессиялық күй немесе өмірден кету туралы ойлар. Қоршаған орта бұл адамның осы күні байқамауы да мүмкін. Өмірдің мәні туралы ойлау, уайымдау нағыз суицидтің ерекшелігі болып табылады.
2) Жасырын - бұл суициалдық мінез - құлықтың түрінде, суицидке бару себептері байқалмайды, бірақ сол бағыт пен сондай нәтижені көздейді. Бұндай іс - әрекеттік мінез - құлық өлімге бағытталмайды, өз өміріне қауп келтіру, өліммен ойынға ұқсайды. Бұндай адамдар өмірден кетудің ашық түрін таңдамайды «өз еркімен», суицидтік мінез - құлықтың себептеріне байланысты. Мысалы: көлікті өте қатты жүргізу, спорттың қауыпты түрімен шұғылдану немесе қауыпты бизнеспен айналысу, зиянды наркотиктерді пайдалану.
3) Демонстративті (парасуицид)- Өмірмен қоштасумен байланысты емес, өзінің проблемаларына көңіл аударуды қалауы, көмек сұрау, қарым - қатынасқа түсу. Шантаж жасаудың өзіндік әрекеті болуы мүмкін. Осындай іс - әркетте, ойламаған кенеттен, өз өмірімен қоштасқан оқиғалар кездеседі.
Суицидке ұшырасу себептері:
1. Бақытсыз махаббат;
2. Қоршаған адамдармен түсініспеушілік;
3. Жұмыстағы, мектептегі проблемалар;
4. Мақсатты түрде балағаттау (өзін - өзі өртіруге дейін жеткізу);
5. Қорлау (зорлық, ұрып - соғу).;
6. Өмір мәнін жоғалту;
7. Қаржы проблемасы;
8. Денсаулық проблемалары
9. Дінге байланысты фанатизм (секталарда көп кездеседі);
10. Психикалық аурулар
11. Жеке өміріндегі сәтсіздіктер т. б. атап өтуге болады.
Өзін - өзі өліге қиюға жақындығын сөздік, қылықтық, ситуациялық белгілер арқылы да білдіреді. Тікелей сөздер: Мен өлім туралы ойлаймын”, “Өмір сүргім келмейді”,“Өлгенім жақсы еді” Жанама сөздер:“Мен қашан өлгенде, олар өкінетін болады”, “Енді сіздің қамқор болмай – ақ қоюыңызға болады”. және т. б сөздерді көп қолдану арқылы өзіні - өзі өлімге дайындап жүргенін аңғаруға болады. Күйіну, жылау, өмір белсенділігінің жетіспеуі, шешім қабылдай алу қабілетінің жоқтығы, жанұясынан және жақын адамдарынан өзін оқшаулау, ішімдікті, есірткіні қолдану мөлшерінің өсуі, тәбетінің болмауы немесе жоғарылауы, тұйықтық, жеке істерін ретке келтіру, тәуекелді қылыққа талпыну, бұрын өз - өзіне қол жұмсау әрекетінің болуы, кінә сезімі, өзін - өзі төмен бағалауы, спортқа және басқа істерге қызығушылығының жоғарылауы, жеке гигиена ережелерін сақтамау т. б қылықтар арқылы да, сонымен қатар жақын және сүйікті адамының өлімі, мектепке байланысты проблемалар, әлеуметтік оқшаулау, қалыпты қарым – қатынасқа қабілетсіздік, психикалық аурудың болуы, ата – анамен күрделі дау-дамайдың болуы, бақытсыз махаббат және т. с. с. ситуациялардың салдарынан адам өзін - өзі өлімге қиюға дайын болатынын бірі білсе бірі білмейтіні ақиқат. Яғни жоғарыда айтылған белгілерді аңғарған бойда, қоғамдық дертке айналған бұл мәселен де алдын алуға болады.Бүгінгі таңдағы өте салмақты мәселеге айналған осынау аты жаман дертті әркім әрқалай қабылдап, өз алдына топшылайды. Бірі – заманның өзгеруі десе, екіншілері – әлеуметтік жағдайдың қиындығынан, не болмаса, денсаулықтың салдарынан деп таниды. Ал кейбіреулер тұқым қуалаушылық жолымен келеді деседі. Ойлап қарасаң, дене түршігерлік жәйт. Расында, мұндай жағдайларға адамдар түрлі себептермен барады.
Шығыста «Бір күндігіңді ойласаң, күріш ек, он жылдығыңды ойласаң, ағаш ек, жүз жылдығыңды ойласаң, ұрпағыңа жақсы тәлім - тәрбие бер», деген қағида бар. Бұл жерде айтайын дегенім, егер әрбір балаға жастайынан жақсы тәрбие беріп, стереотипке бой алдырмай, өмірді бағалай білуге үйретіп өсірсек, мұндай қайғылы жағдайларға тап болмасымыз анық. Бұл ретте баланың бойында патриоттық сезімді оятып, өмірге деген құлшынысын арттыру үшін нәтижелі әрі түзу бағыт - бағдар беруіміз абзал. «Адам өмірге ессіз болып келеді, есалаң өмір сүреді», деп адам өміріне қысқа ғана «мінездеме» берген Асқар Тоқпановтың бұл сөзінен талайды аңғаруға болады.
Мұхаммед (с. а. у.) пайғамбарымыз айтқандай.«Кімде - кім өзін темір қарумен өлтірген болса, ол әрқашан тозақта сол темірді көтеріп жүреді. Ал кімде - кім у ішіп өлетін болса, ол адам тозақта мәңгі у ішіп жүретін болады. Егер біреу өзін өлтірмек болып таудан құласа, ондай адам тозақта мәңгі құздан құлап бара жатады».Қалай десек те, тілге тиек етіп отырған бұл проблеманың себебі өте көп. Дегенмен, мұсылман баласы үшін өзіңе - өзің қол жұмсау ауыр күнә екендігі еш күмәнсіз. Өйткені, жан – Жаратушының адам баласына берген ең қасиетті аманаты. Өз өмірін қию – сол аманатқа жасалған қиянат. Дінге сенімі бар адам өмірдің қиындықтарын сынақ деп біледі, өткінші деп қарайды. Әрбір қиындықтан кейін, жеңілдіктің келетініне сенеді. Жаратушыдан үмітін еш үзбейді. Сабыр етеді. Өмірдің ең қиын сәттерінде де өзін өлтіруге бармайды. Ендеше, өзін - өзі өлтірудің себептерін өмірдің қиындықтарынан іздеу дұрыс емес. Мұндағы басты себепті «сенім» деп білген жөн. Өмірді - Жаратушының бізге берген үлкен сыйы ретінде қабылдап, ар түрлі соқпақ - соқпақ жолдардың қиыншылықтарына төзіп, әр қиыншылықтың астынан бір жақсылық іздеп, өз - өзімізді өлімге қимай, керсінше тығырықтан шығатын жол іздеп, өмірдің қадірін түсіну ол біздің үлкен парызымыз.Өмір таусылмас қуанышпен өтуі тиіс. Басқа қандай қайғы келсе де, өмірді бақытты, қуанышқа толы етуге болады."Өлім аузында айтылатын бес өкініш" кітабының авторы Бронни Вее көптеген жылдар бойы өмірінің соңғы күндерін ауруханада өткізген жандарға күтім жасаумен болыпты. Сондағы өкініш пен өксікке толы сөздердің қаншасын ести жүріп, ішіндегі ең көп айтылған бес сөзді тізіп алыпты:
1. Өкінем, достарымның қалауына жағып, ал өзімнің ойымдағыдай өмір сүруге батылдығым жетпей келгеніне...
2. Өкінем, соншалықты көп жұмыс істегенім үшін...
3. Өкінем, өз сезімімді танытуға батылдық жетпегені үшін...
4. Өкінем, достарымның бәрінен айырылып қалғаныма...
5. Өкінем, өзіме бақытты болуға ерік бермегенім үшін...
Өліп бара жатқан жандарға бұлардың бәрі өкініш қана, ал қаншама өмірі алда біз бен сіз сияқты жандарға жақсы сабақ болуы керек!
Басқаны былай қойғанда, адамның ауасы таза, суы мөлдір, аспаны ашық, айы мен күні орнында, гүлінің хош иісі бұрқыраған жер бетінде аяқ басып жүруінің өзі бақыт. Әрине, адам тек табиғат берген сыймен шектеліп қала алмайды. Адамға еркіндік, демократия, материалдық және рухани байлық керек. Бірақ оларды жасау әркімнің өз қолында. Яғни төзуге мүмкін болмайтын жағдайда да өмір сүре білу керек деп білемін.

Үйге тапсырма:

Суицидтің алдын алу тақырыпы туралы мазмұндама жазып келу.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!